- ауырлық дәрежесі орташа бүйрек жеткіліксіздігі
- ауырлық дәрежесі орташа бауыр жеткіліксіздігі
Арнайы сақтандырулар
Хориоидты жалқық, жедел миопия және салдарлы жабық бұрышты глаукома
Ипка Дихлорды қабылдамас бұрын дәрігермен сөйлесіңіз.
Егер сіз көрудің төмендеуін немесе көздің ауыруын сезінсеңіз. Бұл Ипка Дихлорды қабылдау басталған сәттен бірнеше сағат немесе апта ішінде байқауға болатын көздің тамырлы қабығында сұйықтық жинақталуының (хориоидты жалқық) немесе көз қысымының көтерілуі болуы мүмкін. Емдеу жүргізілмесе, қайтымсыз көрмей қалу болуы мүмкін. Егер сізде бұрын пенициллинге немесе сульфонамидке аллергиялық реакция болса, сіз хориоидты жалқықтың даму өте жоғары қаупіне бейім болуы мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Аса жоғары сезімталдық реакциялары аллергия және бронх демікпесі бар науқастарда туындауы мүмкін. Құрылымы жағынан хлорталидонмен байланысты тиазидті диуретиктерді қабылдағанда жүйелі қызыл жегі өршуі немесе көрініс беруі мүмкін. Дегенмен де, хлорталидонды қабылдаудан кейін жүйелі қызыл жегінің көрініс бергені туралы хабарламалар болмады. Оны осындай ауруы бар науқастарға тағайындағанда сақтық шарасын қадағалау керек.
Электролиттер
Тиазидті диуретиктермен емдеу гипокалиемия, гипомагниемия, гиперкальциемия және гипонатриемия сияқты электролит теңгерімінің бұзылуымен байланысты болды. Гипокалиемия жүрек ырғағы бұзылуының дамуына түрткі болуы немесе оймақгүлдің уытты әсеріне жүректің реакциясын күшейтуі мүмкін.
Барлық тиазидті диуретиктермен жағдайдағы сияқты, Ипка Дихлор препараты индукциялаған калийдің несеппен көп шығарылуы дозаға тәуелді және пациенттерде жекеше өзгеріп отырады. Тәулігіне 25 мг дозасында сарысудағы калий концентрациясының төмендеуі, орта есеппен, 0,7 ммоль / л құрайды. Ұзақ уақыт емдеу кезінде алдымен қан сарысуындағы калий концентрациясын, одан кейін 3-4 аптадан соң тексеру керек. Әріқарай, егер калий теңгерімі бұзылса, жағымсыз реакциялар (мысалы, құсу, диарея, бүйрек функциясының өзгерістері және т.б.) көрініс беруі мүмкін. Мониторингтеуді әр 4-6 ай сайын өткізу керек.
Пероральді калий тұзын (мысалы, калий хлоридін) титрлеп бірге енгізуді дигиталис (оймақгүл) қабылдап жүрген пациенттерде, жүректің ишемиялық ауруының белгілері бар пациенттерде, егер олар ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегішін қабылдап жүрмесе, бета-адренорецепторлар агонистерінің жоғары дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде; және плазмадағы калий концентрациясы <3,0 ммоль / л болатын барлық жағдайда қарастыруға болады. Егер пероральді калий препараттары жағымсыз болса, Ипка Дихлор препаратын калий жинақтайтын диуретикпен (мысалы, триамтерен) біріктіруге болады.
Біріктірілген емдеудің барлық жағдайларында калий теңгерімін мұқият бақылау керек. Егер гипокалиемия клиникалық белгілерімен (мысалы, бұлшықет әлсіздігі, парез және ЭКГ өзгерісімен) қатар жүрсе, Ипка Дихлор препаратын қабылдауды тоқтату керек.
АӨФ тежегіштерін немесе ангиотензин II тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде де Ипка Дихлор препаратынан және калий тұзынан немесе калий жинақтаушы диуретиктен тұратын біріктірілген емнен сақтану керек.
Бірлі-жарым жағдайларда неврологиялық симптомдармен (жүрек айну, әлсіздік, үдемелі бағдардан жаңылу, апатия) қатар жүретін гипонатриемия байқалды.
Сарысудағы электролиттерді мониторингтеу, әсіресе, егде жастағы адамдарға, бауыр циррозынан болатын асцит бар пациенттерге және нефроздық синдром салдарынан ісінуі бар пациенттерге көрсетілген. Соңғы жағдайда Ипка Дихлор препаратын калий деңгейінің азаюы немесе ауыр гипоальбуминемия белгілерінсіз нормокалиемия бар пациенттерде тек мұқият бақылаумен ғана пайдалану керек.
Метаболизмдік әсерлері
Хлорталидон қан сарысуындағы несеп қышқылының деңгейін арттыруы мүмкін, бірақ ұзақ уақыт емдегенде подагра ұстамалары сирек байқалады.
Глюкозаға төзімділік бұзылуы мүмкін болса да, емдеу кезінде қант диабеті өте сирек туындайды.
Тиазидтермен және тиазид тәрізді диуретиктермен ұзақ уақыт бойы емдеу кезінде пациенттерде жалпы холестериннің, триглицеридтердің немесе тығыздығы төмен липопротеиндер холестеринінің плазмадағы концентрациясының аздаған және ішінара қайтымды жоғарылауы тіркелген. Осы нәтижелердің клиникалық маңызы түсініксіз.
Ипка Дихлор қант диабеті бар пациенттерді немесе гиперхолестеринемиядан (диеталық немесе біріктірілген) емделіп жүрген пациенттерді ұзақ уақыт емдеу үшін бірінші желідегі препарат ретінде пайдаланылмау керек.
АӨФ тежегішімен немесе ангиотензин II тежегішімен біріктірілім
АӨФ тежегіштерінің немесе ангиотензин II тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін плазма ренинінің белсенділігін арттыратын агенттер (диуретиктер) күшейтеді. Сондықтан, диуретикке АӨФ тежегішін немесе ангиотензин II тежегішін қосылғанда сақтықпен дозалау режимін ұстану керек. Диуретик дозасын азайту немесе оны 2-3 күнге тоқтату және АӨФ тежегішінің немесе ангиотензин II тежегішінің бастапқы төмен дозасын пайдалану ұсынылады.
Еге жастағы адамдарда қолдану
Егде жастағы пациенттерде, сіңірілуі бірдей болса да. хлорталидон шығарылуы, жас пациенттерге қарағанда, баяуырақ жүреді. Демек, егде жастағы пациенттерді Ипка Дихлор препаратымен емдеу кезінде сарысудағы электролиттерді мониторингтеуді қоса, мұқият медициналық қадағалау қажет.
Натрий
Препараттың қосымша заттарының құрамында 1,50 мг, 3,00 мг мөлшерінде натрий гликолят крахмалы бар (натрий мөлшері 2,8-4,2%), бір реттік дозасындағы натрий мөлшері 1 ммольден аз, яғни Ипка Дихлор натрийден бос препарат болып саналады.
Зертханалық тестілерге әсері
Деректер жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының бұзылуы немесе бауырдың үдемелі ауруы бар пациенттерге хлорталидонды сақтықпен қабылдау керек, өйткені сұйықтық деңгейі мен электролит теңгерімінің болымсыз өзгерістері бауыр комасын туғызуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігінде хлорталидон сақтықпен қабылдану қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде хлорталидон немесе басқа ұқсас препараттар азотемияны арттыруы мүмкін. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дәрілік препараттың жинақталу әсерлері дамуы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану деректері жоқ. Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану қарсы көрсетілімді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін (бас айналу, бас ауыру) ескеріп, көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.