Гликлазидті пайдалану кезінде ең жиі кездесетін жағымсыз реакция гипогликемия болып табылады (тамақты жүйесіз қабылдаған жағдайда және әсіресе тамақ ішу уақытын өткізіп алған жағдайда). Гипогликемияның ықтимал симптомдарына мыналар жатады: бас ауыруы, қатты ашығу сезімі, жүрек айну, құсу, тез шаршау, ұйқының бұзылуы, қозу, озбырлық, зейіннің төмендеуі, жағдайды бағалау қабілетінің төмендеуі, кешіктірілген реакциялар, депрессия, сананың бұлыңғырауы, көру және сөйлеу бұзылыстары, афазия, тремор, парез, сезімталдықтың төмендеуі, бас айналу, дәрменсіздік сезімі, өзін-өзі бақылауды жоғалту, сандырақ, құрысулар, үстіртін тыныс алу, брадикардия, ұйқышылдық және комамен және өліммен аяқталуы мүмкін естен тану.
Сонымен қатар, терлеу, жабысқақ тері, үрейлену сезімі, тахикардия, жоғары артериялық қысым, жедел жүрек соғысы, стенокардия және жүрек аритмиясы сияқты адренергиялық контрреттеу белгілерінің дамуы мүмкін.
Әдетте бұл клиникалық көріністер көмірсуларды (қантты) қабылдағаннан кейін жоғалады. Гипогликемияның ауыр және ұзаққа созылған ұстамалары кезінде, егер оны қантты қабылдау арқылы уақытша жоюға болатын болса да, дәрігердің шұғыл көмегі керек немесе тіпті ауруханаға жатқызу қажет.
Іштің ауырсынуын, жүрек айнуын, құсуды, диспепсияны, диареяны және іш қатуды қоса алғанда, асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстардың алдын алу немесе оларды барынша азайту үшін таңғы ас ішу кезінде гликлазидті қабылдау керек.
Сирек
- бөртпе, қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну, эритема, макулопапулезді бөртпелер, буллезді реакциялар (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз және аутоиммунды буллездік бұзылулар сияқты), ерекше жағдайларда – эозинофилиясы және жүйелі көріністері бар дәрілік бөртпе (DRESS-синдромы)
- анемия, лейкопения, тромбоцитопения, гранулоцитопения (әдетте препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды)
- бауыр ферменттерінің жоғары деңгейі (ACT, АЛТ, сілтілі фосфатаза), гепатит (бірлі-жарым жағдайлар). Холестаздық сарғаю пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату қажет. Бұл клиникалық көріністер әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін жоғалады
- қандағы глюкоза деңгейінің өзгеруіне байланысты, әсіресе емдеудің басындағы өтпелі көру қабілетінің бұзылуы
- эритроцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, панцитопения-аллергиялық васкулит
- гипонатриемия
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, бауыр жұмысының бұзылуы (мысалы, холестаз және сарғаю) және сульфонилмочевинаны қабылдауды тоқтатқаннан кейін өтетін гепатит, кейбір жағдайларда өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz