Дозалау режимі
Барлық пациенттер үшін тиісті дозалау режимі емге жеке жауапқа негізделеді.
Ауырсынулар: 2 немесе 3 қабылдауға бөлінген тәулігіне 8-16 мг лорноксикам. Ең жоғары ұсынылатын тәуліктік доза 16 мг құрайды.
Артроз және ревматоидты артрит: бастапқы ұсынылатын доза 2 немесе 3 қабылдауға бөлінген тәулігіне 12 мг лорноксикамды құрайды. Демеуші доза тәулігіне 16 мг лорноксикамнан аспауы тиіс.
Егде жастағы (65 жастан асқан) адамдарда дозаның арнайы модификациясы жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін іше отырып, тұтастай жұту керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы әр адамда жекеше. Қан жағдайына (гемоглобин), бүйрек функциясына (креатинин) және бауыр ферменттеріне үнемі бағалау жүргізу ұсынылады.
Зорника-8 препаратын ұзақ қолданған кезде шеткері қан көрінісін, сондай-ақ бауыр және бүйрек функциясының көрсеткіштерін бақылау қажет.
Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз құбылыстардың даму қаупін төмендету үшін барынша қысқа курспен ең төмен тиімді дозасын пайдалану керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгініңіз
Жағымсыз реакциялар сипаттамасы
Төменде байқалған жағымсыз реакциялар олардың кездесу жиілігімен атап көрсетілген: жиі (≥1/100- ден < 1/10-ға дейін ); жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100); сирек (≥ 1/10000, < 1/1000); өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз ( қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).
Инфекциялық және паразиттік аурулар
Сирек: фарингит
Қан және лимфа жүйесінің бұзылулары
Сирек: анемия, тромбоцитопения, лейкопения, қан кету уақытының ұзаруы
Өте сирек: қанталаулар, ҚҚСП, есептер бойынша нейтропения, агранулоцитоз, аплазиялық және гемолиздік анемия сияқты аса күрделі гематологиялық бұзылыстарға себеп болуы мүмкін
Иммундық жүйе бұзылулары
Сирек: жоғары сезімталдық, анафилактоидтық реакция және анафилаксия
Метаболизм және тамақтану бұзылулары
Жиі емес: анорексия, салмақ өзгерісі
Психика бұзылулары
Жиі емес: ұйқысыздық, депрессия
Сирек: сананың шатасуы, күйгелектік, қозу
Жүйке жүйесінің бұзылулары
Жиі: жеңіл немесе қысқа мерзімді бас ауыру, бас айналу
Сирек: ұйқышылдық, парестезия, дәм сезу өзгерісі, тремор, бас сақинасы
Өте сирек: көбінесе жүйелі қызыл жегісі немесе дәнекер тіннің аралас аурулары бар пациенттерде туындайтын асептикалық менингит
Көру мүшелерінің бұзылулары
Жиі емес: конъюнктивит
Сирек: көру қабілетінің бұзылуы
Есту мүшелерінің және құлақ лабиринті бұзылулары
Жиі емес: бас айналу, құлақтың шуылдауы
Жүрек тарапынан бұзылулар
Жиі емес: жүрек соғуының бұзылуы, тахикардия, жүрек жеткіліксіздігі, ісінулер
Тамыр бұзылулары
Жиі емес: дімкәстану, беттің ісінуі
Сирек: гипертония, ысынулар, қан кету, гематомалар
Тыныс алу ағзалары, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Жиі емес: ринит
Сирек: ентігу, жөтел, бронх түйілу
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі: іштің ауыруы, диспепсия, жүрек айну, құсу, диарея
Жиі емес: іш қату, метеоризм, кекіру, ауыздың кеберсуі, гастрит, асқазан ойық жарасы, іш аумағының ауыруы, дуоденальді ойық жара, ауыз қуысындағы ойық жаралар
Сирек: мелена, қан аралас құсу, стоматит, эзофагит, гастроэзофагеальді рефлюкс, дисфагия, афтозды стоматит, глоссит, асқазан мен ішек шырышты қабығының эрозиялы-ойық жарасы, соның ішінде тесілумен және қан кетумен болатын зақымданулары
Бауырдың фиброзды тінінің бұзылулары
Жиі емес: бауыр трансаминазаларының жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы
Өте сирек: бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, сарғаю, холестаз
Тері және тері асты тіні тарапынан бұзылулар
Жиі емес: бөртпе, қышыну, эритематозды бөртпе, есекжем және Квинке ісінуі, алопеция, тершеңдік
Сирек: дерматит және экзема, пурпура
Өте сирек: ісіну синдромы, буллездік реакция, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы
Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тін тарапынан бұзылулар
Жиі емес: артралгия
Сирек: сүйектердің ауыруы, бұлшықеттердің түйілуі, миалгия
Бүйрек және несеп жолдары тарапынан бұзылулар
Сирек: никтурия, несеп шығарудың бұзылуы, қан сарысуындағы креатинин және мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы
Өте сирек: бүйректің жедел жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит, нефроздық синдром
Жалпы бұзылулар және инъекция орнындағы реакциялар
Жиі емес: дімкәстану, беттің ісінуі
Сирек: астения
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz