Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат ‒ Имудон® (бактерия лизаттарының қоспасы) * - 2,70 мг (құрғақ затқа шаққанда),
қосымша заттар: натрий дезоксихолаты, тиомерсал, глицин, лактоза моногидраты, маннитол, повидон, натрий сахаринаты, натрий гидрокарбонаты, сусыз лимон қышқылы, магний стеараты, жалбыз хош иістендіргіші.
* Бактерия лизаттары (Lactobacillus johnsonii, Lactobacillus helveticus, Lactobacillus delbrueckii ss lactis, Lactobacillus fermentum, Streptococcus pyogenes groupe A, Enterococcus faecium, Enterococcus faecalis, Streptococcus gordonii, Staphylococcus aureus, Klebsiella pneumoniae ss pneumoniae, Corynebacterium pseudodiphtheriticum, Fusobacterium nucleautum ss fusiforme, Candida albicans) ‒ 0,1575 мг.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жайпақ цилиндр пішінді, беті тегіс жылтыр, шеттері қиғашталған, жалбыз иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар, аздап мәрмәрлыққа жол беріледі.
Ойық жаралы зақымдануларды қоса, ауыз қуысымен шектелген инфекциялық ауруларды адъювантты емдеу:
• пародонтоз, пародонтит, стоматит, глоссит, герпестік стоматит
• ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну аурулары
• ойық жаралы гингивит
• ауыз қуысының дисбактериозы
• фарингит
• созылмалы тонзиллит
• тіс протезінен болған ауыз қуысы шырышты қабығының жарақаты,
• тіс жұлғаннан, тіс имплантациясынан кейінгі инфекциялық асқынулар
• тонзилэктомияда операцияға дейінгі дайындықта және операциядан кейінгі кезең.
Иммуностимуляторлар. Басқа иммуностимуляторлар.
АТХ коды LО3АX
Имудон поливалентті антигенді кешен – бактерия лизаттарының қоспасы болып табылады, оның құрамы ауыз қуысында және жұтқыншақта қабыну үдерісін ең жиі туындататын қоздырғыштарға сәйкес келеді.
Имудон фагоцитозды белсендіреді, иммунокомпонентті жасушалар санының көбеюіне ықпал етеді, лизоцимнің және интерферонның, сілекейде секрециялық А иммуноглобулинінің өндірілуін арттырады.
Дозалау режимі
Тәуліктік доза 6-дан 8 таблеткаға дейін.
6 жастан 14 жасқа дейін тәуліктік доза 6 таблетка.
Емдеу курсының ұзақтығы 6-дан 8 күнге дейін.
Енгізу жолы және тәсілі
Таблеткалар жергілікті қолдануға арналған, оларды ауыз қуысында шайнамай және сумен ішпей, сорады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
- бактерия лизаттарына (Lactobacillus johnsonii, Lactobacillus helveticus, Lactobacillus delbrueckii ss lactis, Lactobacillus fermentum, Streptococcus pyogenes groupe A, Enterococcus faecium, Enterococcus faecalis, Streptococcus gordonii, Staphylococcus aureus, Klebsiella pneumoniae ss pneumoniae, Corynebacterium pseudodiphtheriticum, Fusobacterium nucleautum ss fusiforme, Candida albicans) қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар, дұрыс қолдана алмауына байланысты (жұтып қоюы немесе шайнауы)
- аутоиммунды аурулардың болуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Лапп-лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Имудон® препаратымен емдеу кезінде жағымсыз реакциялар жиілігін анықтау үшін деректер жеткіліксіз. Хабарланған жағымсыз әсерлер төменде келтірілген:
Сирек
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (бөртпе, есекжем, ангионевроздық ісіну), эритема, экзема;
• жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея.
Өте сирек
• емдеудің ерте сатысында дене температурасының түсініксіз 39°С-ден жоғары көтерілуі, ринофарингит, синусит, ларингит, бронхит, демікпе ұстамасы және оқшауланған жөтел,
• түйіндік эритема, тромбоцитопения,
• геморрагиялық васкулит.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратпен артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Көрсетілімдері препаратты ұзақ уақыт қолдануды талап етпейді. Егер симптомдары 8 күннен артық созылса және дене температурасының көтерілуімен қатар жүрмесе, емдеуді қайта қарау керек.
Арнайы ескертулер
Имудон® құрамында лактоза болғандықтан, оны туа біткен глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе лактаза тапшылығы сияқты сирек кездесетін туа біткен аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды. Қант диабеті бар науқастарға абай болу керек.
Пациентке сирек жағдайларда дене температурасының ешбір себепсіз 39°С-ден жоғарыға көтерілуі мүмкін екендігін ескерту керек. Мұндай симптомның алғашқы белгілерінде емдеуді дереу тоқтату керек. Алайда, мұндай дене температурасының көтерілуін ЛОР-мүшелерінің ауруларына байланысты симптоматикалық көтерілуден айыра білу керек.
Бронх демікпесі бар науқастарда иммунитетті күшейту мақсатында бактериялық лизаттар препараттарын қолдану кезінде демікпе ұстамаларының болғандығы жазылған. Демікпе ұстамасы дамыған кезде емдеуді жалғастыру ұсынылмайды.
Қажет болғанда препараттың емдік белсенділігін төмендетпеу үшін ауызды Имудон® препаратын қолданудан кейін 1 сағаттан ерте шаймаған дұрыс. Препаратты тұзсыз немесе тұзы аз диетаны ұстанатын пациенттерге тағайындағанда, Имудон® препаратының 1 таблеткасы құрамында 15 мг натрий бар екендігін ескеру қажет. Құрамында маннитол болуына байланысты орташа іш жүргізетін әсері болуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезеңінде автомобильді немесе басқа механизмдерді басқаруға байланысты қызметке қандай да бір шектеулердің қажеттілігін дәйектейтін деректер жоқ.
Имудон® препаратын жүкті әйелдерде қолдану туралы ақпарат жеткіліксіз. Жануарларға жүргізілген эксперименттердің тиісті деректері мен эпидемиологиялық зерттеулер жоқ. Имудон® препаратын жүктілік немесе лактация кезеңінде қабылдау ұсынылмайды.
Имудон® басқа топтағы дәрілік препараттармен қолдануға болады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.