Интеленс® басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі мүмкін. Егер сіз қандай-да бір басқа дәрілік препараттарды қабылдап жүрсеңіз, жуырда қабылдаған болсаңыз дәрігерге немесе фармацевтке айтыңыз.
Көпшілік жағдайларда Интеленс® препаратын АИТВ қарсы басқа класты препараттармен біріктіруге болады.
Алайда, кейбір комбинацияларды Интеленс® препаратымен бірге қолдану ұсынылмайды. Қалған жағдайларда мониторингті күшейту және/немесе дәрілік препараттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Сондықтан, АИТВ-инфекциясына қарсы қабылданып жүрген басқа дәрілік заттар туралы емдеуші дәрігерге міндетті түрде айту қажет. Бұдан өзге, өзіңіз Интеленс® препаратымен бірге қабылдап жүрген басқа дәрілік препараттардың қосымша парақтарымен танысып шығу маңызды. Интеленс® препаратымен біріктірілуіне жол берілетін дәрілік заттарға қатысты дәрігердің нұсқауларын қатаң түрде басшылыққа алу қажет.
Қан плазмасындағы этравирин концентрациясына әсер ететін дәрілік препараттар
Этравирин CYP3A, CYP2C9 және CYP2C19 изоферменттері арқылы метаболизденіп, кейіннен метаболиттері уридиндифосфатглюкуронозил-трансферазаның (UDPGT) көмегімен глюкуронданады. CYP3A, CYP2C9 немесе CYP2C19 белсенділігін стимуляциялайтын дәрілік препараттарды қолдану, этравирин клиренсінің артуымен, және сәйкесінше, қан плазмасындағы этравирин концентрациясының азаюымен қатар жүруі мүмкін.
Этравиринді және CYP3A, CYP2C9 немесе CYP2C19 әсерін тежейтін дәрілік препараттарды бірге қолдану, этравирин клиренсінің төмендеуімен, және сәйкесінше, қан плазмасындағы этравирин концентрациясының жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.
Әсеріне этравиринді қолдану ықпал етуі мүмкін препараттар
Этравирин CYP3A4 изоферментінің әлсіз индукторы болып табылады. Этравиринді негізінен CYP3A4 арқылы метаболизденетін препараттармен бірге қолдану аталған дәрілік заттардың қан плазмасындағы концентрацияларының төмендеуіне алып келуі және олардың емдік әсерлерін әлсіретуі мүмкін.
Этравирин CYP2C9 және CYP2C19 изоферменттерінің әлсіз тежегіші болып табылады. Сонымен қатар, Этравирин Р-гликопротеиннің әлсіз тежегіші болып табылады. Этравирин мен негізінен CYP2C9 немесе CYP2C19 арқылы метаболизденетін, сондай-ақ, тасымалдануы Р-гликопротеиннің көмегімен жүретін препараттарды бір мезгілде қолдану олардың плазмадағы концентрациясын арттыруы және олардың емдік әсерлерін күшейтуі немесе ұзартуы немесе олардың жағымсыз әсерлерінің бейінін өзгертуі мүмкін.
Интеленс® препаратының жекелеген антиретровирустық немесе басқа дәрілік препараттармен белгілі немесе теориялық тұрғыдан өзара әрекеттесулері туралы ақпарат төменде кестеде келтірілген. Кестеге өзара әрекеттесулерінің барлығы енгізілмеген.
Өзара әрекеттесулерінің кестесі
Интеленс® препаратының бірге қолданылатын дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі туралы ақпарат 1 кестеде берілген (жоғарылауы “↑” деп, азаюы - “↓” деп, ықпалының жоқтығы - “↔” деп белгіленген, ЗМ – зерттелмеген, СА – сенімді аралық).
1 кесте: Өзара әрекеттесулері және басқа дәрілік препараттармен бірге қабылданғанда дозалануы жөніндегі нұсқаулар
Емдеу саласына сәйкес дәрілік препарат — Дәрілік препараттың деңгейлеріне әсері түзетілген орташа мәндерінің арақатынасы (СА 90%; 1.00=әсерінің болмауы) — Бірге қолданылуына қатысты нұсқаулар
ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР
Антиретровирустық дәрілік заттар
Кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері (КТНТ)
Диданозин Тәулігіне 1 рет 400 мг — диданозин AUC ↔ 0.99 (0.79-1.25) Cmin ЗМ Cmax ↔ 0.91 (0.58-1.42) этравирин AUC ↔ 1.11 (0.99-1.25) Cmin ↔ 1.05 (0.93-1.18) Cmax ↔ 1.16 (1.02-1.32) — Диданозин мен этравириннің фармакокинетикалық параметрлеріне елеулі әсері байқалған жоқ. Интеленс® препараты мен диданозинді дозаларды түзетусіз пайдалануға болады.
Тенофовир дизопроксил тәулігіне 245 мгb — тенофовир AUC ↔ 1.15 (1.09-1.21) Cmin ↑ 1.19 (1.13-1.26) Cmax ↑ 1.15 (1.04-1.27) этравирин AUC ↓ 0.81 (0.75-0.88) Cmin ↓ 0.82 (0.73-0.91) Cmax ↓ 0.81 (0.75-0.88) — Тенофовир мен этравириннің фармакокинетикалық параметрлеріне елеулі әсері байқалған жоқ. Интеленс® препараты мен тенофовир дозаларды түзетусіз пайдалануға болады.
Басқа КТНТ — Зерттелмеген, бірақ басқа КТНТ (мысалы, абакавир, эмтрицитабин, ламивудин, ставудин және зидовудин) үшін элиминациясының жолы көбінесе бүйрек арқылы екендігінің негізінде, өзара әрекеттесуі күтілмейді. — Интеленс® препараты аталған КТНТ-мен дозаларын түзетпей пайдалануға болады.
Кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері(КТНЕТ)
Эфавиренз Невирапин Рилпивирин — Екі КТНЕТ біріктіріп қолдану артықшылығын көрсеткен жоқ. Этравиринді эфавирензбен және невирапинмен бірге қолдану этравириннің плазмадағы концентрациясының елеулі төмендеуіне және этравириннің емдік әсерінің азаюына алып келуі мүмкін. Этравиринді рилпивиринмен бірге қолдану рилпивириннің плазмалық концентрацияларының төмендеуіне және рилпивириннің емдік әсерінің болмауына себеп болуы мүмкін. — Интеленс® препараты мен басқа КТНЕТ біріктіру ұсынылмайды.
АИТВ протеазасы тежегіштері (ПТ) – бустирленбеген (ритонавирдің төмен дозасымен біріктірілмеген)
Индинавир — Этравиринді индинавирмен бірге қолдану индинавирдің плазмалық концентрацияларының едәуір төмендеуіне және индинавирдің емдік әсерінің жоғалтылуына алып келуі мүмкін. — Интеленс® препараты мен индинавирді біріктіріп қолдану ұсынылмайды.
АИТВ протеазасы тежегіштері (ПТ) – бустирленген (ритонавирдің төмен дозаларымен біріктірілген)
Атазанавир/ритонавир Тәулігіне 1 рет 300/100 мг — атазанавир AUC ↓ 0.86 (0.79-0.93) Cmin ↓ 0.62 (0.55-0.71) Cmax ↔ 0.97 (0.89-1.05) этравирин AUC ↑ 1.30 (1.18-1.44) Cmin ↑ 1.26 (1.12-1.42) Cmax ↑ 1.30 (1.17-1.44) — Интеленс® пен атазанавир/ ритонавирді дозаларын түзетпей пайдалануға болады.
Дарунавир/ритонавир 600/100 мг тәулігіне 2 рет — дарунавир AUC ↔ 1.15 (1.05-1.26) Cmin ↔ 1.02 (0.90-1.17) Cmax ↔ 1.11 (1.01-1.22) этравирин AUC ↓ 0.63 (0.54-0.73) Cmin ↓ 0.51 (0.44-0.61) Cmax ↓ 0.68 (0.57-0.82) — Интеленс® пен дарунавир/ ритонавир дозаларын түзетпей пайдалануға болады.
Фосампренавир/ритонавир 700/100 мг тәулігіне 2 рет — ампренавир AUC ↑ 1.69 (1.53-1.86) Cmin ↑ 1.77 (1.39-2.25) Cmax ↑ 1.62 (1.47-1.79) этравирин AUC ↔a Cmin ↔a Cmax ↔a — Интеленс® препаратымен бірге қолданғанда фосампренавир/ритонавирдің және ампренавир/ритонавирдің дозасын азайту қажет болуы мүмкін. Дозасын азайту мақсатында ішілетін ерітіндісін қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады.
Лопинавир/ритонавир (таблеткалары) 400/100 мг тәулігіне 2 рет — лопинавир AUC ↔ 0.87 (0.83-0.92) Cmin ↓ 0.80 (0.73-0.88) Cmax ↔ 0.89 (0.82-0.96) этравирин AUC ↓ 0.65 (0.59-0.71) Cmin ↓ 0.55 (0.49-0.62) Cmax ↓ 0.70 (0.64-0.78) — Интеленс® пен лопинавир/ ритонавирді дозаларын түзетпей пайдалануға болады.
Саквинавир/ритонавир 1000/100 мг тәулігіне 2 рет — саквинавир AUC ↔ 0.95 (0.64-1.42) Cmin ↓ 0.80 (0.46-1.38) Cmax ↔ 1.00 (0.70-1.42) этравирин AUC ↓ 0.67 (0.56-0.80) Cmin ↓ 0.71 (0.58-0.87) Cmax ↓ 0.63 (0.53-0.75) — Интеленс® және саквинавир/ритонавир дозаларын түзетпей пайдалануға болады.
Типранавир/ритонавир 500/тәулігіне 2 рет 200 мг — типранавир AUC ↑ 1.18 (1.03-1.36) Cmin ↑ 1.24 (0.96-1.59) Cmax ↑ 1.14 (1.02-1.27) этравирин AUC ↓ 0.24 (0.18-0.33) Cmin ↓ 0.18 (0.13-0.25) Cmax ↓ 0.29 (0.22-0.40) — Типранавир/ритонавир мен Интеленс® препаратын бірге қабылдау ұсынылмайды.
АИТВ ПТ – Кобицистатпен бустирленген
Атазанавир/кобицистат Дарунавир/кобицистат — Зерттелмеген. Этравиринді біріктірілген атазанавир/кобицистат немесе дарунавир/кобицистат препаратымен бірге қолдану ПТ және/немесе кобицистаттың плазмалық концентрацияларының төмендеуіне алып келуі мүмкін, нәтижесінде бұл емдік әсерінің жоғалтылуына және резистенттіліктің дамуына әкеп соқтыруы мүмкін. — Интеленс® препаратын біріктірілген атазанавир/кобицистат немесе дарунавир/кобицистат препаратымен бірге қолдану ұсынылмайды.
CCR5 хемокиндік рецепторларының антагонистері
Маравирок 300 мг тәулігіне 2 рет маравирок/дарунавир/ ритонавир тәулігіне 2 рет 150/600/100 мг — маравирок AUC ↓ 0.47 (0.38-0.58) Cmin ↓ 0.61 (0.53-0.71) Cmax ↓ 0.40 (0.28-0.57) этравирин AUC ↔ 1.06 (0.99-1.14) Cmin ↔ 1.08 (0.98-1.19) Cmax ↔ 1.05 (0.95-1.17) маравирок* AUC ↑ 3.10 (2.57-3.74) Cmin ↑ 5.27 (4.51-6.15) Cmax ↑ 1.77 (1.20-2.60) * тәулігіне 2 рет 150 мг дозадағы маравирокпен салыстырғанда — Интеленс® препараты мен ПТ бірге қолданғанда маравироктың ұсынылатын дозасы күніне екі рет 150 мг құрайды. Фосампренавир/ритонавир біріктіріліміне ғана шектеу қойылады, оны маравирокпен бірге қолдану ұсынылмайды. Бұл кезде Интеленс® препаратының дозасын түзету ұсынылмайды.
Бірігу тежегіштері
Энфувиртид 90 мг тәулігіне 2 рет — этравирин* AUC ↔a C0h ↔a Энфувиртидтің концентрациялары зерттелген жоқ, бірақ қандай-да бір елеулі әсері күтілмейді *фармакокинетикалық популяциялық талдаудың негізінде — Бұларды бірге қолданғанда Интеленс® препараты үшін де, энфувиртид үшін де өзара дәрілік әрекеттесу күтілмейді.
Интегразамен тізбекті тасымалдау тежегіштері
Долутегравир күніне 1 рет 50 мг Долутегравир + дарунавир/ритонавир күніне 1 рет 50 мг + күніне 2 рет 600/100 мг Долутегравир + лопинавир/ритонавир күніне 1 рет 50 мг + күніне 2 рет 400/100 мг — долутегравир AUC ↓ 0.29 (0.26-0.34) Cmin ↓ 0.12 (0.09-0.16) Cmax ↓ 0.48 (0.43-0.54) этравирин AUC ↔a Cmin ↔a Cmax ↔a долутегравир AUC ↓ 0.75 (0.69-0.81) Cmin ↓ 0.63 (0.52-0.77) Cmax ↓ 0.88 (0.78-1.00) этравирин AUC ↔a Cmin ↔a Cmax ↔a долутегравир AUC ↓ 1.11 (1.02-1.20) Cmin ↓ 1.28 (1.13-1.45) Cmax ↓ 1.07 (1.02-1.13) этравирин AUC ↔a Cmin ↔a Cmax ↔a — Этравирин долутегравирдің плазмалық концентрацияларын едәуір төмендетеді. Дарунавир/ритонавир немесе лопинавир/ритонавир біріктірілімімен бірге қолданғанда этравириннің плазмадағы долутегравир концентрацияларына әсері төмендеген, сонымен қатар атазанавир/ритонавир біріктірілімімен қолданғанда ықпалының төмендеуі күтіледі. Интеленс® препараты долутегравирмен тек, атазанавир/ритонавир, дарунавир/ритонавир немесе лопинавир/ритонавир біріктірілімімен бірге қолданылған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Бұл біріктірілімін дозаларын түзетпей қолдануға болады.
Ралтегравир 400 мг тәулігіне 2 рет — ралтегравир AUC ↓ 0.90 (0.68-1.18) Cmin ↓ 0.66 (0.34-1.26) Cmax ↓ 0.89 (0.68-1.15) этравирин AUC ↔ 1.10 (1.03-1.16) Cmin ↔ 1.17 (1.10-1.26) Cmax ↔ 1.04 (0.97-1.12) — Біріктірілімді дозаларын түзетпей пайдалануға болады.
АРИТИМИЯҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР
Дигоксин 0.5 мг бір реттік дозасы — дигоксин AUC ↑ 1.18 (0.90-1.56) Cmin ЗМ Cmax ↑ 1.19 (0.96-1.49) — Біріктірілімді дозаларын түзетпей пайдалануға болады. Интеленс® препараты мен дигоксинді біріктіріп қолданғанда қан плазмасындағы дигоксин концентрациясын бақылау ұсынылады.
Амиодарон Бепридил Дизопирамид Флекаинид Лидокаин (парентеральді қолдану) Мексилетин Пропафенон Хинидин — Зерттелмеген. Интеленс препараты мен аритмияға қарсы препараттарды бір мезгілде қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуімен қатар жүруі мүмкін. — Интеленс® препараты мен аритмияға қарсы препараттарды бір мезгілде қолдануды сақтықпен жүргізу және мүмкіндігінше, аталған препараттардың қан плазмасындағы емдік концентрациясын бақылау керек.
АНТИБИОТИКТЕР
Азитромицин — Зерттелмеген. Азитромицин элиминациясының билиарлық жолы негізінде, қандай-да бір дәрілермен өзара әрекеттесулері күтілмейді. — Біріктірілімді дозаларын түзетпей пайдалануға болады.
кларитромицин 500 мг тәулігіне 2 рет — кларитромицин AUC ↓ 0.61 (0.53-0.69) Cmin ↓ 0.47 (0.38-0.57) Cmax ↓ 0.66 (0.57-0.77) 14-OH-кларитромицин AUC ↑ 1.21 (1.05-1.39) Cmin ↔ 1.05 (0.90-1.22) Cmax ↑ 1.33 (1.13-1.56) этравирин AUC ↑ 1.42 (1.34-1.50) Cmin ↑ 1.46 (1.36-1.58) Cmax ↑ 1.46 (1.38-1.56) — Кларитромицинді қолдану этравирин концентрациясының төмендеуімен қатар жүрген; сонымен қатар, кларитромициннің белсенді метаболиті 14-гидрокси-кларитромицин қан плазмасындағы этравирин концентрациясын арттырған. 14-гидрокси-кларитромициннің Mycobacterium avium (МАС) кешеніне қатысты белсенділігінің төмендігіне байланысты, Интеленс® препаратын қолдану аясында кларитромицин мен оның метаболитінің МАС қатысты жалпы белсенділігі өзгеруі мүмкін. Сәйкесінше, МАС туғызған инфекциялық ауруларды емдеу үшін Интеленс® препаратымен емдеу аясында микробқа қарсы баламалы дәрілерді қолдану керек.
АНТИКОАГУЛЯНТТАР
Варфарин — Зерттелмеген. Этравирин варфариннің плазмалық концентрацияларын арттырады деп күтіледі. — Интеленс® препараты мен варфаринді бір мезгілде қолданғанда, халықаралық қалыптастырылған қатынас (ХҚҚ) деңгейін бақылау ұсынылады.
ҚҰРЫСУҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР
Карбамазепин Фенобарбитал Фенитоин — Зерттелмеген. Карбамазепин, фенобарбитал және фенитоин қан плазмасындағы этравирин концентрациясын төмендетуі мүмкін. — Біріктіру ұсынылмайды.
ЗЕҢГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР
Флуконазол 200 мг тәулігіне 1 рет таңертеңгілік — флуконазол AUC ↔ 0.94 (0.88-1.01) Cmin ↔ 0.91 (0.84-0.98) Cmax ↔ 0.92 (0.85-1.00) этравирин AUC ↑ 1.86 (1.73-2.00) Cmin ↑ 2.09 (1.90-2.31) Cmax ↑ 1.75 (1.60-1.91) — Интеленс® препараты мен флуконазол дозаларды түзетусіз пайдалануға болады.
Итраконазол Кетоконазол Позаконазол — Зерттелмеген. CYP3A цитохромының күшті тежегіші болып табылатын позаконазол, қан плазмасындағы этравирин концентрациясын арттыруы мүмкін. Итраконазол мен кетоконазол CYP3A цитохромының күшті тежегіштері және субстраттары болып табылады. Итраконазолды немесе кетоконазолды және этравиринді жүйелі түрде бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы этравирин концентрациясының жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін. Екінші жағынан, Интеленс® препаратын қолдану итраконазол мен кетоконазол концентрациясының төмендеуімен қатар жүруі мүмкін. — Интеленс® препараты мен зеңге қарсы аталған препаратты дозаларын түзетпей-ақ біріктіріп қолдануға болады.
Вориконазол тәулігіне 2 рет 200 мг — вориконазол AUC ↑ 1.14 (0.88-1.47) Cmin ↑ 1.23 (0.87-1.75) Cmax ↓ 0.95 (0.75-1.21) этравирин AUC ↑ 1.36 (1.25-1.47) Cmin ↑ 1.52 (1.41-1.64) Cmax ↑ 1.26 (1.16-1.38) — Интеленс® препараты мен вориконазол дозаларды түзетусіз пайдалануға болады.
БЕЗГЕККЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР
Артеметер/ люмефантрин 80/480 мг, 6 дозасы: 0 сағ, 8 са, 24 сағ, 36 сағ, 48 сағ, 60 сағаттық кесте бойынша — артеметер AUC ↓ 0.62 (0.48-0.80) Cmin ↓ 0.82 (0.67-1.01) Cmax ↓ 0.72 (0.55-0.94) дигидроартемизинин AUC ↓ 0.85 (0.75-0.97) Cmin ↓ 0.83 (0.71-0.97) Cmax ↓ 0.84 (0.71-0.99) лумефантрин AUC ↓ 0.87 (0.77-0.98) Cmin ↔ 0.97 (0.83-1.15) Cmax ↔ 1.07 (0.94-1.23) этравирин AUC ↔ 1.10 (1.06-1.15) Cmin ↔ 1.08 (1.04-1.14) Cmax ↔ 1.11 (1.06-1.17) — Интеленс® препараты мен артеметер/ люмефантринді, бір мезгілде тағайындағанда безгекке қарсы емдік әсеріне мұқият мониторинг жүргізген дұрыс, өйткені артеметер мен оның белсенді метаболиті дигидроартемизининнің әсерінің едәуір төмендеуі безгекке қарсы тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Бұл кезде Интеленс® препаратының дозасын түзету ұсынылмайды.
ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР
Рифампицин Рифапентин — Зерттелмеген. Рифампицин мен рифапентин қан плазмасындағы этравирин концентрациясын төмендетеді. — Біріктіру ұсынылмайды.
Рифабутин Тәулігіне 300 мг 1 рет — рифабутин AUC ↓ 0.83 (0.75-0.94) Cmin ↓ 0.76 (0.66-0.87) Cmax ↓ 0.90 (0.78-1.03) 25-O-дезацетил-рифабутин AUC ↓ 0.83 (0.74-0.92) Cmin ↓ 0.78 (0.70-0.87) Cmax ↓ 0.85 (0.72-1.00) этравирин AUC ↓ 0.63 (0.54-0.74) Cmin ↓ 0.65 (0.56-0.74) Cmax ↓ 0.63 (0.53-0.74) — Этравирин әсерінің төмендеу қаупіне және рифабутин мен 25 О-деацетил рифабутин әсерінің жоғарылау қаупіне байланысты, Интеленстің® күшейтілген ПТ және рифабутинмен біріктірілімін сақ болып пайдалану керек.Вирусологиялық жауапқа және рифабутинмен байланысты жағымсыз реакцияларға мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.Рифабутиннің дозасын түзету үшін, бірге қолдану жоспарланған күшейтілген ПТ жалпы сипаттамасын қарауыңызды өтінеміз.
БЕНЗОДИАЗЕПИНДЕР
Диазепам — Зерттелмеген. Этравирин диазепамның қан плазмасындағы концентрациясын арттыруы мүмкін. — Диазепамға баламалы нұсқаны қарастыру керек.
КОРТИКОСТЕРОИДТАР
Жүйелі әсер ететін дексаметазон — Зерттелмеген. Дексеметазон этравириннің қан плазмасындағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. — Дексаметазонды Интеленс® препаратымен біріктіріп жүйелі түрде қолдануды сақтықпен жүргізу, немесе әсіресе, ұзақ уақыт қолданғанда, баламалы препараттарды пайдалану керек.
ЭСТРОГЕНДЕР НЕГІЗІНДЕГІ КОНТРАЦЕПЦИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР
Этинилэстрадиол тәулігіне 1 рет 0.035 мг Норетиндрон тәулігіне 1 рет 1 мг — этинилэстрадиол AUC ↑ 1.22 (1.13-1.31) Cmin ↔ 1.09 (1.01-1.18) Cmax ↑ 1.33 (1.21-1.46) норетиндрон AUC ↔ 0.95 (0.90-0.99) Cmin ↓ 0.78 (0.68-0.90) Cmax ↔ 1.05 (0.98-1.12) этравирин AUC ↔a Cmin ↔a Cmax ↔a — Интеленс® препараты мен эстроген және/немесе прогестерон негізіндегі контрацепциялық препараттарды дозаларын түзетпей біріктіріп қолдануға болады.
С ГЕПАТИТІ ВИРУСЫН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН, ВИРУСҚА ҚАРСЫ ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕТІН ПРЕПАРАТТАР
Рибавирин — Зерттелмеген, өйткені рибавирин бүйрек арқылы бөлініп шығады, ешқандай өзара әрекеттесуі күтілмейді. — Біріктірілімді дозаларын түзетпей пайдалануға болады.
Даклатасвир — Зерттелмеген. Этравиринді даклатасвирмен бірге қолдану даклатасвир концентрацияларының төмендеуіне алып келуі мүмкін. — Интеленс® препаратын даклатасвирмен бірге қолдану ұсынылмайды.
Элбасвир/гразопревир — Зерттелмеген. Этравиринді элбасвир/гразопревир препаратымен бірге қолдану элбасвир мен гразопревир концентрациясын төмендетуі және элбасвир/гразопревир препаратының емдік әсерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. — Бірге қолдануға болмайды.
ӨСІМДІКТЕН АЛЫНҒАН ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum) — Зерттелмеген. Шілтерлі шайқурай этравириннің қан плазмасындағы концентрациясын төмендетеді. — Біріктіру ұсынылмайды.
ГМГ-КOA-РЕДУКТАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ (СТАТИНДЕР)
Аторвастатин Тәулігіне 400 мг 1рет — аторвастатин AUC ↓ 0.63 (0.58-0.68) Cmin ЗМ Cmax ↑ 1.04 (0.84-1.30) 2-OH-аторвастатин AUC ↑ 1.27 (1.19-1.36) Cmin ЗМ Cmax ↑ 1.76 (1.60-1.94) этравирин AUC ↔ 1.02 (0.97-1.07) Cmin ↔ 1.10 (1.02-1.19) Cmax ↔ 0.97 (0.93-1.02) — Интеленс® пен аторвастатин біріктірілімін дозасын қандай-да бір түзетусіз қолдануға болады, алайда, клиникалық жауапқа байланысты, аторвастатиннің дозасын өзгертуге тура келуі мүмкін.
Флувастатин Ловастатин Правастатин Розувастатин Симвастатин — Зерттелмеген. Провастатин мен этравирин арасында өзара әрекеттесулер күтілмейді. Ловастатин, розувастатин және симвастатин CYP3A4 цитохромының субстраттары болып табылады, этравиринмен бірге қолдану ГМГ-КoA-редуктаза тежегіштерінің плазмалық концентрацияларының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Флувастатин мен розувастатин CYP2C9 цитохромы арқылы метаболизденеді және этравиринмен бірге қолдану ГМГ-КoA-редуктаза тежегіштерінің плазмадағы концентрацияларының жоғарылауына алып келуі мүмкін. — ГМГ-КoA-редуктазаның аталған тежегіштерінің дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.
ГИСТАМИНДІК H2РЕЦЕПТОРЛАРДЫҢ БЛОКАТОРЛАРЫ
Ранитидин 150 мг тәулігіне 2 рет — этравирин AUC ↓ 0.86 (0.76-0.97) Cmin ЗМ Cmax ↓ 0.94 (0.75-1.17) — Интеленсті® гистаминдік H2рецепторлардың блокаторларымен дозаларын түзетпей біріктіріп қолдануға болады.
ИММУНОСУПРЕССОРЛАР
Циклоспорин Сиролимус Такролимус — Этравирин циклоспориннің, сиролимустың және такролимустың қан плазмасындағы концентрацияларын төмендетуі мүмкін. — Интеленс® препаратын жүйелі иммуносупрессорлармен біріктіріп қолдану сақтықпен жүргізілуі тиіс, өйткені Интеленс® препаратын қолдану аясында циклоспориннің, сиролимустың және такролимустың қан плазмасындағы концентрациясы өзгеруі мүмкін.
ЕСІРТКІЛІК АНАЛЬГЕТИКТЕР
Метадон тәулігіне 60-тан 130 мг дейінгі жекелеген дозалары — R(-) метадон AUC ↔ 1.06 (0.99-1.13) Cmin ↔ 1.10 (1.02-1.19) Cmax ↔ 1.02 (0.96-1.09) S(+) метадон AUC ↔ 0.89 (0.82-0.96) Cmin ↔ 0.89 (0.81-0.98) Cmax ↔ 0.89 (0.83-0.97) этравирин AUC ↔a Cmin ↔a Cmax ↔a — Интеленс® препаратымен бірге қолдану кезінде немесе бірге қолдану кезеңінен кейін клиникалық статусы негізінде метадон дозасын түзету қажет болған жоқ.
ФОСФОДИЭСТЕРАЗА-5 (ФДЭ-5) ТЕЖЕГІШТЕРІ
Силденафил 50 мг бір реттік дозасы Тадалафил Варденафил — силденафил AUC ↓ 0.43 (0.36-0.51) Cmin ЗМ Cmax ↓ 0.55 (0.40-0.75) N-десметил-силденафил AUC ↓ 0.59 (0.52-0.68) Cmin ЗМ Cmax ↓ 0.75 (0.59-0.96) — Интеленс® препараты мен ФДЭ-5 тежегіштерін біріктіріп қолданғанда қажетті клиникалық әсеріне қол жеткізу үшін, ФДЭ-5 тежегіштерінің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
ТРОМБОЦИТТЕР АГРЕГАЦИЯСЫНЫҢ ТЕЖЕГІШТЕРІ
Клопидогрел — In vitro зерттеу, этравириннің CYP2C19 тежегіштік қасиеттері барын көрсетті. Сол себепті, этравирин клопидогрелдің метаболизмін белсенді метаболитіне дейін тежеуі мүмкін. Бірақ мұндай әсерінің клиникалық тұрғыдан маңыздылығы көрсетілмеген. — Сақтық шарасы ретінде, этравирин мен клопидогрелді қабылдауды шамадан тыс біріктірмеген дұрыс.
ПРОТОНДЫҚ СОРҒЫ ТЕЖЕГІШТЕРІ
Омепразол Тәулігіне 1 рет 40 мг — этравирин AUC ↑ 1.41 (1.22-1.62) Cmin ЗМ Cmax ↑ 1.17 (0.96-1.43) — Интеленс® препаратын протондық сорғы тежегіштерімен дозаларын түзетпей біріктіріп қолдануға болады.
СЕРОТОНИНДІ КЕРІ ҚАРМАУДЫҢ СЕЛЕКТИВТІ ТЕЖЕГІШТЕРІ
Пароксетин Тәулігіне 1 рет 20 мг — пароксетин AUC ↔ 1.03 (0.90-1.18) Cmin ↓ 0.87 (0.75-1.02) Cmax ↔ 1.06 (0.95-1.20) этравирин AUC ↔ 1.01 (0.93-1.10) Cmin ↔ 1.07 (0.98-1.17) Cmax ↔ 1.05 (0.96-1.15) — Интеленс® препаратын серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерімен дозаларын түзетпей біріктіріп қолдануға болады.