Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
125 мг
Саудалық атауы
Зиннат®
Әсер етуші зат
Цефуроксим
Мақсаты
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну ауруларын емдеуде: жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары (мысалы: отит, синусит, жедел стрептококкты…
Өндіруші
Сандоз ГмбХ
Ел
Австрия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат – 601.44 мг цефуроксим аксетилі (500 мг цефуроксимге сәйкес),
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, гидрогенделген өсімдік майы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,
қабықтың құрамы: гипромеллоза, пропиленгликоль, Opaspray White M-1-7120J,
Opaspray White M-1-7120J құрамы: 5сР немесе 6сР гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), натрий бензоаты, өнеркәсіптік метилденген спирттер (74 ОР), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі жақ беті дөңес, ұзынша пішінді, ақ немесе ақ түсті дерлік үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «GX EG2» таңбасы бар таблеткалар.
Өлшемі шамамен 19.5 8.2 мм.
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну ауруларын емдеуде:
• жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары (мысалы: отит, синусит, жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит сияқты құлақ, мұрын және тамақ инфекциялары)
• төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары (мысалы: пневмония, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі)
• несеп-жыныс жолдарының инфекциялары (мысалы: пиелонефрит, цистит және уретрит)
• терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (мысалы, фурункулез, пиодермия, импетиго)
• соз, жедел асқынбаған гонококкты уретрит және цервицит
• Лайм ауруының ерте сатыларын емдеу және Лайм ауруының кейінгі сатыларының профилактикасы
Бактерияға қарсы заттарды тиісінше пайдалану жөніндегі ресми ұсынымдарды қарау қажет.
Әсер ету механизмі
Цефуроксим аксетилі белсенді цефуроксим антибиотигіне дейін эстераза ферменттерімен гидролизденеді. Бактерицидтік әсер етеді, пенициллинді байланыстыратын ақуыздармен (ПБА) байланыстыру нәтижесінде бактериялардың жасуша жақтауының синтезін бұзады. Бұл жасуша жақтауының (пептидогликан) бұзылуына әкеледі, нәтижесінде лизис пайда болады, демек бактериялық жасушалардың қырылуына.
Резистенттілік механизмі
Цефуроксимге бактериялық резистенттілік келесі механизмдердің бірімен немесе бірнешеуімен шартталуы мүмкін:
• бета-лактамазалардың гидролизі; аэробты грамтеріс бактериялардың белгілі бір түрлерінде индукциялануы немесе тұрақты түрде басылуы мүмкін кеңейтілген ауқымды бета-лактамазаларды (КАБЛ) және AmpC ферменттерін қоса (бірақ олармен шектелмей);
• пенициллинді байланыстыратын ақуыздардың цефуроксимге тектестігінің төмендеуі;
• цефуроксимнің грамтеріс бактериялардың пенициллинді байланыстыратын ақуыздарына қол жетімділігін шектейтін сыртқы жарғақшаның өткізгіштігі;
• бактериялардың кері ағуына арналған сорғылар.
Басқа инъекциялық цефалоспориндерге резистенттілік дамыған микроорганизмдер цефуроксимге төзімді болады деп күтілуде.
Резистенттілік механизміне байланысты пенициллиндерге жүре пайда болған резистенттілігі бар организмдер цефуроксимге төмен сезімталдықты немесе резистенттілікті көрсетуі мүмкін.
Цефуроксим аксетилінің шекті мәні
Микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты айқындау жөніндегі Еуропалық комитет (EUCAST) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста болған 13-нұсқада белгілеген ең төмен тежейтін концентрацияның (ЕТК)шекті мәндері мынадай (5-кесте):
Микроорганизмдер — Шекті мәндер (мг / л)
С — Р
Enterobacteriaceae 1 2 — <8 — >8
Staphylococcus spp. — Ескертпе3 — Ескертпе3
Streptococcus A, B, C және G — Ескертпе4 — Ескертпе4
Streptococcus pneumoniae — <0,25 — >0,25
Moraxella catarrhalis — <0,001 — >4
Haemophilus influenzae — <0,001 — >1
1 КАБЛ және AmpC плазмидамен байланысқан). Бета-лактамазалар өндіретін кейбір штаммдар осы шекаралық мәндер бойынша 3-ші немесе 4-ші буын цефалоспориндеріне қатысты сезімтал немесе аралық болып табылады және оларды анықталған ретінде хабарлаған жөн, яғни КАБЛ болуы немесе болмауы өз бетімен сезімталдықты санаттауға әсер етпейді. Көптеген салаларда инфекциялық бақылау мақсаттары үшін КАБЛ анықтау және сипаттау ұсынылады немесе міндетті болып табылады.
2 тек несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары НШЖ (цистит) E. coli, Klebsiella spp. (K. aerogenes қоспағанда), Raoultella spp. und P. Mirabilis (4.1-бөлімді қараңыз).
3 staphylococci цефалоспориндерге сезімталдығы цефиксим, цефтазидим, цефтазидим-авибактам, цефтибутен және цефтолозан-тазобактамды қоспағанда, цефокситинге сезімталдығымен анықталады шектік мәні жоқ және staphylococcal инфекцияларында қолдануға болмайды. Пероральді препараттар үшін инфекция орнына талапқа сай әсер ету үшін сақ болу керек. Метициллинге сезімтал стафилококктар үшін цефотаксим мен цефтриаксон туралы хабарлау кезінде оларды «сезімтал, экспозицияның жоғарылауы» деп хабарлау керек. Кейбір метициллинге төзімді S. aureus цефтаролин мен цефтобипролға сезімтал.
4 A, B, C және G топтарының streptococci цефалоспориндеріне сезімталдығы бензилпенициллинге сезімталдық негізінде анықталады.
С-сезімталдық, Р-резистенттілік.
Микробиологиялық сезімталдық
Штаммдардың резистенттілігі географиялық орналасуына және уақытына байланысты. Ауыр инфекцияларды емдеу үшін жергілікті резистенттілік деректерін қолданыңыз.
Егер жергілікті резистенттілік цефуроксим аксетиліне жеткілікті таралған болса және оның тиімділігі кейбір инфекцияларды емдеу кезінде күмән келтірілсе, онда тиісті маманға жүгіну ұсынылады.
Цефуроксим келесі микроорганизмдерге қатысты тиімді
Грамоң аэробты бактериялар:
Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал изоляттар) *
Коагулазонегативті staphylococcus (метициллинге сезімтал)
Streptococcus pyogenes
Streptococcus agalactiae
Грамтеріс аэробты бактериялар:
Haemophilus influenzae
Haemophilus parainfluenzae
Moraxella catarrhalis
Спирохеттер
Borrelia burgdorferi
Цефуроксимге ықтимал резистенттілігі бар микроорганизмдер
Грамоң аэробты бактериялар:
Streptococcus pneumoniae
Грамтеріс аэробты бактериялар:
Citrobacter freundii
Enterobacter aerogenes
Enterobacter cloacae
Escherichia coli
Klebsiella pneumoniae
Proteus mirabilis
Proteus spp. (P. Vulgaris қоспағанда)
Providencia spp.
Грамоң анаэробты бактериялар:
Peptostreptococcus spp.
Propionibacterium spp.
Грамтеріс анаэробты бактериялар:
Fusobacterium spp.
Bacteroides spp.
Цефуроксимге төзімді
Грамоң аэробты бактериялар:
Enterococcus faecalis
Enterococcus faecium
Грамтеріс аэробты бактериялар:
Acinetobacter spp.
Campylobacter spp.
Morganella morganii
Proteus vulgaris
Pseudomonas aeruginosa
Serratia marcescens
Грамтеріс анаэробты бактериялар:
Bacteroides fragilis
Басқалар
Chlamydia spp.
Mycoplasma spp.
Legionella spp.
* Барлық метициллинге төзімді S. aureus бактериялары цефуроксимге төзімді.
Дозалау режимі
1-кесте. Ересектер мен балалар (≥40кг)
Қолданылуы — Доза
Жедел тонзиллит және фарингит, жедел бактериялық синусит — Күніне екі рет 250 мг
Жедел ортаңғы отит — Күніне екі рет 500 мг
Созылмалы бронхиттің өршуі — Күніне екі рет 500 мг
Цистит — Күніне екі рет 250 мг
Пиелонефрит — Күніне екі рет 250 мг
Асқынулармен қатар жүрмейтін тері және жұмсақ тіндер инфекциялары — Күніне екі рет 250 мг
Лайм ауруының алғашқы сатыларын емдеу — 14 күн ішінде күніне екі рет 500 мг (10 күннен 21 күнге дейін)
Емдеу әдетте жеті күнге созылады (бірақ бес күннен он күнге дейін созылуы мүмкін).
Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған цефуроксим дозасы мыналарды
ескеруі керек:
• күтілетін патогендер және олардың цефуроксим аксетилге ықтимал сезімталдығы
• инфекцияның ауырлығы мен орналасуы
• пациенттің жасы, салмағы және бүйрек қызметі (төменде қараңыз)
Инфекция түріне және пациенттің реакциясына байланысты терапияның ұзақтығы әдетте ұсынылған дозадан аспауы керек.
Пациенттердің ерекше топтары
2-кесте. Балалар (<40 кг.)
Қолданылуы — Доза
Жедел тонзиллит және фарингит, жедел бактериялық синусит — Күніне екі рет 10 мг/кг, күніне екі рет ең көбі 250 мг.
Жедел ортаңғы отит — Күніне екі рет 15 мг/кг, күніне екі рет ең көбі 250 мг-ден.
Цистит — Күніне екі рет 15 мг/кг, күніне екі рет ең көбі 250 мг-ден.
Пиелонефрит — Күніне екі рет 15 мг/кг, 10-нан 14 күнге дейін ең көбі 250 мг-ден
Асқынулармен қатар жүрмейтін тері және жұмсақ тіндер инфекциялары — Күніне екі рет 15 мг/кг, күніне екі рет ең көбі 250 мг-ден
Лайм ауруының алғашқы сатыларын емдеу — Күніне екі рет 15 мг/кг, 14 күн ішінде күніне екі рет ең көбі 250 мг (10-нан 21 күнге дейін)
Балаларға препаратты ішке қабылдау үшін суспензия түрінде тағайындау ұсынылады. 3 айлықтан кіші балаларда цефуроксим аксетилін қолдану тәжірибесі жоқ.
Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған таблеткалар немесе түйіршіктер түріндегі цефуроксим аксетилі биобаламалы емес, олар 1 мг/1 мг арақатынасы негізінде өзара алмастырылмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде цефуроксим аксетилінің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Цефуроксим негізінен бүйрекпен шығарылады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде баяу экскрецияны түзету үшін дозаны төмендету ұсынылады. Цефуроксим диализбен тиімді шығарылады.
3-кесте. Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі Зиннат® препаратының ұсынылатын дозалары
Креатинин клиренсі — T½ (сағат) — Ұсынылатын доза
≥30 мл/мин — 1.4 – 2.4 — Дозаны түзету қажет емес (стандартты доза күніне екі рет 125 – 500 мг)
10-29 мл/мин — 4.6 — Әр 24 сағат сайын стандартты бір реттік доза
<10 мл/мин — 16.8 — Әр 48 сағат сайын стандартты бір реттік доза
Гемодиализ емшарасы кезінде — 2-4 — Диализ емшарасының соңында қосымша жеке бір рет
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер туралы деректер жоқ. Цефуроксим ең алдымен бүйрекпен шығарылатындықтан, бауыр функциясының бұзылуы цефуроксим фармакокинетикасына әсер етпейді деп болжанады.
Қолдану тәсілі
Ішке қабылдауға арналған.
Оңтайлы сіңірілу үшін препаратты тамақтан кейін қабылдау керек. Дозасына байланысты басқа дәрілік түрлері бар.
Зиннат® таблеткаларын ұсақтауға болмайды, сондықтан препарат таблеткаларды жұта алмайтын пациенттерді емдеуге жарамайды.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты қолдану ұзақтығы орта есеппен 7 күнді құрайды (5-тен 10 күнге дейін).
• цефалоспоринді антибиотиктерге, цефуроксимге немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
• анамнездегі кез келген түрдегі бактерияға қарсы бета-лактамды дәрілерге (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар)
• фенилкетонуриямен ауыратын адамдар
• 12 жасқа дейінгі балалар
Ең көп таралған жағымсыз реакциялар - бұл Candida-ның шамадан тыс өсуі, эозинофилия, бас ауыру, айналуы, АІЖ бұзылысы және бауыр ферменттерінің орташа жоғарылауы.
Жиі:
• Candida тектес төзімді микроорганизмдердің қатты көбеюі
• эозинофилия
• бас ауыруы, бас айналуы
• диареяны, жүрек айнуын, іш аумағының ауыруын қоса, асқазан-ішек бұзылыстары
• бауыр ферменттері белсенділігінің уақытша жоғарылауы (АЛТ, АСТ, ЛДГ)
Жиі емес:
• оң Кумбс реакциясы, тромбоцитопения, лейкопения (кейде күрт білінетін)
• тері бөртпесі
• құсу
Жиілігі белгісіз:
• Clostridium difficile шамадан тыс көбеюі
• гемолиздік анемия
• дәрілік этиологиядағы қызба, сарысу құю ауруы, анафилаксия
• Коунис синдромы
• жалған жарғақшалы колит
• сарғаю (негізінен холестаздық), гепатит
• есекжем, қышыну
• полиморфты эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (экзантематозды некролиз), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен жүретін дәрілік реакциялар (DRESS), жедел жайылған экзантематозды пустулез, ангионевроздық ісіну
• Яриш-Герксгеймер реакциясы
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Цефалоспориндер класс ретінде әдетте эритроциттер жарғақшасының бетіне сіңеді және препаратқа қарсы бағытталған антиденелермен реакцияға түседі, бұл оң антиглобулиндік тестті (бұл қанның үйлесімділігіне арналған айқаспалы сынамаға кедергі келтіруі мүмкін) және сирек жағдайларда гемолиздік анемияны көрсетеді.
Қан сарысуындағы бауыр ферменттері деңгейінің қысқа мерзімді жоғарылауы байқалады, ол әдетте қайтымды болады.
Зиннат® препаратымен емделетін адамдардың аз санында аллергиялық реакция немесе терінің ықтимал ауыр реакциясы болады. Бұл реакциялардың симптомдарына мыналар жатады:
- жайылған бөртпе, дене қызуының жоғарылауы және лимфа түйіндерінің ұлғаюы (DRESS синдромы немесе дәрілік заттарға жоғары сезімталдық синдромы).
- аллергиялық реакциялар аясындағы кеудедегі ауырсыну, бұл аллергия түрткі болған миокард инфарктісінің симптомы болуы мүмкін (Коунис синдромы)
Балалар
Балалардағы цефуроксим аксетилінің қауіпсіздік бейіні ересектердегі бейінге сәйкес келеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Егер Сізде қандай да бір жағымсыз реакциялар пайда болса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Бұл ұсыным кез келген ықтимал жағымсыз реакцияларға, оның ішінде қосымша парақта келтірілмегендерге де қатысты. Жағымсыз реакциялар туралы хабарлау арқылы Сіз ДП қауіпсіздігі туралы көбірек ақпарат алуға көмектесесіз.
Симптомдары: ОЖЖ тарапынан бұзылыстар (энцефалопатия), олар қозу, құрысу арқылы білінеді және команың дамуына әкелуі мүмкін. Егер бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозасына тиісті түзету жүргізілмесе, артық дозалану симптомдары туындауы мүмкін.
Шұғыл емшаралар: симптоматикалық. Зиннат® препараты гемодиализ немесе перитонеальді диализ кезінде шығарылады.
Анамнезінде бета-лактамды препараттарға айқын емес аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге цефуроксим тағайындау кезінде сақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Аса жоғары сезімталдық
Зиннат® препаратын анамнезінде пенициллиндерге немесе басқа бета-лактамдық антибиотиктерге аллергиялық реакциялары туралы мәліметтер бар пациенттерге аса сақтықпен тағайындайды, өйткені айқаспалы сезімталдық қаупі бар. Басқа бета-лактамды антибиотиктер сияқты ауыр аса жоғары сезімталдық жағдайлары, кейде өліммен аяқталуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдықтың айқын көріністеулері дамыған кезде цефуроксиммен емдеуді дереу тоқтатып, дереу тиісті шұғыл шаралар қабылдау қажет. Емдеуді бастар алдында пациенттің анамнезінде цефуроксимге, басқа цефалоспориндерге немесе бета-лактамдық дәрінің кез келген басқа түріне аса жоғары сезімталдық реакцияларының ауыр болғанын анықтау керек. Цефуроксимді анамнезінде басқа бета-лактамдық дәрілерге ауыр емес аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге тағайындаған кезде сақ болу керек.
Цефуроксиммен немесе кез келген басқа цефалоспориндік антибиотиктермен емдегеннен кейін пациенттерге терінің қатты бөртпесі немесе терінің қабыршақтануы, көпіршіктер және/немесе ауыз қуысында ойық жаралар пайда болған жағдайда Зиннат® дәрілік препаратын қолдануға болмайды.
Терінің күрделі жағымсыз реакциялары, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, цефуроксиммен емдеуге байланысты эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS) дәрілік реакция туралы хабарланды. Егер Сіз жағымсыз реакцияларды сипаттайтын бөлімде сипатталған осы ауыр тері реакцияларына байланысты қандай да бір симптомдарды байқасаңыз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Яриш-Герксгеймер реакциясы
Лайм ауруын Зиннат® препаратымен емдеу кезінде кейде Яриш-Герксгеймер реакциясы тіркелді. Бұл реакция Зиннат® препаратының ауру қоздырғышы – Borrelia burgdorferi спирохетіне бактерицидтік әсерінің тікелей салдары мен емдеудің жиі кездесетін және әдетте өздігінен өтетін салдары болып табылады. Пациенттерге оның арнайы емдеуді талап етпейтін Лайм ауруы кезінде антибиотиктермен жүргізілген емнің әдеттегі салдары екенін түсіндіру қажет.
