Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Гель для наружного применения
Саудалық атауы
Индовазин®
Әсер етуші зат
Индометацин в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Созылмалы веналық жеткіліксіздікте, ауырумен және ісінумен
Өндіруші
Балканфарма-Троян АД
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г гельдің құрамында
белсенді заттар: 30 мг индометацин
20 мг троксерутин,
қосымша заттар: карбомер, макрогол 400, натрий бензоаты, изопропанол, диметилсульфоксид, динатрий эдетаты, Fresco BM&GD R.08.0932.1 хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Аздап бозаңданатын сарғыштан сарғыш-қоңыр түске дейінгі гель.
Препарат симптоматикалық емдеу үшін қолданылады:
- созылмалы веналық жеткіліксіздікте, ауырумен және ісінумен
қатар жүретін венаның варикозды кеңеюінде
- беткейлік тромбофлебитте, флебитте, флебиттен кейінгі жағдайда
- геморроидальді ауруды кешенді емдеуде
- тендовагинитте, бурситте, фиброзитте, периартритте
- хирургиялық араласулардан кейінгі ісінулерде, контузияларда, шығып кеткенде,
созылуларда.
Индовазин гелі құрамына индометацин мен троксерутин кіретін біріктірілген дәрілік зат болып келеді.
Индометацин айқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және ісінуге қарсы әсерге ие. Бұл ауыруды жоюға, ісінуді азайтуға әкеліп, зақымдалған буындар мен тіндердің қалпына келу уақытын қысқартады. Негізгі әсер ету механизмі циклооксигеназаның қайтымды блокадасы арқылы простагландиндердің синтезін басумен байланысты.. Индометацинге қарағанда, салицилаттар және фенилбутазон аз дәрежеде қабынуға қарсы әрекет етеді.
Tроксерутин (тригидроксиэтилрутинозид) биофлавоноид болып табылады. Ол ангиопротекторлық дәрілерге жатады. Капиллярлар өткізгіштігін азайтып, венаның тонусын арттыратын әсер береді. Ол гистамин, брадикинин және ацетилхолиннің венаны кеңейтетін әсерін бөгейді. Капиллярлар сынғыштығын азайтады және кейбір антиагрегантты әсерге ие болады. Ісінуді азайтады, вена жеткіліксіздігіне байланысты патологиялық өзгерістерде трофиканы жақсартады.
Индовазин гелін теріге жаққанда, қабыну реакциясын және ісінуді басады, ауыру сезімін азайтады. Вена тонусын арттыратын, капилляропротекторлық және гемостатикалық әсер береді.
Дозалау режимі
Зақымданған жерге гельдің 4-5 см күніне 3-4 рет жұқа қабат етіп жеңіл ысқылай отырып жағу керек. Бір реттік дозасы 4-5 см, тәуліктік дозасы 20 см аспауы тиіс. Емдеу ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат сыртқа қолдануға арналған.
- препараттың әсер етуші немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- ацетилсалицил қышқылына және басқа ҚҚСД (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге) аса жоғары сезімталдық
- 14 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденбеген)
- тері жабыны бүтіндігінің, шырышты қабықтың бұзылуы
- қайталанатын поллиноз
- этиологиясы айқын емес қан ұюының бұзылуы (гипокаогулопатии)
Жергілікті реакциялар
Сирек
- терінің құрғауы, тері гиперемиясы
- аллергиялық реакциялар (жанаспалы дерматит, қызару, қышыну, тері бөртпесі, жаққан жерде жылу мен ашытуды сезіну)
Жүйелі реакциялар
Өте сирек, (дененің ауқымды жеріне ұзақ уақыт бойы қолданған кезде)
- жүрек айнуы, құсу, асқазандағы ауыру
- бауыр энзимдері деңгейінің жоғарылауы
- анафилаксия, бронх түйілуі, ангионевроздық ісіну
- фотосенсибилизация реакциясы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Препаратты жергілікті қолданғанда, артық дозалану жағдайлары туралы мәліметтер жоқ.
Ұзақ (10 күннен аса) емдегенде бастың қатты ауыруы пайда болуы мүмкін.
Ішке абайсызда қабылдап қойған жағдайда ауыз ішін ашыту сезімі, сілекейдің көп бөлінуі, жүрек айнуы, құсудың пайда болуы мүмкін.
Емі: ауыз қуысы мен асқазанды шаю, қажет болған жағдайда – симптоматикалық ем.
Көзге, шырышты қабыққа немесе ашық жара беткейлеріне түскен жағдайда, жергілікті тітіркену – көзден жас ағуы, қызаруы, ашытуы, ауыруы байқалады
Емі: зақымданған жерді шағымдану жойылғанша немесе азайғанша дистилденген судың немесе физиологиялық ерітіндінің көп мөлшерімен шаю керек.
Сақтықпен:
- қабынуға қарсы дәрілермен бір мезгілде қабылдау
- бронх демікпесі
- порфирия
- асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы зақымдануы
- бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылулары
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- егде жастағылар
Арнайы ескертулер
Бронх демікпесі, аллергиялық ринит немесе басқа атопиясы бар науқастар препаратты қолданған кезде сақтық сақтау тиіс.
Гельді тек зақымдалмаған теріге жағады. Гельдің шырышты қабықтарға, ашық жара бетіне немесе көзге түсуін болдырмау керек.
Бауырдың және бүйректің ауыр сипатты ауруы және ойық жара ауруы бар науқастарға препаратты ұзақ уақыт, әсіресе терінің үлкен аумағында қолдануды шектеу керек.
10 күннен аса емдеу курсын алғанда, лейкоциттік және тромбоциттік формулаға зертханалық бақылау жүргізу керек.
Қосымша заттар туралы ақпарат
Индовазин® гелінің құрамында теріге және шырышты қабыққа тітіркендіргіш әсер беретін қосымша заттар ретінде натрий бензоаты және диметилсульфоксид бар.
Педиатрияда қолдану
Препарат клиникалық қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу кезінде психомоторлық реакциялардың жылдамдығына әсер етпейді
Жүктілік және/немесе бала емізу кезеңінде препаратты қолдану қауіпсіздігін растайтын клиникалық тәжірибе жоқ. Егер ана үшін күтілетін пайда шаранаға ықтимал қауіптен асып кетсе, препаратты емдеуші дәрігер клиникалық жағдайды мұқият бағалағаннан кейін ғана қолдануға болады.
Индовазин® гелін кортикостероидты препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені олардың ульцерогенді әсері күшеюі мүмкін.
Препаратты басқа ҚҚСД, антибиотиктер, антикоагулянттар, гипогликемиялық препараттармен бір мезгілде сақтықпен қабылдау керек. Гель фотосенсибилизация туындататын препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.