Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
5 мг/мл
Саудалық атауы
ИПИГРИКС®
Әсер етуші зат
Ипидакрин
Мақсаты
Шеткергі жүйке жүйесінің аурулары: моно- және полинейропатия, полирадикулопатия, миастения және этиологиясы әртүрлі миастениялық синдром
Өндіруші
ХБМ Фарма с.р.о.
Ел
Словакия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат: ипидакрин гидрохлориді (сусыз затқа шаққанда) – 5 мг немесе 15 мг;
қосымша заттар: хлорсутек қышқылы 1 М рН 2,8-4,0 дейін, инъекцияға арналған су 1 мл дейін.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді
Кешенді терапия құрамында
-шеткергі жүйке жүйесінің аурулары: моно- және полинейропатия, полирадикулопатия, миастения және этиологиясы әртүрлі миастениялық синдром
-орталық жүйке жүйесінің аурулары: бульбарлық салдану және парездер
-қозғалыстың бұзылуларымен қатар жүретін орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы кезіндегі қалпына келтіру кезеңі.
Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. Парасимпатомиметиктер. Антихолинэстеразалық препараттар.
АТХ коды N07AA
Әсер ету механизмі
Ипидакрин холинэстеразаның қайтымды тежегіші болып табылады. Ипидакрин ОЖЖ және жүйке-бұлшықет синапстарында жарғақшалардың калий өзекшелерін бөгейтін импульстардың өтуін тікелей стимуляциялайды. Ипидакрин ацетилхолин медиаторының ғана емес, сонымен қатар адреналин, серотонин, гистамин және окситоциннің тегіс бұлшықеттерге әсерін күшейтеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Ипидакриннің негізгі фармакологиялық әсерлері:
• жүйке-бұлшықет өткізгіштігін қалпына келтіру және стимуляциялау;
• кейбір факторлардан (жарақат, қабыну, жергілікті анестезиялайтын дәрілердің, антибиотиктердің, калий хлоридінің және т. б. әсері) туындаған блокададан кейін шеткергі жүйке жүйесінде импульстің өткізілуін қалпына келтіру;
• калий хлоридінен басқа, барлық агонистердің әсерінен тегіс бұлшықет ағзаларының жиырылғыштығын күшейту;
• седативті әсердің жекелеген көріністерімен бірге ОЖЖ-ны спецификалы әлсіз стимуляциялау;
• есте сақтау қабілетін жақсарту.
Балалар
Осы дәрілік препаратты балаларда қолдану қауіпсіздігінің клиникалық зерттеулерінің жеткілікті деректері жоқ.
Дозалау режимі
Емдеудің дозасы мен ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты әр адамға жеке анықталады.
Шеткергі жүйке жүйесінің аурулары
-түрлі генезді моно- және полинейропатия: ішінде 5 мг / мл немесе 15 мг / мл (5 мг немесе 15 мг) бар, бұлшықет ішіне немесе тері астына инъекцияға арналған 1 мл ерітінді, күніне 1-2 рет. Емдеу курсы 10-15 күнді құрайды (ауыр жағдайларда - 30 күнге дейін).
-миастения және миастениялық синдром: ішінде 5 мг/мл немесе 15 мг/мл (5 мг немесе 15 мг) бар, бұлшықет ішіне немесе тері астына инъекцияға арналған 1 мл ерітінді, күніне 1-3 рет. Емдеудің жалпы курсы-1-2 ай. Қажет болса, емдеуді 1-2 айлық курстар арасындағы үзіліспен бірнеше рет қайталауға болады.
Орталық жүйке жүйесінің аурулары
• бульбарлық салдану және парездер: ішінде 5 мг/мл немесе 15 мг/мл (5 мг немесе 15 мг) бар, бұлшықет ішіне немесе тері астына инъекцияға арналған 1 мл ерітінді, күніне 1-2 рет, емдеу курсы 10-15 күнді құрайды.
Орталық жүйке жүйесі органикалық зақымданған кезде қалпына келтіру кезеңі: ішінде 5 мг/мл немесе 15 мг/мл (5 мг немесе 15 мг) бар, бұлшықет ішіне инъекцияға арналған 1 мл ерітінді, күніне 1-2 рет 15 күнге дейін.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген, сондықтан қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
ИПИГРИКС 5 мг/мл және ИПИГРИКС 15 мг/мл инъекцияға арналған ерітінділер бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізіледі.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Егер кезекті доза енгізілмесе, оны мүмкіндігінше тезірек, бірақ тағайындалған бір реттік дозадан асырмай енгізу керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қос дозаны енгізуге болмайды!
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар
Бұл дәрілік препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен, фармацевтика қызметкерімен немесе медбикемен кеңесіңіз. Күмәнданған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
-ипидакринге немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық
-эпилепсия
-гиперкинезбен бірге экстрапирамидалық аурулар
-стенокардия
-айқын брадикардия
-бронх демікпесі
-ішектің немесе несеп шығару жолдарының бітелуі
-вестибулярлық бұзылыстарға бейімділік
-асқазанның немесе он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойықжарасы
-жүктілік және бала емізу кезеңі
-балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (балалардағы дәрілік заттың қауіпсіздігін зерттеу бойынша талапқа сай зерттеулер жүргізілген жоқ)
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктемеге және олардың туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктелуі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі
-гиперсаливация, жүрек айнуы
-жүрек қағуы, брадикардия
-қатты тершеңдік
Жиі емес
-бронх секрециясының күшеюі
-жоғары дозаны қолданғаннан кейін - бас айналу, бас ауыруы, әлсіздік, ұйқышылдық, бұлшықет құрысулары, аллергиялық реакциялар (қышу, бөртпе), құсу
-тыныс алу жүйесінің бұзылуы
Сирек
-эпигастрийдегі ауырсыну, диарея
Белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес)
-бронхоспазм
-миоз
-тремор
-гипотермия, кеуденің ауыруы
Бұл жағдайда дозаны азайтады немесе препаратты енгізуді қысқа уақытқа (1-2 күнге) тоқтатады. Бұл жанама әсерлер сирек кездеседі және әдетте препаратты тоқтатуға себеп болып табылмайды.
Гиперсаливация мен брадикардияны м холиноблокаторлармен (атропин және т.б.) төмендетуге болады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Ауыр артық дозаланғанда келесі симптомдармен "холинергиялық криздің" дамуы мүмкін: бронхоспазм, көзден жас ағу, қатты терлеу, қарашықтың тарылуы, нистагмус, спонтанды дефекация және несеп шығару, құсу, брадикардия, жүрек блокадасы, аритмия, гипотензия, мазасыздық, үрей, қозу, қорқыныш сезімі, атаксия, конвульсия, кома, түсініксіз сөйлеу, ұйқышылдық және әлсіздік. Симптомдар әлсіз білінуі мүмкін.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем, артық дозалану симптомдарының айқындылығын төмендететін м холиноблокаторларды (атропин және циклодол) қолдану.
Сақтықпен тағайындау керек:
-тиреотоксикоз кезінде,
-жүрекқантамыр жүйесінің аурулары,
-анамнезінде тыныс алу жолдарының аурулары және тыныс алу жолдарының жедел ауруларында.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге дәрілік препаратты қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген, сондықтан қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ипидакрин седативті әсер етуі мүмкін, сондықтан көлік құралын басқарудан және қауіпті механизмдермен жұмыс істеуден аулақ болу керек.
Ипидакрин жатырдың тонусын күшейтеді және мерзімінен бұрын босануға әкелуі мүмкін, сондықтан оны жүктілік кезінде тағайындауға болмайды.
Ипидакринді баланы емізу кезінде қолдану қауіпсіздігі бойынша деректердің болмауына байланысты аналарға тағайындауға болмайды.
Ипидакриннің белсенділік спектрінде седативті әсердің болуы ұйықтататын препараттардың (гексенал, хлоралгидрат) әсерінің үлкен потенциалына әкеледі, ал аз дозада ипидакрин ұйықтататын препараттардың әсеріне ықпал етпейді немесе әлсіретпейді.
Әсері мен жанама әсерлері холинэстеразаның басқа тежегіштерімен және м-холиномиметикалық дәрілермен бірге қолданғанда күшейеді.
Миастениясы бар пациенттерде басқа холиномиметикалық дәрілерді қолдану аясында холинергиялық криздің даму қаупі артады.
Бета-адреноблокаторлар, егер ипидакринмен емдеуді бастағанға дейін қолданылған болса, брадикардияның даму қаупін арттырады.
Церебролизин препараттың тиімділігін арттырады.
Ипидакрин жергілікті анестетиктердің, антибиотиктердің әсерін әлсіретеді.
Алкоголь препараттың жанама әсерлерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.