Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки пролонгированного действия
Дозасы
20 мг
Саудалық атауы
ИЗО-МИК лонг
Әсер етуші зат
Изосорбид динитраты
Мақсаты
Стенокардияны ұзақ емдеу және профилактикасы
Өндіруші
Лубныфарм
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 20 мг, 40 мг немесе 60 мг изосорбид динитраты;
дәрілік препараттың құрамында бар болуы ескерілуі қажет қосымша заттар: лактоза моногидраты; жүгері крахмалы; микрокристалды целлюлоза; полиакрилатты дисперсия; метакрилат сополимері дисперсиясы; кросповидон; повидон; гипромелоза; гидроксипропилцеллюлоза; магний стеараты; сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы; титанның қостотығы (Е 171); тальк.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі жағы дөңес тегіс беткейлі, түйіршіктің пішіні көрінуі мүмкін үлбірлі қабықпен қапталған ақ түсті таблеткалар.
Стенокардияны ұзақ емдеу және профилактикасы.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Барлық органикалық нитраттар сияқты, изосорбид динитраты (ИСДН) азот тотығының (NO) доноры ретінде әсер етеді. NO гуанилатциклазаны стимуляциялау арқылы қантамырлардың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуына және кейін жасушаішілік циклдік гуанилатмонофосфаттың (цГМФ) концентрациясының артуына әкеледі. Осылайша (цГМФ)-тәуелді протеинкиназа стимуляцияланады, және осының салдарынан тегіс бұлшықет жасушаларында әртүрлі протеиндердің фосфорлануы өзгереді. Өз кезегінде бұл миозиннің жеңіл тізбегінің дефосфорлануына және олардың қысқаруының төмендеуіне әкеледі.
Фармакодинамикалық әсері
ИСДН қантамырлардың тегіс бұлшықеттері босаңсуын туындатады, ол вазодилатацияға әкеледі. Тамырлардың кеңеюі қанның веналық «жинақталуына» ықпал етеді және жүрекке веналық кейін қайтаруды азайтады; осылайша қарыншалық соңғы диастолалық қысым мен көлем (жүктеме алды) төмендейді.
Артерияларға әсері, ал жоғары дозаларда – артериолаларға әсері жүйелік қантамырлық кедергінің төмендеуіне әкеледі (жүктемеден кейін). Бұл өз кезегінде жүрек функциясын жақсартады.
Жүктеме алдына, сондай-ақ жүктемеден кейінгіге де ықпалы жүректің оттегіні қажетсінуінің азаюына әкеледі.
Сонымен қатар, ИСДН атеросклероздық зақымдану жағдайында жүректің субэндокардиальді бөліктеріне қан ағынын қайта бөлуге әкеледі. Соңғы әсер ірі коронарлық тамырлардың селективті кеңеюімен байланысты болуы мүмкін. Нитраттардан туындаған коллатералды артериялардың кеңеюі қантамырлар стенозы кезінде миокардтың перфузиясын жақсарта алады. Сонымен қатар, нитраттар коронарлық түйілудің пайда болуына қарсы тұрады және жояды.
Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде нитраттар тыныштықта және жүктемеде гемодинамиканы жақсартады. Бұл оң әсер клапандық регургитация азаюын (қарыншаның кеңеюін азайту жолымен) және миокардтың оттегіге қажеттілігінің азаюын қоса, бірқатар механизмдер салдарынан дамиды.
Осылайша, оттегіге қажеттілік азайғанда жүрек бұлшықетіне оның берілуін арттыру миокард зақымдануының ауданын азайтады. Осылайша, изосорбид динитраты миокард инфарктісі бар пациенттер үшін пайдалы болуы мүмкін.
Басқа ағзалар жүйесіне әсеріне бронхылық бұлшықеттердің, асқазан-ішек жолдарының бұлшықеттерінің, сондай-ақ өт шығару және несеп шығару жолдарының бұлшықеттерінің босаңсуы жатады; жатырдың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуына әсері туралы мәлімдеулер бар.
Дозалау режимі
ИЗО-МИК лонг 20 мг: 1 таблеткадан күніне 2 рет (40 мг изосорбид динитратына баламалы). Екінші /келесі дозаны бірінші дозаны қабылдағаннан кейін кемі 6-8 сағаттан соң қабылдау керек. Нитраттарға қажеттілік жоғары болғанда күндізгі дозаны тәулігіне 3 рет 1 таблеткаға дейін ұлғайтуға болады (60 мг изосорбид динитратына баламалы), бірақ әрбір 24 сағат сайын 12 сағаттық аралықты қамтамасыз ету керек.
ИЗО-МИК лонг 40 мг: 1 таблеткадан тәулігіне 1 рет (40 мг изосорбид динитратына баламалы). Нитраттарға қажеттілік жоғары болғанда күндізгі дозаны тәулігіне 2 рет 1 таблеткаға дейін ұлғайтуға болады (80 мг изосорбид динитратына баламалы), бірақ әрбір 24 сағат сайын 12 сағаттық аралықты қамтамасыз ету керек. Екінші /келесі дозаны бірінші дозаны қабылдағаннан кейін кемі 6-8 сағаттан соң қабылдау керек.
ИЗО-МИК лонг 60 мг: 1 таблеткадан тәулігіне 1 рет (60 мг изосорбид динитратына баламалы). Нитраттарға қажеттілік жоғары болғанда күндізгі дозаны тәулігіне 2 рет 1 таблеткаға дейін ұлғайтуға болады (120 мг изосорбид динитратына баламалы), бірақ әрбір 24 сағат сайын 12 сағаттық аралықты қамтамасыз ету керек. Екінші/келесі дозаны бірінші дозаны қабылдағаннан кейін кемі 6-8 сағаттан соң қабылдау керек.
Ең жоғары тәуліктік доза 120 мг құрайды. Емдеу курсының ұзақтығы әр адамға жеке анықталады. Препарат ұзақ мерзімді қолдануға арналған, оны күрт тоқтатуға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін дозаны өзгерту қажеттігі туралы деректер жоқ.
Педиатриялық популяция
Қазіргі уақытта балалар үшін изосорбид динитратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Қолдану тәсілі
Таблеткаларды шайнамай, сұйықтың жеткілікті мөлшерімен ішу арқылы (мысалы стақан сумен) қабылдау керек.
Емді дозаны біртіндеп ең жоғары тиімдісіне дейін ұлғайта отырып, төмен дозадан бастау керек. Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер анықтайды.
Препарат қарсы көрсетілімде:
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдықта;
- жедел қантамыр жеткіліксіздігі (шок, тамырлық коллапс);
- кардиогендік шок (тиісті шаралардың көмегімен сол жақ қарыншаның ақырғы диастолалық қысымын түзету мүмкін болмағанда);
- айқын гипотензия (систолалық артериялық қысым (АҚ) 90 мм сын.бағ. төмен);
- гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия;
- констриктивті перикардит;
- жүрек тампонадасы;
- ауыр анемия;
- қан кету, ауыр гиповолемия. (изосорбид динитраты, веналық кейін қайтаруды азайтады, синкопені туындатуы мүмкін).
• Нитраттармен ем кезінде фосфодиэстераза тежегіштерін мысалы, силденафилді қолдануға болмайды.
• Нитраттармен ем кезінде еритін гуанилатциклаза стимуляторы – риоцигуатты қолдануға болмайды.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Жануарлардағы зерттеулерден алынған тәжірибе
Тышқандарда препаратты 33,4 мг/кг дозада бір рет вена ішіне енгізуден кейін елеулі өлім жағдайлары (LD50) бақыланды.
Препаратты адамдарға қолдану тәжірибесі
Симптомдары
• артериялық қысымның төмендеуі ≤ 90 мм сын. бағ.
