Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
500 мг
Саудалық атауы
Заха 500
Әсер етуші зат
Азитромицин
Мақсаты
Бронхит, ауруханадан тыс пневмония, синусит, фарингит/тонзиллит, ортаңғы отит
Өндіруші
Аджанта Фарма Лимитед
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 524.05 мг азитромицин дигидраты (500.00 мг азитромицинге баламалы)
қосымша заттар: лактоза моногидраты, кальций гидрофосфат дигидраты, натрий лаурилсульфаты, повидон (Р.V.P.К 30), натрий крахмал гликоляты, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, Инстакоат-Аква III (Ақ)***, 2-пропанол**
** - өндіріс барысында буланады
*** Инстакоат – Аква III (Ақ): гипромеллоза, полиэтиленгликоль, тазартылған тальк, титанның қостотығы E 171
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Капсула тәрізді пішінді, бір жағында сызығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған немесе туындауы мүмкін келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген:
- бронхит
- ауруханадан тыс пневмония
- синусит
- фарингит/тонзиллит
- ортаңғы отит
- тері және жұмсақ тіндер инфекциялары
- Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс мүшелерінің асқынбаған инфекциялары
Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алған жөн.
Әсер ету механизмі
Азитромицин әсер ету ауқымы кең антибиотик, макролидтік антибиотиктер жаңа қосалқы тобы – азалидтердің алғашқы өкілі болып табылады. Бактериостатикалық әсерге ие, бірақ қабыну ошағында жоғары концентрациялары түзілген жағдайда бактерицидтік әсер туғызады. Азитромицин бактериялар рибосомаларының 50s субъбірлігімен байланыстыру арқылы бактериялық жасушалар ақуызының синтезін бұзады. Нуклеин қышқылдарының синтезіне әсер етпейді.
Аэробты грамоң бактерияларға қатысты белсенді: Streptococcus pneumoniae, S. pyogenes, Staphylococcus aureus. Аэробты грамтеріс бактерияларға қатысты тиімді: Haemophilus influenzae, H. Рarainfluenzae, Moraxella catarrhalis, Legionella pneumophila, Pasteurella multocida. Кейбір анаэробты микроорганизмдерге қатысты белсенді: Clostridium perfringens, Fusobacterium spp., Prevotella spp., Porphyromonas spp.Сонымен қатар, Chlamydia trachomatis қатысты тиімді.
Препаратқа аэробты грамоң бактериялар төзімділігі аздау: Streptococcus Pneumonia (пенициллинге төзімді); аэробты грамоң микроорганизмдер төзімділеу: Enterococcus faecalis, Staphylococci MRSA, MRSE (метициллинге төзімді), анаэробты микроорганизмдер: Bacteroides fragilis group.
Дозалау режимі
Дене салмағы >45 кг балаларға және егде жастағыларды қоса, ересектерге
Тәуліктік доза, 3 күн бойына, күніне бір рет қабылдағанда 500 мг құрайды (жалпы доза 1500 мг). Хламидиядан туындаған жыныс мүшелерінің асқынбаған инфекцияларында тәулігіне бір рет 1000 мг тағайындайды. Сезімтал гонококктар үшін емдеуге арналған тәжірибелік ұсыныстарға сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілімде азитромициннің ұсынылатын дозасы 1000 мг немесе 2000 мг құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препарат дене салмағы 45 кг-ден аз балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету талап етілмейді.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі (шумақтық сүзіліс жылдамдығы 10 - 80 мл/мин) бар пациенттер үшін доза түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ <10 мл / мин) бар пациенттерге азитромицин тағайындағанда сақ болу керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Азитромицин бауырда метаболизденіп және өтпен шығарылатындықтан препаратты ауыр бауыр ауруларынан зардап шегетін пациенттерге тағайындауға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Азитромицинді тамақтанудан бір сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек. Препаратты тәулігіне 1 рет қабылдайды.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу керек.
- азитромицинге, эритромицинге, макролидтер/кетолидтер тобына және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (дене салмағы 45 кг-ден аз балалар)
Сақтықпен:
- аритмияда (қарыншалық аритмия, аралықтың (QT) ұзаруы болу мүмкін)
Өте жиі
- диарея, іштің ауыруы, жүрек айнуы, метеоризм
Жиі
- анорексия
- бас айналуы, бас ауыру, парестезия дисгевзия
- көру қабілетінің бұзылуы
- есту мүкістігі
- құсу, диспепсия
- қышыну, бөртпе
- артралгия
- шаршау
- қандағы лимфоциттер санының азаюы, қандағы эозинофилдер санының көбеюі, қандағы бикарбонат деңгейінің төмендеуі
Жиі емес
- кандидоз, ауыз қуысының кандидозы
- қынаптық инфекциялар
- лейкопения, нейтропения
- Квинке ісінуі, аса жоғары сезімталдық
- күйгелектік
- гипестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық
- есту қабілетінің бұзылуы, құлақтың шыңылдауы
- жүректің жиі соғуы
- гастрит, іш қату
- гепатит
- Стивенс-Джонсон синдромы, фотосезімталдық реакциялары, есекжем
- кеуде қуысының ауыруы, ісінулер, дімкәстік, астения
- қандағы аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қандағы аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің қалыптан ауытқуы
Сирек
- ажитация
- вертиго (бас айналуы)
- бауыр функциясының бұзылуы
- жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS)
Өте сирек
- эозинофилиямен және жүйелі көріністермен дәрілік бөртпе (DRESS)
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• жалған жарғақшалық колит
• тромбоцитопения, гемолитикалық анемия
• анафилаксиялық реакция
• озбырлық, мазасыздық
• естен тану, құрысулар, психомоторлы аса жоғары белсенділік
• аносмия, агевзия, паросмия, ауыр миастения
- "пируэт" типті қарыншалық тахикардия, қарыншалық тахикардияны қоса аритмия
• артериялық гипотензия
• панкреатит, тіл түсінің өзгеруі
• сирек жағдайларда өлімге әкелетін бауыр жеткіліксіздігі, күрт дамитын гепатит, бауыр некрозы, холестаздық сарғаю
• уытты эпидермальді некролиз (TEN), көп формалы эритема
• бүйрек жеткіліксіздігі, жедел интерстициальді нефрит
• электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: уақытша естімей қалу, жүрек айнуы, құсу және диарея.
Емі: асқазанды шаю және симптоматикалық ем тағайындау.
Аса жоғары сезімталдық
Эритромицин және басқа макролидті антибиотиктер сияқты, ауыр аллергиялық реакциялар, соның ішінде ангионевроздық ісіну және анафилаксия (сирек жағдайларда өліммен аяқталатын), жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) және эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS) дәрілік реакция туралы хабарланды. Азитромициннен туындаған осы реакциялардың кейбіреулері қайталанатын симптомдарға әкелді және ұзақ мерзімді бақылау мен емдеуді қажет етті.
Гепатоуыттылық
Бауыр азитромицинді шығару үшін негізгі ағза болып табылады, сондықтан азитромицинді айқын бауыр ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Азитромицинді қолдану кезінде өмірге қауіпті бауыр жеткіліксіздігіне әкелу ықтималдығы бар күрт дамитын гепатит жағдайлары туралы хабарланған.
Кейбір пациенттерде бұрыннан бауыр ауруларының болуы немесе олар басқа гепатоуытты дәрілік заттарды қабылдауы мүмкін.
Сарғаюмен қатар жүретін жылдам дамитын астения, несеп түсінің өзгеруі, қан кетуге немесе бауыр энцефалопатиясына бейімділік сияқты бауыр дисфункциясы белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда, бауырдың функциялық сынамаларының тестілерін/зерттеулерін дереу жүргізу керек. Бауыр дисфункциясының дамуымен азитромицин қабылдауды тоқтату керек.
Қастауыш туындылары
Эрготамин туындыларын қабылдайтын пациенттерде эрготизмнің пайда болуына кейбір макролидтік антибиотиктерді бір мезгілде қабылдау түрткі болады. Қастауыш және азитромицин арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігіне қатысты деректер жоқ. Дегенмен, эрготизм дамуының теоретиялық мүмкіндігіне байланысты азитромицин және қастауыш туындылары біріктірілімін болдырмау керек.
QT аралығының ұзаруы
Жүрек аритмиясы және пируэтті тахикардияның даму қаупіне әкелетін жүрек реполяризациясының ұзаруы мен QT аралығының ұзаруы басқа макролидтермен емдеу кезінде байқалған. Жүректің реполяризациясының ұзару қаупі жоғары пациенттерде азитромициннің ұқсас әсерін толығымен жоққа шығаруға болмайды (4.8 бөлімін қараңыз) сондықтан келесі пациенттерді емдеуде сақтық сақтау қажет:
• туа біткен немесе құжатпен деректі расталған QT аралығының ұзаруы бар;
• QT аралығының ұзаруын тудыратын басқа препараттарды қабылдайтын пациенттер, мысалы, ІА және III класты аритмияға қарсы препараттар, цизаприд және терфенадин;
• әсіресе гипокалиемия және гипомагниемия жағдайларындағы электролиттік теңгерімнің бұзылуы бар;
• клиникалық елеулі брадикардиямен, жүрек аритмиясы және ауыр жүрек жеткіліксіздігімен.
Суперинфекция
Кез келген антибиотиктерді қабылдаған кездегі сияқты, зеңдерді қоса, төзімді микроорганизмдер туындатқан суперинфекция белгілерін бақылау ұсынылады.
Clostridium difficile туындаған диарея
Clostridium difficile (CDAD) тудырған диарея азитромицинді қоса, барлық дерлік бактерияға қарсы препараттарды қолданғанда хабарланды және ауырлығы жеңіл диареядан өлімге әкелетін колитке дейін өзгеруі мүмкін. А және В гипертоксиндерін шығаратын C. difficile штамдары CDAD дамуына ықпал етеді. Гипертоксин шығаратын C. difficile штамдары ауру мен өлімнің жоғарылауына әкеледі, өйткені бұл инфекциялар микробқа қарсы терапияға төзімді болуы мүмкін және колэктомияны қажет етуі мүмкін. Осылайша, CDAD кез келген антибиотиктерді енгізу кезінде немесе одан кейін диареямен ауыратын пациенттерде күдіктенуі керек. Анамнезді мұқият жинау қажет, өйткені CDAD бактерияға қарсы препараттарды қолданғаннан кейін 2 ай ішінде дамығандығы туралы хабарланған. Азитромицинмен емдеуді тоқтату және C. difficile арнайы емін тағайындау туралы мәселені қарастыру керек.
Стрептококкты инфекциялар.
Пенициллин, әдетте Streptococcus pyogenes туындатқан фарингит /тонзиллитті емдеуде таңдалатын препарат болып табылады, сондай-ақ жедел ревматизм қызбасында профилактикасы үшін пайдаланылады. Азитромицин, жалпы алғанда, ауыз жұтқыншақтағы стрептококқа қарсы тиімді, бірақ жедел ревматизмдік қызбаның профилактикасында оның тиімділігін растайтын ақпарат жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <10 мл / мин) пациенттерде азитромициннің жүйелік әсерінің 33%-дық ұлғаюы байқалған.
Миастения гравис
Азитромицинмен ем қабылдайтын пациенттерде миастения грависінің симптомдары мен миастенияның жаңа көріністерінің өршу жағдайлары байқалды.
Гидроксихлорохин немесе хлорохин
Азитромицинді қолданар алдында гидроксихлорохин немесе хлорохин қабылдаған барлық пациенттер жүрек-қан тамырлары асқынулары мен жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім қаупінің жоғарылауына байланысты пайда мен қауіптің арақатынасын мұқият өлшеуі керек.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар туралы ақпарат
Препараттың құрамында бір дозада 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни мәні бойынша натрийсіз препарат болып табылады.
