Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для приема внутрь
Дозасы
1 г/10 мл
Саудалық атауы
Инестом
Әсер етуші зат
Левокарнитин
Мақсаты
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларда левокарнитиннің бастапқы және салдарлы тапшылығы
Өндіруші
Хелп С.А.
Ел
Греция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 100.0 мг левокарнитин,
қосымша зат - алма қышқылы, метилпарабен (Е 218), пропилпарабен (Е 216), натрий сахарині дигидраты, апельсин хош иістендіргіші, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден сәл сарғыш түске дейін мөлдір ерітінді
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларда левокарнитиннің бастапқы және салдарлы тапшылығы
Левокарнитин жануарлардың, микроорганизмдердің және өсімдіктердің тіндерінде табиғи компонент ретінде кездеседі. Адам организмінде қалыпты метаболизмнің қажеттіліктері құрамында карнитин бар өнімдерді тұтыну, сондай-ақ метил тобының донорлары болып табылатын лизин мен метиониннен бауыр мен бүйректегі эндогендік синтез есебінен толықтырылады. Тек карнитиннің L-изомері (левокарнитин) биологиялық белсенді және липидтер алмасуында, кетонды денелердің метаболизмінде, аминқышқылдарының тізбегі ретінде маңызды рөл атқарады. Левокарнитин митохондриядағы ұзын тізбекті май қышқылдарын тасымалдауға қатысады (май қышқылдарының тотығуына ықпал етеді), яғни цитоплазмадан митохондрияға жасуша жарғақшалары арқылы май қышқылдарының тасымалдаушысы ретінде қатысады, онда АТФ түрінде метаболизмдік энергияның көп мөлшерін қалыптастыру үшін бета- тотығу процесіне ұшырайды. Левокарнитин Кребс циклінің жұмысын жақсартады (СоА босатып шығару, карнитин-ацилтрансфераза ферментінің қатысуымен СоА әсері арқылы), қаңқа бұлшықеттеріндегі пируват дегидрогеназасының белсенділігін және аминқышқылдары тізбегінің тармақталған буындарының тотығуын стимуляциялайды. Осылайша, левокарнитин тікелей немесе жанама түрде метаболизмнің әртүрлі процестеріне қатысады және май қышқылдары мен кетонды денелер тотығуының ғана емес, сонымен қатар глюкоза мен кейбір аминқышқылдарының маңызды факторы болып табылады.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан балалар
Қан плазмасындағы және несептегі бос және ацильді левокарнитин деңгейін өлшеу арқылы емдеуді бақылау ұсынылады.
Метаболизмнің туа біткен бұзылуы кезінде қолдану
Тек ішке қабылдауға арналған. Парентеральді қолдануға арналмаған
Карнитиннің бастапқы немесе салдарлы тапшылығы кезінде дозалау метаболизмдегі нақты туа біткен ауытқуларға және емдеу кезеңіндегі олардың ауырлығына байланысты.
Ересектер: Салмағы 50 кг пациент үшін левокарнитиннің ұсынылатын дозасы тәулігіне 1-ден 3 г-ға дейін құрайды, бұл тәулігіне 10-30 мл немесе Инестом (левокарнитин) ішке қабылдауға арналған ерітіндінің 1-3 құтысына баламалы. Жоғары дозаларды тек сақтықпен және клиникалық, биохимиялық көрсеткіштер жоғары дозалардың пайдалы болатынын көрсеткен жағдайларда ғана тағайындау керек. Емдеуді тәулігіне 1 г дозадан (тәулігіне 10 мл немесе 1 құты) бастап, көтерімділік пен емдік әсерін бағалай отырып, баяу арттыру қажет. Мониторинг мезгіл-мезгіл биохимиялық қан талдауын, өмірлік маңызды көрсеткіштерді бақылауды, плазмадағы карнитин концентрациясын анықтауды және жалпы клиникалық жағдайды бағалауды қамтуы тиіс.
Балалар: Левокарнитиннің ұсынылатын дозасы тәулігіне 50-100 мг/кг құрайды, бұл Инестом (левокарнитин) ішке қабылдауға арналған ерітіндінің тәулігіне 0,5 мл/кг дозасына баламалы. Жоғарылау дозаларды тек сақтықпен және клиникалық, биохимиялық көрсеткіштер жоғарылау дозалардың пайдалы болатынын көрсеткен жағдайларда ғана тағайындау керек. Емдеуді тәулігіне 50 мг/кг дозадан бастап, көтерімділік пен емдік әсерін бағалай отырып, ең жоғары доза – тәулігіне 3 г (тәулігіне 30 мл) немесе 3 құтыға дейін баяу арттыру қажет. Мониторинг мезгіл-мезгіл биохимиялық қан талдауын, өмірлік маңызды көрсеткіштерді бақылауды, плазмадағы карнитин концентрациясын анықтауды және жалпы клиникалық жағдайды бағалауды қамтуы тиіс.
Инестом (левокарнитин) ішке қабылдауға арналған ерітіндіні таза күйінде қабылдауға немесе сусындарға не басқа сұйық тағамдарға араластыруға болады. Дозаларды күн бойына біркелкі бөлу керек (әрбір үш-төрт сағат сайын), тамақ ішу кезінде немесе одан кейін қабылдаған дұрыс, ең жоғары көтерімділік үшін баяу қабылдау қажет.
Гемодиализ - демеуші ем
Дәрілік затты енгізудің қарқынды курсынан кейін демеуші дозаны - тәулігіне 1000 мг левокарнитинді пероральді қолданады. Диализ күні келесі сеанс аяқталғаннан кейін бірден 1000 мг дозада вена ішіне қолданады.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты ішу арқылы қабылдайды, ерітіндіні сұйылтпай немесе 100 мл салқындатылған қайнаған суға немесе жеміс шырынына сұйылту арқылы ішуге болады
• белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Өте сирек
- жүрек айнуы,
- құсу
- диарея
- іштің ауыруы және түйілуі
- дененің өзіне тән иісі
- халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) артуы *
Дозаны төмендету көбінесе препаратты қолданудан туындаған пациенттің денесінің иісін немесе асқазан-ішек бұзылыстарының симптомдарын азайтуға немесе жоюға көмектеседі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Левокарнитиннің артық дозалануынан болған уыттылық туралы хабарламалар түскен жоқ. Артық дозалануды демеуші емнің көмегімен емдеу керек.
Инсулин немесе пероральді гипогликемиялық препараттар алатын қант диабеті бар пациенттерге Инестомды тағайындау глюкоза сіңірілуінің артуына байланысты гипогликемияны туындатуы мүмкін. Сондықтан пациенттердің осы санатында Инестом препаратымен емдеу кезінде гипогликемиялық препараттарды дозалау режимін түзету үшін қан плазмасындағы глюкоза деңгейін тұрақты бақылау керек.
Левокарнитинмен бірге кумариндік антикоагулянттарды алған пациенттерде ХҚҚ жоғарылауы туралы өте сирек хабарламалар болды. Осындай антикоагулянттарды левокарнитинмен бір мезгілде алатын пациенттерде олар тұрақтанғанға дейін және одан кейін ай сайын ХҚҚ немесе басқа тиісті коагуляция тестін апта сайын жүргізу қажет.
Инестоммен бірге қандай да бір басқа дәрілерді қолданған жағдайда, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Арнайы ескертулер
Ересектер және 12 жастан асқан балалар
Қан плазмасындағы және несептегі бос және ацильді левокарнитин деңгейін өлшеу арқылы емдеуді бақылау ұсынылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Инестом препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға препаратты ана үшін болжамды пайдасы мен шарана/бала үшін потенциалды қауіпті мұқият салыстырып, тек қажет болған жағдайда ғана тағайындауға болады.
Карнитиннің бастапқы жүйелік тапшылығы бар жүкті әйелдерде қолдану тәжірибесі жоқ. Карнитиннің бастапқы жүйелік тапшылығы бар жүкті әйел үшін емдеуді тоқтатудың ауыр салдарын ескере отырып, егер емдеу жалғасса, шаранаға әсер етудің теориялық қаупіне қарағанда емдеуді тоқтатқан кезде ана үшін қауіп анағұрлым жағымсыз болады.
Левокарнитин әйел сүтінің қалыпты компоненті болып табылады. Бала емізетін аналарда левокарнитинді қолдану туралы мәліметтер жоқ.
Левокарнитинді кумариндік препараттармен бір мезгілде қолданған кезде халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) артуы туралы өте сирек хабарламалар бар. ХҚҚ немесе коагуляцияның басқа тиісті көрсеткішін олар тұрақты болғанға дейін апта сайын, содан кейін левокарнитинмен бірге осы антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерде ай сайын тексеру керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.