Жиі
• іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, диарея, метеоризм, іш қату, қыжыл және сирек жағдайларда анемияға әкелуі мүмкін жеңіл асқазан-ішектен қан кетулерді қоса асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар.
Жиі емес
• аса жоғары сезімталдық реакциялары: спецификалық емес аллергиялық реакциялар және анафилаксиялық реакциялар, деміпке, демікпенің өршуі, бронхтүйілуі, ентігу, әртүрлі типтегі бөртпе, қышыну, есекжем, пурпура, ангионевроздық ісіну
• бас ауыруын, бас айналуын, ұйқышылдық, ұйқысыздық, қозу, ашушаңдық немесе шаршауды қоса орталық жүйке жүйесін тарапынан бұзылулар
• көру қабілетінің бұзылулары
• асқазан-ішек жолының ойық жаралары, тесілуі немесе қан кетуімен, ойық жаралы стоматит, колиттің және Крон ауруының өршуі, гастрит
• тері бөртпесінің алуан түрлері.
Сирек
• құлақтың шыңылдауы
• бүйрек тінінің зақымдануы (бүйрек бүртіктерінің некрозы), қандағы мочевина мен несеп қышқылының концентрациясының жоғарылауы
• гемоглобин деңгейінің төмендеуі.
Өте сирек
• инфекциямен байланысты қабынудың өршуі (мысалы, некролиздық фасцииттің дамуы), сирек жағдайларда препаратты желшешек кезінде қабылдағанда терінің ауыр инфекциялары және жұмсақ тіндер тарапынан асқынулар дамуы мүмкін
• гемопоэз бұзылулары (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения және агранулоцитоз). Алғашқы белгілер: қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысының беткейлі ойық жаралары, тұмауға ұқсас симптомдар, айқын әлсіздік, мұрыннан қан кету, белгісіз этиологиядағы қан кетулер мен қанталаулар болып табылады. Мұндай жағдайларда препаратты қабылдауды тоқтату, анальгетиктермен және ыстық түсіретін дәрілермен кез келген өзін-өзі емдеуден бас тарту тиіс және дәрігерге жүгіну ұсынылады
• беттің, тілдің және тамақтың ісінуі, ентігу, тахикардия және гипотензия (анафилаксия, ангиневроздық ісіну немесе ауыр шок) түрінде көрінетін ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары
• демікпенің өршуі
• психоздық реакциялар, депрессия
• асептикалық менингит: ҚҚСП қабылдау аясында асептикалық менингиттің даму механизмі толық анық емес, бірақ қолда бар деректер иммундық реакцияны көрсетеді (препаратты қабылдаумен және препаратты тоқтатқаннан кейін симптомдардың жоғалуымен уақытша байланыс негізінде). Айта кету керек, асептикалық менингит симптомдарының жекелеген жағдайлары (мысалы, шүйде бұлшықетінің қаттылығы, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе сананың бұлыңғырлығы) аутоиммунды аурулары бар (мысалы, жүйелі қызыл жегімен және дәнекер тіннің аралас ауруымен) пациенттердің ибупрофен қабылдаған кезде байқалды.
• жүрек жеткіліксіздігі, жүректің жиі соғуы, ісіну, миокард инфарктісі
• артериялық гипертензия, васкулит
• эзофагит, ішектің жарғақшалық құрылымдарының қалыптасуы, панкреатит
• бауыр дисфункциясы, бауырдың зақымдануы, әсіресе ұзақ уақыт қабылдаған кезде, бауыр жеткіліксіздігі, жедел гепатит
• денеде қызылдау біркелкі емес, нысанаға немесе дөңгелек дақтарға ұқсайтын, көбінесе ортасында күлбіреуіктермен, терінің қабыршықтануымен, ауыздың, тамақтың, мұрынның, гениталийлер мен көздің ойық жаралары. Бұл ауыр тері бөртпелерінен бұрын қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін [эксфолиативтік дерматит, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз].
• алопеция
• ісінулер, әсіресе артериялық гипертензиясы немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, нефроздық синдром, интерстициальді нефрит, олар бүйректің жедел жеткіліксіздігімен бірге жүруі мүмкін.
Белгісіз
• тыныс алу жолдарының гиперреактивтілігі, соның ішінде демікпе, бронхтүйілу немесе ентігу
• кеудедегі ауырсыну, бұл Кунис синдромы деп аталатын ықтимал ауыр аллергиялық реакцияның белгісі болуы мүмкін
• жайылған бөртпе, дене қызуының жоғарылауы және ұлғайған лимфа түйіндері (DRESS-синдромы)
• тері астындағы күлбіреуіктермен және қызбамен бірге жүретін төмпешіктері бар қызыл, қабыршақты кең таралған бөртпе. Симптомдар әдетте емдеудің басында пайда болады (жедел жалпыланған экзантематозды пустулез)
• фотосезімталдық реакциялары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz