Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления раствора для внутривенного введения
Дозасы
1 г
Саудалық атауы
Изипенем
Әсер етуші зат
Меропенем
Мақсаты
Ауыр, оның ішінде ауруханалық және ӨЖЖ астасқан пневмонияларда
Өндіруші
БКРС Фарма Пвт. Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
белсенді зат–1000 мгсусыз меропенемге баламалы меропенем тригидраты,
қосымша зат –90,2 мг натрий (натрий карбонаты түрінде).
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі кристалды ұнтақ.
Изипенем 3 айдан асқан балалар мен ересектерде мынадай ауруларды емдеу үшін көрсетілген:
• ауыр, оның ішінде ауруханалық және ӨЖЖ астасқан пневмонияларда;
• муковисцидоздан зардап шегетін пациенттердегі өкпе және бронх инфекцияларында;
• несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында;
• құрсақ қуысының асқынған инфекцияларында;
• босану кезіндегі және босанудан кейінгі инфекцияларда;
• тері және жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында;
• жедел бактериялық менингит.
Изипенем нейтропениядан зардап шегетін пациенттерде бактериялық инфекциямен байланысты деп болжанатын қызба кезінде қолданылуы мүмкін.
Жоғарыда аталған инфекциялар типімен байланысты Изипенем қан тасымалы жүйесінің бактериялық инфекциясын емдеуде қолданылуы мүмкін.
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы басқа бета-лактамды препараттар. Карбапенемдер. Меропенем.
АТХ коды J01DH02
Әсер ету механизмі
Меропенем пенициллинді байланыстырушы ақуыздарды (ПБА) байланыстыру есебінен грамоң және грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасының синтезін басу арқылы бактерицидті әсер көрсетеді.
Фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының байланысы
Басқа да бета-лактамды антибиотиктер сияқты, ең жоғары тиімділігі меропенемнің концентрациясы ЕТБК (T > ЕТБК) асатын кездегі уақытпен үйлеседі. Меропенем қан плазмасында сәйкес микроорганизмдер үшін дозалау аралығының шамамен 40 %-на ЕТБК-ден асатын концентрацияларда белсенділік көрсетті. Мақсатты мәні клиникалық тұрғыда анықталған жоқ.
Төзімділіктің даму механизмі
Меропенемге төзімділік мынадай факторларға байланысты болуы мүмкін: (1) пориндер синтезінің азаюына байланысты грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасының өткізгіштігінің азаюы; (2) мақсатты ПБА ұқсастығының азаюы; (3) эффлюкс-жүйелердің экспрессиясының күшеюі; (4) бета-лактамазалар өндіру, олардың әсерімен карбапенемдердің гидролизі жүреді.
Меропенемге және хинолондарға, аминогликозидтерге, макролидтерге, тетрациклиндерге спецификалы айқаспалы төзімділік жоқ. Бірақ жасуша қабырғасының өткізбеушілігінде және/немесе эффлюкс белсенділенгенде бактериялар бір кластан көбірек бактерияға қарсы дәрілерге төзімділік танытуы мүмкін.
Жүре пайда болған резистенттіліктің таралуы жекелеген түрлердің географиялық орналасуы мен уақытына байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан резистенттілік туралы жергілікті ақпараттың, әсіресе ауыр инфекцияларды емдеуде болғаны жөн. Қажет болса, резистенттіліктің жергілікті таралуы препараттың инфекциялардың кем дегенде бірнеше инфекциялардың кейбір түрлерінде пайдасы күмәнді болса, қажет болған жағдайда маманнан кеңес алу керек.
