Сақтандыру шаралары
Карбамазепинді жүрек-қантамыр жүйесі, бауыр немесе бүйрек функциясы тарапынан бұзылулары, анамнезінде басқа препараттарға жағымсыз гематологиялық реакциялар бар пациенттерді немесе карбамазепинмен емдеудің курстары үзілген пациенттерді қатаң мониторингтеу кезінде пайда/қауіп арақатынасын бағалағаннан кейін ғана тағайындау керек.
Карбамазепинді қабылдау кезінде агранулоцитоз бен аплазиялық анемия дамуы мүмкін; алайда, бұл жағдайлар өте сирек кездесетін болғандықтан, карбамазепин үшін осы жағдайлардың даму қаупінің нақты мәндерін есептеу қиын. Ем алмаған жалпы популяцияда агранулоцитоз дамуының жиынтық қаупі жылына 1 млн. тұрғынға шаққанда 4.7 жағдайды, аплазиялық анемия дамуының жиынтық қаупі - жылына 1 млн. тұрғынға шаққанда 2.0 жағдайды құрайтыны белгілі.
ЗАБОПИН препаратын әртүрлі жиілікте қолдану кезінде тромбоциттер немесе лейкоциттер санының өтпелі немесе тұрақты төмендеуі байқалады. Дегенмен, емдеуді бастамас бұрын және емдеу кезінде мезгіл-мезгіл тромбоциттер санын және ықтимал ретикулоциттер санын есептеуді қоса, клиникалық қан талдауын жүргізу, сондай-ақ, қан сарысуындағы темір деңгейін анықтау керек.
Пациенттер мен олардың туыстарының назарына ықтимал гематологиялық бұзылуларға тән уыттылықтың ерте белгілері, сондай-ақ тері жабындары мен бауыр тарапынан болатын симптомдар туралы мәліметтерді жеткізу қажет. Пациентке қызба, тамақтың ауыруы, бөртпе, ауыз қуысының ойық жарасы, гематомалардың себепсіз пайда болуы, петехия немесе пурпура түріндегі геморрагия сияқты жағымсыз реакциялар пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу қажеттілігі туралы хабарлау керек.
Емдеу кезінде лейкоциттер немесе тромбоциттер санының төмен деңгейі (немесе олардың төмендеу беталысы) байқалғанда пациенттің хал-ахуалын және толық клиникалық қан талдауының көрсеткіштерін мұқият бақылау қажет (4.8. «Жағымсыз әсерлер» бөлімін қараңыз). Алайда, пациентте ауыр, үдемелі немесе қызба немесе тамақтың ауыруы сияқты клиникалық көріністермен бірге жүретін лейкопения дамыса, карбамазепинмен емдеуді тоқтату керек. Егер сүйек кемігінің едәуір тежелу белгілері анықталса, ЗАБОПИН препаратын одан әрі қабылдауды тоқтату керек.
Емдеу басталғанға дейін және емдеу кезінде әсіресе, анамнезінде бауыр аурулары туралы деректер бар пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде бауыр функциясын зерттеу қажет. Бауыр функциясының бар бұзылулары күшейгенде немесе бауырдың белсенді ауруы пайда болғанда препаратты дереу тоқтату керек.
Карбамазепин қабылдаған пациенттерде бауырдың кейбір функционалдық тестілеулері ауытқу нәтижелерін, әсіресе гамма-глутамилтрансферазаны көрсетуі мүмкін. Бұл бауыр ферменттерінің индукциясына байланысты болуы мүмкін. Ферменттер индукциясы сілтілі фосфатаза деңгейінің шамалы жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бауырдың метаболиздену функциясының бұл жақсаруы карбамазепинді тоқтатуға көрсеткіш болмайды.
Карбамазепинге ауыр бауыр реакциялары өте сирек кездеседі. Бауыр функциясының бұзылуының немесе бауырдың белсенді ауруының белгілері мен симптомдары пайда болғанда пациент ахуалын бағалауды шұғыл жүргізіп, тестілеу нәтижелерін алғанға дейін ЗАБОПИН препаратымен емдеуді тоқтата тұру қажет.
Белгілі бір көрсеткіштерге байланысты эпилепсияға қарсы препараттармен ем алған пациенттерде суицидтік ойлар мен мінез-құлық жағдайлары туралы хабарланды. Эпилепсияға қарсы препараттардың рандомизацияланған, плацебо-бақыланатын зерттеулерінің мета-талдауы да суицидтік ойлар мен мінез-құлық қаупінің аздап жоғарылағанын көрсетті. Бұл қауіптің механизмі белгісіз және қолда бар деректер карбамазепин үшін жоғары қауіп мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Сондықтан пациенттер хал-ахуалын суицидтік ойлар мен мінез-құлық белгілерінің бар-жоғына бақылау, сондай-ақ тиісті емнің қажеттілігін қарастыру керек. Пациенттерге және оларға күтім жасаушыларға суицидтік ойлар немесе мінез-құлық белгілері пайда болғанда медициналық көмекке жүгінуді ұсыну қажет.
ЗАБОПИН препаратын қабылдау кезінде уытты эпидермалық некролиз (УЭН: Лайелл синдромы деп те аталатын) және Стивенс Джонсон синдромын (СДС) қоса, ауыр дерматологиялық реакциялар өте сирек байқалды. Өмірге қауіп төндіруі және өлімге ұшыратуы мүмкін болғандықтан ауыр дерматологиялық реакциялары бар пациенттерді ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін. СДС/УЭН жағдайларының көпшілігі карбамазепинмен емдеудің алғашқы бірнеше айында пайда болады. Бұл реакциялар бағалау бойынша негізінен еуропалық халқы бар елдерде дәрілік заттарды қабылдайтын 10 000 жаңа пациенттерге 1-6 жағдайда байқалған. Терінің ауыр реакцияларын көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болғанда (мысалы, СДС, Лайелл синдромы/УЭН), карбамазепинді дереу тоқтатып, балама емдеуді қарастыру керек.
Тері реакциялары
Карбамазепинмен емдеу кезінде уытты эпидермалық некролиз (УЭН) және Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) қоса, ауыр және кейде өлімге әкелетін тері реакциялары тіркелді. Бұл реакциялар бағалау бойынша негізінен еуропалық халқы бар елдерде дәрілік заттарды қабылдайтын 10 000 жаңа пациенттерге 1-6 жағдайда байқалған, бірақ бағалау бойынша, кейбір азия елдерінде қауіп шамамен 10 есе жоғары.
Пациенттердің иммундық-байланысты жағымсыз реакцияларға бейімділігінде әртүрлі HLA аллельдерінің рөлі туралы көбірек дәлелдер бар.
Қытай ханьдарында, тайлықтардағы және басқа азиялық популяциялардағы HLA-В *1502 аллелі
Қытай ханьдарында және тайлықтарда HLA-В*1502 болуы карбамазепинмен емдеу кезінде Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) деп аталатын ауыр тері реакцияларының даму қаупімен тығыз байланысты екендігі көрсетілді. HLA-В *1502 тасымалдаушыларының таралуы хань және тай популяцияларында шамамен 10% құрайды. Мүмкіндігінше, мұндай пациенттер карбамазепинмен емдеуді бастамас бұрын осы аллельдің бар-жоғына скринингтен өтуі тиіс. Егер осы тестілеудің нәтижелері оң болса, карбамазепинмен емдеуді терапияның басқа нұсқалары болмағанде ғана бастау керек. Пациенттерде HLA-В*1502 бар-жоғына тестілеудің нәтижелері теріс болғанда, СДС даму қаупі төмен болады, бірақ мұндай реакциялар сирек жағдайларда байқалуы мүмкін.
Кейбір деректер басқа азиялық популяцияларда карбамазепинмен астасқан УЭН/СДС ауыр жағдайларының жоғары қаупін көрсетеді. Бұл аллельдің басқа азиялық популяцияларда таралуына байланысты (мысалы, филиппиндіктер мен малайлықтарда 15% жоғары) HLA-В*1502 бар-жоғына генетикалық қауіпке бейім популяцияларға талдау жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек.
HLA-В*1502 аллелінің таралуы еуропалық тектегі, афро - және испандық тектегі популяцияларда, сондай-ақ жапондар мен корейлер арасындағы үлгілерде болмашы (<1%).
Еуропалық және жапондық тектегі пациенттер популяциясындағы HLA-А*3101 аллелі
Кейбір деректерде HLA-А*3101 СДС, УЭН, эозинофилиямен дәрілік бөртпені (DRESS) немесе еуропалық және жапондық тектегі адамдардағы жедел жайылған экзентематозды пустулезді (AGEP) және макула-папулездік бөртпені қоса, карбамазепиннен туындаған терінің жағымсыз реакциялары (4.8 бөлімді қараңыз) қаупінің жоғарылауымен байланысты деп болжанды.
HLA-А*3101 аллелінің жиілігі этностық популяциялар арасында айтарлықтай өзгереді. HLA-А*3101 аллелі тасымалдануының таралуы еуропалық популяцияларда 2-ден 5% - ға дейінгіні және жапон популяциясында шамамен 10% құрайды.
HLA-А*3101 аллелінің болуы еуропалық тектес адамдар арасындағы жалпы популяцияда 5,0% - дан 26,0% - ға дейін карбамазепинмен индукцияланған тері реакцияларының даму қаупін арттыруы мүмкін (негізінен онша ауыр емес), ал оның болмауы қауіпті 5,0% - дан 3,8% - ға дейін төмендетуі мүмкін.
Карбамазепинмен емдеуді бастамас бұрын HLA-А*3101 бар-жоғына скрининг жүргізу туралы ұсыныстың пайдасына деректер жеткіліксіз.
Егер еуропалық немесе жапондық тектегі пациенттерде HLA-А * 3101 аллеліне тест нәтижесі оң нәтиже беретіні белгілі болса, карбамазепинді қолдану пайдасы қауіптен жоғары деп есептелгенде ғана мүмкін болады.
Басқа дерматологиялық реакциялар
Айқындығы төмен тері реакциялары, мысалы, оқшауланған макулездік немесе макуло-папулездік экзантема, көп жағдайда өтпелі және ауыр емес болады. Әдетте олар емдеуді жалғастырған кезде немесе препараттың дозасын төмендеткеннен кейін де бірнеше күн немесе апта ішінде басылады. Терінің ауыр реакцияларының алғашқы белгілерін жеңіл өтпелі реакциялардан ажырату қиын, сондықтан ұзақ уақыт қолданғанда реакция нашарлайтын болса пациент препаратты дереу тоқтатуды ескерумен, мұқият бақылауда болуы тиіс.
HLA-В* 1502 аллелі құрысуға қарсы аса жоғары сезімталдық синдромы немесе ауыр емес бөртпе (макула-папулездік бөртпе) сияқты карбамазепинге терінің ауыр жағымсыз реакцияларының қаупін болжай алмайтыны анықталды.
Аса жоғары сезімталдық
Карбамазепин аса жоғары сезімталдық реакцияларын, соның ішінде эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік бөртпелерді (DRESS), DRESS-пен байланысты HHV6 реактивациясын, қызбамен, бөртпемен, васкулитпен, лимфаденопатиямен, жалған-лимфомамен, артралгиямен, лейкопениямен, эозинофилиямен, гепатоспленомегалиямен, бауырдың функционалдық тестінің бұзылуымен және әртүрлі біріктірілімде пайда болуы мүмкін өт жолдарының жойылу синдромымен (бауырішілік өт жолдарының бұзылуы және жойылуы) кейіннен білінетін мультиағзалы аса жоғары сезімталдықты тудыруы мүмкін. Басқа ағзалар да зақымдануы мүмкін (мысалы, өкпе, бүйрек, ұйқы безі, миокард, жуан ішек).
Әдетте, аса жоғары сезімталдықтың реакциясын көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болғанда ЗАБОПИН препаратын дереу тоқтату керек.
Карбамазепинге аса жоғары сезімталдық реакциясы бар пациенттер 25-30% жағдайда окскарбазепинге (Трилепталға) де аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы мүмкін екендігінен хабарлы болуы тиіс.
Карбамазепин мен хош иісті эпилепсияға қарсы препараттар (мысалы, фенитоин, примидон және фенобарбитал) арасында айқаспалы аса жоғары сезімталдық болуы мүмкін.
ЗАБОПИН препаратын типті және атипті абсанстарды қамтитын аралас ұстамалары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Осы жағдайлардың барлығында карбамазепин ұстаманы күшейтуі мүмкін. Ұстамалар өршіген жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Ұстама жиілігінің жоғарылауы пероральді препараттан суппозиторийлерге ауысқанда пайда болуы мүмкін.
Анафилаксия және ангионевроздық ісіну
Карбамазепиннің бірінші немесе кейінгі дозаларын қабылдағаннан кейін пациенттерде көмейдің, дауыс саңылауының, ерін мен қабақтың анафилаксиясы мен ангионевроздық ісінудің сирек жағдайлары хабарланды. Көмейдің ісінуімен байланысты Квинке ісінуі өлімге әкелуі мүмкін. Егер пациентте емдеуден кейін осы реакциялардың кез келгені дамыса, препаратты тоқтатып, балама емді бастау керек. Бұл пациенттерге осы препаратты қайта тағайындауға болмайды.
Жүрек өткізгіштігінің бұзылуы
Емнен кейін екінші және үшінші дәрежелі блокаданы қоса, жүректің AV-блокадасының жағдайлары туралы хабарланды. Бұл әдетте ЭКГ негізгі ауытқулары немесе өткізгіштік бұзылыстарының қауіп факторлары бар пациенттерде ғана болып қойған жоқ.
Дозаны азайту және тоқтату әсерлері
Карбамазепин қабылдауды кенеттен тоқтату эпилепсиялық ұстамаларды тудыруы мүмкін, сондықтан карбамазепинді тоқтату біртіндеп жүргізілуі тиіс. Егер эпилепсиясы бар науқастың карбамазепинмен емін күрт тоқтату қажет болса, мұндай жағдайларда көрсетілген препаратқа басқа эпилепсияға қарсы дәріге ауысу қажет.
Бала туу жасындағы әйелдер
Карбамазепин жүкті әйелдер қолданғанда құрсақішіндегі шаранаға зиянын тигізуі мүмкін. Карбамазепин препаратының құрсақ ішіне әсері негізгі туа біткен ақаулардың және дамудың басқа да қолайсыз нәтижелерінің даму қаупін арттыруы мүмкін.
Карбамазепинді емдеудің балама нұсқаларын мұқият қарастырғаннан кейін препаратты қолданудың пайдасы қауіптен асады деп есептелген жағдайдан басқа, бала туу жасындағы әйелдерге қолдануға болмайды.
Бала туу жасындағы әйелдер жүктілік кезінде карбамазепин қабылдағанда шаранаға ықтимал қауіп туралы толық хабарлы болуы тиіс.
Карбамазепинмен емдеуді бастамас бұрын, бала туу жасындағы әйелдер жүктілікке тест өткізуі керек.
Бала туу жасындағы әйелдер емдеу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін кем дегенде 2 апта ішінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануы керек. Бауыр ферменттерінің индукциясына байланысты карбамазепин гормондық контрацептивтердің емдік әсерінің бұзылуына әкелуі мүмкін, сондықтан бала туу жасындағы әйелдерге контрацепцияның басқа тиімді әдістерін қолдану ұсынылады.
Бала туу жасындағы әйелдер жүктілікті жоспарламас бұрын дәрігермен кеңесіп, ұрықтануға дейін және контрацепцияны қолдануды тоқтатқанға дейін емдеудің балама әдісіне ауысу мүмкіндігі туралы сөйлесуі керек.
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге карбамазепин қабылдаған кезде жүктілік немесе болжамды жүктілік болған жағдайда дереу дәрігерге қаралу ұсынылады.
Эндокринологиялық әсерлер
Карбамазепинмен бір мезгілде пероральді контрацептивтер қолданылғанда, әйелдерде етеккір арасындағы кезеңде қан кетулер туралы хабарламалардың болғаны белгілі. Карбамазепин пероральді препараттардың контрацепциялық әсерін айтарлықтай төмендетуі мүмкін, сондықтан емдеу кезеңінде бала туатын жастағы әйелдер жүктіліктен қорғанудың балама әдістерін қолдануы керек.
Карбамазепин қабылдайтын және гормондық контрацепцияны қажет ететін әйел пациенттер құрамында кемінде 50 мкг эстроген бар препаратты қабылдауы тиіс немесе контрацепцияның балама гормондық емес әдісін қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн.
Қан плазмасындағы деңгейді мониторингтеу
Препарат дозасының мөлшері мен қан плазмасындағы карбамазепин деңгейі, сондай-ақ қан плазмасындағы карбамазепин деңгейі мен оның клиникалық тиімділігі немесе жағымдылығы арасындағы байланыс өте аз болғанымен, плазмадағы деңгейді үнемі анықтау келесі жағдайларда пайдалы болуы мүмкін: ұстамалар жиілігінің күрт жоғарылауы кезінде; пациенттің препаратты дұрыс қабылдап жүргенін тексеру үшін; жүктілік кезінде; балаларды немесе жасөспірімдерді емдеу кезінде; препараттың сіңуінің бұзылуына күдік болғанда; пациент бірнеше дәрі қабылдаған жағдайда уытты реакциялардың дамуына күдік болғанда.
Сақтандыру шаралары
Анамнезінде жүрек, бауыр, бүйрек аурулары, басқа дәрілік заттарға жағымсыз гематологиялық реакциялар туралы немесе карбамазепинмен бұрын жүргізілген емді тоқтату туралы мәліметтер бар пациенттерге препаратты емдеудің күтілетін әсері мен терапияның ықтимал қаупінің арақатынасын мұқият талдағаннан кейін және мұқият және тұрақты бақылауды қамтамасыз еткеннен кейін ғана тағайындау керек.
Жалпы несеп талдауын және қандағы мочевина деңгейін зерттеу ұсынылады.
Гипонатриемия
Карбамазепинді қабылдау кезінде гипонатриемияның дамуы мүмкін екендігі белгілі. Карбамазепинмен емдеуді бастамас бұрын, қан сарысуындағы натрий деңгейін натрийдің төмен деңгейімен байланысты бүйрек аурулары бар пациенттерде немесе натрий деңгейін төмендететін препараттарды (мысалы, диуретиктер, АДГ талапқа сай емес секрециясына байланысты дәрілік заттар) бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде өлшеу керек. Содан кейін, қан сарысуындағы натрий деңгейін емдеудің алғашқы үш айында немесе клиникалық қажеттілікке сәйкес шамамен екі аптадан кейін және ай сайын өлшеу керек. Бұл қауіп факторлары әсіресе егде жастағы пациенттерге қатысты. Су ішуді шектеу гипонатриемияның клиникалық айқын жағдайларының дамуы кезінде маңызды контрөлшем болып табылады.
Гипотиреоз
Карбамазепин бауыр ферменттерін индукциялау арқылы қан сарысуындағы тиреоидты гормондардың концентрациясын төмендетуге қабілетті, бұл гипотиреозы бар пациенттерде орын басатын тиреоидты емдеудің дозасын жоғарылатуды қажет етеді. Орын басатын тиреоидты емдеудің дозасын түзету үшін қалқанша без функциясын мониторингтеу ұсынылады.
Антихолинергиялық әсерлер
Карбамазепин төмен антихолинергиялық белсенділікке ие. Сондықтан препаратты көзішілік қысымы жоғары пациенттерге қолданғанда бұл көрсеткішті үнемі бақылау қажет.
Психиатриялық әсерлер
Латентті өтетін психоздардың белсену мүмкіндігін, ал егде жастағы пациенттерде - бағдардан жаңылу немесе қозудың даму мүмкіндігін ескеру керек.
Дәрілік өзара әрекеттесулер
CYP3A4 тежегіштерін немесе эпоксигидролаза тежегіштерін карбамазепинмен бірге енгізу жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін (сәйкесінше плазмадағы карбамазепин немесе карбамазепин-10,11 эпоксид концентрациясының жоғарылауы). Карбамазепин дозасы тиісті түрде түзетілуі тиіс және/немесе қан плазмасындағы препараттың деңгейін бақылау қажет.
CYP3A4 индукторларын бірлесіп қолдану карбамазепин метаболизмінің жылдамдауына және осылайша плазмадағы карбамазепин концентрациясының ықтимал төмендеуіне, демек, емдік әсердің айқындылығының ықтимал төмендеуіне әкелуі мүмкін. CYP3A4 индукторларын тоқтату қан плазмасындағы карбамазепин деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Мұндай жағдайларда препараттың қабылданатын дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Карбамазепин CYP3A4 және бауырдағы басқа I және II фазалық ферменттік жүйелердің күшті индукторы болып табылады, сондықтан олардың метаболизмін индукциялау арқылы негізінен метаболизденетін CYP3A4 қатар жүретін препараттардың плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін.
Бала туу жасындағы әйел пациенттерге карбамазепинді гормондық контрацептивтермен бір мезгілде қолдану контрацепцияның осы әдісінің тиімділігін төмендетуі мүмкін екенін ескерту керек. Карбамазепинді қолданған кезде контрацепцияның балама гормондық емес әдістерін қолдану ұсынылады.
Құлау
Карбамазепинмен емдеу атаксиямен, бас айналумен, ұйқышылдықпен, гипотониямен, сананың шатасуымен, құлауға, демек, сынуларға немесе басқа жарақаттарға әкелуі мүмкін седациямен байланысты болды. Аурулары, ахуалдары бар пациенттер үшін немесе осы әсерлерді нашарлатуы мүмкін препараттарды қолданғанда, карбамазепинмен ұзақ уақыт емдегенде құлау қаупін толық бағалау тұрақты түрде қарастырылуы тиіс.
Натрий
Бұл дәрілік препараттың құрамында бір таблеткаға 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни ол шын мәнінде «натрийсіз» дерлік.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу
Цитохром Р450 3А4 (CYP 3A4)-карбамазепин 10, 11-эпоксидтің белсенді метаболитінің түзілуін қамтамасыз ететін негізгі фермент болып табылады. CYP3A4 тежегіштерін карбамазепинмен бір мезгілде қолдану өз кезегінде жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін плазмадағы карбамазепин концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. CYP3A4 индукторларын бірлесіп қолдану карбамазепин метаболизмінің жылдамдауына және осылайша плазмадағы карбамазепин концентрациясының ықтимал төмендеуіне, демек, емдік әсер айқындылығының ықтимал төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Сол сияқты, CYP3A4 индукторларын тоқтату карбамазепин биотрансформациясының жылдамдығын төмендетуі және нәтижесінде қан плазмасындағы карбамазепин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Карбамазепин CYP3A4 және бауырдағы басқа I және II фазалық ферменттік жүйелердің күшті индукторы болып табылады, сондықтан олардың метаболизмін индукциялау арқылы негізінен метаболизденетін CYP3A4 қатар жүретін препараттардың плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін.
Қарсы көрсетілген өзара әрекеттесулер
Карбамазепинді моноаминоксидаза тежегіштерімен (MAOТ) біріктіріп қолдануға болмайды; MAOТ қабылдауды клиникалық жағдай мүмкіндік берсе, карбамазепинмен емдеуді бастағанға дейін кем дегенде 2 апта бұрын немесе одан ертерек тоқтату керек.
Қан плазмасындағы карбамазепин деңгейін жоғарылатуы мүмкін препараттар:
Плазмадағы карбамазепин деңгейінің жоғарылауы жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін болғандықтан (мысалы, бас айналу, ұйқышылдық, атаксия, диплопия), карбамазепин дозасын төменде сипатталған заттармен бір мезгілде қолданғанда плазмадағы препарат деңгейін тиісті түрде реттеу және / немесе бақылау керек:
Анальгетиктер, қабынуға қарсы препараттар: декстропропоксифен, ибупрофен.
Андрогендер: даназол
Антибиотиктер: макролидті антибиотиктер (мысалы, эритромицин, кларитромицин), ципрофлоксацин
Антидепрессанттар: флуоксетин, флувоксамин, пароксетин, тразодон
Эпилепсияға қарсы дәрілер: вигабатрин
Зеңге қарсы препараттар: азолдар (мысалы, итраконазол, кетоконазол, флуконазол, вориконазол). Вориконазол немесе итраконазол қабылдаған пациенттерге балама эпилепсияға қарсы препараттар ұсынылады
Антигистаминді препараттар: лоратадин
Нейролептиктер: оланзапин
Туберкулезге қарсы препараттар: изониазид
Вирусқа қарсы препараттар: АИТВ-ын емдеуге арналған протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир)
Карбоангидраза тежегіштері: ацетазоламид
Жүрек-қантамырлары препараттары: дилтиазем, верапамил
Асқазан-ішек препараттары: циметидин, омепразол болуы мүмкін
Басқа өзара әрекеттесулер: грейпфрут шырыны, никотинамид (тек жоғары дозада).
Қан плазмасындағы карбамазепин -10, 11-эпоксидті белсенді метаболит деңгейін жоғарылатуы мүмкін дәрілер:
Қан плазмасындағы карбамазепин -10,11-эпоксиді деңгейінің жоғарылауы жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін болғандықтан (мысалы, бас айналу, ұйқышылдық, атаксия, диплопия), карбамазепин дозасын эпилепсияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолданғанда оның қан плазмасындағы деңгейін сәйкесінше түзету және/немесе бақылау керек: прогабид, вальпрой қышқылы, вальноктамид, вальпромид, примидон, бриварацетам, кветиапин.
Қан плазмасындағы карбамазепин деңгейін төмендетуі мүмкін препараттар:
Төменде сипатталған заттармен бір мезгілде қолданғанда карбамазепин дозасын түзету қажет болуы мүмкін:
Эпилепсияға қарсы дәрілер: окскарбазепин, фенобарбитал, фенитоин (фенитоинмен уыттануды және карбамазепиннің субтерапиялық концентрациясын болдырмау үшін карбамазепинді қоспас бұрын фенитоин концентрациясын қан плазмасында 13 мкг /мл-ге дейін түзету ұсынылады) және фосфенитоин, примидон және деректер ішінара қарама-қайшы болғанымен, сондай-ақ клоназепам болуы мүмкін
Ісікке қарсы препараттар: цисплатин немесе доксорубицин
Туберкулезге қарсы препараттар: рифампицин
Бронходилататорлар немесе демікпеге қарсы препараттар: теофиллин, аминофиллин
Дерматологиялық препараттар: изотретиноин
Басқа өзара әрекеттесулер: құрамында шайқурай бар шөптік препараттар (Hypericum perforatum).
Карбамазепиннің плазмадағы қатар жүретін препараттар деңгейіне әсері
Карбамазепин кейбір препараттардың плазмадағы деңгейін төмендетуі немесе тіпті олардың әсерін тоқтатуы мүмкін. Келесі препараттардың дозасы клиникалық талаптарға сәйкес түзетілуі мүмкін:
Анальгетиктер, қабынуға қарсы дәрілер: бупренорфин, метадон, парацетамол (карбамазепин мен парацетамолды (ацетаминофен) ұзақ уақыт қолдану гепатоуыттылықпен байланысты болуы мүмкін), трамадол
Антибиотиктер: доксициклин, рифабутин
Антикоагулянттар: пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин, аценокумарол, ривароксабан, дабигатран, апиксабан және эдоксабан)
Антидепрессанттар: бупропион, циталопрам, миансерин, сертралин, тразодон, трициклді антидепрессанттар (мысалы, имипрамин, амитриптилин, нортриптилин, кломипрамин)
Құсуға қарсы дәрілер: апрепитант
Эпилепсияға қарсы дәрілер: клобазам, клоназепам, этосуксимид, ламотриджин, эсликарбазепин, окскарбазепин, примидон, тиагабин, топирамат, вальпрой қышқылы, зонисамид. Фенитоинмен уыттанудың және карбамазепиннің субтерапиялық концентрациясының алдын алу үшін емдеуге карбамазепин қоспас бұрын плазмадағы фенитоин концентрациясын 13 мкг /мл-ге дейін түзету ұсынылады. Қан плазмасындағы фенитоин деңгейінің жоғарылауы туралы сирек хабарламалар алынды.
