Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлер
Вемурафениб BRAF геномымен кодталатын серин-треонин киназа тежегіші болып табылады. BRAF геніндегі мутациялар нәтижесінде BRAF ақуызының конститутивті белсенділенуі және соның салдарынан өсу факторлары болмағанда жасушалар пролиферациясы болады.
Биохимиялық зерттеулер барысында алынған клиникаға дейінгі деректер вемурафенибтің 600 кодонда белсенділенетін мутацияларымен BRAF-киназалардың қуатты тежегіші екенін көріністеді (6 кестені қараңыз).
6 кесте. Әртүрлі BRAF-киназаларға қатысты вемурафенибтің тежеу белсенділігі
Киназа — V600 мутациясы болатын меланома кезінде күтілетін жиілігі (t) — Тежеу концентрациясының жартысы (нМ)
BRAFV600E — 87.3% — 10
BRAFV600K — 7.9% — 7
BRAFV600R — 1% — 9
BRAFV600D — <0.2% — 7
BRAFV600G — <0.1% — 8
BRAFV600M — <0.1% — 7
BRAFV600A — ˂0.1% — 14
BRAFWT — NA — 39
(t) COSMIC, 71 шығарылым (қараша 2014) жалпыға ортақ дерекқордан алынған 600 кодонындағы BRAF аннотацияланған мутациялары бар меланомалардың 16403 жағдайын талдау негізінде бағалау
ERK-фосфорлануға (жасушадан тыс реттелетін киназаның фосфорлануы) және мутацияланған BRAF V600 экспрессиялайтын меланоманың қолжетімді жасушалық желілерінде пролиферацияға қарсы әсеріне жасалған талдаулармен тежеу әсері расталады. Жасуша пролиферациясының бәсеңдеуін зерттеу кезінде V600 мутацияланған жасуша желілеріне қатысты жартылай барынша тежеу концентрациясы (V600E, V600R, V600D және V600K мутацияланған жасуша желілері) 0.016-дан 1.131 мкМ дейнгі диапазонда болды; сол арада BRAF жабайы типті жасуша желілеріне қатысты жартылай барынша тежейтін концентрациясы, тиісінше, 12.06 және 14.32 мкМ құрады.
BRAF мутация статусын анықтау
Вемурафениб емін бастау алдында валидацияланған тест көмегімен ісіктің BRAF V600 мутациясының болуын растау керек. II фазаның және III фазаның клиникалық зерттеулерінде берілген критерийлерді қанағаттандыратын пациенттер нақты уақыт режимінде ПТР әдісін (cobas 4800 BRAF V600 мутациясын анықтауға арналғна тест) пайдаланумен анықталды. Тест өнім қауіпсіздігі бойынша Еуропалық одақ талаптарына сәйкес келеді (CE таңбасы бар) және формалинге бекітілген және парафин блоктарына (FFPE) құйылған, ісік тінінен бөлінген ДНҚ үшін BRAF мутациясының статусын бағалау үшін пайдаланылады. Тест-жүйенің басым BRAF V600E мутациясына жоғары сезімталдығы бар (FFPE-ден алынған ДНҚ-дан жабайы типті секвенирлеу аясында V600E секвенирлеудің тура 5%-на дейін). Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердегі бірізді ретроспективті талдау тест-жүйенің аз таралған V600D және V600K мутацияларына да сезімталдығы барын көріністеді. Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерде (n = 920) cobas тест нәтижелері бойынша расталған мутациялары бар ісік тінінің үлгілері арасында секвенирлеу әдісімен қосымша талдаудан кейін бірде-бір үлгісі Сэнгер әдісі бойынша секвенирлеу кезінде де, 454 әдісі бойынша секвенирлеу кезінде де жабайы типке жатқызылмады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Вемурафениб тиімділігі 336 пациенттің қатысуымен III фазаның (NO25026) клиникалық зерттеуі және 278 пациенттің қатысуымен II фазаның екі клиникалық зерттеуі (NP 22657 және MO25743) барысында бағаланды. Барлық пациенттерде cobas 4800 BRAF V600 тестісінің нәтижелеріне сәйкес BRAF V600 мутацияларымен кең таралған меланома болуы тиіс.
Бұрын ем алмаған пациенттердің қатысуымен III фазаны (NO25026) зерттеу нәтижелері
III фазаның ашық көп орталықты халықаралық рандомизацияланған зерттеуінде бұрын ем алмаған BRAF V600E мутациясының болуымен операция жасалмайтын немесе метастаздық меланома бар пациенттерде вемурафенибті қолдану зерттелді. Пациенттер вемурафениб (күніне 2 рет 960 мг) немесе дакарбазин (әр 3 апта сайын 1 күнде 1000 мг/м2) алуға рандомизацияланды.
Вемурафенибпен (n = 337) немесе дакарбазинмен (n = 338) емдеу үшін барлығы 675 пациент рандомизацияланды. Пациенттердің көпшілігі ер жынысты (56%) және еуропалық нәсілден (99%) болды, пациенттердің жас медианасы 54 жасты құрады (24%-ы ≥ 65 жаста болды), барлық пациенттер ECOG шкаласы бойынша 0 немесе 1 функционалдық статусқа ие болды және пациенттердің көпшілігінде (65%) M1c ауру кезеңі болды. Зерттеудің тиімділігін бағалаудың біріктірілген бастапқы соңғы нүктелері жалпы тіршілік қабілеті (OS, overall survival) және үдеусіз тіршілік қабілеті (PFS, progression-free survival) болды.
Алдын ала берілген аралық талдау деректеріне сай (деректер жинау аяқталған күн: 30 желтоқсан 2010 жыл) OS (p < 0.0001) және PFS (p < 0.0001) (стратификацияланбаған логранг критерий) қатысты болған біріктірілген бастапқы соңғы нүктелері бойынша елеулі жақсару аталды. Деректерді мониторингтеу жөніндегі тәуелсіз комитеттің (ДМТК) ұсынымдарына сәйкес, алынған нәтижелер 2011 жылы қаңтарда жарияланды және зерттеу дакарбазинмен емдеу тобындағы пациенттерде вемурафениб қабылдауға ауысу мүмкіндігі болу үшін өзгертілді. Одан кейін нәтижелері 7 кестеде ұсынылған тіршілік қабілетінің ретроспективті талдаулары жасалды.
7 кесте. Деректер жинау аяқталған күнгі бұрын ем алмаған BRAF V600 мутациясымен меланома бар пациенттер арасындағы жалпы тіршілік қабілеті (N = 338 дакарбазин, N = 337 вемурафениб)
Деректер жинау аяқталған күн — Емдеу — Өліммен аяқталған оқиғалар саны (%) — Қауіптер қатынасы (95% СА) — Басқа препаратқа ауысқан пациенттер саны (%)
30 желтоқсан 2010 жыл — дакарбазин — 75 (22) — 0.37 (0.26, 0.55) — 0 (қатысы жоқ)
вемурафениб — 43 (13)
31 наурыз 2011 жыл — дакарбазин — 122 (36) — 0.44 (0.33, 0.59)(w) — 50 (15%)
вемурафениб — 78 (23)
3 қазан 2011 жыл — дакарбазин — 175 (52) — 0.62 (0.49, 0.77)(w) — 81 (24%)
вемурафениб — 159 (47)
1 ақпан 2012 жыл — дакарбазин — 200 (59) — 0.70 (0.57, 0.87)(w) — 83 (25%)
вемурафениб — 199 (59)
20 желтоқсан 2012 жыл — дакарбазин — 236 (70) — 0.78 (0.64, 0.94)(w) — 84 (25%)
вемурафениб — 242 (72)
(w) Ауысу сәтінде цензураланған нәтижелер
Ауысу сәтінде цензураланбаған нәтижелер: 2011 жылғы 31 наурыз: ҚҚ (95% СА) = 0.47 (0.35, 0.62); 3 қазан 2011 жыл: ҚҚ (95% СА) = 0.67 (0.54, 0.84); 1 ақпан 2012 жыл: ҚҚ (95% СА) = 0.76 (0.63, 0.93); 20 желтоқсан 2012 жыл: ҚҚ (95% СА) = 0.79 (0.66, 0.95)
1 сурет. Каплан-Мейер әдісі бойынша жалпы тіршілік қабілетінің қисықтары –
бұрын ем алмаған пациенттер (деректер жинау аяқталған күн -
20 желтоқсан 2012 жыл)
8 кестеде болжамдық факторлар ретінде айқындалған барлық алдын ала берілген стратификацияның ауыспалы мәндері үшін емдеу әсері көріністелген.
8 кесте. ЛДГ, ісік үдерісінің кезеңдері және ECOG шкаласының статусы бойынша бұрын ем алмаған BRAF V600 мутациясымен меланома бар пациенттер арасындағы жалпы тіршілік қабілеті (кейінгі талдау, деректер жинау аяқталған күн - 20 желтоқсан 2012 жыл, ауысу сәтінде цензураланған нәтижелер)
Стратификация ауыспалы мәні — N — Қауіптер қатынасы — 95% сенім аралығы
ЛДГ қалыпты — 391 — 0. 88 — 0.67; 1.16
ЛДГ > ҚЖШ — 284 — 0. 57 — 0.44; 0.76
IIIc/M1A/M1B кезеңі — 234 — 1. 05 — 0.73; 1.52
MIC кезеңі — 441 — 0. 64 — 0.51; 0.81
ECOG PS = 0 — 459 — 0. 86 — 0.67; 1.10
ECOG PS = 1 — 216 — 0. 58 — 0.42; 0.9
ЛДГ: лактатдегидрогеназа, ECOG PS: Шығыс бірлескен онкологиялық тобының шкаласы бойынша функционалдық жағдайды бағалау
9 кестеде бұрын ем алмаған BRAF V600 мутациясымен меланома бар пациенттерде объективті жауаптың жалпы жиілігі және үдеусіз тіршілік қабілеті бойынша деректер келтірілген.
9 кесте. Бұрын ем алмаған BRAF V600 мутациясымен меланома бар пациенттердегі жалпы жауап жиілігі және үдеусіз тіршілік қабілеті
вемурафениб — дакарбазин — Р мәні(x)
Деректер жинау аяқталған күн: 30 желтоқсан 2010 жыл (y)
Объективті жауап жиілігі (95% СА) — 48.4% (41.6%, 55.2%) — 5.5% (2.8%, 9.3%) — < 0.0001
Үдеусіз тіршілік қабілеті (ҮТҚ) Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0.26 (0.20, 0.33) — < 0.0001
Оқиға болған пациенттер саны (%) — 104 (38%) — 182 (66%)
Медиана (ҮТҚ) (айлар) (95% СА) — 5.32 (4.86, 6.57) — 1.61 (1.58, 1.74)
Деректер жинау аяқталған күн: 01 ақпан 2012 жыл (z)
Үдеусіз тіршілік қабілеті Қауіптер қатынасы (95% СА) — 0.38 (0.32, 0.46) — < 0.0001
Оқиға болған пациенттер саны (%) — 277 (82%) — 273 (81%)
Медиана (ҮТҚ) (айлар) (95% СА) — 6.87 (6.14, 6.97) — 1.64 (1.58, 2.07)
(x) (ҮТҚ) үшін стратификацияланбаған логранг критерий және жалпы жауап жиілігі үшін хи-квадрат критерий.
(y) 2010 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша, жалпы жиынтығы, 549 пациентте PFS бағалауы және 439 пациентте жалпы жауап жиілігін бағалау жүргізілді.
(z) 2012 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, жалпы жиынтығы, 675 пациент PFS көрсеткішін өзектілендіру үшін ретроспективті талдау жасау мақсатында бағалаудан өтті.
NO25026 зерттеуінде, жалпы жиынтығы, 673 пациенттің 57-де ісіктерді ретроспективті секвенирлеу кезінде BRAF V600K мутациясы анықталды. Пациенттердің шектеулі санына қарамастан, осы V600K мутациясымен ісіктері бар пациенттер арасындағы тиімділігінің талдауы OS, PFS көрсеткіштеріне қатысты вемурафенибпен ем тиімділігін және ең үздік жалпы жауапты көріністеді. V600E және V600K-ден өзгеше BRAF V600 сирек мутацияларымен меланомасы бар пациенттер жөнінде деректер жоқ.
Кем дегенде, бір алдыңғы жүйелік емі нәтижесіз болған пациенттердің қатысуымен II фазаны зерттеу нәтижелері (NP22657)
II фазаның бақыланбайтын көп орталықтық халықаралық зерттеуі cobas 4800 BRAF V600 Mutation Test тестісінің нәтижелерімен расталған және бұрын, ең болмаса, бір жүйелік ем курсын алған BRAF V600E мутациясымен метастаздық меланома бар 132 пациенттің қатысуымен жүргізілді. Пациенттердің жас медианасы 52 жасты құрады, пациенттердің 19%-ы 65 жастан асқан шамада болды. Пациенттердің көпшілігі ер жынысты (61%) және еуропалық нәсілден (99%) және M1c ауру сатысында (61%) болды. Пациенттердің 49%-ы үшін алдыңғы жүйелі емнің ≥2 курсы нәтижесіз болып шықты.
Тәуелсіз бақылау комитетінің (ТБК) бағалауы бойынша расталған ең үздік жалпы жауап (толық жауап (CR, complete response) + жартылай жауап (PR, partial response)) түріндегі бастапқы соңғы нүкте 12.9 айға созылатын кейінгі қадағалау кезеңінің медианасында (диапазон: 0.6-дан 20.1 дейін 53% (95% СА: 44%, 62%) құрады. Жалпы тіршілік қабілетінің медианасы 15.9 айға созылды (95% СА: 11.6, 18.3). 6 ай ішіндегі жалпы тіршілік қабілетінің жиілігі 77% (95% СА: 70%, 85%) және 12 ай ішінде 58% (95% СА: 49%, 67%) құрады.
NP22657 зерттеуінде қамтылған 132 пациенттің 9-да Сэнгер әдісі бойынша ісіктерді ретроспективті секвенирлеу кезінде V600K мутациясы анықталды. Осы пациенттердің арасында 3 пациентте жартылай жауап, 3 пациентте аурудың тұрақтануы байқалды, 2 пациентте аурудың үдеуі білінді, ал 1 пациент бағалауға сай келмеді.
Мидағы метастаздары бар пациенттердің қатысуымен II фазаны (MO25743) зерттеу нәтижелері
Бақыланбайтын көп орталықтық зерттеуде (N = 146) cobas 4800 BRAF V600 Mutation Test тестісінің көмегімен расталған BRAF V600 мутациясымен гистологиялық расталған метастаздық меланомасы және мидағы метастаздары бар ересек пациенттерде вемурафенибті қолдану зерттелді. Зерттеуге бір мезгілде жиналған екі қауым қосылды:
• 1 қауым: бұрын ем алмаған пациенттер (N = 90): мидағы метастаздар себебінен бұрын ем алмаған пациенттер; BRAF тежегіштері мен MEK тежегіштерін қоспағанда, метастазды меланоманың алдыңғы жүйелі емін жүргізуге болады.
• 2 қауым: бұрын ем алған пациенттер (N = 56): мидағы метастаздар себебінен бұрын ем алған және емдеуден кейін үдеуі дамыған пациенттер. Бұрын стереотаксикалық сәулемен ем (SRT) алған немесе осы алдыңғы емдеуден кейін RECIST шкаласы бойынша өлшенген жаңа ми ісіктерінің дамуымен хирургиялық ем жасалған пациенттер үшін.
Жалпы жиынтығы, 146 пациент қамтылды. Пациенттердің көпшілігі ер жынысты (61.6%), еуропалық нәсілден (92.5%) болды, жас медианасы 54 жасты құрады (26-дан 83 жасқа дейінгі диапазонда), демографиялық сипаттамаларының ескерілуімен екі қауым арасындағы бөлініс ұқсас болды. Бастапқы күйдегі мидағы нысаналы ошақтар санының медианасы екі қауымда 2 (диапазон: 1-ден 5 дейін) құрады.
