Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі
Адамның қалыпты иммуноглобулинінен туындаған жағымсыз реакцияларға (жиілігі төмендеумен) мыналар жатады:
- қалтырау, бас ауыру, бас айналу, қызба, құсу, аллергиялық реакциялар, жүрек айну, артралгия, төмен артериялық қысымы және белдің орташа ауыруы
- қайтымды гемолиздік реакциялар; әсіресе A, B және AB қан топтары бар және құюды талап ететін гемолиздік анемиясы (сирек) бар пациенттерде
- (сирек) артериялық қысымның кенеттен төмендеуі және жекелеген жағдайларда, анафилаксиялық шок, пациентте алдыңғы емдеуге аса жоғары сезімталдық байқалмаса да
- (сирек) өткінші тері реакциялары (терінің қызыл жегісін қоса - жиілігі белгісіз)
- (өте сирек) миокард инфарктісі, инсульт, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, терең вена тромбоздары сияқты тромбоэмболиялық реакциялар
- қайтымды асептикалық менингит жағдайлары
- сарысу креатинині деңгейінің жоғарылауы және/немесе бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің туындау жағдайлары
- өкпенің трансфузиядан кейінгі жедел зақымдану синдромы (TRALI)
Кесте түріндегі жағымсыз реакциялар тізбесі
Төменде берілген кестелер MedDRA жүйелік-ағзалық жіктемесіне сәйкес келеді (ЖАЖ және дұрыс термин).
Кестеде клиникалық сынақтар барысында тіркелген жағымсыз реакциялар, және төменде бақылаудың пост-маркетингтік кезеңінде тіркелген жағымсыз реакциялар көрсетілген.
Туындау жиілігі келесі шарттарға сәйкес бағаланды: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолжетімді деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Клиникалық сынақтарда тіркелген жағымсыз әсерлердің жиілігі инфузияға пайыздық көрсеткіштерге (инфузиялардың жалпы саны: 1189) негізделген.
Маркетингтен кейінгі кезеңде байқалған жағымсыз әсерлер белгісіз жиілікпен атап көрсетілген, өйткені жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар маркетингтен кейінгі кезеңде ерікті түрде түскен және белгісіз мөлшердегі популяциядан алынған және мұндай реакциялардың жиілігін сенімді бағалау мүмкін емес.
Қауіпсіздік дерекқорының көзі (мысалы, клиникалық зерттеулерден, тіркеуден кейінгі қауіпсіздік зерттеулерінен және/немесе кездейсоқ хабарламалардан).
1-кесте Клиникалық сынақтардан алынған жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі
MedDRA бойынша жүйелік-ағзалық жіктемесі (ЖАЖ) — Жағымсыз әсер — Пациентке біліну жиілігі — Инфузияға біліну жиілігі
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Бас ауыруы, ұйқышылдық — Жиі — Сирек
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Жүрек айнуы — Жиі — Сирек
Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар — Арқаның ауыруы — Жиі — Жиі емес
Миалгия — Жиі — Сирек
Жалпы бұзылулар және енгізген орындағы реакциялар — Астения, дімкәстік, гипертермия — Жиі — Сирек
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- асептикалық менингит
- гемолиз, гемолиздік анемия
- анафилаксиялық шок, аса жоғары сезімталдық
- сананың шатасуы
- ми қанайналымының бұзылуы, бас ауыру, бас айналу, тремор, парестезия
- миокард инфарктісі, цианоз, тахикардия, брадикардия, жүрек қағуы
- терең веналар тромбозы, эмболия, гипотония, гипертония, бозару
- өкпе артериясының тромбоэмболиясы, өкпе ісінуі, бронх түйілуі, ентігу, жөтел
- құсу, диарея, жүрек айну, іштің ауыруы
- ангионевроздық ісіну, есекжем, эритема, дерматит, бөртпе, қышыну, экзема, гипергидроз
- артралгия, арқаның ауыруы, миалгия, мойынның ауыруы, қаңқа-бұлшықет сіресуі
- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі
- енгізу орнындағы флебит, гипертермия, қалтырау, кеудедегі ауырсыну, беттің ісінуі, дімкәстік
- артериялық қысымның төмендеуі, қандағы креатининнің жоғарылауы
Инфекцияның трансмиссивті қоздырғыштарына қатысты қауіпсіздікке байланысты "Арнайы сақтандырулар" бөлімді қараңыз.
Балалар
Балалардағы жағымсыз реакциялардың жиілігі, типі және айқындылық дәрежесі ересектердегідей болады деп күтілуде.
Уақытша глюкозурия балаларда И.Г.Вена препаратын енгізгеннен кейін байқалды.
Бұл И.Г.Вена препаратының құрамындағы мальтозаға байланысты және бүйрек түтікшелерінің жасқа байланысты механизмі болып табылатын глюкозаны қайта сіңіру қабілетінің әртүрлі болуына байланысты болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медициналық қызметкерге, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz