Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для ингаляций
Дозасы
0.25 мг/мл + 0.5 мг/мл
Саудалық атауы
Ипратерол
Әсер етуші зат
Фенотерол и ипратропия бромид
Мақсаты
Ипратерол бронх демікпесі сияқты тыныс алу жолдарының қайтымды тарылуына байланысты созылмалы бронх обструкциясының симптомдарының профилактикасы және еміне арналған және атап…
Өндіруші
Открытое акционерное общество "Фармстандарт-Лексредства", (ОАО "Фармстандарт-Лексредства")
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препараттың құрамында
белсенді заттар:
Ипратропий бромиді моногидраты 0,261 мг (0,25 мг ипратропий бромидіне баламалы)
Фенотерол гидробромиді 0,5 мг
қосымша заттар: натрий бензоаты 0,50 мг, динатрий эдетаты дигидраты 0,554 мг, лимон қышқылы моногидраты, натрий гидроксиді рН 3.2 дейін, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе әлсіз сарғыш реңкті сұйықтық.
Ипратерол бронх демікпесі сияқты тыныс алу жолдарының қайтымды тарылуына байланысты созылмалы бронх обструкциясының симптомдарының профилактикасы және еміне арналған және атап айтқанда, эмфиземамен немесе онсыз созылмалы бронхиттің профилактикасы және еміне арналған бронходилататор болып табылады. Бронх демікпесі бар пациенттер үшін немесе кортикостероидтармен емдеуге болатын ӨСОА бар пациенттер үшін қабынуға қарсы дәрілерді біріктірілімде тағайындауды қарастырған жөн.
ATХ коды R0ЗAL01
Әсер ету механизмі
Ипратерол препаратының құрамында бронхолитиктік белсенділігімен екі компонент бар: ипратропий бромиді - м-холиноблокатор және фенотерол-ꞵ2-адреномиметик. Ингаляциялық енгізу кезінде ипратропий бромидінің бронходилатациясы негізінен жүйелі антихолинергиялық әсерге емес, жергілікті әсерге негізделген.
Фармакодинамикалық әсерлері
Ипратропий бромиді антихолинергиялық (парасимпатолитиктік) қасиеттері бар аммонийдің төрттік туындысы болып табылады. Ипратропий бромиді кезбе жүйкенің ұштарынан босатылған ацетилхолин медиаторының әсеріне қарсы тұра отырып, кезбе жүйкеден туындаған рефлекстерді тежейді. Антихолинергиялық дәрілер ацетилхолиннің бронхтың тегіс бұлшықеттерінің мускариндік рецепторларымен өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын кальций иондарының жасушаішілік концентрациясының жоғарылауына жол бермейді. Кальций иондарының босап шығуы құрамына ИТФ (инозитол трифосфаты) және ДАГ (диацилглицерин) кіретін қайталама медиаторлар жүйесімен жүреді..
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен (созылмалы бронхит және өкпе эмфиземасы) байланысты бронх түйілуі бар пациенттерде өкпе функциясының едәуір жақсаруы (қарқынды тыныс алудың көлемінің 1 секундта (ҚТАК1) және ең жоғары тыныс алудың жылдамдығының (ЕЖТЖ) 15% және одан жоғары артуы) 15 минут ішінде байқалады, ең жоғары әсерге 1-2 сағаттан кейін қол жеткізіледі және пациенттердің көпшілігінде енгізгеннен кейін 6 сағатқа дейін жалғасады.
Ипратропий бромиді тыныс алу жолдарындағы шырыш секрециясына, мукоцилиарлық клиренске және газ алмасуға теріс әсер етпейді.
Фенотерол емдік дозада ꞵ2-адренорецепторларды іріктеп стимулациялайды. ꞵ2-адренорецепторларды стимулациялау аденилатциклазасын Gs ақуызын стимулациялау арқылы белсендіреді. ꞵ1-адренорецепторлардың стимуляциясы жоғары дозаларды қолданғанда жүреді.
Фенотерол бронхтар мен тамырлардың тегіс бұлшықеттерін босаңсытады және гистаминнің, метахолиннің, суық ауаның және аллергендердің әсерінен болатын бронхоспазмдық реакциялардың дамуына қарсы тұрады (жедел типтегі аса жоғары сезімталдық реакциясы). Қолданғаннан кейін бірден фенотерол қабыну медиаторларының және бронхоконстрикцияның жуан жасушалардан босатылуын бөгейді. Сонымен қатар, фенотеролды 0,6 мг дозада қолданған кезде мукоцилиарлық клиренстің күшеюі байқалады.
Жүрек жиырылуының жиілігі мен күшінің артуы сияқты препараттың жүрек қызметіне ꞵ-адренергиялық әсері фенотеролдың тамырлық ықпалына, жүректің ꞵ2-адренорецепторларының стимуляциясына, ал емдік дозадан асатын дозаларды қолданғанда, ꞵ1-адренорецепторлардың стимуляциясына байланысты.
Басқа ꞵадренергиялық препараттарды қолданғандағыдай, жоғары дозаларды пайдалану кезінде QTс аралығының ұзаруы байқалады. Фенотеролды дозаланған аэрозоль ингаляторларының (ДАИ) көмегімен пайдаланған кезде бұл әсер тұрақсыз болды және ұсынылғаннан астам дозаларды қолданған жағдайда байқалды. Алайда фенотеролды небулайзердің көмегімен қолданғаннан кейін (стандартты дозасы бар құтыдағы ингаляцияға арналған ерітінді) жүйелік әсер ұсынылған дозаларда ДАИ көмегімен препаратты қолданғанға қарағанда жоғары болуы мүмкін. Бұл бақылаулардың клиникалық маңыздылығы анықталған жоқ.
Тремор ꞵ-адренорецепторлар агонистерін қолданғанда ең жиі жағымсыз әсер болып табылады. Бронхтың тегіс бұлшықеттеріне ықпал етуден айырмашылығы ꞵ-адренорецептор агонистерінің жүйелік әсеріне төзімділік дамуы мүмкін, бірақ бұл құбылыстың клиникалық маңызы анықталған жоқ. Ипратропий бромиді мен фенотеролды бірге қолданғанда бронх кеңейтетін әсері әртүрлі фармакологиялық нысандарға әсер ету арқылы қол жеткізіледі. Көрсетілген белсенді заттар бір-бірін толықтырады, нәтижесінде бронх бұлшықеттеріне спазмалық әсер күшейеді және тыныс алу жолдарының қысылуымен бірге жүретін бронх-өкпе ауруларда емдік әсердің кеңдігі қамтамасыз етіледі. Бірін-бірі толықтыратын әсер қажетті тиімділікке қол жеткізу үшін ꞵ-адренергиялық компоненттің неғұрлым төмен дозасы талап етіледі, бұл Ипратерол препаратының жағымсыз әсерлері іс жүзінде толық болмаған кезде тиімді дозаны жеке таңдауға мүмкіндік береді.
Жедел бронхоконстрикция кезінде Ипратерол препаратының әсері тез дамиды, бұл оны бронх түйілуінің жедел ұстамаларында қолдануға мүмкіндік береді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Кумулятивтік дозаға жауапқа жүргізілген клиникалық зерттеулер барысында демікпесі және СОӨА бар пациенттерде фенотерол мен ипратропий бромидінің біріктірілген препаратын қолдану тиімділігі ипратропий бромидінсіз қабылданатын фенотеролға қарағанда екі есе жоғары болды, бұл ретте емге жақсы төзімділік байқалды.
Бронх демікпесі және СОӨА бар пациенттердің саны көп зерттеулерінде фенотерол және ипратропий бромиді біріктірілген препаратын қолдану әсер етуші заттардың монокомпоненттік препараттарына қарағанда үлкен тиімділігін көрсетті.
Жедел бронх түйілуінде фенотерол және ипратропий бромиді біріктірілген препараты қабылдағаннан кейін көп ұзамай әрекет ете бастайды, сондықтан бронх түйілуінің жедел ұстамаларын емдеуге арналған таңдау препараты болып табылады.
Дозалау режимі
Ересектер (оның ішінде егде жастағы пациенттер) және 12 жастан үлкен балалар:
Ентігудің жедел ұстамалары (бронх түйілуі):
Ұстаманың ауырлық дәрежесіне байланысты қабылданатын дозалар 1 мл-ден (1 мл = 20 тамшы) 2,5 мл-ге дейін (2,5 мл= 50 тамшы) өзгереді.
Ерекше ауыр жағдайларда ғана 4 мл-ге дейін дозаны қабылдауға рұқсат етіледі (4 мл = 80 тамшы).
Бронх демікпесінің мақсатты алдын-алу:
Физикалық кернеудің бронх демікпесінің немесе аллергенмен болжамды жанасудың мақсатты профилактикасы үшін 2-3 мл физиологиялық ерітіндіде сұйылтылған Ипратерол препаратының 1-2 ингаляциясын (0,1 - 0,2 мл (2-4 тамшы) орындау керек. Мүмкіндігінше, бұл оқиғалардан 10-15 минут бұрын жасалуы керек.
Пациенттердің ерекше топтары
6 – 12 жас аралығындағы балалар:
Жедел демікпе ұстамалары:
Жедел ұстаманың ауырлық дәрежесіне байланысты қабылданатын дозалар 0,5 мл-ден (0,5 мл = 10 тамшы) 2 мл-ге дейін (2 мл = 40 тамшы) өзгереді.