Шекті концентрациялар
Антибиотикограммаларға арналған ЕТБК (ең төмен бәсеңдеткіш концентрация) интерпретациялық критерийлерін меропенемге арналған микробқа қарсы сезімталдықты тексеру жөніндегі Еуропалық комитет (EUCAST) белгіледі және осында келтірілген:
https://www.ema.europa.eu/documents/other/minimum-inhibitory-concentration-mic-breakpoints_en.xlsx
Алынған резистенттіліктің таралуы жекелеген түрлер бойынша географиялық ерекшеліктер мен уақыт кезеңіне байланысты өзгеруі мүмкін; сондықтан, әсіресе ауыр инфекцияларды емдеу кезінде, жергілікті резистенттіліктің таралуы туралы ақпараттың болуы маңызды. Қажет болған жағдайда, белгілі бір инфекциялар түрлеріне қатысты препаратты қолданудың орындылығы жергілікті резистенттілік деңгейіне байланысты күмән тудырған кезде, мамандандырылған қорытынды алу ұсынылады.
Келесі патогендердің тізімі клиникалық тәжірибе мен терапиялық ұсынымдардың негізінде құрастырылған.
Төменде келтірілген патогендік кесте клиникалық тәжірибе мен терапиялық ұсынымдардың негізінде құрастырылған.
Әдеттегі сезімталтүрлер
Грамоң аэробтар
Enterococcus faecalis
Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал)
Стафилококктардың түрлері (метициллинге сезімтал), Staphylococcus epidermidis қоса
Streptococcus agalactiae (B тобы)
Streptococcus milleriтобы (S. anginosus, S. constellatusИ S. intermedius)
Streptococcus pneumoniae
Streptococcuspyogenes (А тобы)
Грамтерісаэробтар
Citrobacter freundii
Citrobacter koseri
Enterobacter aerogenes
Enterobacter cloacae
Escherichia coli
Haemophilus influenzae
Klebsiella oxytoca
Klebsiellapneumoniae
Morganellamorganii
Neisseriameningitidis
Proteusmirabilis
Proteus vulgaris
Serratia marcescens
Грамоңанаэробтар
Clostridium perfringens
Peptoniphilusasaccharolyticus
Peptostreptococcusтүрлері (P. micros, Panaerobius, P. magnusқоса)
Грамтерісанаэробтар
Bacteroides caccaе
Bacteroides fragilis тобы
Prevotella bivia
Prevotella disiens
Жүре пайда болған резистенттілігі проблема тудыруы мүмкін түрлер
Грамоң аэробтар
Enterococcus faecium*
Грамтеріс аэробтар
Түрлері
Acinetobacter
Burkholderiacepacia
Pseudomonas aeruginosa
Туа біткенрезистенттілігібарорганизмдер
Грамтерісаэробтар
Stenotrophomonas maltophilia
Legionellaтүрлері
Басқамикроорганизмдер
Chlamydophila pneumoniae
Chlamydophila psittaci
Coxiellaburnetii
Mycoplasmapneumoniae
* Шығу тегібойынша аралықсезімталдықтыкөрсететінтүрлер
#Барлықметициллингерезистентті стафилококктармеропенемгетөзімді
Маңқажәнемелиоидоз: Меропенемдіадамдақолдану B. mallei және B. pseudomallei in vitro сезімталдығы туралы деректерге және адамда қолдану туралы шектеулі деректерге негізделген. Емдеуші дәрігерлер маңқаны және мелиоидозды емдеу туралы ұлттық және/немесе халықаралық консенсустық құжаттарға сүйенуі тиіс.
Дозалау режимі
Әрқашан бұл препаратты дәрігер, фармацевт немесе мейіргердің ұсынуы бойынша қолданыңыз. Егер сізде препаратты қолдану туралы күмән бар болса, дәрігермен, фармацевтпен немесе мейіргермен кеңесіңіз.
• Ересектерде қолданылуы
• Доза инфекцияның түріне, инфекция анықталған ағзаға және инфекцияның ауырлығына байланысты. Дәрігер қажетті дозаны анықтайды.
• Ересектерге ұсынылған доза әдетте 500 мг (миллиграмм) 2 г-ға (грамм) дейінді құрайды. Әдетте препараттың дозасын әрбір 8 сағат сайын енгізеді. Бүйрек аурулары болған жағдайда дәрігер препараттың төмендетілген дозасын тағайындай алады.
