Ұсынылмайтын біріктірілімдер
Литий
Тұзы төмен диета жағдайындағыдай артық дозалану симптомдарымен плазмадағы литий деңгейінің жоғарылауы келеді (литийдің несеппен аз шығаралуы). Егер литий тұздары мен диуретиктік препаратты бір уақытта қолдану қажет болса, плазмадағы литий мөлшерін бақылау және тиісінше дозаны түзету қажет.
Пайдалану кезінде сақтықты талап ететін біріктірілімдер
Torsade de pointes типі бойынша аритмия тудыратын препараттар
• Ia класты аритмияға қарсы препараттар (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид);
• III класты аритмияға қарсы препараттар (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид);
• кейбір психозға қарсы препараттар:
• фенотиазин туындылары (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифторперазин);
• бензамид туындылары (амисульпирид, сульпирид, сультоприд, тиаприд);
• бутирофенон туындылары (дроперидол, галоперидол);
• басқа препараттар: бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин (вена ішіне енгізгенде), галофантрин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, моксифлоксацин, винкамин (вена ішіне енгізгенде).
Қарыншалық аритмияның, әсіресе torsade de pointes жоғары қаупі (гипокалиемия бейім фактор болып табылады). Аталған біріктірілімдерді тағайындар алдында гипокалиемияға қатысты мониторинг жүргізу және қажет болса электролиттік теңгерімді түзету қажет. Клиникалық жағдайға, плазма электролиттеріне және электрокардиография (ЭКГ) мониторинг жүргізу керек.
Гипокалиемия анықталған жағдайда, torsade de pointes қаупін тудырмайтын дәрілік препараттарды қолдану керек.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттар (ішке және/немесе парентеральді қабылдау үшін), оның ішінде циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштері және салицилаттардың жоғарғы дозалары (≥3 г/тәулік)
Индапамидтің гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін.
Пациенттердің сусыздану жағдайында жедел бүйрек жеткіліксіздігінің қаупі жоғарылайды (шумақтық сүзілістің төмендеуі). Ем басталғаннан бастап пациенттің гидратация жағдайын бақылау және бүйрек функциясына мониторинг жүргізу керек.
Ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) тежегіштері
Гипонатриемиясы бар пациенттерге АӨФ тежегіштерін тағайындау (әсіресе бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде) кенеттен болатын артериялық гипотензияның қаупімен және жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупімен байланысты.
Гипертензия жағдайында, егер диуретикпен бұрын жүргізілген емдеу натрий жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін болса, мыналар қажет:
• немесе диуретикті қабылдауды АӨФ тежегішімен емдеуді бастағанға дейін 3 күн бұрын тоқтату және қажет болған жағдайда калий жинақтамайтын диуретикті қабылдауды қайта бастау;
• немесе АӨФ тежегішінің аз дозасынан қабылдауды бастаңыз және оның дозасын біртіндеп арттырыңыз.
Іркілісті жүрек жеткіліксіздігінде емді, мүмкіндігінше калий жинақтамайтын диуретик дозасын төмендеткеннен кейін АӨФ тежегіштерінің ең төменгі дозаларынан бастау керек.
Барлық жағдайларда АӨФ тежегіштерімен емдеудің алғашқы аптасында бүйрек функциясына мониторинг (креатинин мөлшері) жүргізу қажет.
Гипокалиемия тудыратын басқа да дәрілік препараттар: амфотерицин B (вена ішіне енгізгенде), глюкокортикостероидтар және минералокортикостероидтар (жүйелі қолдану үшін), тетракозактид, перистальтиканы көтермелейтін іш жүргізетін дәрілік препараттар
Гипокалиемияның жоғары даму қаупі (аддитивті әсер). Қан плазмасындағы калий деңгейіне, әсіресе оймақгүл препараттарымен бір мезгілде емдеу кезінде мұқият мониторинг жүргізу және қажет болса оны уақытылы толықтыру қажет. Ішек перистальтикасын көтермелемейтін іш жүргізетін дәрілерді қабылдау ұсынылады.
Баклофен
Индапамидтің гипертензияға қарсы әсерін күшейтеді. Пациенттің адекватты гидратациясын қамтамасыз ету және емнің басында бүйрек функциясын бақылау қажет.
Оймақгүл препараттары
Гипокалиемия және / немесе гипомагнемия оймақгүл қолданғаннан кейін уыттылық симптомдарының дамуына бейімдейтін фактор болып табылады, сондықтан қан плазмасындағы калий, магний деңгейін бақылау және ЭКГ жүргізу, қажет болса емді модификациялау қажет.
Ерекше сақтықты талап ететін біріктірілімдер
Аллопуринол
Индапамидпен бір мезгілде қолдану аллопуринолға жоғары сезімталдық реакцияларының жиілігін арттырады.
Назар аударылуы тиіс біріктірілімдер
Калий жинақтаушы диуретиктер (амилорид, спиронолактон, триамтерен)
Кейбір пациенттер үшін пайдалы осы препараттардың рационалды біріктірілімі гипокалиемияның (әсіресе қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің жағдайында) немесе гиперкалиемияның даму қаупін жоққа шығармайды. Плазмадағы калий деңгейін және ЭКГ көрсеткіштерін бақылау, қажет жағдайда емдеу тәсілін қайта қарау қажет.
Метформин
Диуретиктерді, әсіресе ілмектік диуретиктерді қолдану нәтижесінде бүйрек функциясының ықимал бұзылуымен байланысты метформин туындатқан лактоацидоздың даму қаупі жоғарылайды. Егер сарысудағы креатинин концентрациясы еркектерде 15 мг/л (135 мкмоль/л) және әйелдерде 12 мг/л (110 мкмоль/л) асса метформин қабылдау керек емес.
Құрамында йод бар рентгенконтрастылы дәрілер
Диуретиктер туындатқан сусыздану жағдайында, әсіресе құрамында йод бар рентгеноконтрастылы дәрілерді жоғары дозаларын пайдаланғанда жедел бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары даму қаупі бар. Мұндай дәріні пайдалану алдында пациенттің тиісті гидратациясын қатамасыз ету қажет.
Трициклдік антидепрессанттар, нейролептиктер
Гипертензияға қарсы әсердің күшеюі және ортостаздық гипотензияның (аддитивті әсер) пайда болу қаупі.
Кальций (кальций тұздары)
Кальцийдің бүйрекпен шығарылуының төмендеуі нәтижесіндегі гиперкальциемия қаупі.
Циклоспорин, такролимус
Циклоспорин деңгейінің өзгеруінсіз, тіпті егер гиповолемия және гипонатриемия байқалмаса да плазмадағы креатинин мөлшерінің жоғарылау қаупі.
Кортикостероидтар, тетракозактид (жүйелі қолдану үшін)
Гипотензиялық әсердің төмендеуі (кортикостероидтер әсерінің салдарынан натрий мен судың іркілуі).