• бозару
• тершеңдік
• тамыр соғуының әлсіреуі
• тахикардия
• бас айналуы (оның ішінде дене қалпын ауыстырғандағы ортостаздық реакция)
• бас ауыруы
• астения
• әлсіздік
• жүрек айнуы
• құсу
• диарея
• Басқа нитраттарды қабылдаған пациенттерде метгемоглобинемия жағдайлары жөнінде мәлімделген. Изосорбид динитратының биотрансформациясы кезінде нитритті иондар босап шығады, олар метгемоглобинемияны және цианозды туындатуы, кейіннен тахипноэге, үрейлену сезіміне, сананың жоғалуына және жүректің тоқтап қалуына ұласуы мүмкін. Изосорбид динитраты артық дозаланған кезде осы жағымсыз реакциялардың болуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды;
• шамадан тыс дозалар бас сүйекішілік қысымды арттыруы мүмкін, кейде ол церебральді симптомдарға түрткі болады.
Жалпы шаралар
• препараттың түсуін тоқтату
• нитраттардан туындаған артериялық гипотензия жағдайында қолданылатын жалпы шаралар
• пациенттің басын төмен қарата түсіріп және аяғын көтеріп, пациентті көлденең қалыпта жатқызу
• оттегі түсуін қамтамасыз ету
• плазма көлемін ұлғайту (вена ішіне құю)
• шокқа қарсы арнайы ем жүргізу (пациент қарқынды емдеу бөлімшесінде жатуы тиіс).
Арнайы шаралар
• Қысым қатты төмендеген жағдайда оны жоғарылату бойынша әрекет жасау қажет
• пациентте сұйықпен емдеуге талапқа сай әсер болмаған жағдайда вазопрессорлық (тамыр тарылтатын) препараттарды қолдану керек.
Метгемоглобинемияны емдеу
- С дәруменімен, метилен көгімен немесе толуидин көгімен таңдау бойынша қалпына келтіру емі
- оттегіні қолдану (қажет болған жағдайда)
- жасанды желдету, қанды ауыстыру (қажет болған жағдайда)
- гемодиализ (қажет болған жағдайда)
Реанимациялық шаралар
тыныс алудың немесе қан айналымының тоқтап қалу белгілері білінген жағдайда дереу реанимациялық шаралар қолдану керек.
Дәрілік препараттың стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялары сипаттамасы және осы жағдайда қабылданатын шаралар
Жағымсыз реакциялардың жиілігін былайша анықтауға болады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100, < 1/10), жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100), сирек (≥ 1/10000, < 1/1000), өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар ақпарат бойынша анықтау мүмкін емес).
Препаратты қолданғанда келесі жағымсыз құбылыстар болуы мүмкін.
Жүйке жүйесі тарапынан: өте жиі – бас ауыру («нитратты бас ауыру»); жиі – бас айналу, ұйқышылдық.
Жүрек тарапынан: жиі – тахикардия; жиі емес - стенокардия симптомдары күшеюі.
Тамырлар тарапынан: жиі – ортостаздық гипотензия; жиі емес – тамырлық коллапс (кейде брадиаритмиямен және естен танумен бірге жүретін); жиілігі белгісіз – гипотензия.
Асқазан-ішек жолдары тарапынан: жиі емес – жүрек айнуы, құсу; өте сирек - қыжыл.
Тері және тері асты тіндері тарапынан: жиі емес – терінің аллергиялық реакциялары (мысалы, бөртулер), ысынулар; өте сирек – ангионевроздық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы; жиілігі белгісіз – эксфолиативті дерматит.
Жалпы бұзылулар: жиі – астения.
Органикалық нитраттарды қолданған кезде жүректің айнуымен, құсумен, мазасыздықты сезінумен, бозарумен және қатты тершендікпен қатар жүретін ауыр гипотензиялық реакциялардың болғаны жөнінде мәлімделген.
Препаратпен емдеу кезінде, қан ағысының альвеолярлы аймақтарға салыстырмалы таралуына байланысты, гиповентиляциямен бірге уақытша гипоксемия пайда болуы мүмкін. Атап айтқанда жүректің ишемиялық ауруы бар пациентерде бұл миокардтың гипоксиясына әкеп соқтыруы мүмкін.
Дозаны ұлғайту және/немесе қабылдау арасының аралығын өзгерту тиімділігінің азаюына немесе әсерінің жоқ болуына әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Дәрілік препараттың «пайда – қауіп» арақатынасын үздіксіз мониторингтеуді қамтамасыз ету мақсатында дәрілік препаратты тіркеуден кейін күдік тудыратын жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медициналық қызметкерлерге жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар жинаудың ұлттық жүйесі арқылы дәрілік препараттың кез келген күдікті жағымсыз реакциялары туралы мәлімдеу кеңесі беріледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Арнайы ескертулер
Препаратты ерекше сақтықпен және дәрігердің мұқият бақылауымен қолдану керек:
- толу қысымы төмен болғанда, оның ішінде сол жақ қарынша функциясы бұзылған жедел миокард инфарктісінде (сол жақ қарынша жеткіліксіздігі). Қысымды 90 мм сын. бағ. төмендетпей ұстап тұру керек;
- аорталық және/немесе митралды стенозда;
- ортостаздық дисфункцияда;
- бассүйекішілік қысым жоғарылауына байланысты ауруларда (одан әрі жоғарылауы мүмкін. Қазіргі уақытқа дейін бұндай симптомдар нитроглицеринді жоғары дозаларда тек вена ішіне енгізуден кейін ғана байқалды);
- бауырдың ауыр ауруларында.
Препараттарды стенокардияның жедел ұстамаларын жою үшін қолдануға болмайды.
Толеранттылығының дамуы (тиімділігі азаюы), сондай-ақ нитратты типті басқа дәрілерге айқаспалы толеранттылығы (егер пациент осының алдында басқа нитрат қолданса, әсері төмендеуі) сипатталған. Әсерінің азаюын немесе жойылуын болдырмау үшін үлкен дозаларды (тәулігіне 120 мг) ұзақ қабылдаудан аулақ болу керек.
Препаратпен демеуші емде жүрген пациенттерге бақыланбайтын артериялық гипотензияның даму қаупіне байланыстын құрамында фосфодиэстераза тежегіштері (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) бар препараттарды оларға қабылдауға болмайтындығын хабарлау керек.
Жақында фосфодиэстераза тежегіштерін қолданған пациенттерге (мысалы, силденафил, варденафил, тадалафил) дәрілік затты жедел жәрдем ретінде қолдану тоқтатылғаннан кейін 24 сағат ішінде (тадалафилді қолдану тоқтатылғаннан кейін 48 сағат) қолдануға болмайды.
Стенокардия ұстамасының пайда болу қаупі жоғары болғандықтан, құрамында фосфодиэстераза тежегіштері (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) бар препараттарды қабылдау мақсатында ИСДН терапиясын тоқтатуға болмайды.
Препарат құрамында лактоза болуы салдарынан, оны галактоза жағымсыздығы, тұқым қуалайтын Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек кездесетін генетикалық аурулары бар пациенттерге тағайындауға болмайды.
Өкпе ауруы немесе жүректің ишемиялық жеткіліксіздігіне байланысты гипоксемия және желдету/перфузия теңгерімсіздігі бар пациенттерге сақтық шараларын қолдану қажет.
Күшті вазодилататор ретінде изосорбид динитраты нашар желдетілетін жерлердің перфузиясының ұлғаюына, желдетудің нашарлауына/перфузия теңгерімсіздігіне және артериялық ішінара оттегі қысымының одан әрі төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Изосорбид динитратымен емдеу кезінде алкогольді ішуден аулақ болу керек, өйткені бұл препараттың гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тіпті тағайындау бойынша қолданған жағдайда да препарат автокөлік басқарғанда немесе басқа да механизмдермен жұмыс атқаруда реакция жылдамдығына әсер етуі мүмкін. Бұл әсер алкогольмен күшейеді.
Жүктілік
Жануарлардағы тұқым өрбітуге уыттылығын зерттеулерде изосорбид динитратын ересек түрлеріне арналған уытты дозаларында қолданғанда шаранаға уытты әсері нақты айқындалмаған. Алайда жүкті әйелдерде талапқа сай және бақыланатын зерттеулер жоқ.
Жануарларға зерттеулер адамға әсерін барлық уақытта болжай бермейтіндіктен препаратты жүктілік кезеңінде тек аса қажет жағдайда ғана және дәрігердің тұрақты бақылауымен қолдану керек.
Емшек емізу
Изосорбид динитратының емшек сүтіне бөлініп шығатын-шықпайтыны белгісіз, сондықтан препаратты бала емізу кезеңіндегі емізетін әйелдерге тағайындамау керек.
Фертильділігі
Изосорбид динитратының адам фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ.
Препараттың гипотензиялық әсері гипертензияға қарсы препараттармен (мысалы, β-блокаторлар, диуретиктер, кальций өзекшелерінің блокаторлары, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері (АӨФ)), моноаминоксидаза тежегіштері (МАО), вазодилататорлар, нейролептиктер, трициклді антидепрессанттар, сондай-ақ алкогольді тұтынған кезде бір мезгілде қолданғанда күшеюі мүмкін.
Изосорбид мононитратын АӨФ тежегіштерімен немесе артериялық вазодилататорлармен бір мезгілде қолданған кезде, егер гипертензияға қарсы әсер шамадан тыс болып табылмаса және бір немесе екі дәрілік заттың дозасын төмендету талап етілсе, өзара әрекеттесуі қажет болуы мүмкін.
Препараттың гипотензиялық әсері өмірге қауіпті жүрек-қантамыр асқынуларына әкелуі мүмкін фосфодиэстераза тежегіштерімен (силденафил, тадалафил, варденафил сияқты) бір мезгілде қабылдаған кезде күшейеді. Изосорбид динитратымен емдеуді фосфодиэстераза тежегіштерімен (силденафил, тадалафил, варденафил сияқты) бір мезгілде қолдануға болмайды.
ИЗО-МИК лонг препаратын гуанилатциклазаның еритін стимуляторы риоцигуатпен қолдануға болмайды, өйткені бұл дәрілерді бір мезгілде қолдану артериялық гипотензияны туындатуы мүмкін.
Жақында фосфодиэстераза тежегіштерімен (мысалы, силденафил, варденафил, тадалафил) ем қабылдаған пациенттерге силденафил мен варденафил тоқтатылғаннан кейін 24 сағат ішінде, сондай-ақ тадалафил тоқтатылғаннан кейін 48 сағат ішінде жедел жай-күйді емдеу үшін динитрат изосорбидін қолдануға болмайды.
Препаратты дигидроэрготаминмен бір мезгілде қолдану қандағы дигидроэрготамин концентрациясының артуына әкелуі және осылайша оның әсерін күшейтуі мүмкін деген хабарлар бар.
Сапроптерин (тетрагидробиоптерин, ВН4) – азот оксиді синтетазасының кофакторы. Құрамында сапроптерин бар препараттарды, әсер ету механизмі азот оксидінің метаболизміне әсерімен байланысты немесе азот оксидінің классикалық донорлары болып табылатын (оның ішінде нитроглицеринмен (ГТН), изосорбид динитратымен (ИСДН), изосорбид мононитратымен (ИСМН)) кез келген вазодилататорлармен бір мезгілде сақтықпен қолдану ұсынылады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.