Балалар мен жасөспірімдерде қолдану
• 3 айдан 12 жасқа дейінгі балалар үшін доза сәбидің жасы мен дене салмағын ескере отырып анықталады. Әдетте Изипенем сәбидің дене салмағының әрбір килограммына (кг) 10 мг-нан 40 мг-ға дейінгі дозада тағайындайды. Әдетте препараттың дозасын әрбір 8 сағат сайын енгізеді. Салмағы 50 кг астам балаларға ересектерге арналған дозаны тағайындайды.
Енгізу әдісі және жолы
• Изипенемпрепаратын ірі венаға инъекция немесе инфузия түрінде енгізеді.
• Әдетте Изипенемпрепаратындәрігер немесе мейіргер енгізеді.
• Препараттыенгізужөніндегінұсқаулық осы қосымшапарақтакелтіріледі. Әрқашан фармацевтпен немесе мейіргермен кеңесіңіз.Изипенем препаратын әркез тек дәрігер ұсынған сияқты қолданыңыз. Егер сізде күмән бар болса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
• Бұл инъекциялық препаратты шприцте басқа дәрілік препараттар мен араластыруға немесе қосуға болмайды.
• Препаратты шамамен 5 минут немесе 15-30 минут бойы енгізуге болады. Емдеуші дәрігер Изипенем препаратын қалай енгізетінін айтып береді.
• Препаратты күнсайын бір уақытта енгізу маңызды.
Төменде берілген ақпарат тек медицина қызметкерлеріне арналған.
Препаратты дайындау
•Препаратты басқа сұйықтықпен (сұйылту) араластыру керек. Сіздің дәрігер сізге қанша сұйылтқышты пайдалану керек екенін айтады.
•Препаратты дайындағаннан кейін бірден пайдаланыңыз. Мұздатып қатыруға болмайды.
1. Қолды жуып, оларды мұқият құрғатыңыз. Таза жұмыс орнын дайындаңыз.
2. Изипенем бөтелкесін (құтысын) қаптамадан алып шығыңыз. Құтыны және жарамдылық мерзімі өткен күнді тексеріңіз. Құтының бүтіндігін және зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
3. Түрлі-түсті қақпақты алып, сұр резеңке тығынды спиртке суланған сүрткімен сүртіңіз. Резеңке тығынды құрғатыңыз.
4. Жаңа стерильді инені ұшына қол тигізбей жаңа стерильді шприцке салыңыз.
5. Шприцке инъекцияға арналған стерильді судың ұсынылған мөлшерін сорып алыңыз. Сұйықтықтың қажетті мөлшері төмендегі кестеде көрсетілген:
Изипенем дозасы — Сұйылту үшін инъекцияға арналған судың қажетті мөлшері
500 мг (миллиграмм) — 10 мл (миллилитр)
1 г (грамм) — 20 мл
1,5 г — 30 мл
Ескерту. Егер Изипенем препаратының тағайындалған дозасы 1 г-нан асса, Изипенем препаратының 1-ден астам құтысын пайдалану қажет болады. Бұл жағдайда құтыдан сұйықтықты бір шприцке алуға болады.
6. Шприц инесін сұр резеңке тығынының ортасына салыңыз және құтыға инъекцияға арналған ұсынылатын су мөлшерін немесе Изипенем құтысына енгізіңіз.
7. Инені құтыдан алыңыз және құтыны барлық ұнтақ ерігенше 5 секунд бойы жақсылап шайқаңыз. Сұр резеңке тығынды спиртте жаңа суланған сүрткімен сүртіңіз және резеңке тығынды кептіріңіз.
8. Шприцтің толық түсірілген поршень жағдайында инені тағы да құтыға сұр резеңке тығыны арқылы енгізіңіз. Содан кейін шприц пен құтыны ұстап тұрып, құтыны төңкеріңіз.
9. Иненің ұшын сұйықтыққа ұстап тұрып, шприцтің поршенін құтының барлық сұйықтығы шприцке түсетіндей етіп кейін қарай тартыңыз.
10. Ине мен шприцті құтыдан алып, бос құтыны қауіпсіз жерге тастаңыз.
11. Инені жоғары қаратып шприцті тік ұстаңыз. Барлық сұйықтық көпіршіктері шприцтің жоғарғы бөлігіне көтерілу үшін шприцті шертіңіз.
12. Барлық ауа шықпағанша, поршеньге сәл басып тұру арқылы шприцтен барлық ауаны шығарыңыз.
13. Егер сіз үйде Изипенем пайдалансаңыз, барлық инелер мен инфузиялық жүйелерді тиісті түрде утилизациялаңыз. Егер дәрігер емдеуді тоқтатуды шешсе, пайдаланылмаған Изипенем препаратын тиісті түрде утилизациялаңыз.
Инъекция жүргізу
Бұл препаратты қысқа канюля немесе венфлон арқылы, сондай-ақ порт немесе орталық катетер арқылы енгізуге болады.
Қысқа канюля немесе венфлон арқылы Изипенем енгізу
1. Инені шприцтен алып тастаңыз және инені өткір қалдықтарға арналған ыдысқа мұқият тастаңыз.
2. Қысқа канюляның немесе венфлонның ұшын спиртке суланған сүрткімен сүртіңіз және оны құрғатыңыз. Канюля қақпағын ашып, шприцті салыңыз.
3. 5 минут бойы тұрақты жылдамдықпен антибиотик енгізе отырып, шприцтің поршеньіне баяу басыңыз.
4. Антибиотик енгізгеннен кейін және шприц босаған соң, шприцті алып тастаңыз және емдеуші дәрігер немесе мейіргер ұсынғандай жууды пайдаланыңыз.
5. Канюляның қақпағын жабыңыз және шприцті сақтықпен өткір қалдықтарға арналған шелек ішіне тастаңыз.
Порт немесе орталық катетер арқылы Изипенеменгізу
1. Порттағы немесе катетердегі қақпақты алып тастаңыз, спиртте суланған сүрткімен катетердің ұшын сүртіңіз және құрғатыңыз.
2. Шприцті салыңыз және шприцтің поршеніне баяубасыңыз, 5 минут бойы тұрақты жылдамдықпен антибиотик енгізеді.
3. Антибиотиктерді енгізгеннен кейін шприцті алып, емдеуші дәрігер немесе мейірбикеге ұсынғанда шаюды пайдаланыңыз.
4. Орталық катетерді жаңа таза қақпақпен жабыңыз және шприцті абайлап өткір қалдықтарға арналған шелекке тастаңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
• Егер сіз бір инъекцияны өткізіп алсаңыз, препаратты мүмкіндігінше тезірек енгізу керек. Алайда, егер келесі дозаны енгізу уақыты келіп қалса, өткізіп алған дозаны енгізбеңіз.
• Өткізілген дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны (бірден екі инъекция) енгізуге болмайды.
Тоқтату симптомдары қаупінің бар екендігі туралы нұсқау
Бұл туралы дәрігер айтқанға дейін Изипенем қолдануды тоқтатпаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін айқындау үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін ұсынымдар
• Осы дәрілік препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар болған жағдайда дәрігермен, фармацевтпен немесе мейіргермен кеңесіңіз.
• меропенемге немесе осы дәрілік препараттың қандай да бір басқа компонентіне аллергияның (аса жоғары сезімталдық) болуы;
• пенициллиндер, цефалоспориндер немесе карбапенемдер сияқты басқа антибиотиктерге аллергияның болуы (аса жоғары сезімталдық), өйткені бұл жағдайда меропенемге де аллергия болуы мүмкін;
• жүктілік және лактация кезеңі;
• 3 айға дейінгі балалық жас.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-ден < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-ден < 1/1000-ге дейін), өте сирек (< 1/10000),белгісіз (бар деректердің негізінде анықтау мүмкін емес).
Жиі
• іштің ауыруы (асқазан)
• жүрек айнуы, құсу
• диарея
• бас ауыруы
• тері бөртпесі, тері қышынуы
• ауыру және қабыну
• қандағы тромбоциттер санының жоғарылауы
• қан сарысуындағы аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, сілтілі фосфатаза, лактат-дегидрогеназа концентрациясының жоғарылауы
Жиі емес
• тромбоциттер санының азаюы, лейкоциттер санының артуы, басқа лейкоциттер санының төмендеуі, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, билирубин деңгейінің жоғарылауы
• қан сарысуындағы креатининнің жоғары деңгейі
• қан сарысуындағы мочевина деңгейінің жоғарылауы
• шаншу (шымырлау) сезімі
• ауыз қуысының инфекциялары немесе зеңнен (кандидоз) туындаған
қынап инфекциялары
• ішектің диареямен қабынуы
• енгізілген жердегі венадағы ауырсыну
• қандағы басқа өзгерістер. Симптомдарыжиіинфекциялар, температураның жоғарылауы және тамақтың ауыруы болуы мүмкін. Мезгіл-мезгіл дәрігер қан талдауын тағайындайалады.
• анафилаксия, ангионевроздық ісіну
• уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, есекжем
Сирек
• ұстамалар (құрысулар)
• жедел бағдар жоғалту және сананың шатасуы (делирий)
• қандағы калий деңгейінің төмендеуі (әлсіздікке, бұлшықет түйілуіне, шаншуға және жүрек ритмінің бұзылыстарына әкелуі мүмкін).
• бауыр мен байланысты мәселелер. Терінің және көздің сарғаюы, терінің қышуы, зәрдің қара түске боялуы немесе нәжістің ашық түсті болуы. Егер сіз осы белгілердің немесе симптомдардың кез келгенін байқасаңыз, дереу дәрігерге жүгініңіз
Белгісіз
– эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция, жедел жайылған экзантематозды пустулез
• рабдомиолиз
Бала жастағы пациенттер
Изипенемпрепаратын 3 айдан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген. Балалардағы қандай да бір жағымсыз реакциялар қаупінің жоғарылығы жеткілікті зерттелмеген. Алынған хабарламалардың барлығы ересектерде анықталған құбылыстар туралы мәліметтерге сәйкес келді.
Осы типтегі басқа дәрілік препараттарды қолдану кезінде байқалған кеуде қуысының кенеттен ауыруы,әлеуетті ауыр аллергиялық реакция -Коунис синдромының белгісі болуы мүмкін. Егер бұл симптом туындаған болса, дереу дәрігерге немесе мейіргерге хабарласыңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей электронды пошта:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Егер сіз кездейсоқ тағайындалғаннан гөрі көбірек Изипенем алған болсаңыз, дереу дәрігерге немесе жақын жердегі клиникаға жүгініңіз.
• Изипенем препаратын қабылдау алдында мына жағдайлар:
• денсаулықта кінәраттар болса, мысалы, бауыр немесе бүйрек аурулары;
• басқа антибиотиктерді қабылдаудан кейін ауыр диарея дамуы;
• құрысу ұстамаларының дамуы болса өзініздің емдеуші дәрігеріңізден, фармацевтен немесе мейіргерден кеңес алу қажет.
Эритроциттерді бұзатын антиденелердің болуын көрсететін талдаудың оң нәтижесі болуы мүмкін (Кумбс реакциясы). Бұл мәселені дәрігермен талқылау қажет.
Егер сіз терінің және көздің сарғаюын, терінің қышуын, зәрдің қара түсін немесе нәжістің ашық түсін байқасаңыз, дәрігерге хабарлаңыз. Бұл сіздің дәрігеріңіз тексеруі керек бауыр проблемаларының белгісі болуы мүмкін.
Ауыр тері реакцияларының белгілері мен симптомдары дамуы мүмкін. Мұндай реакциялар туындаған кезде тиісті ем тағайындау үшін дереу дәрігерге немесе мейірбикеге жүгіну қажет.
Егер Сіз түсіндіруге келмейтін бұлшықет ауыруын, ауырсынуды немесе әлсіздікті және/немесе күңгірт түсті несепті байқасаңыз, бұл туралы дереу дәрігеріңізге хабарлаңыз. Бұл бүйрек тарапынан қиындықтарға әкелуі мүмкін бұлшықеттің ыдырауының белгілері (рабдомиолиз деп аталатын) болуы мүмкін.
Егер жоғарыда келтірілген ақпаратқа қатысты күмән болса, Изипенем қолданар алдында емдеуші дәрігерге немесе мейіргерге жүгіну қажет.
Балаларда қолдану
Меропенем 3 айдан асқан балаларда қолдануға рұқсат етілген. Шектеулі қол жетімді деректер негізінде препаратты балаларда қолдану кезінде қандай да бір қолайсыз реакцияның пайда болу қаупінің жоғары екендігі туралы дәлелдер жоқ. Алынған барлық деректер ересек пациенттерде байқалған жағымсыз реакцияларға сәйкес келді.
Натрий
Препараттың бір құтысында препарат құрамында 90.2 мг натрий (натрий карбонаты түрінде) бар, тұзсыз диета ұстап жүрген адамдарда абайлап қолдану керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Дәрілік өзара әрекеттесулерді зерттеу тек ересек пациенттерде ғана жүргізілді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
• Препараттың автокөлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
• Изипенем қабылдауы бас ауыруы және терінің шымылдауы немесе шаншуымен (парестезия) қоса жүруі мүмкін. Осы жағымсыз әсерлердің кез келгені автомобильді және басқа да механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
• Изипенем бұлшықеттердің еріксіз тартылуын тудыруы мүмкін, бұл дененің тез және бақыланбайтын діріліне (құрысуға) әкелуі мүмкін. Бұл ретте, әдетте естен тану болуы мүмкін. Мұндай жағымсыз әсердің пайда болуы кезінде автокөлік құралын басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе баланы емізсеңіз, жүктіліктің болуын болжасаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, осы препаратты қабылдау алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Жүктілік
Жүктілік кезінде меропенемді қолданудан аулақ болу керек.
Изипенем қолдану туралы шешімді сіздің дәрігеріңіз қабылдауы тиіс.
Емшекпен емізу
• Меропенемді қабылдар алдында бала емізіп жүрсеңіз немесе болашақта емізетін болсаңыз, емдеуші дәрігерге хабарлау қажет. Бұл препараттың аз мөлшері емшек сүтіне енуі мүмкін. Сондықтан Изипенем препаратын емшекпен емізу кезінде қолдану туралы шешімді дәрігер қабылдауы тиіс.
Пробенецидтен басқа нақты дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.
Пробенецид белсенді өзекшелік секреция үшін меропенеммен бәсекелеседі, бүйрекпен шығарылуын тежейді және меропенемнің жартылай шығарылу кезеңі мен плазмалық концентрациясының артуына әкеледі. Изипенемді және пробенецидті бір мезгілде енгізу сақтықты талап етеді. Басқа препараттардың ақуыздармен байланысуына Изипенем препаратының ықтимал әсері немесе метаболизмі зерттелген жоқ. Изипенем препаратының ақуыздармен байланысуы өте елеусіз болғандықтан, плазма ақуыздарынан ығыстыруға негізделген басқа препараттармен өзара әрекеттесуі болмауы тиіс.
Вальпрой қышқылын/натрий вальпроатын/вальпромидті карбапенемдермен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Пероральді антикоагулянттар
Антибиотиктер мен варфаринді бір мезгілде қолданғанда соңғысының антикоагулянттық белсенділігі күшейтіледі. Пероральді антикоагулянттардың, соның ішінде варфариннің, антибиотиктерді бір мезгілде алған пациенттерде ұюға қарсы әсерінің күшейгені туралы көп рет хабарланды. Қаупі инфекция түріне, жасына және пациенттің жалпы жағдайына байланысты болуы мүмкін, сондықтан антибиотиктің халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауына әсерін бағалау (ХҚҚ) қиын. Антибиотиктер мен пероральді антикоагулянтты бір мезгілде қолданған кезде, сондай-ақ осындай бірлескен қолдануды тоқтатқаннан кейін біраз уақыт ХҚҚ жиі бақылау ұсынылады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.