Депрессия/үрей
Бензодиазепиндер немесе бензодиазепин тәрізді препараттарды терең депрессия монотерапиясында немесе депрессиямен байланысты үрейленуді емдеуде қолдануға болмайды, өйткені олар өз-өзіне қол жұмсау қаупін тудыруы немесе арттыруы мүмкін. Сондықтан ауыр депрессиямен немесе өзіне-өзі қол жұмсауға бейім пациенттерге алпразолдарды сақтықпен тағайындау керек және дәрілік прераттың жазып берілген мөлшерін шектеу керек.
Апиындармен бір мезгілде қолданғандағы қауіп
Алпразолдарды және апиындарды қоса, бензодиазепиндерді бір мезгілде қолдану седацияға, тыныс алудың бәсеңдеуіне, комаға және өлімге әкелуі мүмкін. Апиындар мен алпразолам сияқты седативті дәрілердің осы қауіптеріне байланысты емдеудің талапқа сай әдісі мүмкін емес пациенттерде ғана бір мезгілде тағайындау керек.
Егер алпразолам мен апиындарды бір мезгілде тағайындау туралы шешім қабылданса, онда бір мезгілде қолданудың ең аз ұзақтығымен ең төменгі тиімді дозаларды жазып беру керек.
Тыныс алудың бәсеңдеуі және седация белгілері мен симптомдарының дамуын байқау үшін пациенттің жағдайын мұқият бақылау керек. Пациенттер мен оларға күтім жасайтын адамдар (егер ондайлар болса) осы симптомдардың туындау мүмкіндігі туралы хабардар етілуге тиіс.
Тәуелділіктің даму қаупі
Бензодиазепиндерді қолдану осы препараттарға физикалық және психикалық тәуелділікке әкелуі мүмкін. Тәуелділік қаупі дозамен және қолдану ұзақтығымен артады, сондай-ақ анамнезінде алкоголизммен немесе дәрілік препараттарды шамадан тыс пайдаланатын пациенттерде қауіп көбірек болады. Фармакологиялық тәуелділік емдік дозаларда және/немесе жеке қауіп факторлары жоқ пациенттерде дамуы мүмкін. Препараттың ансиолитикалық немесе гипноздық дәрі ретінде қолданылатынына қарамастан, бірнеше бензодиазепиндерді бір мезгілде қолдану жағдайларында фармакологиялық тәуелділіктің жоғары қаупі бар. Дәрілік препаратты шамадан тыс пайдалану жағдайлары туралы хабарланады.
Қолдануды тоқтату («тоқтату») симптомдары
Физикалық тәуелділік кезінде емдеуді кенеттен тоқтату «тоқтату» симптомдарының дамуына әкелуі мүмкін: бас ауыруы, бұлшықет ауыруы, шамадан тыс мазасыздық, ширығу, мазасыздық, сананың шатасуы, тітіркену және ұйқысыздық. Ауыр жағдайларда келесі симптомдар пайда болуы мүмкін: дереализация, өзін-өзі танымау, есту қабілетінің жоғарылауы, аяқ-қолдың ұю және қышу сезімі, жарыққа, шу мен физикалық жанасуға сезімталдықтың жоғарылауы, елестеулер және эпилепсиялық ұстамалар.
Алпразоламмен емдеуді тоқтатқан кезде дозаны тиісті медициналық практика принциптеріне сәйкес біртіндеп төмендету керек. Алпразоламның тәуліктік дозасын әр 3 күн сайын 0,5 мг-нан асырмай төмендету керек. Кейбір пациенттерге дозаны анағұрлым біртіндеп азайту қажет болуы мүмкін.
«Рикошеттік» ұйқысыздық және үрей
Емдеуді тоқтатқан кезде симптомдардың жоғарылауы түрінде өтпелі синдром пайда болуы мүмкін, соның салдарынан бензодиазепиндермен емдеу басталды. Тағы басқа симптомдар пайда болуы мүмкін: көңіл-күйдің өзгеруі, үрей немесе ұйқының бұзылуы және мазасыздық. Емдеуді кенеттен тоқтатқан кезде «тоқтату» синдромының/ «рикошет» феноменінің даму қаупі жоғары болғандықтан, дозаны біртіндеп, 3 күн сайын 0,5 мг асырмай азайту ұсынылады. Кейбір пациенттерге дозаны одан да баяу азайту керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы барынша қысқа болуы және 2–4 аптадан аспауы тиіс. Емдеуді жоғарыда көрсетілген уақыт кезеңдерінен тыс ұзарту жағдайды қайта бағалаусыз жүзеге асырылмауы тиіс.
Емдеудің басында пациентті емдеудің шектеулі ұзақтығы туралы хабардар ету және дозаны біртіндеп қалай азайту керектігін түсіндіру маңызды. Пациенттің «рикошет» феноменінің ықтимал көрінісін түсінуі маңызды, осылайша алпразоламмен емдеуді тоқтату кезінде туындауы мүмкін осы симптомдар пайда болған кезде үрейленуді азайтады. Қысқа әсер ететін бензодиазепиндер жағдайында «тоқтату» феномені ұсынылған дозалар диапазонында, әсіресе доза жоғары болса пайда болуы мүмкін екеніне дәлелдер бар. Ұзақ әсер ететін бензодиазепиндерді қолданғанда қысқа әсер ететін бензодиазепиндерге емді ауыстыру туралы пациенттерге ескерту маңызды, өйткені «тоқтату» симптомдары дамуы мүмкін.
Амнезия
Бензодиазепиндер антероградты амнезияны тудыруы мүмкін. Көбінесе бұл препаратты қолданғаннан кейін бірнеше сағаттан соң пайда болады, сондықтан оның пайда болу қаупін азайту үшін пациенттер 7-8 сағат бойы үздіксіз ұйқыны қамтамасыз етуі керек.
Психикалық және парадокстық реакциялар
Белгілі болғандай, бензодиазепиндерді қолдану кезінде келесі жағдайлар пайда болуы мүмкін: мазасыздық, қозғыштық, ашушаңдық, озбырлық, мания, ызақорлық, түндегі қорқынышты түстер, елестеулер, психоз, пациент үшін ерекше мінез-құлық және басқа мінез-құлық бұзылыстары. Бұл бұзылыстар емді тоқтатқан кезде, әсіресе балалар мен егде адамдарда пайда болуы мүмкін. Ондайлар көрініс берген жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтату қажет.
Толеранттылық
Бензодиазепиндерді бірнеше апта бойы қайта қолданғаннан кейін, бензодиазепиндердің седативті және ұйқы келтіретін әсерлерінің төмендеуі мүмкін.
Депрессиямен ауыратын пациенттерде алпразоламды қолдануға байланысты гипомания және мания эпизодтары туралы хабарланды
Арнайы ескертулер
Бүйрек және бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану
Бүйрек функциясы бұзылған немесе бауыр функциясы жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған пациенттерде альпразолды сақтықпен қолдану керек.
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге алпразоламды қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан осы жас тобында алпразоламды қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Бензодиазепиндер мен олармен байланысты өнімдерді егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені седация және/немесе қаңқа-бұлшықет әлсіздігінің туындау қаупі бар, бұл популяцияда ауыр зардаптармен жүретін құлау пайда болуы мүмкін.
Егде және әлсіреген пациенттерге жалпы принципті сақтау және акатизия мен шамадан тыс седацияның дамуын болдырмау үшін мүмкіндігінше ең төменгі тиімді дозаны қолдану ұсынылады.
Бензодиазепиндерді алкоголизммен немесе дәрілік препараттарды шамадан тыс пайдаланумен ауыратын пациенттерде аса сақтықпен қолдану керек.
Қосымша заттар
Лактоза
Золомакс® құрамында лактоза моногидраты бар. Бұл дәрілік препаратты сирек туа біткен галактоза жақпаушылығы, лактазаның абсолютті тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Индигокармин
Әрбір 1 мг Золомакс® таблеткасында индигокармин болғандықтан, дәрілік препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.
Натрий бензоаты
Бұл дәрілік препараттың құрамында әр дозасында 0,12 мг натрий бензоаты (Е 211) бар.
Натрий
Бұл дәрілік препаратты «құрамында натрий жоқ» препараттарға жатқызуға болады, өйткені ондағы натрий мөлшері дозалау бірлігінде 1 ммольден аз (23 мг).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Золомакс® ұйқышылдықты тудыруы, зейін қою қабілетін және қимыл-қозғалыс үйлесімін төмендетуі мүмкін. Осы симптомдардың туындауы емнің басында, сондай-ақ пациенттің ұйқысы қанбаған жағдайларда да өте жоғары болуы мүмкін.
Пациент Золомакс® препаратымен емделу кезінде ептілікті және шапшаң реакцияны қажет ететін (техникалық құрылғылармен жұмыс жасау, көлікті басқару т.б.) және қауіпті жұмыстарды тоқтата тұрғаны жөн.