Резистентті микроогранизмдердің өсуі
Басқа антибиотиктермен болған жағдайдағы сияқты, препаратпен ұзақ уақыт емдеу кезінде сезімтал емес микроорганизмдердің (Candida, Enterococci, Clostridium difficile) қатты көбеюі болуы мүмкін, бұл емдеуді тоқтатуды талап етеді.
Антибиотиктерді, оның ішінде Зиннат® препаратын қолдану аясында диарея пайда болған кезде ауырлығы елеусіз колиттен өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқуы мүмкін жалған жарғақшалы колиттің даму мүмкіндігін ескерген жөн. Осылайша, емдеу аясында немесе емді тоқтатқаннан кейін пайда болған диареямен ауыратын пациенттерде осы патологияның болуын қарастырған жөн. Сондай-ақ, Clostridium difficile-ге қарсы терапияны бастаған кезде цефуроксиммен емдеуді тоқтату туралы қарастыру керек. Таргетті терапияны қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет. Ішек перистальтикасын тежейтін препараттарды тағайындауға болмайды.
Зертханалық диагностикадағы дәрілік интерференция
Цефуроксимді қолданумен байланысты Кумбс сынамасының оң нәтижесі қанның үйлесімділігіне айқаспалы сынаманың нәтижесін бұрмалауы мүмкін. Феррицианид сынағында жалған теріс нәтиже беруі мүмкін болғандықтан, цефуроксимаксетил қабылдайтын пациенттер үшін қандағы/плазмадағы глюкоза деңгейін анықтау үшін глюкозооксидазалы немесе гексокиназалы әдістерді қолдану ұсынылады.
Қосымша заттар туралы маңызды ақпарат
Бұл препараттың әрбір 500 мг таблеткасының қосымша затының құрамында Опаспрей ақ 0.1% натрий бензоаты бар.
Зиннат® таблеткаларында аллергиялық реакциялар (мүмкін кейінге қалған) туындатуы мүмкін парабендер бар.
Педиатрияда қолдану
3 айлық жасқа дейінгі балаларды емдеу тәжірибесі жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат бас айналуды туындатуы мүмкін болғандықтан, пациенттерге көлік құралын басқару немесе қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары туралы ескерту қажет. Автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жүкті әйелдерде цефуроксимді қолдану тәжірибесі шектеулі. Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүктілікке, эмбриональды немесе фетальды дамуға, босану ағымына немесе босанғаннан кейінгі дамуға ешқандай жағымсыз әсер етпеді. Ана үшін емнің болжамды пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайларда ғана қолдануға болады.
Цефуроксим аз мөлшерде емшек сүтіне енеді. Емдік дозаларда препараттың теріс әсері күтілмейді, дегенмен диарея мен шырышты қабықтың зеңдік инфекциясы қаупін жоққа шығаруға болмайды. Егер мұндай әсерлер пайда болса, бала емізуді тоқтату қажет болуы мүмкін. Аллергиялық реакцияның пайда болу мүмкіндігін ескеру қажет. Цефуроксимді лактация кезеңінде емдеу үшін емдеуші дәрігер оң әсер мен қауіптердің арақатынасын бағалағаннан кейін ғана пайдалану қажет.
Фертильділік
Цефуроксимнің адамдардың ұрпақ өрбіту қабілеттеріне әсері туралы деректер жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулер жануарлардың репродуктивті функциясына қандай да бір әсерін ашпады.
Асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін препараттар Зиннат® препаратының биожетімділігін азайтуы мүмкін және аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда тамақ ішкеннен кейін сіңіруді жеделдетуге кедергі келтіруі мүмкін.
Цефуроксим шумақтық сүзілу және өзекшелік секреция арқылы шығарылады. Пробеницидті бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Пробеницидпен бірге енгізу ең жоғары концентрацияның жоғарылауына әкеледі, «қан сарысуындағы концентрация-уақыт» қисығының астындағы аймақ және цефуроксимнің жартылай шығарылу кезеңі.
Пероральді антикоагулянттармен бірге қолдану халықаралық қалыптасқан коэффициентінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайды!
Сақтау шарттары
30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.