Интратект® қолданар алдында пациент дәрігермен немесе медбикемен сөйлесуі қажет, егер пациент:
• осыған дейін бұл дәріні қабылдамаған болса немесе, егер пациент дәріні соңғы рет қабылдаған кезден бастап ұзақ уақыт аралығы (мысалы, бірнеше апта) өтсе (ықтимал жағымсыз белгілерді анықтау мақсатында және проблемалар туындаған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетілетіндігіне кепілдік беру үшін, пациентті инфузия кезінде және инфузиядан кейін бір сағат бойы медициналық мекемеде бақылай отырып мұқият қадағалау қажет)
• жақында Интратект® қабылдағанда (пациентті инфузия кезінде және инфузиядан кейін кем дегенде 20 минуттан соң мұқият бақылау қажет)
• емделмеген инфекция немесе алғаш себеп болған созылмалы қабынуы болса
• пациентте басқа антиденелерге реакция болғанда (сирек жағдайларда пациент аллергиялық реакциялар қаупіне ұшырауы мүмкін)
• бүйрек ауруы бар немесе болған болса
• бүйрекке зиян келтіруі мүмкін дәрілерді қабылдаған болса (егер пациенттің бүйрек функциясы нашарласа, Интратект® препаратымен емдеуді тоқтату қажет болуы мүмкін)
Дәрігер ерекше шаралар қабылдауы қажет, егер пациентте мынадай жайттар болса:
• артық салмақпен зардап шегіп жүрген,
• егде жаста,
• диабеті немесе жоғары қан қысымымен зардап шегетін,
• қан көлемі төмен (гиповолемия),
• егер пациенттің әдеттегіден төмен (қан тұтқырлығы жоғары),
• егер пациент төсекке таңылған немесе біраз уақыт бойы қозғалмаған болса (иммобилизация) немесе егер пациентте қан тамырларымен (тамырлы аурулар) проблемалар немесе тромбоздық құбылыстардың (тромбтар) басқа қауіптері болса
Арнайы ескертулер
Қадағалануы
Биологиялық дәрілік заттардың қадағалануын жақсарту үшін енгізілген препараттың атауы мен партиясының нөмірін нақты көрсетіп жазып отыру қажет.
Пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
Болуы мүмкін асқынуларға келесі ережелерді сақтаған жағдайда жол бермеуге болады:
- препараттың алғашқы инфузиясын баяу енгізу керек (0,3 мл/кг/сағ., ол 0,005 мл/кг/мин сәйкес келеді), және пациентте адамның қалыпты иммуноглобулиніне аса жоғары сезімталдықтың жоқтығына көз жеткізу керек,
- инфузияның бүкіл кезеңі бойына симптомдарды мұқият бақылау керек. Атап айтқанда, бұрын адамның қалыпты иммуноглобулинін қабылдамаған пациенттерге, немесе баламалы препараттардан ауыстырылған пациенттерге, немесе бұдан бұрынғы инфузиядан кейін аралығы ұзақ болған пациенттерге, ықтимал жағымсыз белгілерді анықтау мақсатында және проблемалар туындаған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетілетіндігіне кепілдік беру үшін, бірінші инфузияның бүкіл кезеңі бойына және бірінші инфузиядан кейін алғашқы сағат ішінде медициналық мекемеде бақылай отырып мониторинг жүргізілуі тиіс.
Қалған барлық пациенттер инфузия аяқталғаннан кейін кем дегенде 20 минут бойы бақылануы тиіс.
Барлық пациенттерге адамның қалыпты иммуноглобулинін енгізген кезде мыналар қажет болады:
• иммуноглобулиндермен инфузия басталғанға дейін талапқа сай гидратация
• диурезге мониторинг
• сарысудағы креатинин деңгейлеріне мониторинг
• «ілмектік» диуретиктерді қатар қолданудан бас тарту
Жағымсыз реакция жағдайында, инфузия жылдамдығы төмендетілуі, не болмаса инфузия тоқтатылуы тиіс. Емдеу жағымсыз реакциялардың сипатына және ауырлығына байланысты болады.
Инфузиямен байланысты реакциялар
Кейбір жағымсыз реакциялар (мысалы, бас ауыруы, ысынулар, қалтырау, миалгия, ысқырып дем алу, тахикардия, белдің ауыруы, жүрек айнуы және гипотензия) инфузия жылдамдығымен байланысты болуы мүмкін. Ұсынылған инфузия жылдамдығы Қолдану және енгізу жолы бөлімінде келтірілген, әрі қатаң сақталуы тиіс. Пациенттер инфузияның барлық кезеңі ішінде қатаң қадағалауда және кез келген симптомдары бақылауда болуы тиіс.
Жағымсыз реакциялар жиі пайда болуы мүмкін
• адам қалыпты иммуноглобулинін алғаш рет алатын пациенттерде немесе сирек жағдайларда адам қалыпты иммуноглобулині бар бір препараттан баламалы препаратқа ауыстырылған немесе алдыңғы инфузиядан кейінгі аралық ұзақ болған кезде
• белсенді инфекция немесе негізгі созылмалы қабынуы бар пациенттерде
Аса жоғары сезімталдық
Аса жоғары сезімталдық реакциялары сирек байқалады.
Анафилаксия мына пациенттерде дамуы мүмкін
• IgA қарсы антиденелер бар IgA анықталмаған
• адамның қалыпты иммуноглобулинімен алдында ем қабылдаған
Шок жағдайында, шок кезінде стандартты медициналық көмек көрсету керек.
Тромбоэмболия
Қантамырлық асқынулар қаупі ұлғайған пациенттер үшін иммуноглобулин ағынының жоғары болуынан қан тұтқырлығының салыстырмалы жоғарылауымен байланысты, адамның қалыпты иммуноглобулинін қабылдау мен миокард инфарктісі, ми қантамырларының жедел бұзылысы (инсультті қоса), өкпе артериясының тромбоэмболиясы және терең веналар тромбозы сияқты тромбоэмболиялық асқынулар арасындағы байланысқа клиникалық дәлелдер бар.
Семіздікке шалдыққан және тромбтардың түзілу факторлары бар (мысалы, қартайған шақ, гипертензия, қант диабеті, анамнезінде қантамыр ауруларының немесе тромбоздық көріністердің бар болуы, туа біткен немесе жүре пайда болған тромбофлебиялық бұзылыстар, ұзақ мерзімді иммобилизация, ауыр гиповолемия, тұтқырлығы жоғары қан аурулары) пациенттерге адамның қалыпты иммуноглобулинін тағайындағанда және енгізгенде сақтық танытқан жөн.
Тромбоэмболиялық жағымсыз реакциялардың жоғары қаупі бар пациенттерге адамның қалыпты иммуноглобулиннің ең аз дозаларымен инфузияны өте төмен жылдамдықпен енгізу қажет.
Бүйректің жедел жеткіліксіздігі
Бүйректің жедел жеткіліксіздігі. жағдайлары адамның қалыпты иммуноглобулинін қабылдаған пациенттерде тіркелді. Көптеген жағдайларда қауіп факторлары бұрыннан бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, қант диабеті, гиповолемиясы, шамадан тыс салмағы бар, нефроуытты дәрілік заттарды қатар қабылдаған немесе 65 жастан асқан пациенттерде байқалды.
Бүйрек параметрлерін венаішілік иммуноглобулиндермен инфузияға дейін, әсіресе жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамуының ықтимал жоғары қаупі бар пациенттерде және тиісті уақыт аралығында қайта бағалануы тиіс. Бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі дамуының жоғары қаупі бар пациенттерде вена ішіне енгізуге арналған иммуноглобулин препараттарын инфузияның ең төмен жылдамдығымен және өте аз дозаларда тағайындау керек.
Бүйрек функциясы бұзылған жағдайда емдеуді тоқтатуды қарастыру қажет. Сонымен қатар бүйрек дисфункциялары және бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі жөніндегі мәлімдемелерде жалпы санынан пропорционалды емес үлкен үлесі тиетін тұрақтандырғыш ретінде құрамында сахароза болатын препараттар үшін құрамында сахароза, глюкоза және мальтоза сияқты әртүрлі толтырғыштары бар адамның қалыпты иммуноглобулинінің әртүрлі препараттарын пайдаланумен байланысты болды. Қауіп тобының пациенттері үшін құрамында бұл толтырғыштары жоқ адамның қалыпты иммуноглобулині препараттарын қолдануды қарастырған жөн.
Интратект® құрамында сахароза, мальтоза немесе глюкоза жоқ.
Асептикалық менингит синдромы (АМС)
Адамның қалыпты иммуноглобулинімен емдеумен байланысты АМС жөнінде мәлімделді. Синдром әдетте адамның қалыпты иммуноглобулинін енгізгеннен кейін бірнеше сағаттан бастап 2 күнге дейін басталуы мүмкін. Жұлын сұйықтығын зерттеулер (ЖСЗ) мм3 шаққанда бірнеше мың жасушаға дейін болатын плеоцитозбен, көбіне гранулоцитарлық сериялардан және ақуыздың бірнеше жүздеген мг/дл дейінгі жоғары деңгейімен жиі оң нәтижелі болады. АМС адамның қалыпты иммуноглобулинінің жоғары дозаларымен (2 г/кг) емдеумен байланысты жиі туындауы мүмкін.
Мұндай белгілері мен симптомдары бар пациенттер менингиттің басқа да себептерін жоққа шығару үшін мұқият неврологиялық тексеруден, соның ішінде жұлын сұйықтығының талдауынан өтуі тиіс.
Венаішілік иммуноглобулиндермен емдеуді тоқтату бірнеше күн ішінде асқынусыз ремиссияға әкелді.
Гемолиздік анемия
Адамның қалыпты иммуноглобулинінің препараттарында гемолизин ретінде әсер ететін қан тобының антиденелері болуы және тікелей оң антиглобулиндік реакцияны (Кумбс сынамасын) және, сирек, гемолизді туындата отырып, эритроциттердің иммуноглобулинмен in vivo жабылуына ықпал етуі мүмкін. Гемолиздік анемия эритроциттер секвестрациясының (RBC) ұлғаюымен байланысты емдеуден кейін дамуы мүмкін. Адамның қалыпты иммуноглобулинін қабылдап жүрген пациенттер гемолиздің клиникалық белгілерінің және симптомдарының бар-жоқтығына бақылануы тиіс.
Нейтропения / лейкопения
Нейтрофилдер санының уақытша төмендеуі және/немесе нейтропенияның кейде күрделі эпизодтары, вена ішіне иммуноглобулиндермен емдегеннен кейін хабарланған. Бұл әдетте иммуноглобулин енгізілгеннен кейін бірнеше сағат немесе күн ішінде болады және 7-14 күн ішінде өздігінен басылады.
Қан құюмен байланысты өкпенің жедел зақымдануы
Вена ішіне иммуноглобулиндер алған пациенттерде өкпенің жедел кардиогенді емес ісінуі [Қан құюмен байланысты өкпенің жедел зақымдануы (ҚҚБӨЖЗ) туралы кейбір хабарламалар болды. ҚҚБӨЖЗ айқын гипоксиямен, ентігумен, тахипноемен, цианозбен, қызба және гипотензиямен сипатталады. ҚҚБӨЖЗ симптомдары әдетте, құю кезінде немесе құюдан кейін 6 сағат ішінде, көбінесе 1-2 сағат ішінде дамиды. Осылайша, венаішілік иммуноглобулиндердің реципиенттері мониторинг пен венаішілік иммуноглобулиндермен инфузиядан өтуі тиіс. ҚҚБӨЖЗ қарқынды емдеу бөлімшесіне дереу қаралуды талап ететін өмірге ықтимал қаупі бар жағдай болып табылады.
Серологиялық тестілердің нәтижелеріне ықпалы
Иммуноглобулин енгізгеннен кейін пациенттің қанындағы әртүрлі баяу берілген антиденелердің транзиторлық жоғарылауы серологиялық тестілердің жалған оң нәтижелеріне әкеп соғуы мүмкін. Антиденелердің эритроциттердің, мысалы, А, В, D антигендеріне баяу берілуі қызыл жасушалардың алло-антиденелерін анықтауға біршама серологиялық тестілердің, мысалы, тікелей антиглобулиндік тестінің (DAT, тікелей Кумбс тестісі) нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.
Трансмиссивті агенттер
Адамның қанынан немесе плазмасынан алынған дәрілік заттарды қолданудан туындаған инфекциялардың қоздырғыштарының жұғуына жол бермеу үшін стандартты шараларға донорларды таңдау, жекелей донорлыққа скрининг және инфекцияның спецификалық маркерлері үшін плазма пулдары және вирустардың белсенділігін жою/жою үшін тиімді өндірістік сатыларды енгізу қамтылады. Осыған қарамастан, адамның қанынан немесе плазмасынан алынған дәрілік заттарды енгізген кезде инфекциялы агенттердің жұғу ықтималдығын толық жоққа шығаруға болмайды.
Бұл сондай-ақ белгісіз вирустарға және басқа да қоздырғыштарға жатады.
Қабылданған шаралар АИТВ, ВГВ, СГВ сияқты қабықшалы вирустарға қатысты тиімді деп саналады. Қабылданған шаралардың А гепатиті вирусының (АГВ) және В19 парвовирус сияқты қабықшасыз вирустарға қатысты тиімділігі шектеулі болуы мүмкін.
Бұрыннан бар клиникалық тәжірибе адамның қалыпты иммуноглобулинінің препараттарын қолданғанда АГВ және В19 парвовирусының жұғу жағдайларының жоқтығын айғақтайды, және сондай-ақ антиденелердің болуы вирустық қауіпсіздікті арттыру үшін үлкен маңызы бар деп болжам жасалады.
Педиатрияда қолдану
Ересектер үшін көрсетілген препаратты пайдалану жөніндегі айрықша нұсқаулар мен сақтандырулар балаларда да ескерілуі тиіс.