Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления раствора для инфузий
Дозасы
600 мг
Саудалық атауы
Зинфоро®
Әсер етуші зат
Цефтаролин фосамилі
Мақсаты
Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларын (ТЖТАИ), ауруханадан тыс пневмонияны (АТП)
Өндіруші
ЭйСиЭс Добфар С.п.А.
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
белсенді зат – 668,4 мг цефтаролин фосамил ацетат моногидраты
(600,0 мг цефтаролин фосамиліне баламалы)
қосымша зат – L-аргинин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
• Бозғылт сарғыш-ақ түстен ақшыл-сары түске дейінгі ұнтақ.
Зинфоро® препараты ересектерде және балаларда (туғаннан бастап) келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
• тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларын (ТЖТАИ);
• ауруханадан тыс пневмонияны (АТП).
Бактерияларға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтардың ұсыныстарын ескеру керек.
Зинфоро препаратын енгізгеннен кейін цефтаролин белсенді болады.
Әсер ету механизмі
Цефтаролин грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты in vitro белсенділігі бар цефалоспориндер тобының бактерияларға қарсы дәрісі болып табылады. Цефтаролиннің бактерицидтік әсеріне пенициллинді байланыстыратын негізгі ақуыздармен (ПБА) байланысуы себепші болады. Биохимиялық зерттеулер цефтаролиннің метициллин-резистентті Staphylococcus aureus (MRSA) ПБА2а және пенициллинге сезімтал емес Streptococcus pneumoniae (PNSP) ПБА2x байланысуының өте үлкен ұқсастығын көрсетті. Нәтижесінде цефтаролиннің осы микроорганизмдердің бір бөлігіне қарсы ең төмен басым концентрациялары (ЕТБК) тестілеу кезінде сезімталдық ауқымының шегіне тап келді (төмендегі «Механизм резистенттілік механимі» бөлімін қараңыз).
Резистенттілік механизмі
Цефтаролин әсер ету ауқымы кең TEM, SHV или CTX-M тектес бета-латамаза (ESBLs), сериндік карбапенемазаларды (KPC сияқты), В класына немесе С класына жататын металло-бета-лактамазаларды (AmpC цефалоспориназалары) өндіретін Enterobacterales штаммдарына қатысты белсенді емес. Түрлі елдер арасында және бір ел ішіндегі түрлі медициналық мекемелер арасында осы ферменттерді экспрессиялайтын микроорганизмдердің бөліну жиілігі күшті өзгеріп отырады және сондықтан цефтаролинге резистентті. Егер цефтаролинмен емдеу сезімталдықты тестілеу нәтижелері белгілі болғанға дейін басталса, онда осы ферменттерді экспрессиялайтын микроорганизмдермен ұшырасу қаупі туралы жергілікті деректерді ескеру керек. Резистенттілігіне ондай-ақ бактерия қабырғасының өткізбеушілігі немесе эффлюкстік сорғы механизмдері себепші болуы мүмкін. Бактериялардың бір штаммында ондай механизмдердің біреуі немесе бірнешеуі болуы мүмкін.
Басқа бактерияға қарсы препараттармен өзара әрекеттесуі
In vitro тестілері цефтаролинді және басқа да жиі қолданылатын бактерияға қарсы препараттармен біріктірілімде (мысалы, амикацин, азитромицин, азтреонам, даптомицин, левофлоксацин, линезолид, меропенем, тигециклин және ванкомицинді) бірге қолданғанда антагонизмді анықтаған жоқ.
Сезімталдықты анықтауға арналған шектік мәндер
Сезімталдықты анықтауға арналған ең төмен бәсеңдететін концентрацияның (ЕТБК) мәнін түсіндіру критерийлерін цефтаролин фосамилі үшін микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты анықтау жөніндегі Еуропалық комитет (EUCAST — European Committee on Antimicrobial Susceptibility Testing) әзірледі және осында ұсынылған: https://www.ema.europa.eu/documents/other/minimum-inhibitory-concentration-mic-breakpoints_en.xlsx
Фармакодинамикалық әсерлері
Фармакокинетика және фармакодинамика параметрлерінің тәуелділігі
Микробтарға қарсы басқа бета-лактамдық заттар сияқты, дозалау аралығы ішінде инфекциялайтын микроорганизм үшін ең төмен басым концентрациялардың (ЕТБК) арту уақытының үлесі (%T > ЕТБК) цефтаролиннің тиімділігімен өзара жақсы байланыстылығының көрсеткіші болып табылатындығын көрсетті.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Спецификалық патогендерге қарсы клиникалық тиімділігі
Клиникалық зерттеулерде, цефтаролинге in vitro сезімтал болған патогендердің астында берілген әрбір көрсетілімге қатысты тиімділігі көрсетілді.
Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
Грамоң микроорганизмдер
• Staphylococcus aureus (метициллин-резистентті штаммдарды қоса).
• Streptococcus pyogenes.
• Streptococcus agalactiae.
• Streptococcus anginosus тобы (S. anginosus, S. intermedius пен S. constellatus қоса).
• Streptococcus dysgalactiae.
Грамтеріс микроорганизмдер
• Escherichia coli.
• Klebsiella pneumoniae.
• Klebsiella oxytoca.
• Morganella morganii.
Ауруханадан тыс пневмония
Зерттеулерде MRSA-дан туындаған АТП жағдайлары тіркелмеген. Қолда бар клиникалық деректерден пенициллинге сезімтал емес S. pneumoniae штаммдарына қарсы тиімділігі дәлелденген жоқ.
Грамоң микроорганизмдер
• Streptococcus pneumoniae.
• Staphylococcus aureus (тек метициллин-сезімтал штаммдар).
Грамтеріс микроорганизмдер
• Escherichia coli.
• Haemophilus influenzae.
• Haemophilus parainfluenzae.
• Klebsiella pneumoniae.
Бактерияларға қарсы маңызды басқа патогендерге белсенділігі
Іn vitro зерттеулер жүре пайда болған резистенттілік механизмдері болмаған кезде олар цефтаролинге сезімтал бола алады деп болжам жасаса да, келесі патогендерге қарсы клиникалық тиімділігі анықталған жоқ:
Анаэробты микроорганизмдер
Грамоң микроорганизмдер
• Peptostreptococcus spp.
Грамтеріс микроорганизмдер
• Fusobacterium spp.
Іn vitro деректер келесі түрлердің цефтаролинге сезімтал еместігін көрсетеді:
• Chlamydophila spp.
• Legionella spp.
• Mycoplasma spp.
• Proteus spp.
• Pseudomonas aeruginosa.
Дозалау режимі
Емнің ұсынылатын ұзақтығы ТЖТАИ үшін 5–14 күнді және АТП үшін 5–7 күнді құрайды.
1-кесте. Бүйрек функциясы қалыпты – креатинин клиренсі (КК) > 50 мл/минут болатын ересектердегі дозасы:
Қолданылуы — Дозалары (мг/инфузия) — Инфузия ұзақтығы (минут)/жиілігі
Стандартты дозаа Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары (ТЖТАИ) Ауруханадан тыс пневмония (АТП) — 600 мг — 5–60б/ әрбір 12 сағат сайын
Жоғары дозаб ТЖТАИ, цефтаролиннің ЕТБК = 2 мг/л немесе 4 мг/л болатын, S. aureus әсерінен туындағаны анық немесе тұспалданғанв — 120/ әрбір 8 сағат сайын
a Креатинин клиренсі қалыпты мәндерден асатын, препараттың стандартты дозасын қабылдап жүрген пациенттер үшін инфузияның 60 минуттық ұзақтығы қолайлырақ болуы мүмкін.
бИнфузия ұзақтығының 60 минуттан аздығы және жоғары дозаларын қолдану жөніндегі нұсқаулар тек фармакокинетикалық және фармакодинамикалық талдаулардың нәтижелеріне ғана негізделген.
вS. аureus әсерінен туындаған, цефтаролиннің ЕТБК ≤ 1 мг/л құрайтын инфекцияларды емдеу үшін препараттың стандартты дозасы ұсынылады.
2 кесте.Бүйрек функциясы қалыпты, креатинин клиренсі (КК) > 50 мл/минут болатын балалар жасындағы пациенттердегі дозасы*
Қолданылуы — Жас тобы — Дозасы (мг/инфузия) — Инфузия ұзақтығы (минут)/жиілігі
Стандартты дозаа Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары (ТЖТАИ) Ауруханадан тыс пневмония (АТП) — 12 жастан < 18 жасқа дейінгі, дене салмағы ≥ 33 кг жасөспірімдер — 600 мг — 5–60б/ әрбір 12 сағат
12 жастан < 18 жасқа дейінгі, дене салмағы < 33 кг жасөспірімдер және ≥ 2 жастан < 12 жасқа дейінгі балалар — 12 мг/кг ең жоғары 400 мг дозаға дейін — 5–60б/ әрбір 8 сағат сайын
≥ 2 айлықтан < 2 жасқа дейінгі сәбилер — 8 мг/кг — 5–60б/ әрбір 8 сағат сайын
Туғаннан < 2 айлыққа дейінгі жаңа туған нәрестелерб — 6 мг/кг — 60/ әрбір 8 сағат сайын
Жоғары дозаб Цефтаролиннің ЕТБК = 2 мг/л немесе 4 мг/л болатын, S. aureus әсерінен туындағаны анық немесе тұспалданған ТЖТАИв — ≥2 жастан < 18 лет жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер — 12 мг/кг ең жоғары 600 мг дозаға дейін — 120/ әрбір 8 сағат сайын
≥ 2 айлықтан < 2 жасқа дейінгі сәбилер — 10 мг/кг — 120/ әрбір 8 сағат сайын
aКреатинин клиренсі қалыпты мәндерден асатын, препараттың стандартты дозасын қабылдап жүрген пациенттер үшін, инфузияның 60 минуттық ұзақтығы қолайлырақ болуы мүмкін. бИнфузия ұзақтығының 60 минуттан аздығы неонатальді және жоғары дозаларын қолдану жөніндегі нұсқаулар тек фармакокинетикалық және фармакодинамикалық талдаулардың нәтижелеріне ғана негізделген. вS. аureus әсерінен туындаған, цефтаролиннің ЕТБК ≤ 1 мг/л құрайтын инфекцияларды емдеу үшін препараттың стандартты дозасы ұсынылады. *Бала жасындағы пациенттер үшін Шварц (мл/мин/1.73 м2) формуласы бойынша есептелген.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
КК минутына > 50 мл болатын, егде жастағы пациенттерде препараттың дозасын түзетудің қажеті жоқ.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Егер КК минутына ≤ 50 мл құраса, дозасын 3 және 4 кестелерде көрсетілгендей түзету керек.
Емнің ұсынылатын ұзақтығы ТЖТАИ үшін 5–14 күнді және АТП үшін 5–7 күнді құрайды.
3 кесте. Бүйрек функциясының бұзылулары бар, креатинин клиренсі (КК) ≤ 50 мл/минут болатын пациенттердегі дозасы
Қолданылуы — Креатинин клиренсі (мл/мин)а — Дозалануы (мг/инфузия) — Инфузия ұзақтығы (минут)/жиілігі
Стандартты доза Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары (ТЖТАИ) Ауруханадан тыс пневмонияны (АТП) — > 30 және ≤ 50 — 400 мг — 5–60в/ әрбір 12 сағат сайын
≥ 15 және ≤ 30 — 300 мг
БЖТС, соның ішінде гемодиализб — 200 мг
Жоғары дозав Цефтаролиннің ЕТБК = 2 мг/л немесе 4 мг/л болатын, S. aureus әсерінен туындағаны анық немесе тұспалданған ТЖТАИ г — > 30 және ≤ 50 — 400 мг — 120/ әрбір 8 сағат сайын
≥ 15 және ≤ 30 — 300 мг
БЖТС, соның ішінде гемодиализб — 200 мг
аЕресектер үшін Кокрофт – Голт формуласы бойынша есептелген. Доза КК-ге негізделген. КК-ні мұқият бақылау керек, ал препараттың дозасын бүйрек функциясына сәйкес түзету керек. бЦефтаролин гемодиализ кезінде шығарылады, сондықтан Зинфоро® препаратын гемодиализ күндері гемодиализ жасалғаннан кейін енгізу қажет. вИнфузия ұзақтығының 60 минуттан аздығы және жоғары дозаларын қолдану жөніндегі нұсқаулар тек фармакокинетикалық және фармакодинамикалық талдаулардың нәтижелеріне ғана негізделген. гS. аureus әсерінен туындаған, цефтаролиннің ЕТБК ≤ 1 мг/л құрайтын инфекцияларды емдеу үшін, препараттың стандартты дозасы ұсынылады.
Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және балалар мен жасөспірімдерге арналған дозасы жөніндегі нұсқаулар фармакокинетикалық (ФК) модельдеу нәтижелеріне негіздеген.
Бүйрек функциясы жеткіліксіздігі терминальді сатыдағы (БЖТС), 12 жастан < 18 жасқа дейінгі, дене салмағы < 33 кг жасөспірімдерде және 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда дозаны түзету жөнінде нұсқау беруге мүмкіндік беретін деректер жеткіліксіз.
Бүйрек функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы немесе БЖТС бар, жасы < 2 дейінгі балаларда дозаны түзету жөнінде нұсқау беруге мүмкіндік беретін деректер жеткіліксіз.
4-кесте.Бүйрек функциясының бұзылулары бар – креатинин клиренсі (КК) минутына ≤ 50 мл болатын пациенттердегі дозасы
Қолданылуы — Жас тобы — Креатинин клиренсі (мл/мин)а — Дозасы (мг/инфузия) — Инфузия ұзақтығы (минут)/жиілігі
Стандартты доза Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары (ТЖТАИ) Ауруханадан тыс пневмония (АТП) — Дене салмағы ≥ 33 кг, 12 жастан < 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер — > 30 және ≤ 50 — 400 мг — 5–60в/ әрбір 12 сағат сайын
≥ 15 және ≤ 30 — 300 мг
БЖТС, соның ішінде гемодиализб — 200 мг
Дене салмағы < 33 кг, 12 жастан < 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және ≥ 2 жастан < 12 жасқа дейінгі балалар — > 30 және ≤ 50 — 8 мг/кг ең жоғарғы 300 мг-ге дейін — 5–60в/ әрбір 8 сағат сайын
≥ 15 және ≤ 30 — 6 мг/кг ең жоғарғы 200 мг дозаға дейін
Жоғары дозав Цефтаролиннің ЕТБК = 2 мг/л немесе 4 мг/л болатын, S. aureus әсерінен туындағаны анық немесе тұспалданған ТЖТАИ г — ≥2 жастан < 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер — > 30 және ≤ 50 — 10 мг/кг ең жоғарғы 400 мг дейін — 120/ әрбір 8 сағат сайын
≥ 15 және ≤ 30 — 8 мг/кг ең жоғарғы 300 мг-ге дейін
aБала жасындағы пациенттер үшін Шварц (мл/мин/1.73 м2) формуласы бойынша есептелген. Дозасы КК-ге негізделген. КК мұқият бақылау, ал препараттың дозасын бүйрек функциясына сәйкес түзету керек. бЦефтаролин гемодиализ арқылы шығарылады, сондықтан Зинфоро® препаратын гемодиализ жүргізілетін күндері гемодиализ жасалғаннан кейін енгізу қажет. вИнфузия ұзақтығының 60 минуттан аздығы және жоғары дозаларын қолдану жөніндегі нұсқаулар тек фармакокинетикалық және фармакодинамикалық талдаулардың нәтижелеріне ғана негізделген. гЦефтаролиннің ЕТБК ≤ 1 мг/л құрайтын, S. аureus әсерінен туындаған инфекцияларды емдеу үшін препараттың стандартты дозасы ұсынылады.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде препараттың дозасын түзетудің қажеті жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне қолданылады.
Инфузияның көлемі 50 мл, 100 мл немесе 250 мл болатын жағдайларда Зинфоро® препаратын стандартты доза 5 минуттан 60 минутқа дейін созылатын немесе жоғары доза (цефтаролиннің ЕТБК 2 немесе 4 мг/л құрайтын, S. aureus әсерінен туындаған ТЖТАИ үшін) 120 минутқа дейін созылатын венаішілік инфузия жолымен енгізеді. Инфузияға реакцияларды (флебит сияқты) инфузия ұзақтығын арттыру арқылы бақылауға болады.
Балаларға арналған инфузия көлемі баланың дене салмағына сәйкес ауытқып тұрады. Инфузияға арналған ерітіндінің концентрациясы дайындау және енгізу кезінде 12 мг/мл цефтаролин фосамилінен аспауы тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Егер Сізде осы препаратты қолдану жөнінде сұрақтар болса, дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге барыңыз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• цефалоспориндер класының антибиотиктеріне аса жоғары сезімталдық
• бактерияға қарсы кез келген басқа типті бета-лактамдық дәрілерге (мысалы, пенициллиндерге немесе карбапенемдерге) шұғыл және ауыр аса жоғары сезімталдық (мысалы, анафилаксиялық реакция).
Барлық дәрілік заттар сияқты, бұл препарат жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін, әйтсе де олар пациенттердің барлығында бірдей пайда бола бермейді. Келесі жағымсыз әсерлер осы препаратты қолданғаннан кейін туындауы мүмкін:
Егер Сізде келесі симптомдар пайда болса, дереу өз дәрігеріңізге айтыңыз, өйткені Cізге жедел медициналық көмек қажет болуы мүмкін:
• терінің ауыр реакциялары (жиілігі белгісіз, өйткені оны қолда бар деректердің негізінде анықтау мүмкін емес):
• денедегі қызғылт дөңес емес нысана тәрізді немесе дөңгелек дақтар, көбінесе ортасында күдіреуіктері бар, терінің қабыршақтануы, ауыздағы, тамақтағы, мұрындағы, жыныстық мүшелердегі және көздегі ойық жаралар. Осы терінің ауыр бөртпелерінің алдында дене температурасының жоғарылауы және тұмау тәрізді симптомдар болуы мүмкін (Стивенс-Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермалық некролиз (УЭН));
• жайылған бөртпе, дене температурасының жоғарылауы және лимфа түйіндерінің ұлғаюы (DRESS синдром немесе препаратқа аса жоғары сезімталдық синдромы);
• еріннің, беттің, тамақтың немесе тілдің кенеттен ісінуі, ауыр бөртпе және жұтынудың немесе тыныс алудың қиындауы. Бұл симптомдар ауыр аллергиялық реакцияның (анафилаксияның) белгілері болуы мүмкін және олар өмірге қауіп төндіруі мүмкін;
• Зинфоро® препаратын қолдану кезінде немесе қолданғаннан кейін ауырлаған немесе қайтпайтын диарея, немесе нәжісте қанның немесе шырыштың пайда болуы. Мұндай жағдайда Сіз нәжіс массаларының қозғалуын тоқтататын немесе баяулататын дәрілерді қабылдамауға тиіссіз.
Өте жиі
- осы типтегі антибиотиктерді қабылдаған пациенттерде қанды талдағанда әдетте «Кумбс сынамасы» деп аталатын өзгерулер білінді. Бұл талдау эритроциттерге қарсы әсер етуі мүмкін белгілі бір антиденелерді анықтайды.
Жиі
- дене температурасының жоғарылауы
- бас ауыру
- бас айналу
- қышыну, терінің бөртпесі
- диарея, іштің ауыруы
- жүрек айнуы немесе құсу
- бауырда өндірілетін ферменттер деңгейлерінің жоғарылауы (қан талдауының нәтижелері бойынша)
- вена аймағының ауыруы және тітіркенуі
- гиперемия, инъекция аймағының ауыруы немесе ісінуі.
Жиі емес
- анемия
- тері үстінде қышитын бөртпенің ұлғаюы (аллергиялық бөртпе), анафилаксия, аса жоғары сезімталдық (есекжем, еріннің және беттің ісінуі).
- қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы. Креатинин деңгейі бүйректің қаншалықты жақсы жұмыс жасайтындығын көрсетеді.
- қан кетулер немесе қанталаулар жиілігінің артуы. Бұған қанда тромбоциттер санының төмендеуі себепші болуы мүмкін.
- қанның ұйығыштығына баға беруге мүмкіндік беретін талдаулардағы өзгерістер.
- қанда лейкоциттердің жалпы санының немесе белгілі бір типтегі лейкоциттердің төмендеуі (лейкопения және нейтропения).
- Clostridium difficile әсерінен туындаған колит
- психикалық күйінің өзгерістері, мысалы сананың шатасуы, зейін қоюдың төмендеуі, қалыптан тыс қозғалу немесе ұстамалар (энцефалопатия) - бұл реакциялар препараттың тым жоғары дозасын қабылдаған пациенттерде, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде пайда болды.
Сирек
- температураның жоғарылауына әкелуі мүмкін қандағы белгілі бір лейкоциттер санының елеулі төмендеуі (агранулоцитоз), тұмауға ұқсас симптомдар, тамақта ауырсыну немесе қандай да басқа күрделі инфекциялар.
- қанда эозинофильді лейкоциттер мөлшерінің артуы.
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде анықтау мүмкін емес)
- өкпеде эозинофилдердің (лейкоциттердің бір түрі) жоғары мөлшерде пайда болатын өкпе ауруының түрі (эозинофильді пневмония).
• Осы типтегі басқа дәрілік препараттарды қолдану кезінде кенеттен кеуде қуысының ауыруы туралы хабарланды, бұл потенциалды ауыр аллергиялық реакцияның – Коунис синдромының белгісі болуы мүмкін. Осындай ауырсыну пайда болса, дереу дәрігерге немесе медбикеге жүгіну керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Зинфоро® препаратын ұсынылғаннан артық дозаларда қабылдаған пациенттер жөніндегі шектеулі деректер препаратты ұсынылған дозаларда қабылдаған пациенттерде байқалған ұқсас жағымсыз реакцияларды көрсетіп отыр.
Емі: стандартты медициналық тәжірибені басшылыққа алу қажет.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясының орташа бұзылуы бар пациенттерде салыстырмалы артық дозалануы пайда болуы мүмкін. Бета-лактамды антибиотиктерді (цефалоспориндерді қоса) бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны төмендетпей тағайындалғанда неврологиялық асқынулар, соның ішінде энцефалопатия анықталған.
Цефтаролин гемодиализдің көмегімен шығарылады; 4 сағаттық диализ кезеңі ішінде қабылданған дозаның 74 %-ына жуығы диализатпен шығарылған.
• Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
• Кезекті дозаны өткізіп алған жағдайда, мұны емдеуші дәрігерге дереу мәлімдеу қажет.
Препаратты қолдану кезінде бактерияларға қарсы препараттарды тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларды басшылыққа алу қажет.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Аса жоғары сезімталдықтың ауыр (кейде өлімге соқтыратын) реакциялары дамуы мүмкін («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар» бөлімдерін қараңыз).
Цефтаролинді қабылдап жүрген пациенттерде өмірге қауіп төндіруі немесе өліммен аяқталуы мүмкін, Стивенс-Джонсон синдромын (СДС), уытты эпидермалық некролизді (УЭН), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен жүретін (DRESS-синдром) дәрілік реакцияны қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCARs) тіркелген («ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімін қараңыз. Бета-лактамдық антибиотиктерді (соның ішінде цефалоспориндерді) қабылдаған кезде жедел жайылған экзантематоздық пустулез (AGEP) тіркелді.
Пациенттерді осы жай-күйлердің белгілері мен симптомдары туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды тері реакцияларының туындауына қатысты мұқият бақылау қажет.
• Осындай реакциялардың бар екенін білдіретін белгілер мен симтомдар туындаған кезде цефтаролинді қолдануды дереу тоқтату және баламалы емдеуді қарастыру керек.
Егер цефтаролинді қолданған кезде пациентте СДС, УЭН немесе DRESS сияқты терінің ауыр реакциясы дамыса, бұл пациентте цефтаролинмен емдеуді ешбір жағдайда қайта бастауға болмайды.
Анамнезінде цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе басқа бета-лактамдық антибиотиктерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде цефтаролин фосамиліне де аса жоғары сезімталдық реакциясы дамуы мүмкін. Цефтаролинді анамнезінде кез келген басқа бета-лактамдық антибиотиктерге (мысалы, пенициллиндерге немесе карбапенемдерге) жеңіл немесе орташа дәрежелі аса жоғары сезімталдық реакциялары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Зинфоро® препаратымен емдеу кезінде терінің ауыр аллергиялық реакциялары немесе терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR) дамыған жағдайда дәрілік препаратты енгізуді тоқтату және тиісінше шараларды қолдану қажет.
Басқа бета-лактамды антибиотиктерді қолдану кезінде Коунис синдромына дейін дамитын аса жоғары сезімталдық реакциялары тіркелді (миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін жедел аллергиялық коронарлық артериоспазм; «ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар» бөлімін қараңыз).
Clostridium difficile әсерімен астасқан диарея
Цефтаролин фосамилін қолданғанда антибиотикпен астасқан колит пен жалғанжарғақшалы колиттің дамығаны туралы мәлімделді, олар ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден өмірге қауіп төндіретін түрге дейін ауытқып отыруы мүмкін. Цефтаролин фосамилін қолдану аясында немесе одан кейін диарея туындаған жағдайда, колит дамуы мүмкін екендігіне назар аудару керек («ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар» бөлімін қараңыз). Мұндай жағдайда Зинфоро® препаратымен емделуді тоқтату, демеу шараларын жүргізу мүмкіндігін қарастыру және Clostridium difficile әсерінен туындаған инфекцияның спецификалық емін тағайындау қажет.
Сезімтал емес микроорганизмдер
Зинфоро® препаратын қолдану кезінде немесе одан кейін суперинфекциялар туындауы мүмкін.
Анамнезінде құрысу синдромы бар пациенттер
Цефтаролинді анамнезінде құрысу синдромы бар пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі, соған байланысты Зинфоро® препаратын пациенттердің осы тобында қолданғанда сақтық таныту керек.
Тікелей антиглобулиндік тестідегі (Кумбс сынамасы) сероконверсия және гемолиздік анемияның ықтимал қаупі
Цефалоспориндерді қолдану аясында тікелей антиглобулиндік оң тест (ТАТ) алынуы мүмкін. Цефтаролин фосамилін қабылдаған пациенттерде ТАТ сероконверсияның жиілігі препаратты әр 12 сағат сайын енгізуде 11,2% (әр 12 сағат сайын 60 минут ішінде 600 мг енгізілді) және цефтаролин фосамилін әр 8 сағат сайын қабылдайтын пациенттердегі (әр 8 сағат сайын 120 минут ішінде 600 мг енгізілді) зерттеуде 32,3% құрады («ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар» бөлімін қараңыз). ТАТ талдауының нәтижесі оң пациенттерде гемолиздің ешқандай белгілері анықталған жоқ. Алайда, Зинфоро® препаратын қоса, цефалоспориндерді қолдану аясында гемолиздік анемияның дамуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай мүмкіндікті Зинфоро® препаратын қолдану кезінде немесе қолданғаннан кейін байқалған, анемиясы бар пациенттерде қарастыру қажет.
Клиникалық деректердің шектеулілігі
Пациенттердің келесі топтарында АТП емдеу үшін цефтаролинді қолдану тәжірибесі жоқ: ауыр сепсис/сепсистік шок болған, өкпенің ауыр ауруы аясында (мысалы, муковисцидоз) иммунитет тапшылығы бар пациенттер, PORT шкаласы бойынша V қауіп класындағы және/немесе диагноз қою кезінде өкпені жасанды желдетуді талап ететін АТП бар, метициллин-резистентті S. aureus туындатқан АТП бар пациенттер немесе қарқынды емді қажет ететін пациенттер. Мұндай пациенттерге емдеуді сақтықпен тағайындау ұсынылады.
Келесі топтағы пациенттерде ТЖТАИ цефтаролинмен емдеу тәжірибесі жоқ: иммун тапшылығы бар пациенттер, ауыр сепсис/сепсистік шок болған пациенттер, некроздық фасциитпен, периректальді абсцеспен және үшінші дәрежелі күйігі және ауқымды күйігі бар пациенттер. Диабеттік аяқтың инфекциясы бар пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі. Мұндай пациенттерге емдеуді сақтықпен тағайындау ұсынылады.
Цефтаролиннің ЕТБК > 1 мг/л құрайтын, S. аureus әсерінен туындаған ТЖТАИ-ді емі үшін қолданылу деректері шектеулі. Зинфоро® препаратының 1 және 4 кестелерде келтірілген цефтаролиннің ЕТБК 2 немесе 4 мг/л құрайтын, S. aureus әсерінен туындаған ТЖТАИ емдеу үшін ұсынылатын дозалары фармакокинетикалық-фармакодинамикалық модельдеуге және имитациялық модельдеуге негізделген («Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Зинфоро® препаратын цефтаролиннің ЕТБК > 4 мг/л құрайтын, S. аureus әсерінен туындаған ТЖТАИ-ді емдеу үшін пайдаланбау керек.
Балалар жасындағы < 2 айлық пациенттер үшін дозалау жөнінде 2 кестеде берілген нұсқаулар фармакокинетикалық-фармакодинамикалық модельдеу мен имитациялық модельдеуге негізделген. Инфузия ұзақтығының 60 минуттан аздығы жөніндегі нұсқаулар тек фармакокинетикалық және фармакодинамикалық талдаулардың нәтижелеріне ғана негізделген.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Автомобильді жүргізуге және механизмдерді басқаруға ықпалын тигізуге қабілетті жағымсыз әсерлер, мысалы, бас айналу туындауы мүмкін.
Қолдану жөнінде нұсқаулар
Жүктілік
Цефтаролиннің жүкті әйелдерде қолданылуы туралы деректер жоқ немесе шектеулі. Сақтық шарасы ретінде, егер әйелдің клиникалық жай-күйі бактерияға қарсы бейіні бар Зинфоро® препаратын антибиотигімен емдеуді қажет етпесе, Зинфоро® препаратын жүктілік кезінде қолданбаған дұрыс.
Бала емізу
Әйелдің емшек сүтіне цефтаролин фосамилінің немесе цефтаролиннің өтетін-өтпейтіндігі белгісіз. Жаңа туған нәресте/сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Бала емізуді тоқтату немесе Зинфоро препаратымен емделуді тоқтату/бой тарту туралы шешім бала үшін емшек емудің артықшылықтарын және әйел үшін емнің пайдасын ескере отырып қабылдануы тиіс.
Фертильділік
Цефтаролин фосамилдің адамдағы фертильділікке әсері зерттелмеген.
Күтілгендей, цефтаролиннің немесе цефтаролин фосамилінің CYP450 ферменттері арқылы метаболизденетін дәрілік заттармен өзара әрекеттесу потенциалы төмен болады, өйткені олар CYP450 ферменттерінің тежегіштері де, индукторлары да емес. Цефтаролин немесе цефтаролин фосамилі CYP450 ферменттері арқылы метаболизденбейді, сондықтан CYP450 индукторларымен немесе тежегіштерімен бірге қолданудың цефтаролин фармакокинетикасына әсер етуі екіталай.
Цефтаролин бүйректегі тасымалдаушы ақуыздардың (OCT2, OAT1 және OAT3) субстраты да, тежегіші де емес, сондықтан цефтаролиннің осы тасымалдаушылардың субстраттары немесе тежегіштері болып табылатын дәрілік заттармен (мысалы, пробенецид) өзара әрекеттесуі күтілмейді.
Балалар
Ересектердегі сияқты, балалар популяциясында да өзара әрекеттесу потенциалы төмен деп күтіледі.
Бактерияға қарсы басқа препараттармен өзара әрекеттесуі
Цефтаролинді және бактерияға қарсы біріктіріліп жиі пайдаланылатын басқа препараттарды (мысалы, амикацинді, азитромицинді, азтреонамды, даптомицинді, левофлоксацинді, линезолидті, меропенемді, тигециклин мен ванкомицинді) бірге қолданғанда антагонизм байқалған жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Ерітінді қалпына келтірілгеннен кейін:
Құтының ішіндегі қалпына келтірілгенді дереу сұйылту керек.
Сұйылтудан кейін:
Дайындалған ерітіндіні 2оС-ден 8оС-ге дейінгі температурада ең көп дегенде 12 сағат бойы және қосымша бөлме температурасында 6 сағат бойы сақтайды.
Микробиологиялық тұрғыдан алғанда, егер ашудың/қалпына келтірудің/сұйылтудың әдісі микробтық ластану қаупін жоққа шығармаса, дәрілік препаратты дереу қолдану керек. Егер препарат дереу қолданылмаса, пайдаланушы сақтау мерзімі мен қолдануға дейінгі сақтау шарттарына жауап береді.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.