Инсти Макс - қақырық түсіретін, муколитикалық, бронхолитикалық, қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және спазмолитикалық әсері бар кешенді фитопрепарат.
Ақ талдың құрамында салицин, тремулацин гликозидтері бар. Тері астындағы қантамырларды кеңейту арқылы жылу берудің жоғарылауына ықпал етеді, жоғары температураны төмендетеді. Сонымен қатар, салицин және оның туындылары простагландиндердің синтезін тежейді, қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер береді.
Тамырлы Адхатода құрамында вазицин, вазицинон алкалоидтары бар. Бронхты кеңейтетін, қақырық түсіретін әсерге ие, қақырықтың тұтқырлығын басады және бронх эпителийлері кірпікшелерінің қозғалыс белсенділігін арттырады, бұл қақырықтың шығуын жақсартуға ықпал етеді. Сурфактант өндірілуін стимуляциялайды, бұл тыныс алу бұлшықеттеріне «дем алу/дем шығару» толыққанды циклін орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Гистаминнің әсерінен туындаған бронх түйілуінен қорғай отырып, демікпеге қарсы әсер етеді.
Жұпар шегіргүлдің құрамында виолин, фриделин, эфир майлары бар. Антигистаминді, қақырық түсіретін, ыстықты түсіретін, терлететін әсер береді. Көзден жас ағуын, сондай-ақ мұрын қойнаулары шырышты қабығының қышуы мен ісінуін азайтады.
Жалаң мия құрамында гликозид лицирризин, флавоноидтар, аспарагин бар. Ол қақырық түсіретін және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Мия құрамындағы глицирризин қышқылы жергілікті, сонымен қатар жалпы иммунитетті көтермелей отырып, иммунитет стимуляциялайтын әсерді қамтамасыз етеді.
Қытай шайында танин, кофеин, теофиллин бар. Тұтқыр, сергітетін, несеп айдайтын әсерге ие.
Кәдімгі арамсарбас құрамында эфир майлары, дипентин бар. Бронхтардың секрециялық функциясын күшейтеді және муколитикалық әсер етеді, сондай-ақ антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттері бар.
Кәдімгі мыңжапырақ - фитотерапияда ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы дәрі ретінде кеңінен пайдаланылады. Суық тию және тұмау симптомдарын жеңілдетеді.
Дәрілік шүйгіншөп құрамында эфир майлары (изовалериан қышқылы, валереналь, борнеол, а-пинен), алкалоидтар (шүйгіншөп, хатинин), сапониндер, кетондар бар. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетеді, тегіс бұлшықетті ағзалардың түйілуін азайтады.
Филлантус эмблика күшті ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы әсерге ие, сонымен қатар С дәрумені, иіткіш заттар және полифенолдар сияқты табиғи антиоксиданттардың өте бай көзі болып табылады.
Дәрілік сарбасқурай - гликозидтердің, алкалоидтардың және флавоноидтардың бай көзі. Қақырық түсіретін және қабынуға қарсы қасиеттері бар; жоғары температураны төмендетеді.
Жүзім жемістері өсіндісі зат алмасуды жақсартады, дәрумендер, макро - және микроэлементтердің көзі болып табылады, организмнен несеп қышқылының шығарылуына ықпал етеді. Терлететін, сергітетін, қақырық түсіретін, жалпы нығайтатын әсер береді.
Инсти Макс - ыстықты түсіретін айқын әсері бар өсімдік препараты; қақырық түсіретін, қабынуға қарсы және ауыруды басатын қасиеттері бар. Препараттың әсері бірінші қолданғаннан кейін 30-40 минуттан кейін басталады. Инсти Макс жоғары температураны төмендетеді, жөтелді, ауырсынуды және тамақтың қызаруын азайтады, мұрынның бітелуін жояды, бас пен бұлшықеттің ауыруын басады; организмнің жалпы уыттануын төмендетеді. Ұйқышылдық пен дағдылануды тудырмайды. Ыстық суда тез ериді.