Заха 500 құрамында лактоза моногидраты бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер осы препаратты қабылдамауы тиіс.
Педиатрияда қолдану
Препарат дене салмағы 45 кг-ден аз балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Азитромицин пациенттің көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін деген деректер жоқ.
Жануарлардың репродуктивті уыттылығы туралы зерттеулер ана үшін орташа уытты концентрациясына жететін дозаларда жүргізілді. Бұл зерттеулерде азитромициннің шаранаға зиянды әсері туралы ешқандай дәлел табылған жоқ. Алайда жүкті әйелдерде жеткілікті және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жүктілік кезіндегі азитромициннің әсері туралы бірнеше елдерде жүргізілген бақылау зерттеулерінің көптеген деректері бар, антибиотиктерді қолданбаумен немесе сол кезеңде басқа антибиотикті қолданумен салыстырғанда (бірінші триместрде> 7300 әсер). Зерттеулердің көпшілігі шарананың ауыр туа біткен ақаулары немесе жүрек-қантамыр ақаулары сияқты жағымсыз әсерлерімен байланысты ұсынбаса да, жүктіліктің ерте кезеңінде азитромицинге ұшырағаннан кейін түсік түсіру қаупінің жоғарылауы туралы шектеулі эпидемиологиялық дәлелдер бар. Осылайша, азитромицинді жүктілік кезінде тек клиникалық қажеттілік болған жағдайда ғана қолдану керек және емдеудің пайдасы болуы мүмкін кез келген шамалы жоғары қауіптерден асып түседі деп күтілуде.
Бала емізу
Жарияланған әдебиеттердегі шектеулі ақпарат азитромициннің емшек сүтінде тәулігіне 0,1-ден 0,7 мг/кг-ге дейінгі болжамды орташа тәуліктік дозада болатындығын көрсетеді. Емшек сүтімен қоректенетін балаларда азитромициннің елеулі жағымсыз әсерлері байқалмады.
Бала емізуді тоқтату немесе азитромицинмен емдеуді тоқтату / тоқтата тұру туралы шешім қабылдау қажет, бұл емшек сүтімен емізудің балаға пайдасы мен терапияның әйелге тигізетін пайдасын ескереді.
Антацидтер: Қан плазмасындағы азитромициннің ең жоғары концентрациясы шамамен 24 %-ға төмендесе де, антацидтерді бір мезгілде қолданғанда азитромицин фармакокинетикасына әсерін зерттегенде биожетімділігінің өзгерістері анықталмады. Пациенттер азитромицин мен антацидтерді бір мезгілде қабылдамауы керек.
Цетиризин: дені сау еріктілерде, азитромицинді 20 мг дозада цетиризинмен 5 күндік курсын бірге қабылдау тепе-теңдік жай-күйінде фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге және QT аралығының елеулі өзгеруіне әкелген жоқ.
Диданозин (дидеоксиинозин): азитромицинді тәулігіне 1200 мг дозада және диданозинді тәулігіне 400 мг дозада АИТВ-позитивті алты пациентте бір мезгілде қолдану диданозиннің плацебомен салыстырғанда тепе-теңдік фармакокинетикасына әсер етпеді.
Дигоксин және колхицин (Р-гликопротеин субстраты): макролидті антибиотиктерді, оның ішінде азитромицинді дигоксин және колхицин сияқты Р-гликопротеин субстраттарымен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы Р-гликопротеин субстратының концентрациясының жоғарылауына әкелетіні хабарланды. Сондықтан дигоксин сияқты азитромицин мен Р-гликопротеин субстраттарын бір уақытта қолданған кезде қан сарысуындағы дигоксин концентрациясының жоғарылау мүмкіндігін ескеру қажет. Азитромицинмен емдеу кезінде және одан кейін пациентті клиникалық бақылау және қажет болған жағдайда қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын анықтау қажет.
Зидовудин: 1000 мг бір рет қолданғанда және 1200 мг немесе 600 мг азитромицинді бірнеше рет қолданғанда зидовудиннің немесе оның глюкуронидті метаболиттерінің фармакокинетикасына немесе несеппен шығарылуына шамалы әсері анықталды. Алайда, азитромицинді қабылдау перифериялық қанның мононуклеарлы жасушаларында фосфорланған зидовудиннің (клиникалық белсенді метаболит) концентрациясын арттырды. Бұл құбылыстың клиникалық мәні түсініксіз, бірақ пациенттер үшін пайдалы болуы мүмкін.
Азитромицин бауырдың Р450 цитохром жүйесімен аздап әрекеттеседі. Ол эритромицинмен және басқа макролидтермен байқалғандай дәрілік заттармен фармакокинетикалық өзара әрекеттеспейді деп саналады. Азитромицинді қолданған кезде цитохром-метаболит кешенінің көмегімен P450 цитохромының индукциясы немесе инактивациясы болмайды.
Эрготамин туындылары: эрготизмді дамытудың теориялық мүмкіндігіне байланысты азитромицинді қастауыш туындыларымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Азитромицин мен келесі препараттар арасында фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілді, олар Р450 цитохромы арқылы айтарлықтай метаболизмге ұшырайтыны белгілі.
Аторвастатин: аторвастатинді (тәулігіне 10 мг) және азитромицинді (тәулігіне 500 мг) бірге енгізу қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясын өзгерткен жоқ (HMG CoA-редуктаза талдауы негізінде).
Карбамазепин: фармакокинетикалық өзара әрекеттесуді зерттеуде дені сау еріктілер азитромицин қабылдаған пациенттерде қан плазмасындағы карбамазепин деңгейіне немесе оның қан плазмасындағы белсенді метаболиттеріне айтарлықтай әсер етпеді.
Циметидин: азитромициннен 2 сағат бұрын қабылданған циметидиннің бір реттік дозасының әсерін зерттейтін фармакокинетикалық зерттеуде азитромицин фармакокинетикасының өзгеруі байқалмады.
Пероральді кумариндік антикоагулянттар: фармакокинетикалық өзара әрекеттесу зерттеулерінде азитромицин дені сау еріктілерге енгізілген 15 мг варфариннің бір реттік дозасының антикоагулянттық әсерін өзгерткен жоқ. Маркетингтен кейінгі кезеңде азитромицин мен пероральді кумариндік антикоагулянттарды бірге қабылдағаннан кейін антикоагулянттық белсенділіктің жоғарылауы туралы хабарламалар алынды. Себеп-салдарлық байланыс анықталмағанымен, кумарин типті пероральді антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерде азитромицинді қолданғанда протромбин уақытын бақылау қажет.
Циклоспорин: 3 күн ішінде тәулігіне 500 мг азитромицинді пероральді қабылдаған, содан кейін бір рет 10 мг/кг циклоспорин, Cmax және AUC0-5 циклоспоринді пероральді қабылдаған дені сау еріктілердегі фармакокинетикалық зерттеуде айтарлықтай жоғарылаған (сәйкесінше 24% және 21%), бірақ AUC0 -∞ - де айтарлықтай өзгерістер анықталған жоқ. Сондықтан осы препараттарды бір мезгілде енгізуді қарастырмас бұрын сақтық қажет. Егер бұл препараттарды бірге қолдану қажет болған жағдайда циклоспорин деңгейін бақылау және дозаны тиісінше түзету керек.
Эфавиренц: 600 мг азитромициннің және тәулігіне 400 мг эфавиренздің бір реттік дозасын 7 күн бірге қабылдау клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерге әкелмейді.
Флуконазол: 1200 мг азитромициннің бір реттік дозасын бірге қабылдау 800 мг флуконазолдың бір реттік дозасының фармакокинетикасын өзгертпейді. Азитромициннің жалпы әсері және жартылай шығарылу кезеңі флуконазолмен бірге енгізгенде өзгермеген, алайда азитромициннің Cmax (18%) клиникалық елеусіз төмендегені бақыланды.
Индинавир: 1200 мг азитромициннің бір реттік дозасын бірлесіп қабылдау 5 күн ішінде күніне үш рет 800 мг дозада енгізілетін индинавирдің фармакокинетикасына статистикалық елеулі әсер етпеген.
Метилпреднизолон: дені сау еріктілердегі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуді зерттеуде азитромицин метилпреднизолонның фармакокинетикасына елеулі әсер етпеген.
Мидазолам: дені сау еріктілерде 3 күн бойына тәулігіне 500 мг азитромицинмен 15 мг бір реттік дозада мидазоламмен бірге енгізу фармакокинетикада және фармакодинамикада клиникалық елеулі өзгерістер туындатпайды.
Нельфинавир: тепе теңдік жай-күйде (күніне үш рет 750 мг) азитромицинді (1200 мг) және нелфинавирді бірге енгізу азитромицин концентрациясының жоғарылауына әкелді. Клиникалық елеулі жағымсыз әсерлері бақыланбайды және доза түзету талап етілмейді.
Рифабутин: азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолдану бұл препараттардың қан плазмасындағы концентрациясына әсер етпеді.
Нейтропения азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолдану арқылы анықталды. Нейтропения рифабутинді қолданумен байланысты болғанымен, азитромицинді бір мезгілде қабылдаумен себепті байланыс орнатылмаған.
Силденафил: дені сау еріктілерде азитромициннің (3 күн бойы күн сайын 500 мг) силденафилдің AUC және Cmax немесе оның негізгі айналымдағы метаболитіне әсері туралы ешқандай дәлел жоқ.
Терфенадин: фармакокинетикалық зерттеулерде азитромицин мен терфенадиннің өзара әрекеттесуі туралы хабарланған жоқ. Кейбір жағдайларда өзара әрекеттесу ықтималдығын толығымен жоққа шығару мүмкін емес. Дегенмен, мұндай өзара әрекеттесудің орын алғаны туралы нақты дәлелдер алынған жоқ.
Теофиллин: дені сау еріктілер бір мезгілде қолданған кезде азитромицин мен теофиллин арасындағы клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулердің дәлелі болмаған.
Триазолам: 14 дені сау еріктілерде азитромицинді 1-ші күні 500 мг және 2-ші күні 250 мг, 2-ші күні 0,125 мг триазоламмен бірге енгізу триазолам мен плацебоны бірге енгізумен салыстырғанда триазолам үшін фармакокинетикалық айнымалылардың кез келгеніне айтарлықтай әсер етпеді.
Триметоприм/сульфаметоксазол: 7-ші күні 1200 мг азитромицинмен 7 күн ішінде триметоприм/сульфаметоксазол DS (160 мг / 800 мг) бірге енгізу триметоприм немесе сульфаметоксазолдың ең жоғары концентрациясына, жалпы әсеріне немесе шығарылуына елеулі әсер етпеді. Сарысудағы азитромициннің концентрациялары басқа зерттеулерде байқалған осындайларға сәйкес келді.
Гидроксихлорохин немесе хлорохин: бақылау деректері ревматоидты артритпен ауыратын пациенттерде азитромицин мен гидроксихлорохинді бір мезгілде қолдану жүрек-қантамырлар асқынулары мен жүрек-қантамыр ауруларының салдарынан болатын өлім қаупінің жоғарылауымен байланысты екенін көрсетті. Гидроксихлорохин қабылдайтын пациенттерде азитромицинді қолданар алдында пайда мен қауіптің арақатынасын мұқият өлшеу керек. Хлорохин қабылдаған кез-келген пациенттерде азитромицинді қолданар алдында пайда мен қауіптің арақатынасын мұқият қарастырған жөн, өйткені хлорохинді қолдану кезінде осындай қауіп болуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.