Дозалау режимі
ЗИОМИЦИН® таблеткаларын күнделікті бір реттік доза ретінде тағайындау керек.
Ішке тамаққа дейін 1 сағат бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек.
Дене салмағы 45 кг асатын балалар және ересектер, егде жастағы пациенттерді қоса
ЗИОМИЦИН® препаратының жалпы дозасы 1500 мг құрайды, оны үш күн бойы тағайындау керек (күніне бір рет 500 мг).
Chlamydia trachomatis туғызған, гениталийдің асқынбаған инфекциялары кезінде дозасы бір реттік пероральді дозасы түрінде 1000 мг құрайды. Сезімтал Neisseria gonorrhoeae гонококктары үшін ұсынылатын дозасы жергілікті клиникалық емдеу ұсынымдарына сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілген 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды.
Пенициллинге және / немесе цефалоспориндерге аллергиядан зардап шегіп жүрген пациенттер үшін, жергілікті емдеу ережелерімен танысып шығу керек.
Педиатриялық тәжірибеде
Дене салмағы 45 кг дейінгі балаларда: ЗИОМИЦИН® таблеткалары дене салмағы 45 кг дейінгі балаларда қолданылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы адамдар:
Егде жастағы адамдарда ересектердегідей дозасы қолданылады.
Егде жастағы пациенттер арасында жүрек аритмияларына бейімділік жиі байқалатындықтан, жүрек аритмиялары мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның туындауы қаупіне байланысты, ерекше сақтық таныту қажет.
Бүйрек функциясының бұзылулары:
Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежелі бұзылулары бар (ШСЖ 10–80 мл/мин) пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Азитромицинді бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (ШСЖ <10 мл/мин) пациенттерде тағайындағанда сақтық таныту қажет.
Бауыр функциясының бұзылулары:
Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежелі бұзылулары (Чайлд–Пью шкаласы бойынша А немесе В класы) бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Азитромицин бауырда метаболизденетіндіктен және өтпен шығарылатындықтан, бауырдың елеулі аурулары бар пациенттерде азитромицинді сақтықпен қолдану керек. Пациенттердің аталған санаттарында азитромициннің қолданылу зерттеулері жүргізілмеді.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды ішке қабылдайды, оларды тұтастай, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп жұту керек.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігердің немесе фармацевтің кеңесіне жүгініңіз
Дәрілік препаратты ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар (қажет болса)
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жағымсыз реакциялардың жүйе-ағза жіктемесіне сәйкес және олардың туындау жиілігіне сәйкес жіктелуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 -ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 -нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 -нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
Өте жиі
- диарея, іш ауыруы, жүрек айнуы, метеоризм
Жиі
- анорексия
- бас айналуы, бас ауыруы, парестезия, дисгевзия
- көрудің бұзылулары
- кереңдік
- құсу, диспепсия
- қышыну, бөртпе
- артралгия
- шаршау
- лейкоциттер мен лимфоциттер мөлшерінің азаюы, эозинофилдер мөлшерінің көбеюі, қандағы бикарбонат деңгейінің төмендеуі
Жиі емес
- кандидоз, оральді кандидоз, қынаптық инфекция
- лейкопения, нейтропения
- ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық
- күйгелектік
- гипестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық
- естудің бұзылуы, құлақтағы шуыл
- жүрек соғысының жиілеуі
- гастрит, іш қатуы
- гепатит
- Стивенс-Джонсон синдромы, терінің жарыққа сезімтал реакциясы, есекжем, бөртпелер
- кеуденің ауыруы, дімкәстану, шеткері ісіну, астения
-аспартат-аминотрансферазаның жоғарылауы, аланин-аминотрансферазаның жоғарылауы, қандағы билирубин концентрациясының жоғарылауы, қандағы мочевинаның жоғарылауы, қандағы креатининнің жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің өзгеруі
- үрейлену жағдайы
- бас айналуы
- бауыр функциясының бұзылуы
Сирек
- жедел жайылған экзантемалық пустулез (AGEP), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен жүретін дәрілік реакция (DRESS-синдром)
Белгісіз
- жалғанжарғақшалы колит
- тромбоцитопения, гемолиздік анемия
- анафилаксиялық реакциялар
- озбырлық, үрейлену
- естен тану, құрысулар, психомоторлық гиперактивтілік, аносмия, агевзия, паросмия, миастения
- аритмия, «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса
- гипотензия
- панкреатит, тілдің түссізденуі
- бауыр жеткіліксіздігі (сирек жағдайларда өлімге соқтырады), шұғыл дамитын гепатит, бауыр некрозы
- уытты эпидермалық некролиз, мультиформалы эритема
- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, интерстициялық нефрит
- ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz