Тері бөртулері
ЗОРЕСАН® препаратымен емдеу кезінде Стивенс-Джонсон синдромын қоса, терінің ауыр реакцияларының дамығаны туралы хабарланды.
Тері бөртулері пайда болған және оларды басқа себеппен түсіндіруге болмайтын пациенттерде ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату ұсынылады. ЗОРЕСАН® препаратын қабылдау кезінде терідегі бөртулер пайда болған барлық пациенттер, әсіресе өздері де тері бөртуін туғызуы мүмкін эпилепсияға қарсы басқа дәрілер бір мезгілде тағайындалған пациенттер мұқият бақылауға алынуы тиіс.
Тоқтату синдромы
ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату эпилепсиялық ұстамалардың пайда болуына жол бермеу үшін дозаны біртіндеп азайту жолымен жүргізіледі. ЗОРЕСАН® препаратымен монотерапияға көшу үшін қосымша ем аясында ЗОРЕСАН® препаратын қолдану кезінде ұстамаларды бақылауға қол жеткізгеннен кейін бір мезгілде қолданылатын эпилепсияға қарсы препараттарды тоқтату туралы деректер жеткіліксіз. Сондықтан қатар жүретін эпилепсияға қарсы емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс.
Сульфонамидтік топтың болуымен байланысты реакциялар
ЗОРЕСАН® құрамында сульфонамидтік топ бар бензизоксазол туындысы болып табылады. Құрамында сульфонамидтік топ бар препараттарды қабылдаумен байланысты иммундық жүйе тарапынан күрделі жағымсыз реакцияларға тері бөртпесінің және басқа аллергиялық реакциялардың пайда болуы, сондай-ақ айқын гематологиялық бұзылыстардың, оның ішінде өте сирек жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін аплазиялық анемияның дамуы жатады.
Агранулоцитоз, тромбоцитопения, лейкопения, аплазиялық анемия, панцитопения және лейкоцитоз жағдайларының дамығаны туралы хабарланған. Бұл құбылыстардың ЗОРЕСАН® препаратының қабылданған дозасының шамасымен және емдеу ұзақтығымен өзара байланысу ықтималдығына баға беру үшін ақпарат жеткіліксіз.
Жедел миопия және салдарлы жабық бұрышты глаукома.
Зонисамидті қабылдаған ересек пациенттер мен балаларда салдарлы жабық бұрышты глаукомамен байланысты жедел миопияның дамығаны туралы хабарланды. Симптомдары көру жітілігінің жедел төмендей бастауын және/немесе көздің ауыруын қамтиды. Офтальмологиялық зерттеулер миопияны, көздің алдыңғы камерасы тереңдігінің азаюын, сондай-ақ окулярлық гиперемияны (қызару) және көзішілік қысымның жоғарылауын анықтай алады. Бұл синдром салдарлы жабық бұрышты глаукомамен линзаның және мөлдір қабықтың алдыңғы жылжуына әкеліп соғатын супрагрессиялық жалқықпен байланысты болуы мүмкін. Симптомдары ем басталғаннан кейін бірнеше сағаттың немесе аптаның ішінде пайда болуы мүмкін. Емдеу зонисамидті мүмкіндігінше тезірек, емдеуші дәрігердің пікірі бойынша тоқтатуды және көзішілік қысымды төмендетудің тиісті шараларын қамтиды. Этиологиясы әртүрлі көзішілік қысымның жоғарылауы, емдеу болмаған жағдайда көрудің перманентті жоғалуын қоса, күрделі асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін. Анамнезінде көру бұзылыстары бар пациенттерді зонисамидпен емдеген кезде сақтық таныту керек.
Суицидтік ойлар мен мінез-құлық
Бірқатар көрсетілімдер бойынша эпилепсияға қарсы препараттарды қабылдаған пациенттерде суицидтік ойлардың және мінез-құлықтың дамуы мүмкін. Эпилепсияға қарсы препараттарды рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеулердің мета-талдауы да суицидтік ойлардың және мінез-құлықтың пайда болу қаупінің жоғарылауын көрсетті.
Бұл құбылыстың механизмі белгісіз, қолда бар деректер ЗОРЕСАН® препаратын қолдану аясында суицидтік мінез-құлықтың қалыптасу қаупінің жоғарылау мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Пациенттерде суицидтік ойлардың және мінез-құлықтың пайда болуын бақылау, сондай-ақ тиісті емді қарастыру қажет. Пациенттерге (және оларға күтім жасайтын адамдарға) суицидтік ойлар және мінез-құлық пайда болған кезде дәрігерлік көмекке жүгінуді ұсыну керек.
Нефролитиаз
Кейбір пациенттерде, әсіресе нефролитиазға бейімділігі барларда, бүйректе тас түзілуінің және бүйрек шаншуы, бүйректің ауыруы немесе бүйірдің ауыруы сияқты белгілер мен симптомдардың пайда болу қаупінің артуы мүмкін. Нефролитиаз бүйректің созылмалы зақымдануына әкелуі мүмкін. Нефролитиаздың қауіп факторлары бүйректе тастың алдын ала түзілуін, сондай-ақ отбасылық анамнездегі нефролитиазды және гиперкальциурияны қамтиды. Бұл қауіп факторларының ешқайсысы зонисамидпен емдеу кезінде бүйректе тас түзілуін болжауға мүмкіндік беретін сенімді белгі болып табылмайды. Бұдан басқа, несеп-тас аурудың дамуына түрткі болатын басқа препараттарды қабылдайтын пациенттерде қауіп жоғары болуы мүмкін. Сұйықтық ішуді арттыру және қарқынды диурез тастардың түзілу қаупін, оның ішінде осыған бейім пациенттерде де азайтуға көмектеседі.
Метаболизмдік ацидоз
Аниондық үзілусіз гиперхлоремиялық метаболизмдік ацидоздың қалыптасуы (созылмалы газдық алкалоз жоқ кезде бикарбонаттар деңгейінің төмендеуі) ЗОРЕСАН® препаратымен емдеумен байланыстырылады. Метаболизмдік ацидоздың дамуы зонисамидтің карбоангидразаға тежегіш әсерінің салдарынан бүйректе, әйтсе де емдеудің ерте сатыларында жиі байқалады. Осындай бұзылыстар плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде де, маркетингтен кейінгі кезеңде де байқалды. Бикарбонаттар деңгейінің төмендеуі әдетте онша байқалмайды (ересектерде 300 мг тәуліктік дозасында орташа мәні шамамен 3,5 мЭкв/л құрайды); сирек жағдайларда пациенттерде едәуір төмендеуі мүмкін. Ацидоздың дамуына бейімдейтін жағдайлар немесе емдеу әдістері (мысалы, бүйрек аурулары, ауыр респираторлық бұзылыстар, эпилепсиялық статус, диарея, жүргізілген хирургиялық операциялар, кетон денелерінің пайда болуына ықпал ететін диета, бірқатар дәрілік препараттар) зонисамидтің бикарбонаттар деңгейіне әсері күшеюіне жағдай жасауы мүмкін.
Метаболизмдік ацидоздың пайда болу қаупі және ауырлығы жас пациенттерде артады. Метаболизмдік ацидоздың белгілері немесе симптомдары пайда болған жағдайда сарысудағы бикарбонаттар мөлшеріне баға беру ұсынылады. Егер дамыған метаболизмдік ацидоз басылмаса, дозаны азайту немесе ЗОРЕСАН® препаратын қабылдауды толығымен тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек (дозаны біртіндеп төмендету арқылы), өйткені остеопенияның дамуы мүмкін. Егер тұрақты ацидоз болған жағдайда емді жалғастыру туралы шешім қабылданса, алкалоидтарды қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн.
Карбоангидраза тежегіштерімен (мысалы, топирамат және ацетазоламид) бір мезгілде тағайындаған кезде сақ болу керек, өйткені фармакодинамикалық әрекеттесуді жоққа шығаратын мәліметтер жеткіліксіз.
Ыстық өту
Тер шығудың азаю және дене температурасының жоғарылау жағдайлары негізінен балаларда тіркелген. ЗОРЕСАН® препаратын карбоангидраза тежегіштері мен холиноблокаторларды қоса, организмнің шамадан тыс қызуына ықпал ететін препараттармен бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек.
Панкреатит
ЗОРЕСАН® препаратын қабылдау аясында пациенттерде панкреатит белгілері дамыған кезде панкреатиндік липазалардың және амилазалардың деңгейіне мониторинг қажет. Басқа айқын себептер болмаған кезде панкреатит расталған жағдайда ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату және тиісті ем тағайындау ұсынылады.
Рабдомиолиз
ЗОРЕСАН® қабылдайтын пациенттерде әсіресе қызбамен қатар жүретін күшті бұлшықет ауырулары және/немесе әлсіздік дамыған кезде креатинфосфокиназа және альдолаза деңгейін қоса, бұлшықеттердің зақымдану маркерлерінің мөлшеріне баға беру қажет. Олар жоғарылаған кезде, жарақат немесе үлкен эпилепсиялық ұстама сияқты басқа себептері болмаса, ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату және тиісті ем тағайындау ұсынылады.
Бала туу қабілеті сақталған әйелдер
Бала туу қабілеті сақталған әйелдер ЗОРЕСАН® препаратымен емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 1 ай бойы контрацепцияның сенімді әдістерін қолдануы тиіс. Контрацепция әдістерін қолданбайтын бала туу қабілеті сақталған әйелдерге ЗОРЕСАН® препаратын қабылдау аса қажет болған жағдайда ғана, және егер әлеуетті пайдасы шарана үшін ықтимал қауіпінен жоғары болса ғана ұсынылады. ЗОРЕСАН® емін бастар алдында бала туу қабілеті бар әйелдер жүктілікке тест өтуі керек. Жүктілікті жоспарлаған әйелдер ЗОРЕСАН® препаратымен емдеуді қайта бағалау және емнің басқа нұсқаларын қарастыру үшін дәрігерден кеңес алуы тиіс. Бала туу қабілеті сақталған әйелдерге егер ол жүкті болып қалса немесе жүкті болуым мүмкін деп ойласа және ЗОРЕСАН® қабылдап жүрсе, дереу дәрігермен байланысу керегін айту керек.
Пациент әйелдің тиісті контрацепцияның сенімді шараларын қолдану қажеттілігі туралы барлық ақпаратты білетініне дәрігердің көзі жетуі, сондай-ақ тағайындалған пероральді контрацепцияның және оның компоненттерінің дозасы талапқа сай екенін бағалау кезінде нақты пациенттің клиникалық жағдайын ескеруі керек.
Дене салмағының азаюы
ЗОРЕСАН® дене салмағының азаюын туғызуы мүмкін, сондықтан дене салмағы төмен пациенттерді емдегенде немесе ол төмендеген кезде тағамдық қоспаларды және күшейтілген тамақтануды тағайындау қажет. Дене салмағы айқын азаюы кезінде ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Балаларда дене салмағының азаюы айқынырақ болуы мүмкін.
Балалар
Жоғарыда көрсетілген сақтық шаралары балалар мен жасөспірімдерге де қолданылады. Төменде ерекше назар аударуды қажет ететін сақтық шаралары көрсетілген.
Ыстық өту және дегидратация
Балалардағы шамадан тыс қызудың және дегидратацияның профилактикасы. ЗОРЕСАН® тер шығудың азаюын туғызуы және шамадан тыс қызуға әкелуі мүмкін, ал тиісті көмек болмаған кезде баланың миы зақымдануы және өліммен аяқталуы мүмкін. Балалар әсіресе ыстық ауа райында жоғары қауіпке ұшырайды.
Егер бала ЗОРЕСАН® препаратын қабылдаса:
- қатты қызудан аулақ болу керек, әсіресе күн ыстық кезде;
- денеге көп күш түсіруден аулақ болу керек, әсіресе күн ыстық кезде;
- су ішуді арттыру керек;
- мынадай препараттарды қабылдамау керек: карбоангидраза тежегіштері (топирамат және ацетазоламид сияқтылар) және антихолинергиялық препараттар (кломипрамин, гидроксизин, дифенгидрамин, галоперидол, имипрамин және оксибутинин сияқтылар).
Төменде аталған симптомдардың қандай да біреуі пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек:
тер аз ғана шығатын немесе мүлде шықпайтын жағдайда терінің қатты қызу сезімі, немесе балада сананың шатасуы, бұлшықет түйілулері пайда болғанда, немесе баланың жүрек қағысы немесе тыныс алуы жиілегенде. Баланы салқын көлеңкелі жерге орналастыру қажет; салқындату үшін баланың терісін сулайды; балаға салқын су ішкізеді.
Негізінен балаларда, тер шығудың азаю және дене температурасының жоғарылау жағдайлары туралы хабарланған. Кейбір жағдайларда ауруханаға жатқызуды қажет ететін ыстық өтуі орын алған. Бірқатар жағдайларда өліммен аяқталған ыстық өту туралы хабарланды. Көпшілік жағдайларда құбылыс ауа райы жылы кезде туындаған. Пациентке және оларға күтім жасайтын адамдарға ыстық өтудің пайда болуы мүмкін жағдайларда оның күрделі болуы ықтималдығын, сондай-ақ қандай да бір белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда қабылдауды қажет ететін шаралар туралы ескерту керек. Пациентке және оларға күтім жасайтын адамдарға сұйықтықты жеткілікті көлемде тұтыну және пациенттің жай-күйіне байланысты денеге шамадан тыс күш түсіруден аулақ болу қажет екені туралы ескерту керек. Дегидратацияның, олигогидроздың белгілері мен симптомдары пайда болғанда немесе дене температурасы жоғарылаған жағдайда ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату мәселесін қарастыру керек.
ЗОРЕСАН® препаратын оларды қолданған кезде пациенттерде шамадан тыс ыстықтың әсеріне байланысты бұзылыстардың пайда болуына бейімділік туындайтын дәрілік заттарды (карбоангидраза тежегіштері және антихолинергиялық әсері бар дәрілік заттар) бір мезгілде қабылдайтын балаларда қолданбаған жөн.
Дене салмағының азаюы
Жалпы жай-күйдің нашарлауына және эпилепсияға қарсы препаратты қолдануды тоқтатуға әкелген, өліммен аяқталуға әкеліп соққан дене салмағының азаю жағдайлары сипатталған. Дене салмағы төмен (жасына қарай түзетумен дене салмағының индексі бойынша ДДҰ санатына сәйкес анықтау) балаларда немесе тәбеті нашар балаларда ЗОРЕСАН® препаратын қолдану ұсынылмайды.
Дене салмағының азаю жиілігі әртүрлі жас топтарында бірдей, дегенмен, балаларда дене салмағы азаюының күрделі болуы мүмкіндігін ескеріп, пациенттердің бұл тобында дене салмағын бақылау қажет. Физикалық даму картасы негізінде, пациентте денеге салмақ қосу кідірген жағдайда тамақтану рационын қайта қарау немесе ішетін тағам мөлшерін арттыру ұсынылады, олай болмаған жағдайда ЗОРЕСАН® препаратын қолдануды тоқтату керек.
Клиникалық зерттеулерде дене салмағы 20 кг-ден аз пациенттерде шектеулі деректер алынған. Осыған байланысты 6 жастағы және одан үлкен, дене салмағы 20 кг-ден аз балаларды емдеген кезде сақтық таныту керек. Дене салмағының аздығын ұзақ уақыт сақтаудың балалардағы өсу мен дамуға ықпалы белгісіз.
Метаболизмдік ацидоз
Зонисамидті қолданумен байланысты ацидоз қаупі балалар мен жасөспірімдерде жоғары болуы және ауырлау сипатта болуы мүмкін. Пациенттердің бұл тобында тиісті бақылауды жүзеге асыру және сарысудағы бикарбонаттар деңгейін бақылау қажет. Бикарбонаттардың төмен деңгейінің балалардағы өсу мен дамуға ұзақ уақыттық әсері белгісіз.
ЗОРЕСАН® препаратын топирамат немесе ацетазоламид сияқты карбоангидразаның басқа тежегіштерімен бір мезгілде қолданбау керек.
Нефролитиаз
Балаларда бүйректе тастардың пайда болғаны туралы хабарланған. Кейбір пациенттерде, әсіресе нефролитиазға бейімділігі барларда, бүйректе тас түзілуінің және бүйрек шаншуы, бүйректің ауыруы немесе бүйірдің ауыруы сияқты байланысты белгілер мен симптомдардың пайда болу қаупінің артуы мүмкін. Несеп-тас ауруы бүйректің созылмалы зақымдануына әкелуі мүмкін. Несеп-тас ауруының қауіп факторлары бүйректе тастың алдын ала түзілуін, сондай-ақ нефролитиазға және гиперкальциурияға тұқым қуалайтын бейімділікті қамтиды. Бұл қауіп факторларының ешқайсысы зонисамидпен емдеу кезінде бүйректе тас түзілуін болжауға мүмкіндік беретін сенімді белгі болып табылмайды.
Сұйықтық ішуді арттыру және қарқынды диурез бүйректе тастардың түзілу қаупін, әсіресе қауіп факторлары бар пациенттерде азайтуы мүмкін. Дәрігер қажет деп тапса бүйрекке УДЗ жүргізілуі мүмкін. Бүйректе тас анықталған жағдайда ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату керек.
Бауыр функциясының бұзылуы
Балалар мен жасөспірімдерде АЛТ, АСТ, ГГТ және билирубин сияқты бауыр функциясы мен өт шығару жолдары көрсеткіштерінің жоғарылауы байқалды, бірақ бұл көрсеткіштердің жоғарылауындағы қандай да бір айқын заңдылық анықталған жоқ.
Дегенмен, бауыр тарапынан жағымсыз құбылыстардың пайда болуына күдіктенген кезде бауыр функциясына баға беру және ЗОРЕСАН® препаратын тоқтату мәселесін шешу керек.
Когнитивтік функциялар
Эпилепсиясы бар пациенттерде когнитивтік функциялардың бұзылуын негізгі аурумен және/немесе эпилепсияға қарсы препараттарды қолданумен байланыстырады.
Балалар мен жасөспірімдерде зонисамидті қолданумен плацебо-бақыланатын зерттеуде, когнитивтік функциялардың бұзылуы бар пациеттердің үлесі плацебо тобымен салыстырғанда зонисамид тобында сан жағынан жоғарырақ болды.
Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолданылуы