Дозалау режимі
Индометациннің дозасын пациенттің жеке қажеттіліктеріне қарай мұқият таңдап алу керек.
Ересектер
Күніне 1-3 рет 1 суппозиторийден.
14 жастағы және одан асқан балалар
Күніне 1 суппозиторийден
Енгізу әдісі және жолы
Ректальді. Суппозиторий қабығынан шығарылады және артқы өтіске енгізіледі.
Емдеу ұзақтығы
Мүмкін болған уақыт кезеңі ішінде ең аз тиімді дозалары ұсынылады
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
Дәрілік препарат стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте жиі
• жүрек айнуы, анорексия, құсу, эпигастральді бұзылыс, іштің ауыруы, іш қату және диарея;
Жиі
• бас ауыруы, бас айналуы, естен тану алдындағы жай-күй, депрессия, вертиго және қажу (дімкәстік пен сылбырлықты қоса).
Жиі емес
• сананың шатасуы, үрейлену, естен тану, ұйқышылдық, құрысулар, кома, шеткері нейропатия, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттердің еріксіз қозғалыстары, ұйқысыздық, елестеулер, өзің өзі танымау сияқты психикалық бұзылыстар.
• стоматит, гастрит, метеоризм, тоқ ішектен қан кету (жасырын немесе дивертикулдан) және тоқ ішектің бұрыннан бар зақымдануларының перфорациясы (дивертикулдар, карцинома), өңештің, асқазанның, он екі елі ішектің, жуан және жіңішке ішектің ойық жаралануы (дара немесе көптеген), өліммен аяқталуы мүмкін перфорация мен қан кетуді қоса; ойық жараның айқын белгілерінсіз асқазан-ішек жолынан қан кету; анамнезінде ойық жаралы колиті бар пациенттерде іштің ауыруының күшеюі.
• ісінулер, артериялық гипертензия, тахикардия, кеуденің ауыруы, аритмия, жүрек соғуы, артериялық гипотензия, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы және гематурия.
• қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну, васкулит, түйінді эритема, тері бөртпесі және фотосенсибилизация, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, уытты эпидермалық некролиз, шаштың түсуі, артериялық қысымның тез төмендеуі, шок жағдайын еске түсіретін анафилаксия, жедел респираторлық дистресс, соның ішінде кенеттен ентігу, бронх демікпесі және өкпе ісінуі. Бронх демікпесінен немесе аллергиялық аурулардан зардап шегетін немесе анамнезінде бар пациенттерде бронх түйілуі мүмкін.
• лейкопенияны, петехияны және экхимоздарды, пурпураны, апластикалық және гемолиздік анемияны, агранулоцитозды, сүйек кемігінің бәсеңдеуін, диссеминацияланған тамырішілік ұюды және әсіресе тромбоцитопенияны қоса, қан дискразиялары. Кейбір пациенттерде айқын немесе жасырын асқазан-ішектік қан кетуге қатысты салдарлы болатын анемия дамуы мүмкін болғандықтан, қан талдауын мезгіл-мезгіл бақылап отыру ұсынылады.
• анық көрмеу, диплопия, орбитальді және периорбитальды ауыру. Ұзақ уақыт индометацин қабылдаған ревматоидты артриті бар пациенттерде мөлдір қабықтағы шөгінділер және торқабықтың, соның ішінде макуладағы бұзылулар туралы хабарланды, бірақ мұндай өзгерістер индометацин қабылдамаған ревматоидты артриті бар пациенттерде де байқалуы мүмкін.
Сирек
• парестезиялар, дизартрия эпилепсияның және паркинсонизмнің өршуі
• мұрыннан қан кету.
• ішек стриктуралары мен ішектің ойық жаралануының стенозға және бітелуге ұласуы, ойық жаралы стоматит. Суппозиторийлерді қолданған кезде кейде тенезмалар және тік ішектің шырышты қабығының тітіркенуі туралы хабарланды.
• гепатит және сарғаю
• тиннитус, естудің бұзылуы (кереңдік).
• протеинурия, нефроздық синдром, интерстициальді нефрит және бүйректің жедел жеткіліксіздігі
• ысынулар және терлеу
• қынаптық қан кетулер, сүт бездерінің өзгерістері (ұлғаюы, ауырсынуы, гинекомастия).
• гипергликемия және глюкозурия, гиперкалиемия
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)
• панкреатит
• ойық жаралы колит және аумақтық илеит
• тенезмалар, проктит, ректальді қан кету, ашыту, ауыру, жайсыздық және қышыну.
Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелеріне әсері
Бақыланатын клиникалық зерттеулерде бауырдың бір немесе бірнеше сынамаларының шектік ұлғаюы және АЛАТ немесе AСАT елеулі жоғарылауы ҚҚСП емін алған 1 %-дан аз пациенттерде байқалды. Егер бауыр сынамаларының патологиялық көрсеткіштері сақталса немесе нашарласа, егер бауыр ауруына сәйкес келетін клиникалық белгілер мен симптомдар дамыса, немесе егер бөртпе немесе эозинофилия сияқты жүйелі көріністер туындаса, индометацинді қолдануды тоқтату керек.
Индометацин алған пациенттерде дексаметазонмен супрессиялау тестінің жалған теріс нәтижелері туралы хабарланды. Осылайша, бұл тесттің нәтижелерін мұндай пациенттерде сақтықпен интерпретациялау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz