Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей подъязычный дозированный
Дозасы
1,25мг/доза
Саудалық атауы
ИЗО-МИК
Әсер етуші зат
Изосорбид динитраты
Мақсаты
Стенокардия профилактикасында, жедел стенокардия ұстамаларын емдеу үшін, жедел миокард инфарктісінде
Өндіруші
АО Фармак
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Спрейдің бір дозасында
белсенді зат - сулы изосорбид динитраты (100% изосорбид динитратына шаққанда) - 1,25 мг,
қосымша заттар: полиэтиленоксид-400; этанол 96 %.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Спирт иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық.
Ересектерге тағайындалады:
- стенокардия профилактикасында;
- жедел стенокардия ұстамаларын емдеу үшін;
- жедел миокард инфарктісінде;
- жедел сол жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігінде.
Әсер ету механизмі
Барлық органикалық нитраттар сияқты, изосорбид динитраты азот тотығының (NO) доноры ретінде әсер етеді. Азот тотығы гуанилатциклазаның стимуляциялануы және жасушаішілік гуанозинмонофосфатының (cGMP) циклдық концентрациясының одан әрі қарай ұлғаюы жолымен тамырлардың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуын туындатады. Осылайша cGMP-тәуелді протеинкиназа стимуляцияланады және осының салдарынан тегіс бұлшықеттердің жасушаларында протеиндердің фосфорлануы өзгереді. Бұл өз кезегінде миозиннің жеңіл тізбегінің дефосфорлануын және жиырылу қабілеттілігінің төмендеуін туындатады.
Фармакодинамикалық әсерлер
Изосорбид динитраты тамырлардың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуын туындатады, бұл вазодилатацияға әкеледі. Бұл арада шеткері артериялар, сондай-ақ веналар да босаңсиды. Бұл әсер қандағы веналық «пулингке» ықпал етеді және жүрекке веналық қайтуды азайтады; осылайша ақырғы қарыншалық диастолалық қысым және көлем (алдыңғы жүктеме) азаяды. Артерияларға, ал тым жоғары дозаларда артериолдарға әсері жүйелік тамырлық қарсыласудың (кейінгі жүктеме) азаюына әкеледі. Бұл ретіне қарай жүрек жұмысын жеңілдетеді.
Бұрынғы жүктемеге, сондай-ақ кейінгі жүктемеге де әсері жүректің оттегі қажетсінуінің одан әрі қарай азаюына әкелуі мүмкін.
Изосорбид динитраты сондай-ақ коронарлық айналым ішінара атеросклероздық зақымданулармен қиындаған жағдайда жүректің субэндокардиальді бөліктерінде қанның қайта таралып бөлінуін туындатады. Бұндай әсер ірі коронарлық тамырлардың селективті дилатациясынан болуы ықтимал. Нитраттардан туындаған коллатеральді артериялардың дилатациясы постстеноздық миокард перфузиясын жақсартуы мүмкін. Бұдан басқа нитраттар коронарлық түйілулердің пайда болуына кедергі жасайды және жояды.
Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде нитраттар тыныш күйде және жүктеме жағдайында гемодинамиканы жақсартады. Бұл оң әсері клапандық регургитацияның азаюы (қарыншаның кішіреюіне байланысты) және миокардтың оттегіге сұранысы азаюын қоса, бірқатар патогенетикалық механизмдердің салдарынан болады.
Оттегіге сұранысы азаюы және оны жеткізудің ұлғаюы салдарынан нитраттар инфаркті жағдайында миокард зақымдануын шектейді. Осылайша изосорбид динитратын қолдану мокард инфарктісін өткерген пациенттер үшін пайдалы болуы мүмкін.
Мүшелердің басқа жүйелеріне әсеріне бронх мускулатурасының, сондай-ақ ас қорыту жолдарының, өт- және несеп шығару жолдарының бұлшықеттерінің босаңсуы жатады. Сондай-ақ жатырдың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуы туралы мәлімдемелер бар.
Ауыз қуысына бүрку үшін. Доза пациенттің жеке ерекшеліктеріне қарай үйлестірілуі тиіс.
Стенокардия ұстамаларын басу үшін немесе ұстаманы қоздыруы мүмкін дененің немесе эмоциялық жүктеменің алдында ауыз қуысына әр бүркуді 30 секундтық аралықпен препаратты 1-3 рет бүрку керек.
Стенокардия ұстамаларын басу үшін бір реттік дозаны (3 ретке дейін бүрку) тек дәрігер ұсынысы бойынша ғана ұлғайтуға болады.
Жедел миокард инфарктісінде немесе жедел жүрек жеткіліксіздігінде 1-3 бүркуден бастау керек. 5 минут бойына әсері болмағанда тағы бір бүрку жасауға болады. Егер келесі 10 минут ішінде жақсару бақыланбаса артериялық қысымды мұқият бақылаумен спрейді қайта қолдануға болады.
Препаратты төмендегі жағдайларда қолдануға болмайды:
- изосорбид динитратына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса
жоғары сезімталдық;
- жедел қантамырлық жеткіліксіздік (шок, қантамырлық коллапс);
- тиісті шаралар көмегімен сол жақ қарыншаның ақырғы диастолалық қысымын түзету мүмкін болмағанда кардиогендік шок;
- гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия;
- констриктивті перикардит;
- жүрек тампонадасы;
- ауыр гипотензия (систолалық АҚ 90 мм с. б. төмен);
- ауыр гиповолемия;
- фосфодиэстераза тежегіштерімен (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) бірге қолдану;
- риоцигуатпен бірге қолдану (риоцигуат еритін гуанилатциклазаны стимуляциялайды);
- айқын анемия
Өте жиі
- бас ауыруы
Жиі
- бас айналу, ұйқышылдық
- тахикардия
- ортостаздық гипотензия
- астения, тілдегі ашытып күйдіру сезімі
Жиі емес
- стенокардияның күшеюі
- жүрек айну, құсу
- терінің аллергиялық реакциялары (мысалы, бөртпе), гиперемия
Өте сирек
- қыжыл
- ангионевроздық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- артериялық гипотензия
- эксфолиативті дерматит.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жануарларда тестілеу
Тышқандар үшін елеулі өліммен аяқталған дозасы (LD50) 33,4 мг/кг бір реттік венаішілік доза болды.
Адамдардағы артық дозалану симптомдары: артериялық қысымның систолалық АҚ < 90 мм сын. бағ. деңгейіне дейін төмендеуі; бозару; қатты тершеңдік; әлсіз пульс; тахикардия; бас айналуы (оның ішінде дене қалпы өзгерген жағдайдағы ортостаздық реакциялар); бас ауыруы; астения; жүрек айнуы; құсу; диарея.
Басқа нитраттар қабылдаған пациенттерге қатысты метгемоглобинемия жағдайлары туралы хабарланды. Изосорбид динитрат биотрансформациясында нитритті иондар босап шығады, соңынан тахипноэ, үрей сезіну, естен тану және жүрек тоқтауы болатын метгемоглобинемия және цианозды индукциялауы мүмкін. Изосорбид динитратымен артық дозаланғанда бұл жағымсыз реакцияның болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Дозаның шамадан тыс болуы бассүйекішілік қысымның артуына әкелуі мүмкін, бұл кейде церебральді симптомдарға соқтырады.
Емі:
• препарат қолдануды тоқтату;
• шокқа қарсы арнайы ем жүргізу (пациент қарқынды ем бөлімінде болуы тиіс), артериялық гипотензия жағдайында пациентті басын сәл төмен түсіріп және аяғын бас деңгейінен жоғары көтеріп жатқызу; оттегі түсуін қамтамасыз ету; қан плазмасындағы айналым көлемін ұлғайту; шокқа қарсы арнайы ем жүргізу (пациент қарқынды ем бөлімінде болуы тиіс).
Арнайы шаралар:
• егер ол өте төмен болса артериялық қысымды жоғарылату;
• вазопрессорларды ерітіндінің талапқа сай құйылуына реакциясы жоқ пациенттерде ғана қолдану керек.
Метгемоглобинемия емі:
С дәруменімен, метилен көкпен немесе толуидин көкпен қалпына келтіру емі,
оттегін қолдану (қажет болған жағдайда),
өкпені жасанды желдету,
гемодиализ (қажет болған жағдайда).
Реанимациялық шаралар
Тыныс алуды немесе қан айналымын тоқтату белгілері болған жағдайда реанимациялық шаралар дереу жүргізілуі керек.
Препаратты сақтықпен және дәрігердің мұқият бақылауымен қолдану керек:
• толу қысымы төмен болған кезде (мысалы, жедел миокард инфарктісінде), сол жақ қарынша функциясы бұзылған кезде (сол жақ қарынша жеткіліксіздігі); систолалық АҚ 90 мм сын.бағ. төмен түсуіне жол бермеу керек;
• қолқа және/немесе митральды стенозда;
• бассүйекішілік қысымның жоғарылауымен бірге жүретін ауруларда (дегенмен, осы уақытқа дейін бассүйекішілік қысымның одан әрі жоғарылауы нитроглицериннің жоғары дозаларын в/і енгізгеннен кейін ғана байқалды);
• ортостаздық реттеу бұзылған жағдайда;
• бауырдың ауыр ауруларында;
Препаратты қолданған кезде құрамында нитраттар бар басқа препараттарға төзімділік дамуы мүмкін. Төзімділіктің дамуын болдырмау үшін жоғары дозаларды үнемі қолданудан аулақ болу керек.
ИЗО-МИК препаратымен демеуші ем қабылдайтын пациенттерге құрамында фосфодиэстераза тежегіштері бар дәрілік заттарды (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) қабылдау ұсынылмайды. Құрамында фосфодиэстераза тежегіштері бар дәрілік заттарды (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) қабылдау үшін изосорбидті динитратпен емдеуді тоқтатуға болмайды, себебі бұл стенокардия ұстамаларының қаупін арттыруы мүмкін.
Жақында фосфодиэстераза тежегіштерін (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) қабылдаған пациенттерге изосорбидті динитратпен шұғыл емдеуді тағайындауға болмайды – 24 сағаттан аз аралықпен (силденафил және варденафил үшін) және 48 сағат (тадалафил үшін).
Жедел терапия кезеңінде изосорбид динитратын қабылдайтын пациенттерге құрамында фосфодиэстераза тежегіштері бар дәрілік заттарды (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) қолдану ұсынылмайды.
Гипоксемия
Өкпе ауруы немесе жүректің ишемиялық жеткіліксіздігіне байланысты гипоксемия және желдету-перфузиялық теңгерімсіздігі бар пациенттерге сақтық шараларын қолдану керек. Изосорбид динитраты күшті тамыр кеңейтетін дәрі ретінде нашар желдетілетін жерлердің перфузиясының ұлғаюына, желдету-перфузиялық теңгерімсіздігінің нашарлауына және артериялық қандағы ішінара оттегі қысымының одан әрі төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Изосорбидті динитратпен емдеу кезінде алкогольді тұтынудан аулақ болу керек, өйткені ол изосорбид динитратының гипотензиялық және тамыр кеңейтетін әсерді күшейтуі мүмкін.
ИЗО-МИК спрейінде аз мөлшерде этанол (спирт) бар, бір дозаға 100 мг-ден аз. Құтының ішіндегісі теріге тиген жағдайда, теріні дереу тазалау керек. Әйтпесе, ерітінді сіңіп, ауыр жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін.
Ескерту: ерітіндіде 85 к. % этил спирті бар.
Ерітіндіні көзге тигізуге болмайды.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Балаларда динитрат изосорбидінің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілеті бұзылатындай деңгейде реакция жылдамдығына әсер етуі мүмкін. Бұл әсер препаратты алкогольмен біріктіргенде күшейеді.
Анаға улы болып есептелетін дозаларды қолданумен егеуқұйрықтар мен үй қояндарына жүргізілген репродуктивті зерттеулер изосорбид динитратын пайдалану ұрыққа зиян келтіретіні туралы ешқандай дәлелді растамады. Алайда жүкті әйелдерге әсер ету туралы тиісті және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер адам организміндегі реакцияны әрдайым болжай бермейтіндіктен, изосорбид динитратын жүктілік кезінде тек қажет болған жағдайда және тек дәрігердің бақылауымен қолдану керек.
Қолда бар деректер бала емізу кезінде қолданылған кезде нәрестелер үшін қауіпті анықтау үшін нәтижесіз немесе жеткіліксіз. Нитраттардың емшек сүтімен бөлінетіні және балаларда метгемоглобинемия тудыруы мүмкін екендігі туралы дәлелдер бар. Изосорбид динитраты мен оның метаболиттерінің емшек сүтіне бөліну дәрежесі анықталмаған. Сондықтан бала емізетін әйелдерге препаратты тағайындау кезінде абай болу керек.
Препараттың гипотензиялық әсері бета-блокаторлар, кальций өзекшелерінің блокаторлары, вазодилататорлар және т.б., этанол, нейролептиктер және трициклді антидепрессанттар немесе моноаминоксидаза тежегіштері сияқты басқа тамыр кеңейтетін дәрілермен бір мезгілде қолданғанда күшеюі мүмкін.
ИЗО-МИК спрейін АӨФ тежегіштерімен немесе вазодилататорлармен бір мезгілде қолдану қалаулы өзара әрекеттесуіне әкелуі мүмкін, гипертензияға қарсы әсері шамадан тыс болатын жағдайларды қоспағанда, бұл жағдайда бір немесе екі препараттың да дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.
ИЗО-МИК спрейінің гипотензиялық әсері оны фосфодиэстераза тежегіштерімен (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) бірге қолданған кезде күшейеді. Бұл өмірге қауіп төндіретін жүрек-қантамыр асқынуларына әкелуі мүмкін. Сондықтан пациенттер ИЗО-МИК спрейімен емдеу кезінде фосфодиэстераза тежегіштерін (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) қолданбауы керек.
Жақында фосфодиэстераза тежегіштерін (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) қабылдаған пациенттер силденафил мен варденафилді қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде немесе тадалафилді қабылдағаннан кейін 48 сағат ішінде ИЗО-МИК спрейімен шұғыл ем қабылдамауы керек.
Изосорбид динитраты мен риоцигуатты (риоцигуат еритін гуанилатциклазаны стимуляциялайды) бір мезгілде қолдануға болмайды, себебі бұл гипотензияны тудыруы мүмкін.
Дигидроэрготамин мен изосорбид динитратты бір мезгілде қолданғанда қандағы дигидроэрготамин деңгейі жоғарылауы мүмкін, осылайша оның әсері күшейеді.
Сапроптерин (тетрагидробиоптерин, BH4) азот тотығы синтетазасының кофакторы болып табылады. Құрамында сапроптерин бар препараттарды вазодилатацияны тудыратын және азот тотығының (NO) метаболизміне немесе белсенділігіне әсер ететін барлық препараттармен, соның ішінде классикалық NO донорларымен (мысалы, глицерилтринитраты, изосорбид динитраты, изосорбид мононитраты және т.б.) бір мезгілде қолданғанда сақ болу ұсынылады.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 °С-ден аспайтын температурада түпнұсқалық қаптамасында, оттан алыс жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.