Емдеумен байланысты болуы мүмкін кең таралған жүйелі жағымсыз реакциялар туралы хабарланды: жүрек айнуы (2,0%), диарея (1, 8%), құсу (1,5%), бөртпе (0,9%), қызба (0,5%), артериялық гипотензия (0,4%), құрысулар (0,4%), бас айналуы (0,3%), қышыну (0,3%), есекжем (0,2%), ұйқышылдық (0,2%); жергілікті жағымсыз реакциялар: флебит/тромбофлебит (3,1%), инъекция орнындағы ауырсыну (0,7%), инъекция орнындағы эритема (0,4%) және венаның индурациясы (0,2%); сондай-ақ сарысудағы трансаминазалар және сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы байқалды.
Жиі
• эозинофилия
• тромбофлебит
• диарея, жүрек айнуы, құсу. Жүрек айнуы мен құсу имипенем/циластатинмен емдеу аясында гранулоцитопениямен науқастарда байқалады
• бөртпе, оның ішінде экзантематозды
• қан сарысуында трансаминазалар мен сілтілік фосфатазаның жоғарылауы
Жиі емес
• панцитопения, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, тромбоцитоз
• психикалық бұзылыстар, елестеулер мен бағдардан жаңылуды қоса
• құрысулар, миоклонустық белсенділік, бас айналуы, ұйқышылдық
• гипотензия
• есекжем, қышыну
• қызба, жергілікті ауыру және тығыздалу, инъекция орнындағы эритема
• тікелей оң Кумбс реакциясы, протромбиндік уақыттың ұзаруы, гемоглобиннің төмендеуі, билирубиннің жоғарылауы, сарысудағы креатининнің және мочевинаның жоғарылауы
Сирек
• жалған жарғақшалы колит, кандидоз
• агранулоцитоз
• анафилаксиялық реакциялар
• энцефалопатия, парестезия, фокальді тремор, дәм сезудің бұрмалануы
• естімей қалу
• тілдің және/немесе тістердің боялуы
• бауыр жеткіліксіздігі, гепатит
• уытты эпидермалық некролиз, ангионевроздық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит
• бүйректің жедел жеткіліксіздігі, oлигурия/анурия, полиурия, несептің түссізденуі (қауіпсіз, гематуриямен шатастыруға болмайды). Имипенем+Циластатин препаратын қолданудың бүйрек функциясының өзгеруіне әсерін бағалау қиын, себебі, әдетте, преренальді азотемияның дамуына немесе бүйрек функциясының бұзылуына бейім факторлар бар.
Өте сирек
• гастроэнтерит
• гемолиздік анемия, сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі
• миастенияның өршуі, бас ауыруы
• құлақтағы шуыл, бас айналуы
• цианоз, тахикардия, жүрек қағуы
• қан құйылу
• ентігу, гипервентиляция, тамақтың ауыруы
• геморрагиялық колит, іш ауыруы, қыжыл, глоссит, тіл бүртіктерінің гипертрофиясы, гиперсаливация
• шұғыл дамитын гепатит
• гипергидроз, тері тарапынан өзгерістер
• полиартралгия, омыртқаның кеуде бөлімінің ауыруы
• вульваның қышуы
• кеудедегі жайсыздық, астения/әлсіздік
Балалар
178 баланың қатысуымен жүргізілген зерттеулер барысында > 3 ай ересек пациенттерде байқалғандарға толық ұқсайтын жағымсыз реакциялар туралы хабарланған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz