Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки шипучие
Дозасы
600 мг
Саудалық атауы
Зентусс
Әсер етуші зат
Ацетилцистеин
Мақсаты
Қою және тұтқыр гиперсекрециямен сипатталатын респираторлық ауруларды емдеуде
Өндіруші
Е-Фарма Тренто С.п.А.
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Көпіршитін бір таблетканың құрамында
белсенді зат - ацетилцистеин 600 мг,
қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, мальтодекстрин, натрий гидрокарбонаты, апельсин дәмдеуіш қоспасы, лейцин, натрий сахарині
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, жайпақ, ақ түсті таблеткалар
- қою және тұтқыр гиперсекрециямен сипатталатын респираторлық ауруларды емдеуде.
Әсер ету механизмі
Ацетилцистеин, Зентусс препаратының әсер етуші заты, мукопротеинді кешендерін және нуклеин қышқылдарын деполимеризациялау арқылы шырышты және шырышты-іріңді бөлінділерге қарқынды муколитикалық-сұйылтқыш әсер етеді, бұл қақырықтың және басқа бөлінділердің гиалинді және іріңді компоненттеріне тұтқырлық береді.
Бұдан өзге, тотығу радикалдарының электрофильді топтарымен тікелей әрекеттесуге қабілетті бос нуклеофильді тиол (- SH) тобына ие болғандықтан ацетилцистеиннің тікелей тотығуға қарсы ықпалы бар. Ацетилцистеиннің жуырда белгілі болған эластазаны тежейтін α1-антитрипсин ферментін белсендірілген фагоциттердің миелопероксидаза ферменті шығаратын қуатты тотықтырғышы - гипохлорлы қышқылмен (HOCl) белсенділігі жойылудан сақтайтындығы ерекше қызығушылық тудырады. Молекулалық құрылымына байланысты ол жасуша жарғақшаларына оңай ене алады. Жасуша ішінде ацетилцистеин L-цистеинге - глутатион (GSH) синтезі үшін қажетті амин қышқылына дейін деацетилденеді. GSH- жануарлар организмінің әртүрлі тіндерінде кең таралған жоғары реактивті трипептид, ол жасушалардың функционалды қабілеті мен морфологиялық тұтастығын сақтау үшін қажет. Бұл экзогендік, сондай-ақ эндогендік тотығу радикалдарынан, сондай-ақ көптеген цитоуытты заттардан қорғаудың маңызды жасушаішілік механизмі. Мұндай әсері Зентусс препаратын тыныс алу жүйесінің қою, тұтқыр шырышты және шырышты-іріңді бөлінділермен сипатталатын жедел және созылмалы ауруларын емдеу үшін ерекше қолайлы етеді.
Дозалану режимі
Ересектер мен 2 жастан асқан балалар тәулігіне 1 таблеткадан (дұрысы кешке).
Енгізу әдісі мен жолы
Бір таблетканы бір стақан суда еріту керек. Ол еріген кезде алынған ерітіндіні бірнеше минут ішінде ішу керек.
Емдеу ұзақтығы
Зентуссты 5 күннен артық қолдануға болмайды.
- ацетилцистеинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 2 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі.
Кейде
- аса жоғары сезімталдық
- бас ауыру
- құлақтағы шуыл
- тахикардия
- құсу, диарея, стоматит, іштің ауыруы, жүрек айнуы
- есекжем, бөртпе, ангионевроздық ісіну, қышыну
- пирексия
- төмен артериялық қысым
Сирек
- бронх түйілуі, тыныс алудың қиындауы
- ас қорыту бұзылыстары
Өте сирек
- анафилаксиялық шок, анафилаксиялық / анафилактоидты реакция
- қан кету
- Стивенс-Джонсон синдромы және Лайелл синдромы
Белгісіз
- бронх обструкциясы
- беттің ісінуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Ацетилцистеинді пероральді қабылдау кезінде артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ.
Симптомдары
Артық дозалану жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты асқазан-ішек симптомдарына әкелуі мүмкін.
Емі
Спецификалық антидоттары жоқ; артық дозалану емі симптоматикалық емдеуге негізделген.
Бронх демікпесімен ауыратын пациенттер емдеу кезінде мұқият медициналық бақылауда болуы керек. Бронх түйілуі туындаған жағдайда ацетилцистеинмен емдеуді дереу тоқтатып, тиісті емді бастау керек.
Осы дәрілік затты анамнезінде ойық жара ауруы бар немесе ойық жара ауруына шалдыққан пациенттерде, әсіресе қышқылды төмендететін әсері белгілі басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда сақтықпен қолдану керек.
Стивенс-Джонсон синдромы және ацетилцистеин қолданумен уақытша байланысы бар Лайелл синдромы сияқты терінің ауыр реакцияларының пайда болуы туралы өте сирек хабарламалар келіп түсті. Сондықтан дереу дәрігерге қаралу керек және тері мен шырышты қабықтарда жаңа өзгерістер пайда болған кезде ацетилцистеин қабылдауды тоқтату керек.
Гистамин көтере алмаушылығы бар пациенттерге сақтық танытқан жөн. Бұл пациенттерге ұзақ емделуден аулақ болған жөн, себебі Зентусс гистамин метаболизміне әсер етеді және көтере алмаушылық симптомдарына (мысалы, бас ауыруы, тұмаурату, қышыну) әкелуі мүмкін.
Күкірт иісінің болуы ықтималдығы дәрілік заттың өзгеруін көрсетпейді, ол белсенді заттың өзінің қасиеті болып табылады.
Ацетилцистеинді қолдану, әсіресе емдеудің басында, бронх секрециясының сұйылуына және оның көлемінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Егер пациент дұрыс қақырына алмаса, қақырықтың кідіруіне жол бермеу үшін постуральді дренаж және бронх секрециясының аспирациясын жүргізу керек.
Ацетилцистеин гистамин метаболизміне әсер етуі мүмкін. Сондықтан гистамин көтере алмаушылығы бар пациенттерге Зентусс тағайындау кезінде сақ болу керек, себебі аса жоғары сезімталдық симптомдары туындау мүмкін.
Зентусс бір таблеткасының құрамында 194 мг натрий бар, бұл ДДҰ ұсынған ең жоғары тәуліктік дозаның 10%-на баламалы, ересек адам үшін 2 г натрийге сәйкес келеді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зентусс автомобиль жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Препаратты жүктілік немесе лактация кезінде қолдану ұсынылмайды
Ацетилцистеинді жөтелге қарсы препараттармен бір мезгілде қолдану жөтел рефлексінің бәсеңдеуіне және бронх секрециясының жиналуына әкелуі мүмкін, сондықтан мұндай біріктірілген емнің қолданылуы мұқият қарастырылуы керек.
Белсендірілген көмір ацетилцистеиннің әсерін төмендетуі мүмкін.
Зентусс ерітіндісін басқа дәрілік препараттармен араластыру ұсынылмайды.
Антибиотиктерді ішке бір мезгілде қолданғанда, лоракарбефті қолдануды қоспағанда, ацетилцистеин қабылдағаннан кейін кемінде 2 сағат аралықты сақтау қажет.
Нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір мезгілде қабылдау айтарлықтай гипотензияны туындататыны және бас ауыруының пайда болуымен самай артериясының кеңеюіне әкелетіні көрсетілген.
Егер нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір мезгілде енгізу талап етілсе, пациенттер медициналық бақылауда болуы тиіс және оларға ауыр және бас ауыруымен қатар жүруі мүмкін гипотензияның дамуы туралы ескерту керек.
Зертханалық тест көрсеткіштеріне әсері
Ацетилцистеин салицилаттарды анықтаудың колориметриялық әдісіне әсер етуі мүмкін.
Ацетилцистеин несептегі кетон денелерін анықтау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптаманы ашқаннан кейін - 90 күн
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, тығыз жабылған түпнұсқалық қаптамада 25 ºС-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.