Индапамидпен бір мезгілде қолдануға болмайды
Литий: Тұзы төмен диета жағдайындағыдай артық дозалану симптомдарымен плазмадағы литий деңгейінің жоғарылауы келеді (литийдің несеппен аз шығаралуы). Егер литий тұздары мен диуретикалық препаратты бір уақытта қолдану қажет болса, плазмадағы литий мөлшерін бақылау және тиісінше дозаны түзету қажет.
Индапамидпен қолданғанда сақ болу керек
Torsade de pointes типті аритмияны тудыратын препараттар («пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия):
• Ia класты аритмияға қарсы препараттар (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид);
• III класты аритмияға қарсы препараттар (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид, бретилиум);
• кейбір психозға қарсы препараттар:
• фенотиазин туындылары (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифторперазин);
• бензамид туындылары (амисульпирид, сульпирид, сультоприд, тиаприд);
• бутирофенон туындылары (дроперидол, галоперидол);
• психозға қарсы басқа препараттар (пимозид).
Басқа препараттар: бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин (вена ішіне енгізгенде), галофантрин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, моксифлоксацин, винкамин (вена ішіне енгізгенде), метадон, астемизол, терфенадин.
Қарыншалық аритмияның, әсіресе torsade de pointes жоғары қаупі (гипокалиемия бейім фактор болып табылады).
Индапамидпен және жоғарыда аталған препараттармен біріктірілген терапияны тағайындамас бұрын гипокалиемияны анықтау және қажет болған жағдайда түзету үшін зерттеу жүргізу керек. Пациенттің клиникалық жағдайын бақылау, қан плазмасындағы электролиттердің деңгейін, ЭКГ көрсеткіштерін бақылау қажет.
Гипокалиемия анықталған жағдайда, torsade de pointes қаупін тудырмайтын дәрілік препараттарды қолдану керек.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттар (жүйелі қолданған кезде), оның ішінде циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштері және салицилаттардың жоғарғы дозалары (тәулігіне ≥3 г)
Индапамидтің гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін.
Сусызданған пациенттерде шумақтық сүзілістің төмендеуіне байланысты бүйректің жедел жеткіліксіздігінің даму қаупі бар. Пациенттер сұйықтықтың жоғалуының орын толтыру керек және терапияның басында бүйрек функциясын мұқият бақылауы керек.
Ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) тежегіштері
Гипонатриемиясы бар пациенттерге АӨФ тежегіштерін тағайындау (әсіресе бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде) кенеттен болатын артериялық гипотензияның қаупімен және жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупімен байланысты.
Артериялық гипертензияда диуретиктермен емдеу натрий тапшылығын тудыруы мүмкін екенін ескере отырып:
• АӨФ тежегіштерін қабылдау басталғанға дейін 3 күн бұрын диуретик қолдануды тоқтату, сосын қажет болса, калий жинақтамайтын диуретик қабылдауға оралу;
немесе
• АӨФ тежегіштерімен емдеуді төмен дозадан бастаңыз, сосын оларды біртіндеп арттырыңыз.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде емді, мүмкіндігінше калий жинақтамайтын диуретик дозасын төмендеткеннен кейін АӨФ тежегіштерінің ең төменгі дозаларынан бастау керек.
Барлық жағдайларда АӨФ тежегіштерімен емдеудің алғашқы аптасында бүйрек функциясына мониторинг (қан плазмасындағы креатинин мөлшері) жүргізу қажет.
Гипокалиемия тудыратын басқа да дәрілік препараттар: амфотерицин B (вена ішіне енгізгенде), глюкокортикостероидтар және минералокортикостероидтар (жүйелі қолданған кезде), тетракозактид, перистальтиканы көтермелейтін іш жүргізетін дәрілік препараттар
Гипокалиемияның жоғары даму қаупі (аддитивті әсер). Қан плазмасындағы калий деңгейіне, әсіресе оймақгүл препараттарымен бір мезгілде емдеу кезінде мұқият мониторинг жүргізу және қажет болса оны уақытылы толықтыру қажет. Ішек перистальтикасын көтермелемейтін іш жүргізетін дәрілерді қабылдау ұсынылады.
Баклофен
Индапамидтің гипертензияға қарсы әсерін күшейтеді. Пациенттің адекватты гидратациясын қамтамасыз ету және емнің басында бүйрек функциясын бақылау қажет.
Оймақгүл препараттары
Гипокалиемия және / немесе гипомагнемия, оймақгүлдің уытты әсеріне ықпал етеді. Қан плазмасындағы калий мен магний деңгейіне мониторинг жүргізу, ЭКГ бақылау және қажет болса емдеуді түзету ұсынылады.
Ерекше назар аударуды қажет ететін біріктірілімдер
Аллопуринол
Индапамидпен бірге қолдану аллопуринолмен емдеуде жоғары сезімталдық реакциясының даму қаупін арттыруы мүмкін.
Калий жинақтаушы диуретиктер (амилорид, спиронолактон, триамтерен)
Кейбір пациенттер үшін пайдалы осы препараттардың рационалды біріктірілімі гипокалиемияның (әсіресе қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің жағдайында) немесе гиперкалиемияның даму қаупін жоққа шығармайды. Плазмадағы калий деңгейін және ЭКГ көрсеткіштерін бақылау, қажет жағдайда емдеу тәсілін қайта қарау қажет.
Метформин
Диуретиктерді, әсіресе ілмектік диуретиктерді қолдану нәтижесінде бүйрек функциясының ықтимал бұзылуымен байланысты метформин туындатқан лактоацидоздың даму қаупі жоғарылайды. Егер сарысудағы креатинин концентрациясы еркектерде 15 мг/л (135 мкмоль/л) және әйелдерде 12 мг/л (110 мкмоль/л) асатын болса, метформинді қабылдамау керек.
Құрамында йод бар рентгенконтрастылы заттар
Диуретиктер туындатқан сусыздану жағдайында, әсіресе құрамында йод бар рентген контрастылы заттардың жоғары дозаларын пайдаланғанда жедел бүйрек жеткіліксіздігінің жоғары даму қаупі бар. Құрамында йод бар контрастылы заттарды қолданар алдында пациенттер сұйықтықтың жоғалуының орнын толтыру қажет.
Трициклдік антидепрессанттар, нейролептиктер
Гипертензияға қарсы әсердің күшеюі және ортостаздық гипотензияның (аддитивті әсер) пайда болу қаупі.
Кальций (кальций тұздары)
Бір мезгілде қолданғанда бүйрек арқылы кальций иондарының шығарылуының төмендеуіне байланысты гиперкальциемияның дамуы мүмкін.
Циклоспорин, такролимус
Айналымдағы циклоспорин концентрациясын өзгеруінсіз, тіпті су мен натрий иондарының жоғалуы болмаса да, қан плазмасындағы креатинин концентрациясының жоғарылауы мүмкін.
Кортикостероидтар, тетракозактид (жүйелі қолдану үшін)
Гипертензияға қарсы әсердің төмендеуі (кортикостероидтардың әсерінен су мен натрий иондарының іркілуі).