Сақтық шаралары және ескертулер
Егер төменде көрсетілген жағдайлардың/ қауіп факторларының қандай-да біреуі бар болса, онда әрбір жеке жағдайда Дэлсия емінің ықтимал қаупі мен күтілетін пайдасын мұқият салыстыру керек және оны әйелмен, ол препаратты қабылдауды бастағанға дейін талқылау қажет. Аталған жағдайлардың немесе қауіп факторларының кез келгені күшейген немесе алғаш пайда болған жағдайда, препаратты тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.
Вена тромбоэмболиясына немесе артериялық тромбоэмболияға күдік болған немесе расталған жағдайда, біріктірілген гормональді контрацептивтерді пайдалану тоқтатылуы тиіс. Антикоагулянттық ем басталған жағдайда, антикоагулянттық емнің (кумариндердің) тератогенділігіне байланысты, талапқа сай баламалы контрацепция басталуы тиіс.
Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары
Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қолдану мен вена және артерия тромбоздарының және миокард инфарктісі, терең веналар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы және цереброваскулярлық бұзылулар сияқты тромбоэмболиялық үдерістер қаупінің жоғарылауы арасында өзара байланыстылық бар. Аталған аурулар сирек байқалады.
Оральді контрацептивтерді қабылдаудың алғашқы жылы вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) даму қаупі аса жоғары. Қауіптің жоғарылауы біріктірілген пероральді контрацептивтерді бастапқы пайдаланудан немесе сол немесе әр түрлі біріктірілген пероральді контрацептивтерді пайдалануды қайта бастағаннан кейін (препаратты қабылдаулар арасындағы 4 апта және одан ұзақ үзілістен кейін) болады. Эстрогендердің дозасы төмен (50 мкг этинилэстрадиолдан аз) пероральді контрацептивтерді қабылдап жүрген пациент әйелдердегі вена тромбоэмболиясының жалпы қаупі, жүкті емес кезінде оларды пайдаланбайтын әйелдердегіге қарағанда 2-3 есе жоғары, дегенмен, бұл қауіп жүктілік және босанулар кезіндегі вена тромбоэмболиясы қаупімен салыстырғанда төменірек күйінде қалып отыр. Вена тромбоэмболиясы өмірге қауіп төндіруі немесе 1-2% жағдайда өлімге соқтыруы мүмкін. Терең веналар тромбозы және/немесе өкпе артериясының эмболиясы ретінде көрініс беретін вена тромбоэмболиясы, кез келген біріктірілген пероральді контрацептивтерді пайдаланған кезде орын алуы мүмкін. Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдерде, басқа қантамырлар, мысалы бауырдың, мезентериальді, бүйректің, церебральді артериялар мен веналардың, сондай-ақ, торқабық қантамырлары тромбозының аса сирек жағдайлары сипатталды. Бұл оқиғалардың туындауы мен біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау арасындағы байланыстылыққа қатысты біржақты пікір жоқ.
Терең веналар тромбозының симптомдарына келесілер кіреді: аяқтың біржақты немесе аяқтағы венаның ұзына бойына ісінуі, аяқтың тік тұрған қалыпта немесе жүрген кезде ғана ауыруы немесе жайсыздығы, зақымданған аяқтағы жергілікті температура жоғарылауы, аяқ терісінің қызаруы немесе тері жабыны түсінің өзгеруі.
Өкпе артериясы тромбоэмболиясының симптомдары келесілерден құралады: түсініксіз ентігудің немесе жүрек соғуы жиілеуінің кенеттен басталуы, кенеттен жөтел қысу, ол қан түкірумен қатар жүруі мүмкін, кеуде қуысының қатты ауыруы, ол терең тыныс алған кезде күшеюі мүмкін, үрейлену сезімі, қатты бас айналуы; жүректің жиі немесе ретсіз соғуы сердцебиение. Аталған симптомдардың кейбіреулері (мысалы, «ентігу» және «жөтел») спецификалық емес болып табылады және соған байланысты, жиірек және ауырлығы аздау бұзылулардың (мысалы, тыныс жолдары инфекциясының) белгілері ретінде қате интерпретациялануы мүмкін. Артериялық тромбоэмболия цереброваскулярлық бұзылуларды, қантамырлардың окклюзиясын немесе миокард инфарктісін қамтуы мүмкін.
