Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды
Литий
Индамидті қандағы литий концентрациясының жоғарылауы қаупіне және артық дозалану симптомдарының дамуына байланысты, сондай-ақ, тұзсыз диета кезінде (литийдің несеппен шығарылуы төмендейді) литий препараттарымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Мұндай біріктірілімді тағайындау қажет болған жағдайда, қан плазмасындағы литий деңгейін мұқият бақылау және диуретиктердің дозасын түзету керек.
Айрықша көңіл бөлуді қажет ететін препараттармен біріктірілімдер
Torsades de pointes туындататын жүрек ырғағына әсер ететін препараттар
• Ia класты аритмияға қарсы препараттар (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид)
• III класты аритмияға қарсы препараттар (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид, бретилий)
• кейбір психозға қарсы препараттар:
• фенотиазиндер (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиори-
дазин, трифторперазин)
• бензамидтер (амисульприд, сульпирид, сультоприд, тиаприд)
• бутирофенондар (дроперидол, галоперидол)
• басқа психозға қарсы препараттар (мысалы, пимозид)
• басқа препараттар: бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин вена ішіне, галофантрин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, моксифлоксацин, винкамин вена ішіне, метадон, астемизол, терфенадин.
Мұндай біріктірілімді тағайындау алдында калий деңгейін тексереді және қажет болса, соңғысын түзетеді. Пациенттің клиникалық жағдайын, қан плазмасының электролиттерін және ЭКГ бақылау қажет.
Гипокалиемия болғанда «пируэт» түріндегі қарыншалық тахикардияны тудырмайтын препараттарды тағайындау керек.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді, соның ішінде күніне ≥3г дозадағы ацетилсалицил қышқылын және циклооксигеназа-2 іріктелген тежегіштерін (ЦОГ-2) жүйелі қолдануда.
Осы препараттармен бірге қабылдау индапамидтің гипотензиялық әсерін төмендетеді, сусыздануы бар пациенттерде шумақтық сүзілістің төмендеуіне байланысты жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі артады. Емдеу басталғаннан бастап бүйректің функционалдық белсенділігін қадағалау керек, қажет болса организмнің жеткілікті гидратациясын қамтамасыз еткен жөн.
АӨФ тежегіштері
Индамид пен АӨФ тежегіштерін бір мезгілде тағайындау, гипонатриемия бар болған жағдайда (әсіресе, бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде) айқын гипотензияның және/немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігінің даму қаупін арттырады.
Артериялық гипертензиясы бар және қан плазмасындағы натрий иондарының мөлшері диуретиктерді қабылдау салдарынан төмендеуі мүмкін пациенттерге:
• АӨФ тежегіштерімен емдеу алдында 3 күн бұрын диуретиктерді қабылдауды тоқтату қажет. Әрі қарай, қажет болса, диуретиктерді қабылдауды қайта бастауға болады.
• немесе АӨФ тежегішімен емдеуді төмен дозаларынан бастап, кейіннен қажет болса, дозасын біртіндеп арттыру керек.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде АӨФ тежегіштерімен емдеуді диуретиктердің дозаларын ықтимал алдын ала төмендетумен төмен дозаларынан бастау керек.
Барлық жағдайларда АӨФ тежегіштерін қабылдаудың алғашқы аптасында пациенттерде бүйрек функциясын (қан плазмасындағы креатинин концентрациясын) бақылау қажет.
Гипокалиемия туғызуға қабілетті препараттар (венаішілік
амфотерицин В, глюко- және минералокортикоидтар жүйелі қолданылған кезде, тетракозактид, стимуляциялайтын іш жүргізгіш дәрілер)
Гипокалиемия даму қаупі жоғарылайды (аддитивті әсер).
Калий концентрациясын бақылау және, қажет болса, оны түзету керек. Іш жүргізетін дәрілерді тағайындаған кезде ішек моторикасын стимуляциялайтын әсері жоқ препараттарды пайдалану керек.
Баклофен
Баклофен индапамидтің гипотензиялық әсерінің айқындығын күшейтеді. Бүйректің функционалдық жағдайын бақылау және су теңгерімін түзету қажет.
Оймақгүл препараттары
Гипокалиемия және/немесе гипомагнемия оймақгүлдің уытты әсерін күшейтеді. Қан плазмасындағы калий, магний деңгейін бақылау және ЭКГ жүргізу және қажет болған жағдайда емді түзету керек.
АллопуринолИндапамидпен бір мезгілде қолдану аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакцияларының жиілігін арттыруы мүмкін.
Тағайындалуының дұрыстығын мұқият бағалау қажет біріктірілімдер
Калий жинақтаушы диуретиктер (амилорид, спиронолактон, триамтерен)
Индамидпен біріктіргенде гипокалиемия (әсіресе, бүйрек жеткіліксіздігі немесе қант диабеті бар пациенттерде) немесе гиперкалиемия дамуы мүмкін. Егер қатарлас қолдану көрсетілсе, препараттар аса сақтықпен және сарысудағы калий мөлшері мен ЭКГ жиі мониторингілеумен пайдаланылуы тиіс.
Метформин
Диуретиктерді, әсіресе, «ілмектіктерді» қабылдау аясында туындауы мүмкін бүйректің функционалдық жеткіліксіздігі, метформинді бір мезгілде тағайындаған кезде сүтқышқылды ацидоздың даму қаупін арттырады. Егер сарысудағы креатинин деңгейі ерлерде 15мг/л (135 мкмоль/л) және әйелдерде - 12мг/л (110 мкмоль/л) артық болса, метформинді қолданбау керек.
Құрамында йод бар контрастылы заттар
Диуретиктік препараттарды қабылдау аясында организмнің сусыздануы, әсіресе, құрамында йод бар контрастылы заттардың жоғары дозаларын қолданғанда бүйректің жедел жеткіліксіздігінің даму қаупі артады. Құрамында йод бар контрастылы заттарды қолданар алдында, пациенттерге жоғалтқан сұйықтықтың орнын толтыру қажет.
Имипрамин тәрізді антидепрессанттар, нейролептиктер
Бұл кластардың препараттары индапамидтің гипертензияға қарсы әсерін күшейтеді және ортостаздық гипотензияның қаупін арттырады (аддитивті әсері)
Кальций тұздары
Бір мезгілде тағайындағанда, кальций иондарының бүйрек арқылы шығарылуының төмендеуі салдарынан, гиперкальциемия дамуы мүмкін.
Циклоспорин, такролимус
Тіпті, сұйықтық пен натрий иондарының мөлшері қалыпты болса да, айналымдағы циклоспорин концентрациясының өзгеруінсіз, қан плазмасындағы креатинин концентрациясы жоғарылауы мүмкін.
Кортикостероидтар, тетракозактид (жүйелі қолданғанда)
Гипотензиялық әсерді су мен натрийдің кідіруі есебінен төмендетеді.