Ұсынылмайтын біріктірілімдер
Литий
Қан плазмасындағы литий деңгейінің жоғарылауы және тұзсыз диетадағы сияқты артық дозалану симптомдарының (литийдің несеппен шығарылуының төмендеуі) пайда болуы мүмкін. Егер диуретик тағайындау қажет болса, қан плазмасындағы литий деңгейіне мұқият мониторинг жүргізіп, литий дозасын бейімдеу керек.
Қолдану кезінде сақтықты талап ететін біріктірілімдер
«Пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін препараттар:
- Ia класты аритмияға қарсы препараттар (хинидин, гидроквинидин, дизопирамид)
- III класты аритмияға қарсы препараттар (амиодарон, бретилий тозилаты, соталол, дофетилид, ибутилид)
-кейбір психозға қарсы препараттар:
• фенотиазиндер (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифлуоперазин)
• бензамидтер (амисульприд, сульпирид, сультоприд, тиаприд)
• бутирофенондар (дроперидол, галоперидол)
• басқа дәрілік заттар: бепридил, цизаприд, дифеманил, венаішілік эритромицин, галофантрин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, моксифлоксацин, венаішілік винкамин, метадон, астемизол, терфенадин
Индапамидті жоғарыда аталған дәрілік заттармен қолданғанда қарыншалық аритмиялардың, атап айтқанда torsades de pointes - «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияның (гипокалиемия қауіп факторы болып табылады) пайда болу қаупі артады.
Мұндай біріктірілімді тағайындамас бұрын қан сарысуындағы калий деңгейін тексеріп, қажет болған жағдайда оны түзету керек. Пациенттердің клиникалық жағдайын, плазма электролиттерін бақылау және ЭКГ мониторинг жүргізу керек. Гипокалиемия болғанда torsades de pointes туындатпайтын препараттарды тағайындау керек.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (жүйелі тағайындау үшін), ЦОГ 2 селективті тежегіштерін, ацетилсалицил қышқылының үлкен дозаларын (≥ 3 г/тәул) қоса:
- индапамидтің гипотензиялық әсерінің төмендеуі мүмкін;
- сусызданған пациенттерде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі артады (шумақтық сүзілістің төмендеуінен). Емдеуді бастамас бұрын су теңгерімін қалпына келтіріп, бүйрек функциясын тексеру керек.
Ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) тежегіштері
Натрий деңгейі төмен пациенттерде (әсіресе бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде) артериялық гипотензияның және/немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігінің кенеттен пайда болуы мүмкін.
Артериялық гипертензия кезінде диуретиктермен емдеу натрий тапшылығын тудыруы мүмкін екенін ескеріп, мыналарды істеу керек:
• диуретик қолдануды АӨФ тежегіштерін қабылдауды бастағанға дейін 3 күн бұрын тоқтату, кейін, егер қажет болса, калий жинақтамайтын диуретикті қабылдауға оралу;
немесе
• АӨФ тежегіштерімен емдеуді төменгі дозалардан бастау, сосын оларды біртіндеп көтеру.
Іркілісті жүрек жеткіліксіздігінде емді АӨФ тежегіштерінің ең төменгі дозаларынан бастау керек, мүмкіндігінше калий жинақтамайтын диуретик дозасын төмендеткеннен кейін.
Барлық жағдайларда АӨФ тежегіштерімен емдеудің алғашқы аптасында бүйрек функциясына мониторинг (креатинин мөлшері) жүргізу қажет.
Гипокалиемия тудыратын басқа да дәрілік препараттар: амфотерицин B (вена ішіне енгізгенде), глюкокортикостероидтар және минералокортикостероидтар (жүйелі қолдану үшін), тетракозактид, перистальтиканы көтермелейтін іш жүргізетін дәрілік препараттар
Индапамидтің гипертензияға қарсы әсерін күшейтеді. Пациенттің адекватты гидратациясын қамтамасыз ету және емнің басында бүйрек функциясын бақылау қажет.
Гипокалиемияның жоғары даму қаупі (аддитивті әсер). Қан плазмасындағы калий деңгейіне, әсіресе оймақгүл препараттарымен бір мезгілде емдеу кезінде мұқият мониторинг жүргізу және қажет болса оны уақытылы толықтыру қажет. Ішек перистальтикасын көтермелемейтін іш жүргізетін дәрілерді қабылдау ұсынылады.
БаклофенБаклофен индапамидтің гипертензияға қарсы әсерін арттырады. Пациенттің адекватты гидратациясын қамтамасыз ету және емнің басында бүйрек функциясын бақылау қажет.
Оймақгүл препараттары
Гипокалиемия және/немесе гипомагниемия оймақгүл препараттарын қолданғаннан кейін уыттылық симптомдарының дамуына бейім фактор болып табылады, сондықтан қан плазмасындағы калий мен магнийдің деңгейін бақылау, ЭКГ жүргізу, ал қажет болса емді түзету қажет.
Ерекше зейін қоюды талап ететін біріктірілімдер
Аллопуринол
Индапамидпен бір мезгілде қолдану аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакцияларының туындау жиілігінің артуына әкелуі мүмкін
Зейін қоюды талап ететін біріктірілімдер
Калий жинақтаушы диуретиктер (амилорид, спиронолактон, триамтерен)
Егер мұндай біріктірілімді тағайындау орынды болса, гипокалиемия немесе гиперкалиемия (әсіресе қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда) туындау мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Қан плазмасындағы калий деңгейіне мониторинг, ЭКГ-бақылау жүргізу және қажет болған жағдайда емді түзету керек.
Метформин
Диуретиктерді, әсіресе ілмектік диуретиктерді қолдану нәтижесінде бүйрек функциясының ықтимал бұзылуымен байланысты метформин туындатқан лактоацидоздың даму қаупі жоғарылайды. Егер сарысудағы креатинин концентрациясы еркектерде 15 мг/л (135 мкмоль/л) және әйелдерде 12 мг/л (110 мкмоль/л) асса метформин қабылдау керек емес.
Құрамында йод бар рентгеноконтрастылы дәрілер
Диуретиктер туындатқан сусыздану жағдайында, әсіресе құрамында йод бар рентгеноконтрастылы дәрілерді жоғары дозаларын пайдаланғанда жедел бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары даму қаупі бар. Мұндай дәріні пайдалану алдында пациенттің тиісті гидратациясын қамтамасыз ету қажет.
Имипрамин сияқты антидепрессанттар, нейролептиктер
Гипертензияға қарсы әсердің күшеюі және ортостаздық гипотензияның (аддитивті әсер) пайда болу қаупі.
Кальций (кальций тұздары)
Кальцийдің бүйрекпен шығарылуының төмендеуі нәтижесіндегі гиперкальциемия қаупі.
Циклоспорин, такролимус
Циклоспорин деңгейінің өзгеруінсіз плазмадағы креатинин мөлшерінің жоғарылау қаупі, тіпті егер гиповолемия және гипонатриемия байқалмаса да.
Кортикостероидтар, тетракозактид (жүйелі қолдану үшін)
Гипотензиялық әсердің төмендеуі (кортикостероидтер әсерінің салдарынан натрий мен судың кідіруі).