Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жағымсыз реакциялар болуы мүмкін немесе клиникалық зерттеулерде және маркетингтен кейінгі бақылау кезеңінде алынған мәліметтер негізінде азитромицинмен байланысты болуы мүмкін.
Инфекциялар мен инвазиялар
Жиі емес
кандидоз, оральді кандидоз, қынаптық инфекциялар, пневмония, зеңдік инфекция, бактериялық инфекция, фарингит, гастроэнтерит, тыныс алу функциясының бұзылуы, ринит
Белгісіз
жалған жарғақшалық колит
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес
лейкопения, нейтропения, эозинофилия
Белгісіз
тромбоцитопения, гемолиздік анемия
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі емес
ангионевроздық ісіну, жоғары сезімталдық реакциялары
Белгісіз
анафилаксиялық шок
Зат алмасу тарапынан бұзылулар
Жиі
анорексия (тәбеттің болмауы)
Психика тарапынан бұзылулар
Жиі емес
күйгелектік, ұйқысыздық
Сирек
ажитация
Өте сирек
озбырлық, мазасыздық, делирий, елестеулер
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі
бас ауыруы
Жиі емес
бас айналу, ұйқышылдық, парестезия, дисгевзия
Белгісіз
естен тану, құрысулар, психомоторлы белсенділіктің жоғарылауы, аносмия, паросмия, агевзия, миастения гравис, гипестезия
Көру мүшелері тарапынан бұзылулар
Жиі
көру бұзылыстары
Есту мүшесі тарапынан бұзылулар
Өте сирек
кереңдік және/немесе құлақтың шыңылдауын қоса, есту қабілетінің бұзылуы
Жиі емес
есту қабілетінің бұзылуы, вертиго
Жүрек тарапынан бұзылулар
Жиі емес
пальпитация (жүрек қағуы)
Өте сирек
қарыншаның дірілдеуі-жыпылықтауы (torsade de pointes), аритмия, соның ішінде қарыншалық тахикардия, ЭКГ-дағы QT аралығының ұзаруы
Қан тамырлары тарапынан бұзылулар
Жиі емес
ысынулар
Өте сирек
артериялық гипотензия
Респираторлық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі емес
ентігу, мұрыннан қан кету
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Өте жиі
диарея, шаншулар, метеоризм, жүрек айнуы
Жиі
құсу, диспепсия
Жиі емес
гастрит, іш қату, дисфагия, іштің кебуі, ауыздың құрғауы, кекіру, ауыз қуысындағы ойық жаралар, сілекейдің гиперсекрециясы
Өте сирек
панкреатит, тілдің түсінің өзгеруі
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Сирек
бауыр функциясының бұзылуы, холестаздық сарғаю
Өте сирек
бауыр жеткіліксіздігі (ол өліммен аяқталуға сирек әкелді), фульминантты гепатит, некроздық гепатит
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Жиі емес
бөртпе, қышыну, есекжем, дерматит, құрғақ тері, гипергидроз
Сирек
фотосезімталдық, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен препаратқа реакция (DRESS синдромы)
Белгісіз
Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, полиморфтық эритема
Қаңқа-бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес
остеоартрит, миалгия, арқаның ауыруы, мойынның ауыруы
Белгісіз
артралгия
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Жиі емес
дизурия, бүйректің ауыруы
Белгісіз
бүйректің жедел жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар
Жиі емес
жатырдан қан кету, тестикулярлық бұзылулар
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі реакциялар
Жиі емес
тез қажу, кеудедегі ауырсыну, ісіну, дімкәстік, астения, беттің ісінуі, гипертермия, ауырсыну, шеткері ісінулер
Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі
Жиі
лейкоциттер санының төмендеуі, эозинофилдер санының жоғарылауы, қан бикарбонатының төмендеуі, базофилдер, моноциттер, нейтрофилдер деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес
қандағы АсАТ, АлАТ, сілтілі фосфатаза, билирубин, мочевина, креатинин деңгейінің жоғарылауы, қан электролиттері көрсеткіштерінің өзгеруі, глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер деңгейінің жоғарылауы, гематокрит деңгейінің төмендеуі, бикарбонат деңгейінің жоғарылауы, натрий деңгейінің нормадан ауытқуы
Зақымдану және улану
Жиі емес
процедурадан кейінгі асқынулар
Mycobacterium Avium Complex алдын алу және емдеумен байланысты болуы мүмкін жағымсыз реакциялар туралы ақпарат маркетингтен кейінгі кезеңдегі клиникалық сынақтар мен бақылаулар деректеріне негізделген. Бұл жағымсыз реакциялар түрі немесе жиілігі бойынша дереу босатылатын және ұзақ мерзімді әсер ететін дозаны қолдану кезінде хабарланғандардан ерекшеленеді:
Метаболизм тарапынан бұзылулар және алиментарлық бұзылулар
Жиі
анорексия
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі
бас айналуы, бас ауыруы, парестезия, дисгевзия; сирек: гипестезия
Көру мүшелері тарапынан бұзылулар
Жиі
көру қабілетінің нашарлауы
Есту мүшелері және лабиринт тарапынан бұзылулар
Жиі
кереңдік;
Сирек
есту қабілетінің нашарлауы, құлақтың шыңылдауы
Жүрек жүйесі тарапынан бұзылулар
Сирек
жүректің жиі қағуы
Ас қорыту жолы тарапынан бұзылулар
Өте жиі
диарея, іштің ауыруы, жүрек айнуы, метеоризм, асқазан-ішектік жайсыздық, жиі сұйық нәжіс
Гепатобилиарлық жүйе тарапынан бұзылулар
Сирек
гепатит
Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар
Жиі
бөртпе, қышыну
Сирек
Стивенс-Джонсон синдромы, фотосезімталдық
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар
Жиі
артралгия
Енгізу орнындағы жалпы бұзылулар мен реакциялар
Жиі
қажудың жоғарылауы
Сирек
астения, дімкәстік
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz