Жағымсыз реакциялардың даму қауіптерін барынша азайту мақсатында ибупрофенді ең аз тиімді дозада және клиникалық әсерге қол жеткізу үшін қажетті ең аз қысқа кезең бойы қабылдаған жөн.
Жағымсыз реакциялар туралы ақпарат жүйелік-ағзалық жіктелуге және кездесу жиілігіне сәйкес ұсынылған. Кездесу жиілігі мынадай схема бойынша анықталды: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, бірақ <1/10), жиі емес (≥1/1 000, бірақ <1/100), сирек (≥1/10 000, бірақ <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жағымсыз реакциялар негізінен дозаға тәуелді болып табылады. Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялар жиі байқалады.
Төменде аталған жағымсыз реакциялар ибупрофенді тәулігіне 1200 мг аспайтын дозада қысқа мерзімде қабылдау кезінде байқалды.
Жүйелік-ағзалық класс — Жиілік — Жағымсыз реакциялар
Инфекциялар мен инвазиялар — Өте сирек — Инфекциядан туындаған қабыну процесінің өршуі (мысалы, некроздық фасцииттің дамуы), ерекше жағдайларда, желшешек ауруы кезінде тері мен жұмсақ тіндердің күрделі асқынулары туындауы мүмкін.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Өте сирек — Анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз. Мұндай бұзылулардың алғашқы симптомдары қызба, тамақ ауруы, беткейлік жаралар, тұмауға ұқсас симптомдар, қатты әлсіздік, мұрыннан қан кету және тері астындағы қан құйылу.
Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар — Жиі емес — Есекжем және қышыну.
Өте сирек — Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары, оның ішінде беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, тұншығу, тахикардия, гипотония (анафилаксия, Квинке ісінуі немесе анафилаксиялық шок).
Жиілігі белгісіз — Тыныс алу жолдарының реакциясы: бронх демікпесі, оның ішінде оның өршуі, бронх түйілуі, ентігу.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Жиі емес — Бас ауыруы.
Өте сирек — Асептикалық менингит (көбінесе жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас аурулары сияқты аутоиммундық аурулары бар пациенттерде) желке бұлшықетінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба және бағдарсыздық симптомдарымен.
Жүрек тарапынан бұзылулар — Жиілігі белгісіз — Жүрек жеткіліксіздігі және ісіну, Коунис синдромы
Қантамыр тарапынан бұзылулар — Жиілігі белгісіз — Артериялық гипертензия.
Асқазан-ішек бұзылыстары — Жиі емес — Іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия.
Сирек — Диарея, метеоризм, іш қату, құсу.
Өте сирек — Асқазан мен ішек ойық жарасы, қарамай тәрізді нәжіс, асқазан-ішек жолының тесілуі немесе қан кетуі, ойық жаралы стоматит, гастрит.
Жиілігі белгісіз — Колит пен Крон ауруының өршуі.
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Өте сирек — Бауыр функциясының бұзылуы, гепатит, сарғаю, «бауыр» трансаминазаларының белсенділігінің жоғарылауы.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар — Жиі емес — Түрлі тері бөртпелері.
Өте сирек — Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (мультиформалы эритеманы, қабыршақтайтын дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса).
Жиілігі белгісіз — Эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS синдромы), жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП), фотосезімталдық реакциялары.
Бүйрек және несеп шығару жолының тарапынан бұзылулар — Өте сирек — Жедел бүйрек жеткіліксіздігі, папиллярлық некроз, әсіресе ұзақ қолданған кезде, қан сарысуындағы мочевина деңгейінің жоғарылауымен және ісінумен қатар жүреді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz