Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
300 мг
Саудалық атауы
ИНСУЛИПОН
Әсер етуші зат
Тиокт қышқылы
Мақсаты
Ересектердегі шеткері (сенсомоторлық) диабеттік полинейропатия симптомдарын емдеу үшін
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 300.00 мг немесе 600.00 мг тиокт (альфа-липой) қышқылы
қосымша заттар: лактоза моногидраты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, симетикон 100%, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, гипромеллоза, магний стеараты, тазартылған су,
үлбірлі қабық
Opadry® 200F210038 жасыл (поливинил спирті, тальк, титанның қостотығы (Е171), макрогол, метакрил қышқылы сополимері, хинолинді сары (Е104), индигокармин (Е132), натрий гидрокарбонаты).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, сары-жасыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Ересектердегі шеткері (сенсомоторлық) диабеттік полинейропатия симптомдарын емдеу үшін.
Тиокт қышқылы – альфа-кетоқышқылдардың тотығумен жүретін декарбоксилденуі үдерісіне қатысатын, кофермент функциялары бар дәрумен тәрізді эндогендік субстрат.
Стрептозоцинді енгізу арқылы қант диабеті туындатылған (бұл жағдайдағы биохимиялық өзгерістер адамдағы осындайлармен ұқсас) егеуқұйрықтарға жүргізілген зерттеулерден, тиокт қышылы қан жүретін тамырлардың матрицалық ақуыздарының гликозилденуінің ақырғы өнімдерінің түзілуін азайтатындығы, эндоневральді қан ағымын жақсартатындығы және нейрондардағы табиғи антиоксидант глутатионның мөлшерін арттырудың есебінен бос радикалдар мөлшерінің жоғарылауы және олардың жүйке жасушаларын зақымдайтын әсері түрткі болған эндоневральді гипоксияны/ишемияны басатындығы анықталды.
Жоғарыда көрсетілген деректер, тиокт қышқылы шеткері жүйкелердің функционалдық жай-күйінің жақсаруына ықпал етеді деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Бұл диабеттік полинейропатия кезіндегі дизестезия және парестезия сияқты сенсорлық бұзылыстарға қатысты; оның көріністері ашыту, шаншу сезімі, ауыру және ұю болуы мүмкін.
Тиокт қышқылын диабеттік полинейропатиясы бар пациенттерде симптоматикалық ем ретінде пайдаланғанда, оның ашыту сезімі, және ауыру сияқты парестезия симптомдарына оң ықпал еткені анықталды.
Дозалау режимі
Ұсынылатын дозасы: тәулігіне 600 мг тиокт қышқылы. Бүкіл тәуліктік дозасын ең алғашқы ас ішуге дейін 30 минут бұрын (аш қарынға) қабылдау керек, әсіресе, бұл асқазанының босау жылдамдығы төмен пациенттерге қатысты. Инсулипонды тамақтану кезінде қабылдау тиокт қышқылының сіңуін төмендетуі мүмкін. Таблеткаларды тұтастай, шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп жұту керек.
Диабеттік полинейропатия созылмалы ауру болып табылатындықтан, Инсулипонмен ұзағырақ емдеу қажет болуы мүмкін. Диабеттік полинейропатия еміне қант диабетінің сәйкесінше емі негіз болып табылады.
Аурудың ауыр симптомдары бар пациенттерге бастапқыда тиокт қышқылымен инфузиялық емді ұсынуға болады.
Балалар мен жасөспірімдер
Инсулипонды балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Препаратты қолданар алдында дәрігермен міндетті кеңесіңіз.
- тиокт қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жиі
- бас айналуы*
- жүрек айнуы
Өте сирек
- гипогликемия*
- дәм сезудің бұзылуы, бас ауыруы*, гипергидроз*
- көру айқындығының бұзылуы*
- құсу, асқазан мен ішектің ауыруы, диарея
*Бас айналуы, қатты терлеу, бас ауыруы және көру жітілігінің бұзылуы сияқты симптомдар туралы хабарланды, оларға глюкоза утилизациясының жеделдеуі салдарынан басталған гипогликемия түрткі болған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдар
Тиокт қышқылы артық дозаланған кезде жүрек айнуы, құсу және бас ауыруы дамиды. 10 г-ден 40 г дейінгі дозалардағы тиокт қышқылын байқаусызда немесе қасақана (суицид мақсатында), әсіресе, алкогольмен бірге қабылдау, айқын, кейде өлімге соқтыратын уыттануды туғызады. Уыттанудың клиникалық көрінісі бастапқыда психомоторлық қозу мен сананың шатасуы түрінде көрініс беруі мүмкін, кейіннен олар, әдетте, жайылған құрысу ұстамалары мен лактоацидоздың дамуымен қатар жүреді. Тиокт қышқылының жоғары дозаларымен уыттанудың салдарынан туындаған гипогликемия, шок, рабдомиолиз, гемолиз, диссеминацияланған тамырішілік қан ұюы синдромы, сүйек кемігінің депрессиясы және көпағзалық жеткіліксіздік сияқты симптомдар туралы хабарламалар бар.
Емі: артық дозаланғандығына күдік туындаған жағдайда, мысалы, ересектерде дәрілік препараттың 600 мг-ден 10 таблеткасынан артық қабылданғанда немесе тиокт қышқылы балаларда кг дене салмағына 50 мг-ден артық дозаларда қабылданғанда, дереу ауруханаға жатқызып, артынша улануларды емдеудің жалпы қағидаларына (жасанды жолмен құстыру, асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қабылдау және т.б.) сәйкес уытсыздандыру шараларын жүргізу қажет. Қажеттілігіне қарай, заманауи қарқынды емдеу қағидаларына сәйкес, жайылған құрысулардың, лактоацидоздың және уыттанудың өмірге қауіп төндіретін басқа салдарынының симптоматикалық емі жүргізіледі. Тиокт қышқылының организмнен шығарылуын жеделдету үшін гемодиализді, гемоперфузияны немесе гемофильтрацияны пайдаланудың тиімділігі расталмаған.
Тиокт қышқылын қабылдап жүрген пациенттердегі аутоиммундық инсулиндік синдром (АИС) жағдайлары туралы хабарланған. HLA белгілі бір генотипі (адамның лейкоциттік антигендері жүйесі) бар, мысалы, HLA-DRB1*04:06 және HLA-DRB1*04:03 сияқты аллельдері бар пациенттер, тиокт қышқылымен емдеген кезде АИС дамуына бейім келеді. HLA-DRB1*04:03 аллелі (АИС-ке бейімділік, мүмкіндіктерінің арақатынасы 1,6 құрайды) еуропалық ақ нәсіл өкілдерінде жиі кездеседі, Солтүстік Еуропадағыға қарағанда, Оңтүстік Еуропада таралуы анағұрлым жоғарырақ; HLA-DRB1*04:06 аллелі (АИС-ке бейімділік, мүмкіндіктерінің арақатынасы 56,6 құрайды) көбінесе жапондықтар мен корейлерде кездеседі.
Тиокт қышқылын қабылдап жүрген пациенттерде тосыннан болған гипогликемияның дифференциалдық диагностикасы кезінде АИС ескеру керек.
Инсулипонды қабылдағаннан кейін несептің иісі өзгеруі мүмкін, мұның клиникалық тұрғыдан маңызы жоқ.
Қосымша заттар
Инсулипонның құрамында лактоза бар, сондықтан, фруктозаның, галактозаның және т.б. жақпаушылығымен сипатталатын сирек тұқым қуалайтын аурулары, мысалы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы керек.
Инсулипонның құрамында бір таблеткасында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни, іс жүзінде «натрийсіз».
Инсулипонның құрамында Хинолинді сары және Индигокармин бояғыштары бар, сондықтан, балаларда қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Инсулипон автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Егер дәрілік препаратты пайдаланудың нәтижесінде бас айналуы және орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа жағымсыз реакциялар туындаса, автокөлік пен механизмдерді басқарудан тартыну керек.
Жануарларға жүргізілген зерттеулерден, тиокт қышқылы репродуктивтік функцияға тікелей немесе жанама теріс ықпалын тигізбейтіндігі анықталды. Жүктілік кезінде Инсулипонды ананың пайдасы мен шарананың қаупі арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана қолдану керек.
Тиокт қышқылының/оның метаболиттерінің емшек сүтімен бөлінуі туралы деректер жоқ. Бала емізуден бас тарту немесе Инсулипонды тоқтату туралы шешім бала үшін емшек сүтімен емізудің артықшылықтары мен анаға дәрілік препаратты қолданудың пайдасы ескеріле отырып қабылданады.
Фертильділік.
Репродуктивтік уыттылығын зерттулерден тиокт қышқылының фертильділікке қандай-да бір әсерлері анықталған жоқ.
Тиокт қышқылын қолданған кезде инсулиннің және/немесе пероральді қант деңгейін төмендететін заттардың гипогликемиялық әсерінің жоғарылауы мүмкін. Сондықтан, әсіресе инсулипонмен емдеудің алғашқы кезеңдерінде қан плазмасындағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады. Гипогликемия дамуын болдырмау үшін, жекелеген жағдайларда инсулиннің және қантты төмендетін дәрілердің дозаларын азайту қажет болуы мүмкін.
Тиокт қышқылы металдардың иондарын байланыстырады, сондықтан оны металдар қосылыстарымен (құрамында темір, магний бар препараттармен; сүт өнімдерімен, өйткені олардың құрамында кальций бар) бір мезгілде қабылдамау керек. Егер Инсулипонның тәуліктік дозасы таңғы асқа дейін 30 минут бұрын қабылданса, онда құрамында темір немесе магний бар препараттарды түсте немесе кешкілік қабылдау керек.
Тиокт қышқылымен бір мезгілде қолданылғанда цисплатиннің тиімділігі төмендейді.
Жүйелі түрде алкоголь тұтыну нейропатияның клиникалық симптомдарының дамуы мен үдеуіндегі елеулі қауіп факторы болып табылады және тиокт қышқылымен емдеудің тиімділігіне теріс ықпал етуі мүмкін. Сондықтан, диабеттік полинейропатиясы бар пациенттерге Инсулипонмен емделу кезінде де, емдеу курстары арасындағы кезеңдерде де алкогольді пайдаланбау ұсынылады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.