Зеңге қарсы препараттар: итраконазол, вориконазол. Вориконазол немесе итраконазол қабылдаған пациенттерге балама эпилепсияға қарсы препараттар ұсынылады
Гельминттерге қарсы дәрілер: альбендазол
Ісікке қарсы дәрілер: иматиниб, циклофосфамид, лапатиниб, темсиролимус
Нейролептиктер: клозапин, галоперидол және бромперидол, оланзапин, кветиапин, рисперидон, арипипразол, палиперидон
Вирусқа қарсы препараттар: АИТВ-ны емдеуге арналған протеаза тежегіштері (мысалы, индинавир, ритонавир, саквинавир)
Анксиолитиктер: альпразолам
Бронходилататорлар немесе демікпеге қарсы препараттар: теофиллин
Контрацептивтер: гормондық контрацептивтер (контрацепцияның балама әдістерін қарастыру керек)
Жүрек-қантамырлары препараттары: кальций өзекшелерінің блокаторлары (дигидропиридин тобы), мысалы, фелодипин, дигоксин, симвастатин, аторвастатин, ловастатин, церивастатин, ивабрадин
Кортикостероидтар: мысалы, преднизолон, дексаметазон
Эректильді дисфункция кезінде қолданылатын препараттар: тадалафил
Иммуносупрессанттар: циклоспорин, эверолимус, такролимус, сиролимус.
Тиреоидты заттар: левотироксин
Басқа дәрілік өзара әрекеттесулер: құрамында эстрогендер және / немесе прогестерондар бар өнімдер.
Ерекше қарауды қажет ететін біріктірілімдер:
Карбамазепин мен леветирацетамды бір мезгілде қолдану карбамазепиннен туындаған уыттылықты арттыратыны хабарланды.
Карбамазепин мен изониазидті бір мезгілде қолдану изониазидтен туындаған гепатоуыттылықты арттыратыны хабарланды.
Литий мен карбамазепиннің біріктірілімі қан плазмасындағы литий концентрациясы емдік ауқымда болғанына қарамастан, нейроуыттылықтың жоғарылауына әкелуі мүмкін. Карбамазепинді метоклопрамидпен немесе галоперидол, тиоридазин сияқты негізгі транквилизаторлармен бірге қолдану неврологиялық жағымсыз әсерлердің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Кейбір диуретиктермен (гидрохлоротиазид, фуросемид) қатар карбамазепинмен емдеу симптоматикалық гипонатриемияға ықпал етуі мүмкін.
Карбамазепин деполяризацияланбайтын бұлшықет релаксанттарының әсеріне қарсы тұра алады (мысалы, панкуроний). Дәрілік заттардың мұндай біріктірілімін қолданған жағдайда аталған миорелаксанттардың дозасын жоғарылату қажеттілігі туындауы мүмкін; миорелаксанттар әсері күтілгеннен де тез тоқтауы мүмкін болуына байланысты пациенттерді мұқият бақылау керек.
Карбамазепин, басқа психотроптық дәрілер сияқты, алкоголь көтерімділігін төмендетуге қабілетті. Осыған байланысты пациентке алкогольді тұтынудан бас тарту ұсынылады.
Карбамазепинді тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттармен (ривароксабан, дабигатран, апиксабан және эдоксабан) бір мезгілде қолдану тромбоздың даму қаупін тудыратын қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Егер оларды бір мезгілде қолдану қажет болса, тромбоздың белгілері мен симптомдарын мұқият мониторингтеу ұсынылады.
Серологиялық тестілеуге әсері
Карбамазепиннің әсері тиімділігі жоғары сұйық хроматографияны (ТЖСХ) талдауда перфеназиннің жалған оң концентрациясына әкелуі мүмкін.
Карбамазепин метаболиті және 10,11-эпоксид флуоресцентті полярланған иммундық талдауда трициклді антидепрессанттың жалған оң концентрациясын тудыруы мүмкін.