Мына препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды:
- циталопрам, эсциталопрам немесе гидроксизин (қарыншалық ырғақ, әсіресе, torsades de pointe бұзылуларының жоғары қаупі)
- домперидон (қарыншалық ырғақ, әсіресе, torsades de pointe бұзылуларының жоғары қаупі)
- пиперакин (қарыншалық ырғақ, әсіресе, torsades de pointe бұзылуларының жоғары қаупі).
Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды
QT аралығын ұзартатын (жүрек аритмиясын тудыруы мүмкін) дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
QT аралығын ұзартатыны белгілі препараттарды, мысалы, аритмияға қарсы IA және III класты дәрілер, трициклдық антидепрессанттар, нейролептиктер және инфекцияға қарсы кейбір препараттар (фторхинолондар (мысалы, моксифлоксацин), макролидтер (мысалы, азитромицин) сияқты бактерияға қарсы препараттар, антиретровирустық препараттар (мысалы, саквинавир), зеңге қарсы препараттар (мысалы, флуконазол), паразитке қарсы препараттар (мысалы, пентамидин) қабылдап жүрген пациенттерде қарыншалық аритмияның күшею қаупіне орай, гидроксихлорохинді сақтықпен қолдану керек. Галофантринді гидроксихлорохинмен біріктіріп тағайындамау керек.
Бір мезгілде қолданылуы сақтық шараларын қадағалауды талап етеді:
- циклоспорин (қан сарысуында циклоспорин мен креатинин деңгейінің жоғарылау қаупі).
Циклоспоринмен бір мезгілде қолдану кезінде және гидроксихлорохинді тоқтатқаннан кейін қандағы циклоспорин концентрацияларына мониторинг, бүйрек функциясын бақылау және дозаларын түзету қажет.
- P-гликопротеин субстраттары
P-gp субстраттарының гидроксихлорохинді тежеу қуаты бағаланбады. Іn vitro бақылаулары барлық басқа сынақтан өткізілген аминохинолиндердің P-gp тежейтінін көрсетеді. Демек, гидроксихлорохинмен бір мезгілде қолданғанда P-gp субстраты концентрацияларының жоғарылау ықтималдығы бар.
Дигоксин мен гидроксихлорохинді бір мезгілде қолданғанда қан сарысуында дигоксин деңгейінің артуы хабарланды. Емдік индексі тар P-gp субстраттарын қолданғанда (мысалы, дигоксин, циклоспорин, дабигатран) сақтық таныту (мысалы, жағымсыз реакцияларды немесе қан плазмасындағы концентрацияларды мониторингтеу жолымен) ұсынылады.
- қалқанша без гормондары (қалқанша без гормондарын қабылдап жүрген пациенттердегі клиникалық гипотиреоз қаупі). Гидроксихлорохинмен емдеу кезінде және оны тоқтатудан кейін сарысудағы Т3 және Т4 концентрацияларына, қажет болса, қалқанша без гормонының дозасын түзетумен мониторинг жүргізу қажет.
- антацидтер және ағаш көмірі (асқазан-ішек жолында гидроксихлорохин сіңірілуінің төмендеуі). Құрамында магний немесе каолин бар антацидтермен бірге қолдану хлорохин сіңірілуінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Осылайша, экстраполяциялау жолымен гидроксихлорохинді антацидтермен немесе каолинмен екі сағаттан кем емес аралықпен енгізу керек.
- антацидтер және ағаш көмірі (асқазан-ішек жолында гидроксихлорохин сіңірілуінің төмендеуі). Құрамында магний немесе каолин бар антацидтермен бірге қолдану хлорохин сіңірілуінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Осылайша, экстраполяциялау жолымен гидроксихлорохин екі сағаттан кем емес аралықпен антацидтермен немесе каолинмен енгізілу керек.
Мына препараттармен бір мезгілде қолданылғаны ескерілуі керек
Ферменттерді тежегіш-препараттар
- циметидин
Гидроксихлорохиннің баяу шығарылуы және артық дозалану қаупі. CYP2C8 және CYP3A4 қоса, бірнеше цитохромның әлсіз/орташа тежегіші – циметидинді бір мезгілде қолдану хлорохин әсерінің екі еселенуіне алып келеді. Экстраполяция жолымен, гидроксихлорохин мен хлорохин құрылымының және метаболизмдік шығарылу жолдарының ұқсастығына орай, гидроксихлорохин үшін де осыған ұқсас өзара әрекеттесуін байқауға болады.
- ферменттердің басқа тежегіштері
CYP2C8 және CYP3A4 күшті немесе орташа тежегіштерінің (мысалы, гемфиброзил, клопидогрель, ритонавир, итраконазол, кларитромицин, грейпфрут шырыны) әсері кезінде сақтықпен (мысалы, жағымсыз реакцияларын мониторингілеумен) ұсынылады.
Ферменттік препараттар
CYP2C8 және CYP3A4 қуатты индукторы – рифампицинді бір мезгілде қолданғанда гидроксихлорохин тиімділігінің жеткіліксіздігі хабарланды. CYP2C8 және CYP3A4 күшті индукторларын (рифампицин, шайқурай, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин сияқты) бір мезгілде қолданғанда, тиімділігін мониторингілеу ұсынылады.
CYP2D6 субстраттары
Гидроксихлорохин мен CYP2D6 лиганды метопрололдың бір реттік дозасын қабылдап жүрген пациенттерде, метопрололдың Cmax және AUC 1,7 есе жоғарылаған, бұл гидроксихлорохиннің CYP2D6 әлсіз тежегіші екенін айғақтайды. Емдік индексі тар CYP2D6 субстраттарын (мысалы, флекаинид, пропафенон) бір мезгілде қолданғанда сақ болуға кеңес беріледі (мысалы, жағдайға қарай, жағымсыз реакцияларын немесе қан плазмасындағы концентрацияларын мониторингілеу жолымен).
Эпилептоген шегін төмендететін басқа препараттар
Проконвульсанттарды немесе эпилептоген шегін төмендететін препараттарды бірге қолдану осымен байланысты қауіпінің күрделілігіне орай мұқият саралануы тиіс (құрысулардың жоғары қаупі). Осы препараттар, атап айтқанда, көптеген антидепрессанттар (имипраминдер, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер), нейролептиктер (фенотиазиндер және бутирофенондар), мефлохин, хлорохин, бупропион, трамадол түрінде ұсынылған.
Эпилепсияға қарсы препараттар
Гидроксихлорохинмен бір мезгілде қабылданғанда эпилепсияға қарсы препараттардың белсенділігі бұзылуы мүмкін.
Гипогликемиялық препараттар
Гипогликемиялық дәрілерді гидроксихлорохинмен қолдану гидроксихлорохиннің гипогликемиялық әсерінің күшеюіне алып келуі мүмкін.
Басқа да байланыстар
Бір реттік дозаның өзара әрекеттесуін зерттеуде хлорохиннің празиквантел биожетімділігін төмендететіні хабарланды. Гидроксихлорохинмен емдеу кезіндегі осындай әсері туралы деректер жоқ. Экстраполяция жолымен, гидроксихлорохин мен хлорохин құрылымының және фармакокинетикалық параметрлерінің ұқсастығына орай, гидроксихлорин үшін осындай әсерін күтуге болады.
Гидроксихлорохинді агалсидаза негізіндегі препараттармен бір мезгілде қолданғанда теориялық тұрғыдан альфа-галактозидазаның жасушаішілік белсенділігінің тежелу қаупі бар.
Айрықша сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі немесе дене салмағы 31 кг-ден аз балаларда қолдануға болмайды.