• Завицефта® препаратын Сізге дәрігер немесе медбике енгізетін болады.
• Завицефта® препаратын емдеу нұсқалары шектеулі ересектер мен 3 айлық және одан үлкен жастағы балаларда аэробтық грамтеріс микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеу үшін инфекциялық ауруларды емдеуде жеткілікті тәжірибесі бар дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану ұсынылады.
Дозалау режимі
• Креатинин клиренсі (CrCL) > 50 мл/мин болатын ересектерде дозалануы
• 1-кестеде есептелген креатинин клиренсі (CrCL) > 50 мл/мин болатын ересек пациенттер үшін ұсынылған венаішілік доза көрсетілген.
• 1-кесте. Есептелген CrCL ≥ 50 мл/мин1 болатын ересек пациенттер үшін ұсынылған доза
Инфекция типі — Цефтазидимнің/авибактамның дозасы — Енгізу жиілігі — Инфузияның ұзақтығы — Емнің ұзақтығы
аИАИ2, 3 — 2 г/0,5 г — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — 5–14 күн
НЖаИ, соның ішінде пиелонефрит3 — 2 г/0,5 г — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — 5–10 күн4
АІП, ӨЖЖ-мен астасқан пневмонияны қоса алғанда3 — 2 г/0,5 г — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — 7–14 күн
Жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгенімен байланысты немесе болжамды түрде байланысты бактериемия — 2 г/0,5 г — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — Емнің ұзақтығы инфекцияның шоғырланған орнына байланысты анықталуы тиіс.
Емдеу нұсқалары шектеулі пациенттерде аэробтық грамтеріс микроорганизмдерден туындаған инфекциялар2,3 — 2 г/0,5 г — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — Инфекцияның ауырлық дәрежесіне, патоген (-дер) ге, сондай-ақ пациенттің клиникалық және бактериологиялық статусына байланысты5
• 1 CrCL, Кокрофт – Голт формуласы бойынша есептелген.
• 2 Инфекция анаэробтық патогендерден туындағаны белгілі болса немесе жорамалданса, метронидазолмен біріктіріп қолдануға жатады.
• 3 Инфекциялық процес осылардан туындағаны белгілі болса немесе жорамалданса, грамоң патогендерге қатысты белсенді бактерияға қарсы дәрімен біріктіріп қолдануға жатады.
• 4 Жалпы көрсетілген ұзақтығы Завицефта® препаратын вена ішіне енгізуді және одан кейін тиісінше бактерияға қарсы препаратты қабылдауға көшуді қамтуы мүмкін.
• 5 Завицефта® препаратын 14 күннен астам уақыт бойы қолдану тәжірибесі өте шектеулі.
• Креатинин клиренсі (CrCL) > 50 мл/мин/1,73 м2 болатын балалар жасындағы пациенттердегі дозалануы
• 2-кестеде есептелген креатинин клиренсі (CrCL) > 50 мл/мин/1,73 м2 болатын балалар жасындағы пациенттер үшін ұсынылған венаішілік доза көрсетілген.
• 2-кесте. Есептелген CrCL1 мәні > 50 мл/мин/1,73 м2 болатын балалар жасындағы пациенттер үшін ұсынылған доза.
Инфекция типі — Жас тобы — Цефтазидимнің/авибактамның дозасы7 — Енгізу жиілігі — Инфузияның ұзақтығы — Емнің ұзақтығы
аИАИ2,3 немесе НЖаИ, пиелонефритті қоса3 немесе АІП, ӨЖЖ-мен астасқан пневмонияны қоса алғанда,3 немесе Емдеу нұсқалары шектеулі (ЕНШ) пациенттерде аэробтық грамтеріс микроорганизмдерден туындаған инфекциялар2,3 — 6 айдан < 18 жасқа дейін — 50 мг/кг/12,5 мг/кг-ден ең жоғарысы 2 г/0,5 г дейін — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — аИАИ: 5–14 күн НЖаИ4: 5–14 күн АІП, ӨЖЖ астасқан пневмонияны қоса: 7–14 күн ЕНШ: Инфекцияның ауырлық дәрежесіне, патоген (-дер) ге, сондай-ақ пациенттің клиникалық және бактериологиялық статусына байланысты5
Әр 8 сағат сайын — 2 сағат
3 айдан < 6 айға дейін6 — 40 мг/кг/10 мг/кг — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат
• 1 CrCL, Шварцтың «төсек жанындағы» формуласы бойынша есептелген.
• 2 Инфекция анаэробтық патогендерден туындағаны белгілі болса немесе жорамалданса, метронидазолмен біріктіріп қолдануға жатады.
• 3 Инфекциялық процес осылардан туындағаны белгілі болса немесе жорамалданса, грамоң патогендерге қатысты белсенді бактерияға қарсы дәрімен біріктіріп қолдануға жатады.
• 4 Жалпы көрсетілген ұзақтығы Завицефта® препаратын вена ішіне енгізуді және одан кейін тиісінше бактерияға қарсы препаратты қабылдауға көшуді қамтуы мүмкін.
• 5 Завицефта® препаратын 14 күннен астам уақыт бойы қолдану тәжірибесі өте шектеулі.
• 6 Завицефта® препаратын 3 айдан < 6айға дейінгі балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі.
7 Цефтазидим/авибактам әсер етуші заттардың 4 : 1 нақты арақатынасы бар біріктірілген препарат болып табылады және оның дозалау режимі бойынша нұсқаулар тек цефтазидимге негізделген.
• Пациенттердің ерекше топтары
• Егде жастағы пациенттер
• Егде жастағы пациенттерге препараттың дозасын түзету қажет емес.
• Бүйрек функциясының бұзылуы
• Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл дәрежеде бұзылуы бар пациенттерге (есептелген CrCL > 50-ден ≤ 80 мл/мин дейін) препараттың дозасын түзету қажет емес.
• 3-кестеде есептелген CrCL мәні ≤ 50 мл/мин болатын ересектер үшін дозаның ұсынылған түзетуі көрсетілген.
• CrCL ≤ 50 мл/мин құрайтын ересектердегі дозалануы
• 3-кесте. Есептелген CrCL1 мәні ≤ 50 мл/мин болатын ересектер үшін ұсынылатын дозалары
Жас тобы — Есептелген CrCL мәні (мл/мин) — Цефтазидимнің/авибактамның дозасы2,4 — Енгізу жиілігі — Инфузияның ұзақтығы
Ересек пациенттер — 31–50 — 1 г/0,25 г — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат
16–30 — 0,75 г/0,1875 г — Әр 12 сағат сайын
6–15 — Әр 24 сағат сайын
Гемодиализдегі пациенттерді қоса алғанда, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің соңғы сатысы (БСЖС)3 — Әр 48 сағат сайын
• 1 CrCL, Кокрофт – Голт формуласы бойынша есептелген.
• 2 Препараттың фармакокинетикалық қасиеттерін модельдеу негізінде ұсынылған дозалар.
• 3 Цефтазидим және авибактам организмнен гемодиализ кезінде шығарылады. Гемодиализ күндерінде Завицефта® препаратын гемодиализ аяқталғаннан кейін енгізу керек.
4 Цефтазидим/авибактам әсер етуші заттардың 4 : 1 нақты арақатынасы бар біріктірілген препарат болып табылады және оның дозалау режимі бойынша нұсқаулар тек цефтазидимге негізделген.
• 4 және 5-кестелерде есептелген CrCL ≤ 50 мл/мин/1,73 м2 болатын балалар жасындағы пациенттерде әртүрлі жас топтарына сәйкес ұсынылған дозаны түзету келтірілген.
• CrCL ≤ 50 мл/мин/1,73 м2 болатын ≥ 2 жастағы балалар жасындағы пациенттердегі дозалануы
• 4-кесте. Есептелген CrCL1 мәні ≤ 50 мл/мин/1,73 м2 болатын балалар жасындағы пациенттер үшін ұсынылатын дозалар
Жас тобы — Есептелген CrCL мәні (мл/мин / 1,73 м 2) — Цефтазидимнің/авибактамның дозасы2,4 — Енгізу жиілігі — Инфузияның ұзақтығы
2-ден < 18 жасқа дейінгі балалар жасындағы пациенттер — 31–50 — 25 мг/кг/6,25 мг/кг-ден ең жоғарысы 1 г/0,25 г дейін — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат
16–30 — 18,75 мг/кг/4,7 мг/кг-ден ең жоғарысы 0,75 г/0,1875 г дейін — Әр 12 сағат сайын
6–15 — Әр 24 сағат сайын
Гемодиализдегі пациенттерді қоса алғанда, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің соңғы сатысы (БСЖС)3 — Әр 48 сағат сайын
• 1 CrCL, Шварцтың «төсек жанындағы» формуласы бойынша есептелген.
• 2 Дозалары фармакокинетикалық модельдеу негізінде ұсынылған.
• 3 Цефтазидим және авибактам организмнен гемодиализ кезінде шығарылады. Гемодиализ күндерінде Завицефта® препаратын гемодиализ аяқталғаннан кейін енгізу керек.
• 4 Цефтазидим/авибактам әсер етуші заттардың 4 : 1 нақты арақатынасы бар біріктірілген препарат болып табылады және оның дозалау режимі бойынша нұсқаулар тек цефтазидимге негізделген
• CrCL ≤ 50 мл/мин/1,73 м2 болатын < 2 жастағы балалар жасындағы пациенттердегі дозалануы
• 5-кесте. Есептелген CrCL1 мәні ≤ 50 мл/мин/1,73 м2 болатын балалар жасындағы пациенттер үшін ұсынылатын дозалар
Жас тобы — Есептелген CrCL мәні (мл/мин/1,73 м2) — Цефтазидимнің/авибактамның дозасы2,3 — Енгізу жиілігі — Инфузияның ұзақтығы
3-тен < 6 айға дейін — 31-ден 50-ге дейін — 20 мг/кг/5 мг/кг — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат
6 айдан < 2 жасқа дейін — 25 мг/кг/6,25 мг/кг — Әр 8 сағат сайын
3-тен < 6 айға дейін — 16-дан 30-ға дейін — 15 мг/кг/3,75 мг/кг — Әр 12 сағат сайын
6 айдан < 2 жасқа дейін — 18,75 мг/кг/4,7 мг/кг — Әр 12 сағат сайын
1 Шварцтың «төсек жанындағы» формуласы бойынша есептегенде. 2 Дозалары фармакокинетикалық модельдеу негізінде ұсынылған. 3 Цефтазидим/авибактам әсер етуші заттардың 4 : 1 нақты арақатынасы бар біріктірілген препарат болып табылады және оның дозалау режимі бойынша нұсқаулар тек цефтазидимге негізделген.
• CrCL < 16 мл/мин/1,73 м 2 болатын < 2 жастағы балаларда дозалау режимі бойынша нұсқаулар жасау үшін ақпарат жеткіліксіз.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге препараттың дозасын түзету талап етілмейді.
Балалар жасындағы пациенттер
Завицефта® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі < 3 айлық балалар жасындағы пациенттерде анықталмаған. Деректер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Вена ішіне қолданылады.
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі
Завицефта® препараты венаішілік инфузия түрінде инфузияның сәйкес көлемімен 120 минут ішінде енгізіледі («Келесі ақпарат тек қана медицина қызметкерлеріне арналған» - «Ересектер мен балаларға арналған дозаларын ИНФУЗИЯЛЫҚ ПАКЕТТЕ немесе ИНФУЗИЯЛЫҚ ШПРИЦТЕ дайындау жөніндегі нұсқаулық» бөлімін қараңыз).
Емдеу ұзақтығы
• Емнің курсы инфекцияның типіне және Сіздің емдеуге жауабыңызға байланысты көбінесе 5-тен 14 күнге дейін созылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Егер Сіз дозаны өткізіп алдым деп ойласаңыз, бұл туралы емдеуші дәрігеріңізге немесе медбикеге дереу хабарлаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігеріңізден немесе медбикеден кеңес алыңыз.