Зерттеуде тиімділіктің бастапқы мақсаты, Тәуелсіз бақылау комитетінің (ТБК) бағалауы бойынша, бұрын емделмеген мидағы метастаздарымен метастазды меланомасы бар пациенттерде ең үздік жалпы жауап (BORR, best overall response rate) болды.
Екіншілік мақсаттар мидағы метастаздар себебімен бұрын ем алған пациенттерде BORR негізінде вемурафениб тиімділігін, мидағы метастаздарымен меланома бар пациенттердегі жауап ұзақтығын (DOR, duration of response), үдеусіз тіршілік қабілетін (PFS) және жалпы тіршілік қабілетін (OS) бағалауды қамтыды (10 кестені қараңыз).
10 кесте. Мидағы метастаздары бар пациенттерде вемурафенибпен ем тиімділігі
1 қауым, Бұрын ем алмаған пациенттер N = 90 — 2 қауым, Бұрын ем алған пациенттер N = 56 — Барлығы N = 146
BORR a - мида Жауабы бар пациенттер (n,%) (95% СА)b — 16 (17.8%) (10.5, 27.3) — 10 (17.9%) (8.9, 30.4) — 26 (17.8%) (12.0, 25.0)
DOR c - мида (n) Медиана (айлар) (95% СА)d — (n = 16) 4.6 (2.9, 6.2) — (n = 10) 6.6 (2.8, 10.7) — (n = 26) 5.0 (3.7, 6.6)
BORR-экстракраниальді (n,%) a — 26 (32.9%) — 9 (22.5%) — 35 (29.4%)
Үдеусіз тіршілік қабілетін PFS - жалпы Медиана (айлар)e (95% СА)d — 3.7 (3.6, 3.7) — 3.7 (3.6, 5.5) — 3.7 (3.6, 3.7)
Үдеусіз тіршілік қабілеті, PFS - тек ми Медиана (айлар)e (95% СА)d — 3.7 (3.6, 4.0) — 4.0 (3.6, 5.5) — 3.7 (3.6, 4.2)
Жалпы тіршілік қабілеті, OS Медиана (айлар) (95% СА)d — 8.9 (6.1, 11.5) — 9.6 (6.4, 13.9) — 9.6 (6.9, 11.5)
a Тәуелсіз бақылау комитетінің бағалауы бойынша жалпы жауаптың ең үздік расталған деңгейі, респонденттер саны - n (%)
b Клоппер-Пирсон әдісі бойынша екі жақты 95% сенім аралығы (СА)
c Тәуелсіз бақылау комитетінің бағалауы бойынша жауап ұзақтығы
d Каплан-Мейер әдісі бойынша бағалау
еЗерттеушінің бағалауы бойынша
Балалар
Балалар жасындағы пациенттердің қатысуымен I фазаны (NO25390) зерттеу нәтижелері
I фазаның зерттеуі дозаны эскалациялаумен жүргізілді, онда IIIC немесе IV сатыдағы BRAF V600 мутациясымен меланома бар алты жасөспірім пациентте вемурафениб қолданылуы бағаланды. Ем қабылдаған барлық пациенттер 15 жастан бастап және одан асқан шамада және салмағы кемінде 45 кг болды. Үш пациент күніне екі рет 720 мг дозада вемурафениб алды, ал 3 пациент күніне екі рет 960 мг дозада вемурафениб алған. Барынша жағымды дозаны белгілеу мүмкін болмады. Ісіктердің уақытша регрессиясы байқалғанына қарамастан, расталған жауаптар бойынша жалпы жауаптың ең үздік деңгейі (BORR) 0% (95% СА: 0%, 46%) құрады. Зерттеу қатысушылар санының аздығына орай тоқтатылды. Препаратты балаларда қолдану туралы ақпарат 4.2 бөлімде ұсынылған.