Егер Сіз келесі симптомдардың кез келгенін байқаған болсаңыз Ибуфен Д препаратын қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге хабарласыңыз:
• денедегі нысанаға ұқсас, қызарған, құрғамаған немесе көбінесе ортасында күлдіреуіктер болатын,терінің қабыршақтануымен, ауыз, тамақ, мұрын, гениталий мен көздің ойық жараларымен бірге жүретін дөңгелек дақтар. Бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін [эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз].
• жайылған бөртпе, дененің жоғары температурасы және лимфа түйіндерінің ұлғаюы (DRESS-синдромы)
• тері астындағы бұдырмен және күлбіреуіктермен, қызбамен бірге жүретін қызыл, қабыршақты жайылған бөртпе. Симптомдар әдетте емдеудің басында пайда болады (жедел жайылған экзантематозды пустулез).
Ибупрофенмен емдеу кезінде пайда болуы мүмкін басқа жағымсыз реакциялар:
Жиі
• іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, диарея, метеоризм, іш қату, қыжыл, құсуды қоса, асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар және сирек жағдайларда анемияға әкелетін асқазан-ішек жолынан қан кету
Жиі емес
• аса жоғары сезімталдық реакциялары: спецификалық емес аллергиялық реакциялар және анафилаксиялық реакциялар, демікпе, демікпенің өршуі, бронхтың түйілуі, ентігу, әртүрлі типтегі бөртпе, қышу, есекжем, пурпура, ангионевроздық ісіну
• бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық, ұйқысыздық, қозу, ашушаңдық немесе шаршауды қоса, орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
• көру қабілетінің бұзылулары
• тесілумен немесе қан кетумен асқазан-ішек жолының ойық жаралары, ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі және Крон ауруы, гастрит
• тері бөртпелерінің әртүрлі түрлері
Сирек
• құлақтың шыңылдауы
• бүйрек тінінің зақымдануы (бүйрек бүртікшелерінің некрозы), қандағы мочевина мен несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы
• гемоглобин деңгейінің төмендеуі
Өте сирек
• инфекциямен байланысты қабынудың өршуі (мысалы, некроздық фасцииттің дамуы), сирек жағдайларда препаратты желшешек кезінде қабылдағанда терінің ауыр инфекциялары мен жұмсақ тіндер тарапынан асқынулары дамуы мүмкін
• гемопоэздің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения және агранулоцитоз). Бірінші белгілер болып табылады: қызба, тамақ ауыруы, ауыз қуысының беткейлік ойық жаралары, тұмауға ұқсас симптомдар, айқын әлсіздік, мұрыннан қан кету, қан құйылу және шығу тегі белгісізқанталау. Мұндай жағдайларда препаратты қабылдауды тоқтату, анальгетиктермен және ыстықты басатын дәрілермен өз бетінше емделуден бас тарту және дәрігерге жүгіну ұсынылады
• беттің, тілдің және тамақтың ісінуі, ентігу, тахикардия және гипотензия (анафилаксия, ангионевроздық ісіну немесе ауыр шок)түрінде көрінетін ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары
• демікпенің өршуі
• психоздық реакциялар, депрессия
• асептикалық менингит: ҚҚСП қабылдау аясында асептикалық менингиттің даму механизмі толық анық емес, бірақ қолда бар деректер иммундық реакцияны көрсетеді (препаратты қабылдаумен уақытша байланыс негізінде және препаратты тоқтатқаннан кейін симптомдардың жоғалуы). Асептикалық менингит симптомдары дамуының жекелеген жағдайлары (мысалы, желке бұлшықетінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе сананың бұлыңғырлануы) ибупрофенді қабылдау кезінде аутоиммунды аурулары бар (мысалы, жүйелі қызыл жегі және дәнекер тінінің аралас ауруы) пациенттерде байқалғанын атап өту керек.
• жүрек жеткіліксіздігі, жүрек қағуының жиілеуі, ісіну, миокард инфарктісі
• артериялық гипертензия, васкулит
• эзофагит, ішектің жарғақшалық құрылымдарының қалыптасуы, панкреатит
• бауыр дисфункциясы, әсіресе ұзақ уақыт қабылдаған кезде бауырдың зақымдануы, бауыр жеткіліксіздігі, жедел гепатит
• алопеция
• ісіну, әсіресе артериялық гипертензиясы немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі ісіну, невроздық синдром, жедел бүйрек жеткіліксіздігімен бірге жүруі мүмкін интерстициальды нефрит
Белгісіз
• Кунис синдромы деп аталатын ықтимал ауыр аллергиялық реакцияның белгісі болуы мүмкін кеудедегі ауырсыну
• фотосезімталдық реакциялары.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz