Индапамидпен бір мезгілде қолдануға болмайды
Литий препараттары
Индапамид пен литий препараттарын бір мезгілде қолданғанда, сондай-ақ тұзсыз диета ұстанғанда, артық дозалану белгілерінің пайда болуымен қатар жүретін, экскрециясының төмендеуі салдарынан қан плазмасында литий концентрациясының жоғарылауы байқалуы ықтимал. Қажет болған жағдайда диуретикалық препараттарды литий препараттарымен бірге қолдануға болады, бұл ретте қан плазмасындағы литий концентрациясын мұқият бақылау және препараттың дозасын тиісінше таңдау керек.
Индапамидпен қолданғанда сақ болу керек
Torsade de pointes («пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия) туындатуға қабілетті дәрілік препараттар
• Ia класты аритмияға қарсы препараттар (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид);
• III класты аритмияға қарсы препараттар (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид, бретилиум);
• кейбір психозға қарсы препараттар:
• фенотиазин туындылары (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифторперазин),
• бензамид туындылары (амисульпирид, сульпирид, сульприд, тиаприд),
• бутирофенон туындылары (дроперидол, галоперидол),
• психозға қарсы басқа дәрілер (пимозид).
Басқа препараттар: бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин (вена ішіне енгізгенде), галофантрин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, моксифлоксацин, винкамин (вена ішіне енгізгенде), метадон, астемизол, терфенадин.
Қарыншалық аритмияның, әсіресе torsade de pointes жоғары қаупі (гипокалиемия бейімдеуші фактор болып табылады).
Осы препараттарды қолдану қажет болған жағдайда пациентті гипокалиемияның дамуына бақылау және қажет болған жағдайда калий деңгейін түзету қажет. Плазмадағы электролиттер деңгейін және ЭКГ көрсеткіштерін бақылап отыру қажет.
Қарыншалық аритмиялардың, атап айтқанда «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия даму қаупінің жоғарылауы (қауіп факторы – гипокалиемия).
Индапамидпен және жоғарыда көрсетілген препараттармен біріктірілген ем тағайындар алдында гипокалиемияны анықтау мақсатында зерттеу жүргізу және қажет болған жағдайда түзету жүргізу керек. Пациенттің клиникалық жағдайын бақылау, қан плазмасында электролиттер деңгейін, ЭКГ көрсеткіштерін бақылап отыру қажет.
Гипокалиемиясы бар пациенттерде «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия тудырмайтын препараттарды қолдану қажет.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттар (жүйелі тағайындаған кезде), ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қоса, ацетилсалицил қышқылының жоғары дозалары (≥3 г/тәулігіне )
Индапамидтің гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін.
Организмдегі сусыздануы бар пациенттерде шумақтық сүзілудің төмендеуіне байланысты жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі бар. Пациенттер жоғалтқан сұйықтықтың орнын толтыруы және емнің басында бүйрек функциясын мұқият бақылап отыруы қажет.
Ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері
Бастапқыда қандағы натрий иондарының концентрациясы төмендеген пациенттерге АӨФ тежегіштерін тағайындау кенеттен артериялық гипотензия және/немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі қаупімен (атап айтқанда, бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде) қатар жүреді.
Артериялық гипертензиясы бар және диуретиктерді алдында қолданудың салдарынан қандағы натрий иондары концентрациясы төмендеуі мүмкін пациенттерге:
• АӨФ тежегішімен емдеуді бастағанға дейін 3 күн бұрын диуретиктер қабылдауды тоқтату керек. Одан әрі, қажет болған жағдайда, калий жинақтамайтын диуретик қабылдауды қайта бастауға болады;
• немесе АӨФ тежегішімен емді төмен дозалардан бастау, қажет болған жағдайда дозаны біртіндеп арттыруға болады.
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі кезінде АӨФ тежегіштерімен емдеуді ең төмен дозалардан бастап, калий жинақтамайтын диуретиктің дозасын алдын ала төмендету мүмкіндігімен бастау керек.
Барлық жағдайларда, пациенттерде АӨФ тежегіштерін қабылдаудың алғашқы апталарында бүйрек функциясын (қан плазмасындағы креатинин мөлшері) бақылау қажет.
Гипокалиемияны туындатуға қабілетті басқа препараттар: амфотерицин B (в/і), глюко - және минералокортикостероидтар (жүйелі қолданған кезде), тетракозактид, ішек моторикасын көтермелейтін іш жүргізетін дәрілер
Гипокалиемия даму қаупінің артуы (аддитивті әсер).
Қан плазмасындағы калий концентрациясын үнемі бақылап отыру, қажет болған жағдайда оны түзету қажет. Жүрек гликозидтерін бір уақытта қабылдайтын пациенттерге ерекше назар аудару керек. Ішек моторикасын көтермелейтін іш жүргізетін дәрілерді пайдалану ұсынылады.
Баклофен
Гипотензивті әсердің күшеюі байқалады.
Пациенттер жоғалтқан сұйықтықтың орнын толтыруы және емнің басында бүйрек функциясын мұқият бақылап отыруы қажет.
Жүрек гликозидтері
Гипокалиемия жүрек гликозидтерінің уытты әсерін күшейтеді. Индапамид пен жүрек гликозидтерін бір мезгілде қолданған кезде қан плазмасындағы калий деңгейін, ЭКГ көрсеткіштерін бақылау және қажет болған жағдайда емді түзету керек.
Ерекше назар аударуды қажет ететін біріктірілімдер
Аллопуринол
Индапамидпен бірге қолдану аллопуринолмен емдеу кезінде аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупін арттыруы мүмкін.
Назар аударуды қажет ететін біріктірілімдер
Калий жинақтайтын диуретиктер (амилорид, спиронолактон, триамтерен)
Индапамидпен және калий жинақтайтын диуретиктермен біріктірілген ем кейбір пациенттерде орынды, алайда бұл ретте гипокалиемияның немесе гиперкалиемияның (әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе қант диабеті бар пациенттерде) даму мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
Қан плазмасындағы калий концентрациясын, ЭКГ көрсеткіштерін бақылау және қажет болған жағдайда емді түзету қажет.
Метформин
Диуретиктерді, әсіресе ілмекті диуретиктерді қабылдау аясында пайда болатын функционалдық бүйрек жеткіліксіздігі метформин тудыратын сүт қышқылы ацидозының даму қаупін арттырады.
Егер қан плазмасындағы креатинин деңгейі ерлерде 15 мг/л (135 мкмоль/л) және әйелдерде 12 мг/л (110 мкмоль/л) асатын болса, метформинді қолдануға болмайды.
Құрамында йод бар контрастылы заттар
Диуретикалық препараттарды қабылдау аясында болған сусыздану жағдайында, әсіресе құрамында йод бар контрастылы заттардың жоғары дозаларын қолданған кезде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі артады.
Құрамында йод бар контрастылы заттарды қолданар алдында пациенттер жоғалтқан сұйықтық орнын толтыруы қажет.
Трициклді антидепрессанттар, нейролептиктер
Осы кластар препараттары индапамидтің гипертензияға қарсы әсерін күшейтеді және ортостатикалық гипотензияның (аддитивті әсер) қаупін арттырады.
Кальций (тұздар)
Бір мезгілде қолданған кезде бүйрекпен кальций иондары шығарылуының төмендеуі салдарынан гиперкальциемия дамуы мүмкін.
Циклоспорин, такролимус
Қан плазмасындағы креатинин концентрациясын айналымдағы циклоспорин концентрациясын өзгертпей, тіпті су мен натрий иондары жоғалмаса да арттыруға болады.
Кортикостероидты препараттар, тетракозактид (жүйелі қолдану)
Гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі (кортикостероидтардың әсерінен су мен натрий иондарының іркілуі).