Цереброваскулярлық бұзылулардың симптомдары кенеттен әлсіздік немесе беттің, қол мен аяқтың, әсіресе, дененің бір жағының ұюы, кенттен сананың шатасуы, сөйлеудің бұзылуы немесе қабылдаудағы қиындықтар; бір немесе екі көздің көруінің кенеттен нашарлауы, жүріс-тұрыстың кенеттен бұзылуы, бас айналуы, тепе-теңдіктің немесе қимыл-қозғалыс үйлесімінің жоғалуы, айқын себептерсіз кенеттен басталған ауыр немесе ұзаққа созылған бас ауыруы, талмамен немесе онсыз жүретін есін жоғалту немесе естен тану болуы мүмкін. Сонымен қатар, қантамырлар окклюзиясының басқа белгілері аяқ-қолдардың кенеттен ауыры, ісінуі немесе аздап көгеруі, "іштеспе" симптомдары болуы мүмкін.
Миокард инфарктісі симптомдарына кіретіндер: ауыру, жайсыздық, қысым, ауырлық, кеуденің, қолдың немесе төс артының қысылу немесе кернеу сезімі, арқаға, жаққа, көмейге, қолға, асқазанға иррадиацияланатын жайсыздық сезімі, асқазанның толып кету немесе кернеу сезімі, тұншығу сезімі, суық тер, жүрек айнуы, құсу немесе бас айналуы, қатты әлсіздік, үрейлену сезімі, ентігу, жүрек соғуының жиілеуі немесе жүйесіздігі. Артерия тромбоэмболиясы үдерістері өмірге қауіп төндіруі немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Тромбоздың (венаның және/немесе артерияның), тромбоэмболиялық немесе цереброваскулярлық бұзылулардың даму қаупі келесі жағдайларда жоғарылай түседі:
- жас ұлғая келе;
- шылымқорларда (темекі саны артқан немесе жас ұлғайған сайын қауіп ары қарай, әсіресе, 35 жастан асқан әйелдерде арта түседі);
- отбасының анамнезінде (яғни, бұрындары жақын туыстарында немесе ата-аналарында жастау кездерінде вена немесе артерия тромбоэмболиясы болған жағдайда). Егер тұқым қуалайтын бейімділік бары белгілі болса немесе болжанса, әйел біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау мүмкіндігі туралы мәселені шешіп алу үшін дәрігермен кеңесуі қажет.
• семіздікте (дене салмағы индексі 30 кг/м2 асса);
• дислипопротеинемия кезінде;
• артериялық гипертензия кезінде;
• бас сақинасы кезінде;
• жүрек клапандарының аурулары жағдайында;
• жүрекшелердің фибрилляциясы жағдайында;
- ұзақ уақыт иммобилизациялау, ауыр хирургиялық араласым, аяқтарға жасалған кез келген операция немесе ауқымды жарақат кезінде. Аталған жағдайларда біріктірілген пероральді контрацептивтерді пайдалануды тоқтатқан (жоспарлы операция жағдайында, кемінде, оған дейін төрт апта бұрын) және қабылдауды иммобилизациялау аяқталғаннан кейін екі апта бойы қайта бастамаған дұрыс.
Вена тромбоэмболияларының дамуында веналардың варикозды кеңеюінің және беткейлік тромбофлебиттің рөлі болуы мүмкіндігі туралы мәселе даулы күйінде қалып отыр. Босанғаннан кейінгі кезеңде тромбоэмболияның даму қаупінің жоғарылығын ескеру керек.
Циркуляторлық бұзылулар қант диабеті, жүйелі қызыл жегі, гемолиздік-уремиялық синдром, ішектің созылмалы қабыну аурулары (Крон ауруы немесе спецификалық емес ойық жаралы колит) және орақ тәрізді жасушалы анемия кезінде де білінуі мүмкін.
Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қолдану кезінде бас сақинасының жиілігі мен ауырлығының артуы (бұл цереброваскулярлық бұзылуларға ізашар болуы мүмкін) аталған препараттарды қабылдауды дереу тоқтатуға негіз болуы мүмкін.
Тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған вена немесе артерия тромбозына бейімділіктің көрсеткіштері болуы мүмкін биохимиялық параметрлер, белсендірілген протеин С-ге резистенттілікті, гипергомоцистеинемияны, антитромбина-III тапшылығын, протеин С тапшылығы, протеин S тапшылығын, антифосфолипидтік антиденелерді (кардиолипинге антиденелер, жегілік антикоагулянт) қамтиды. Қаупі/артықшылығы арақатынасын бағалаған кезде дәрігер, сәйкесінше жағдайды талапқа сай емдеу онымен байланысты тромбоз дамуының қаупін азайтуы мүмкін екенін ескеруі керек. Сонымен қатар, төмен дозалы (0,05 мг аз этинилэстрадиол) біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдаған кездегіге қарағанда, жүктілік кезіндегі тромбоздар мен тромбоэмболиялар қаупі жоғарырақ.
Ісіктер
Жатыр мойны обыры дамуының айтарлықтай елеулі факторы вирустық инфекция – адамның персистирленетін папилломасы (HPV) болып табылады. Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қолданғанда жатыр мойны обырының даму қаупінің аздап жоғарылағаны туралы хабарламалар бар. Қауіптің жоғарылығы аталған препараттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі 10 жыл ішінде біртіндеп жоғалады. Сүт безінің обыры 40 жасқа толмаған әйелдерде сирек байқалатындығына байланысты, біріктірілген пероральді контрацептивтерді қазіргі кезде қабылдап жүрген немесе жуырда қабылдаған әйелдерде сүт безі обыры диагноздары санының артуы осы аурудың дамуының жалпы қаупіне қатысты елеусіз болып табылады. Оның біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдаумен байланыстылығы дәлелденбеген. Қауіптің байқалған жоғарылауы біріктірілген пероральді контрацептивтерді қолданып жүрген әйелдерде сүт без обыры диагнозының ертерек қойылуының, біріктірілген пероральді контрацептивтердің биологиялық әсерлерінің немесе екі фактордың бірігуінің салдары болуы мүмкін. Біріктірілген пероральді контрацептивтерді пайдаланған әйелдерде, оларды ешқашан қолданбаған әйелдердегіге қарағанда, сүт безі обыры анықталуының клиникалық тұрғыдан айқындығы аз.
Cирек жағдайларда біріктірілген пероральді контрацептивтерді қолдану аясында бауырдың қатерсіз ісіктерінің және одан да сирек жағдайларда бауырдың қатерлі ісіктерінің дамығаны байқалды. Жекелеген жағдайларда, бауыр ісіктері өмірге қауіп төндіретін интраабдоминальді қан кетулерге алып келуі мүмкін. Іштің жоғарғы бөлігінің қатты ауыруы, бауырдың ұлғаюы немесе интраабдоминальді қан кету белгілері пайда болған жағдайда, дифференциалды диагноз кезінде бауыр ісігін ескеру керек.
Қатерлі ісіктер өмірге қауіп төндіруі немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Басқа жағдайлар
Бүйрек жеткіліксіздігі бар әйелдерде калий экскрециясы баяулауы мүмкін. Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар науқастарда дроспиренон қан сарысуындағы калий концентрациясына әсер етпейді. Теориялық тұрғыдан гиперкалиемияның даму қаупі болжамы тек, бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарда, калийдің бастапқы концентрациясы қалыптың жоғарғы шегінде болған кезде және калийдің организмде іркілуіне алып келетін дәрілік заттарды болуы бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарда мүмкін.
Гипертриглицеридемиясы бар әйелдерде (немесе бұл жағдай отбасылық анамнезде болған жағдайда) біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдаған кезде панкреатиттің даму қаупі жоғарылауы мүмкін.
Артериялық қысымның аздап жоғарылауы біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдердің көпшілігінде сипатталғанымен, клиникалық тұрғыдан елеулі жоғарылаулары сирек байқалды. Дегенмен, егер біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдаған кезде артериялық қысымның тұрақты, клиникалық тұрғыдан елеулі жоғарылауы дамыса, аталған препараттарды тоқтату және артериялық гипертензияны емдеуді бастау керек. Егер гипотензиялық емнің көмегімен артериялық қысымның қалыпты мәндеріне қол жеткізілсе, біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдауды жалғастыра беруге болады.
Жүктілік кезінде байқалатын келесі жағдайлар біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдағанда да пайда болуы немесе нашарлауы мүмкін: холестазбен байланысты сарғаю және/немесе қышыну; өт қалтасында тастардың түзілуі; порфирия; жүйелі қызыл жегі; гемолиздік-уремиялық синдром; Сиденгам хореясы; жүкті әйелдердегі герпес; отосклерозбен байланысты естімей қалу. Алайда, аталған жағдайлардың дамуы мен біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау арасындағы өзара байланыстылық дәлелденбеген.
Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогендік эстрогендер аталған аурудың симптомдарын туғызуы немесе өршітуі мүмкін.
Бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылулары болған жағдайда, бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа түскенше біріктірілген пероральді контрацептивтерді пайдалануды тоқтату туралы мәселені шешіп алу қажет. Жүктілік кезінде немесе осының алдында жыныс гормондарын қабылдаған кезде алғаш дамыған, қайталанатын холестаздық сарғаю дамыған жағдайда, біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдауды тоқтату керек.
Біріктірілген пероральді контрацептивтер инсулинге резистенттілікке және глюкозаға толеранттылыққа әсер етуі мүмкін, қант диабеті бар, төмен дозалы біріктірілген пероральді (<0,05 мг этинилэстрадиол) контрацептивтерді пайдаланып жүрген науқастарда емдеу режимін өзгерту қажет емес. Дегенмен, қант диабеті бар әйелдер біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдаған кезде мұқият қадағалануы тиіс.
Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау аясында Крон ауруы мен спецификалық емесе ойық жаралы колит көріністері байқалды.
Хлоазмаға бейім әйелдер біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау кезінде ұзақ уақыт күн астында болудан және ультракүлгін сәуленің әсерінен сақтануы тиіс.
Медициналық тексерулер
Дэлсия препаратын қолдануды бастар алдында, сондай-ақ, препаратты қолдану үдерісінде жүйелі түрде, әйелге мұқият жалпы медициналық және гинекологиялық (артериялық қысымды өлшеуді, сүт бездерін, құрсақ қуысы мен кіші жамбас ағзаларын тексерулерді, соның ішінде, цервикальді шырышты цитологиялық зерттеуін қоса) тексеруден өтіп, жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау ұсынылады. Жүйелі түрде медициналық тексеру жүргізудің маңызы бар, өйткені, қарсы көрсетілімдері (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуылдар және басқа) немесе қауіп факторлары (мысалы, вена немесе артерия тромбоздарына тұқым қуалайтын бейімділік) препаратты қолдану үдерісінде көрініс беруі мүмкін.
Әйелге, Дэлсия типтес препараттардың АИТВ инфекциясынан (ЖИТС) және жыныстық жолмен берілетін басқа аурулардан қорғамайтындығын ескерту керек!
Тиімділігінің төмендеуі
Таблеткаларды қабылдауды жіберіп алған, құсу немесе таблеткаларды қабылдаған кезде немесе дәрілермен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде диарея дамыған жағдайда, біріктірілген пероральді контрацептивтік препараттардың тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Етеккір оралымына әсері
Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау аясында жүйесіз қан кетулер (қан аралас жұғынды бөліністер немесе лақылдап қан кетулер), әсіресе, қолданудың алғашқы айлары ішінде байқалуы мүмкін. Сондықтан, кез келген жүйесіз қан кетулерді бағалау тек, шамамен үш циклды құрайтын бейімделу кезеңінен кейін ғана жүргізілуі тиіс.
Егер жүйесіз қан кетулер қайталанса немесе соның алдындағы жүйелі циклдардан кейін дамыса, қатерлі жаңа түзілімдердің немесе жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау үшін мұқият тексеру жүргізу керек.
Кейбір әйелдерде таблеткаларды қабылдаудағы үзіліс кезінде тоқтату қан кетуі дамымауы мүмкін. Егер біріктірілген пероральді контрацептивтер нұсқауларға сәйкес қабылданса, әйелдің жүкті болу ықтималдығы аз. Дегенмен, егер бұған дейін біріктірілген пероральді контрацептивтер жүйесіз қабылданса немесе, егер қатарынан екі тоқтату қан кетуі болмаса, препаратты қабылдауды ары қарай жалғастырғанға дейін жүктіліктің бар-жоқтығы анықталуы тиіс
Зертханалық тестілер
Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдау, бауыр, бүйрек, қалқанша без, бүйрекүсті бездері функциясының биохимиялық көрсеткіштерін, плазмадағы тасымалдағыш ақуыздар деңгейін, көмірсу алмасу көрсеткіштерін коагуляция және фибринолиз параметрлерін қоса, кейбір зертханалық тестілердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Өзгерістер, әдетте, қалыпты мәндер шегінен аспайды. Дроспиренон плазмадағы ренин мен альдостерон белсенділігін арттырады, бұл оның орташа антиминералокортикоидтық әсерімен байланысты.
Балалар мен жасөспірімдер
Дэлсия препараты тек менархе басталғаннан кейін ғана қолданылады. Қолда бар деректерде пациент әйелдердің аталған тобында дозасын түзету қажеттілігі болжанбаған.
Бауыр функциясы тарапынан бұзылулары бар пациенттер
Дэлсия препаратын бауырдың ауыр аурулары бар әйелдерге, бауыр функциясының көрсеткіштері нормаға келгенге дейін қолдануға болмайды. Егер сарғаю дамыса, Дэлсия препаратын қолдануды тоқтату керек.
Бүйрек функциясы тарапынан бұзылулары бар пациенттер
Дэлсия препаратын бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігі бар әйелдерге қолдануға болмайды.
Арнайы ескертулер
Депрессиялық көңіл-күй (жабығу жағдайы) мен депрессия гормональді контрацептивтерді қолданған кездегі белгілі жағымсыз реакция болып табалады. Депрессия ауыр бұзылыс болуы мүмкін және суицидтік мінез-құлық пен суицид қаупінің белгілі факторы болып табылады. Әйелдерге көңіл-күйдің өзгерістері мен депрессия симптомдары пайда болған жағдайда, соның ішінде, емдеу басталғаннан кейін көп ұзамай, өз дәрігеріне қаралуға кеңес беру керек.