Егер осы бөлімде көрсетілген жағдайлар болса, препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Егер препаратты қысқа уақыт кезеңінде, симптомдарды жою үшін қажетті ең аз тиімді дозада қабылдаса, жағымсыз әсерлерді барынша азайтуға болады.
Тыныс алу ағзаларына әсері
Бронх демікпесі немесе асқыну сатысындағы аллергиялық ауруы бар пациенттерде, сондай-ақ анамнезінде бронх демікпесі/аллергиялық ауруы бар пациенттерде препарат бронх түйілуіне түрткі болуы мүмкін.
Басқа ҚҚСП-мен бірге қолданылуы
Ибупрофенді басқа ҚҚСП-мен, атап айтқанда циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас ауруы
Препаратты жүйелі қызыл жегі немесе дәнекер тіннің аралас ауруы бар пациенттерде қолдану асептикалық менингиттің даму қаупінің жоғарылауымен байланысты.
Бүйрекке әсері
Препарат бүйрек жеткіліксіздігінің дамуымен бүйрек функциясының нашарлауына әкелуі мүмкін. Сусызданған балалар мен жасөспірімдерде бүйрек жеткіліксіздігі қаупі бар.
Бүйректің өзекшелік ацидозы және гипокалиемия жедел артық дозаланғанда және ибупрофен препараттарын, ұсынылған тәуліктік дозадан асатын дозаларды қоса, ұзақ уақыт бойы жоғары дозаларда (әдетте 4 аптадан астам) қабылдайтын пациенттерде пайда болуы мүмкін.
Бауырға әсері
Препарат бауыр функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Асқазан-ішек жолына (АІЖ) әсері
Анамнезінде АІЖ аурулары (спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы) болған пациенттерде ҚҚСП сақтықпен қолдану қажет, өйткені, бұл топтағы препараттарды пайдаланғанда аталған аурулар өршуі мүмкін.
ҚҚСП тобының кез келген препараттарын қолданғанда кез келген сәтте, ескертпе симптомдарының немесе анамнезде ұқсас асқынулардың болуы немесе болмауымен асқазан-ішектен (АІ) қан кету, ойық жаралар мен тесілу туындаған, соның ішінде өлімге әкелетін жағдайлар туралы хабарламалар бар.
Анамнезінде ойық жара ауруы бар, әсіресе қан кетумен немесе перфорациямен асқынған пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы адамдарда препаратты қолданғанда ҚҚСП жоғары дозаларын қолданумен байланысты АІ қан кету немесе ойық жара/перфорация қаупі жоғары. Пациенттердің аталған санаттарында емдеуді препараттың ең төменгі тиімді дозасынан бастаған жөн.
Аталған пациенттер үшін, сондай-ақ, аспириннің немесе АІ қауіпті арттыруы мүмкін басқа препараттардың төмен дозаларын қатарлас қабылдауды қажет ететін пациенттер үшін асқазанның шырышты қабығын қорғайтын дәрілік препараттар-протекторлармен (мысалы, мизопростолмен немесе протондық помпа тежегіштерімен) біріктіріп емдеу қарастырылуы тиіс.
Анамнезінде АІЖ тарапынан уыттылық көріністері болған, әсіресе, егде жастағы, пациенттер АІЖ тарапынан әдеттен тыс кез келген, әсіресе, емдеудің басындағы симптомдар (атап айтқанда, АІ қан кету жағдайында) туралы хабарлауы тиіс.
Ойық жара мен қан кету қаупін арттыруы мүмкін, оральді кортикостероидтар сияқты қатарлас препараттарды, варфарин сияқты антикоагулянттарды, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін немесе ацетилсалицил қышқылы сияқты антиагреганттық препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде сақтық таныту керек.
ИБУПРОФЕН-АКОС ем қабылдайтын пациенттерде АІ қан кету немесе ойық жара пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Жүрек-қантамыр жүйесі мен ми қан айналымына әсері
Артериялық гипертензиясы және/немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек) сұйықтықтың іркілуі, артериялық қысымның жоғарылауы және ҚҚСП қолдану аясында ісінудің пайда болуы туралы хабарларға байланысты препаратты сақтықпен қолдану ұсынылады.
Ибупрофенді, әсіресе жоғары дозада (күніне 2400 мг) пайдалану артериялық тромбоздық асқынулар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің аздаған жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Алайда төмен дозада (мысалы, күніне 1200 мг және одан кем) қабылдаған кезде ибупрофеннің артериялық тромбоздық асқынулардың туындауына әсері анықталмаған.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II-III), расталған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артерия аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерге ибупрофенді «пайда–қауіп» арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындау керек, бұл ретте ибупрофеннің жоғары дозаларын (тәулігіне 2400 мг артық) қолданудан аулақ болу керек.
Ұзақ емдеу курсы басталар алдында жүрек-қантамырлары жүйесі тарапынан қауіп факторлары бар ( мысалы, гипертония, гиперлипидемия, қант диабеті, темекі шегу), әсіресе ибупрофеннің жоғары дозалары (күніне 2400 мг) талап етілсе, пациенттердің жағдайын мұқият бағалау керек.
Ибупрофен алған пациенттерде Коунис синдромының жағдайлары туралы хабарланды. Коунис синдромы - коронарлық артериялардың тарылуымен байланысты және миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін аллергиялық немесе жоғары сезімталдық реакцияға қатысты салдарлы болатын, жүрек-қантамыр симптомдары ретінде анықталады.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (тыртықтар)
Эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), уытты эпидермалық некролиз (TEN) және эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS синдромы) сияқты терінің ауыр жағымсыз реакциялары (тыртықтар), сондай-ақ өмірге қауіп төндіруі мүмкін немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) ибупрофен қолданғанда тіркелген («ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар» бөл. қараңыз). Бұл реакциялардың көпшілігі бірінші айда дамыды.
Осы реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болса, ибупрофенді қабылдауды дереу тоқтатып, балама емдеуді қарастыру керек (қажет болғанда).
Жасырын инфекциялар симптомдарын бүркемелеу
ИБУПРОФЕН-АКОС инфекциялық аурудың симптомдарын, соның ішінде, жоғары температураны және ауыруды бүркемелеуі мүмкін, ол тиісінше ем басталуының тежелуіне және сол арқылы аурудың ағымын асқындыруы мүмкін. Бұл бактериялық ауруханадан тыс пневмонияда және желшешек кезіндегі бактериялық асқынуда байқалды.
ИБУПРОФЕН-АКОС препаратын дене температурасының жоғарылауы немесе инфекция кезінде ауырсынуды жеңілдету үшін қолданылған кезде, инфекциялық ауруға мониторинг жүргізу ұсынылады. Медициналық мекемелерден тыс емдеу жағдайында, егер симптомдар сақталса немесе күшейсе, пациент дәрігерге қаралуы тиіс.
Желшешек
Ерекше жағдайларда, желшешек тері мен жұмсақ тіндердің күрделі инфекциялық асқынуларының себебі болуы мүмкін. Бүгінгі күні осы инфекциялардың өршуіндегі ҚҚСП орнын жоққа шығаруға болмайды. Осылайша, ИБУПРОФЕН-АКОС препараты таблеткасын желшешек кезінде қолданудан аулақ болу ұсынылады.
Бас ауыруы
Бас ауыруы кезінде ауырғанды басатын дәрінің кез келген типін ұзақ уақыт қолдану оны ушықтырып жіберуі мүмкін. Егер мұндай жағдай туындаса немесе оған күдік болса, дәрігермен кеңесіп, емдеуді тоқтату керек. Бас ауыруына қарсы дәрілерді жүйелі түрде пайдаланып жүргеніне қарамастан (немесе байланысты) жиі немесе күн сайын басы ауыратын пациенттерде «дәрілерді шамадан тыс көп қабылдаудан бас ауыруы» диагнозына күдіктену керек.
Сақтықпен
ҚҚСП тромбоциттер функциясын бұзуы мүмкін болғандықтан, оларды миына қан құйылған және геморрагиялық диатезі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек функциясының нашарлауы қаупіне байланысты, бүйрек, бауыр және жүрек функциясы бұзылған пациенттер ҚҚСП сақтықпен қолдануы тиіс.
Егде жастағы пациенттер, жүкті әйелдер, демікпесі бар немесе дәрі-дәрмектік ем қабылдап жүрген пациенттер препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесуі тиіс.
Әйелдердегі фертильділіктін бұзылуы
Циклооксигеназа/простагландин синтезін тежейтін препараттар овуляцияға әсер ету арқылы әйелдер фертильділігінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл процесс емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды болады.
Арнайы ескертулер
Егер пациент темекі шегетін болса, препаратты қолдануды бастар алдында маманмен кеңесу керек.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттердің қолдануы
Егде жастағы тұлғаларда ҚҚСП қолдану аясында, әсіресе асқазан-ішектен қан кету мен тесілу, кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын жағымсыз реакциялардың жоғары жиілігі байқалады. Егде жастағы адамдарға ҚҚСП ұзақ уақыт емдеу ұсынылмайды
Емдеу кезінде пациент дәрігердің бақылауында болуы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ИБУПРОФЕН-АКОС препаратымен емдеу кезінде көлік құралын және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.