Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Аэрозоль для местного применения
Саудалық атауы
Ингалипт-DF
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Тонзиллит, фарингит, ларингит, афтозды және ойық жаралы стоматиттер
Өндіруші
ТОО "DOSFARM"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір баллонның ішінде
белсенді заттар: натрий сульфаниламиді, 0,750 г,
натрий норсульфазолы, 0,750 г
қосымша заттар: эвкалипт майы, бұрыш жалбыз майы, тимол, этанол (этил спирті 96%), қант, глицерин, твин-80, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ерекше иісі бар ашық сарыдан қою сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
Ингалипт-DF бактерияға қарсы және қабынуға қарсы әсер етеді, сондай-ақ, салқындататын және алаңдататын әсер етеді. Сульфаниламидтер тобының белсенді заттары бактерияға қарсы әсер етеді. Олардың әсері микробтардың өздерінің дамуы үшін қажетті, молекуласына пара-аминобензой қышқылы кіретін фолий және дигидрофолий қышқылдарының өсу факторларын түзуін бұзатындығымен байланысты. Сульфаниламидтер химиялық құрамы бойынша пара-аминобензой қышқылына жақын, оларды пара-аминобензой қышқылының орнына микроб жасушасы қармап алады және сол арқылы ондағы алмасу үдерістерінің ағымын бұзады.
Қосымша заттар антисептикалық, салқындататын және алаңдататын әсер береді. Аталған фармакологиялық қасиеттерінің біріктірілімі жоғарғы тыныс алу жолдарының және ауыз қуысының шырышты қабығының қабыну ауруларының кешенді патогенетикалық емін қамтамасыз етеді. Ингалипт-DF организмге ульцерогенді және жалпы уытты әсер етпейді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Ақпарат жоқ.
Балалар
6 жастан асқан балаларға сақтықпен, алдын ала дәрігермен кеңесіп алып қолдану керек.
Дозалау режимі
Құтыдан сақтандыру қалпақшасын алып және қоса беріліп отырған бүріккішті кигізіп, жүзіндіні ауыз қуысына 1-2 секунд бүркейді.
Бүріккіш тесігінің бітеліп қалуын болдырмас үшін, манипуляция жасаған соң оны үрлеп немесе таза су құйылған стақанға салған жөн.
Баллонды қолданғанда қатаң түрде тік қалыпта ұстау керек.
Белгіленген уақыты бойынша қолдану жиілігі
Бүрку тәулігіне 3-4 рет тамақтан кейін 2-3 сағаттан соң немесе тамақтану арасындағы үзілістерде ауызды қайнаған сумен алдын ала шаю арқылы жүргізіледі.
Емдеу узақтығы
7 күннен аспайды.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Анықталмаған
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Әрқашан препаратты осы қосымша параққа немесе емдеуші дәрігер мен дәріхана қызметкерінің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз. Күмәнданған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, қышыну, препаратпен жанасқан жерлердің ісінуі)
- қысқа мерзімді тамақта күйдіру немесе жыбырлау сезімі болуы мүмкін
- балаларда рефлекторлық бронх түйілуі дамуы мүмкін
- жүрек айну және құсу
- диарея
- дімкәстану сезімі
- бас ауруы
Симптомдары: терідегі бөртпе, қышыну, препаратпен жанасқан жердің ісінуі түріндегі аллергиялық реакциялар.
Емі: препаратты қолдануды тоқтату және дәрігерге қаралу керек, арнайы антидоты жоқ, симптоматикалық ем.
Арнайы ескертулер
Алғаш рет қолданар алдында дисперсиялық ағын пайда болғанша бүріккішті бірнеше рет басу керек.
Препаратты қолданар алдында ауыз қуысын қайнаған жылы сумен шаю керек; ауыз қуысының зақымданған жерінен стерильді тампонмен некрозды өңезді алып тастау керек.
Препаратты қолданып болғаннан кейін штоктан мойын бүріккішін шешіп алып жылы сумен жуып-шаю керек.
Аллергияға бейім адамдар үшін қолданар алдында дәрігердің кеңесі қажет. Қан түзу жүйесі ауруларында, нефроздарда, нефриттерде, базедов ауруында, препарат компонеттеріне жоғары сезімталдықта қолдану ұсынылмайды.
Препарат құрамында этанол болғандықтан, оны бауыр ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Препарат құрамында қант бар, оны қант диабеті бар пациенттер ескеруі керек.
Препарат құрамында қосымша заттар ретінде эвкалипт майы мен бұрыш жалбызы майының болуы шырышты қабықтардың тітіркенуіне ықпал етуі және балаларда бронх түйілуін тудыруы мүмкін. Балаларды емдеуді ересектердің қадағалауымен жүргізу керек.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындау қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік
Ингалипт-DF препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Препараттың құрамына плацента арқылы өтетін және шарананың қанында кездесетін сульфаниламидтер кіреді. Тератогендік әсер дамуы мүмкін.
Емшек емізу
Ингалипт-DF препаратын емшекпен емізу кезінде қолдануға болмайды. Емшекпен емізу кезінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек, өйткені сульфаниламидтер емшек сүтіне енеді және жаңа туған нәрестелерде ядролық сарғаюды тудыруы мүмкін.
Ингалипт-DF препаратын пара-аминобензой қышқылының туынды препараттарымен (новокаин, анестезин, дикаин) бір уақытта қолданғанда сульфаниламидтердің бактерияға қарсы белсенділігі жойылады.
Әсер ету ауқымын кеңейту және тиімділікті көтермелеу мақсатында басқа да жергілікті микробтарға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Құлаудан, соққыдан және тікелей күн сәулесінің түсуінен сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.