• Емдеуші дәрігеріңізге немесе фармацевтке сіз қабылдап жүрген, соңғы уақытта қабылдаған немесе қабылдағыңыз келетін барлық препараттар туралы хабарлаңыз.
• Индап® препаратын литиймен бірге қолдануға болмайды (депрессияны емдеуде қолданылады), өйткені қандағы литий деңгейінің жоғарылау қаупі бар.
• Индап® препаратын және басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда олар өзара әрекеттесуі мүмкін. Егер сіз мына дәрілердің бірін қабылдасаңыз, өз дәрігеріңізге хабарлаңыз:
• ауыруға қарсы қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (мысалы, ибупрофен) немесе ацетилсалицил қышқылының жоғары дозалары,
• тетракозактид (Крон ауруын емдеу үшін),
• тітіркендіргіш іш жүргізетін препараттар,
• баклофен (шашыраңқы склероз сияқты аурулармен бірге жүретін бұлшықет түйілуін емдеу үшін),
• ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері (жоғары қан қысымы мен жүрек жеткіліксіздігін емдеуде қолданылады),
• жүрек ырғағының бұзылуын емдеу үшін қолданылатын дәрілер (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид, дигиталис, бретилий тозилаты),
• метформин (қант диабетін емдеу үшін),
• құрамында йод бар контрастты заттар (рентгенографиялық зерттеу үшін қолданылатын),
• депрессия, үрейлену, шизофрения сияқты психикалық бұзылыстарды емдеу үшін қолданылатын дәрілер (мысалы, трициклды антидепрессанттар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (циталопрам, эсциталопрам), психозға қарсы препараттар, нейролептиктер (амисульприд, сульпирид, сультоприд, тиаприд, дроперидол, галоперидол)),
• кальций таблеткалары немесе құрамында кальций бар басқа биологиялық белсенді қоспалар,
• ауыр демікпені және ревматоидты артритті қоса, әртүрлі жай-күйлерді емдеу үшін қолданылатын пероральді кортикостероидтар,
• калий жинақтаушы диуретиктер (несеп айдайтын дәрілер) (амилорид, спиронолактон, триамтерен),
• циклоспорин, такролимус немесе ағзаларды трансплантациясынан кейін иммундық жүйенің функциясын төмендету үшін, аутоиммундық ауруларды немесе ауыр ревматизм немесе тері ауруларын емдеу үшін қолданылатын басқа дәрілер,
• бепридил (стенокардияны емдеу үшін қолданылатын - кеудедегі ауырсынудың себебі болып табылатын аурулар),
• цизаприд, дифеманил (ас қорыту проблемаларын емдеу үшін қолданылатын),
• инъекциялар түріндегі спарфлоксацин, моксифлоксацин және эритромицин (инфекцияларды емдеуде қолданылатын антибиотиктер),
• инъекциялар түріндегі винкамин (егде жастағы пациенттердің есте сақтау қабілетін жоғалтуы сияқты когнитивтік бұзылыстарының симптомдарын емдеу үшін қолданылады),
• галофантрин (безгектің белгілі бір типтерін емдеу үшін қолданылатын паразитке қарсы дәрі),
• пентамидин (өкпе қабынудың белгілі бір типтерін емдеу үшін қолданылатын),
• инъекция түріндегі В амфотерицині (зең ауруларын емдеу үшін қолданылатын),
• аллергиялық ринит сияқты аллергиялық реакцияларды емдеуге арналған препараттар (астемизол, терфенадин, мизоластин),
• метадон (токсикоманияны емдеу үшін қолданылатын),
• аллопуринол (подаграны емдеу үшін қолданылатын).
Тамақ өнімдері Индап® препаратын қолдануға әсер етпейді.