Бронх демікпесінің мақсатты алдын-алу:
Физикалық кернеудің бронх демікпесінің немесе аллергенмен болжамды жанасудың мақсатты профилактикасы үшін 2-3 мл физиологиялық ерітіндіде сұйылтылған Ипратерол препаратының 1-2 ингаляциясын (0,1 - 0,2 мл (2-4 тамшы) орындау керек. Мүмкіндігінше, бұл оқиғалардан 10-15 минут бұрын жасалуы керек.
6 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы 22 кг кем):
Осы жас тобында қолдану туралы ақпараттың шектеулі болуына байланысты мынадай ұсынылатын дозаларды тек дәрігердің бақылауымен қабылдау керек:
1 кг дене салмағына 0,1 мл (2 тамшы), бірақ 0,5 мл ерітіндіден (10 тамшы) артық емес.
Қажет болған жағдайда дозаны тек 4 сағаттан кейін ғана қайта қабылдауға болады.
Ингаляция уақытына сұйылтылған ерітіндінің көлемі әсер етуі мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Небулайзерді пайдалана отырып, ингаляция жүргізу үшін ғана!
Емдеуді медициналық бақылаумен, стационар жағдайында ғана бастап, жүргізу керек. Дәрігердің кеңесінен кейін пациенттерге бета-адреномиметиктер тобынан тез әсер ететін бронх кеңейтетін дәрінің төмен дозасы обструкция симптомдарын жеңілдету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда ғана үйде емдеу ұсынылуы мүмкін. Сондай-ақ, пациенттерге ингаляцияға арналған аэрозольді пайдалану мүмкін болмаған жағдайда немесе одан жоғары дозаларды қолдану қажет болған жағдайда ингаляцияға арналған ерітінді ұсынылуы мүмкін.
Емдеуді әрқашан ең аз ұсынылған дозадан бастау керек.
Дозаны жеке таңдап, жедел ұстаманың ауырлығына сәйкес реттеу керек. Симптомдардың жеткілікті төмендеуі кезінде препаратты енгізуді тоқтату керек.
Небулайзер үшін ерітінді бүркетін тиісті құрылғыны пайдаланған кездегі ингаляцияға арналған.
Ерітіндіні ішке қабылдауға тыйым салынады.
Ипратерол препаратының ингаляцияға арналған ерітіндісінің қолдану үшін ұсынылатын дозасын физиологиялық ерітіндімен (0,9%) 3-4 мл көлеміне дейін сұйылту қажет. Сұйылтылған және қолдануға дайын ерітіндімен ингаляцияны симптомдар жеткілікті жеңілдеуге жеткенше жүргізу керек
Ипратерол, ингаляцияға арналған ерітіндіні дистилденген сумен сұйылтуға болмайды.
Әр қолданар алдында жаңа сұйылтылған және қолдануға дайын ерітінді әзірлеу керек. Сұйылтылған және қолдануға дайын ерітіндімен ингаляцияны оны дайындағаннан кейін дереу жүргізу керек; сұйылтылған ерітіндінің кез келген қалдықтарын төгіп тастау керек. Ингаляциялық құрылғыны пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларды орындау қажет.
Ерітіндіні бүркуге мундштук қолдану ұсынылады. Мундштук болмаған жағдайда тиісті мөлшердегі небулайзер маскасын қолдану керек.
Глаукома ұстамаларына бейім пациенттерді көзді қорғауға ерекше назар аудару қажеттігі туралы ескерту керек.
Ингаляциялық ерітіндіні әртүрлі коммерциялық қол жетімді небулайзерлердің көмегімен қолдануға болады. Препараттың өкпеге әсері және оның жүйелік әсері қолданылатын небулайзерге және құрылғының тиімділігіне байланысты.
Егер небулайзерде оттегі шығынын реттеу функциясы болса, ерітіндіні ең дұрысы минутына 6-8 литр оттегі шығынымен қолданған дұрыс.
Пациент құрылғыны дұрыс пайдалану, қызмет көрсету және тазарту үшін небулайзер өндірушісінің нұсқауларын орындауы керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
• Ипратропий бромидіне, фенотеролға, сондай-ақ атропин тәрізді заттарға немесе препараттың құрамына кіретін басқа кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық.
•Гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия.
•Тахиаритмия.
- жөтел
- күйгелектік
- бас ауыруы
- тремор
- бас айналуы
- тахикардия,
- жүрек қағуын сезу
- фарингит
- дисфония
- құсу
- жүрек айнуы
- ауыздың құрғауы
- систолалық қан қысымының жоғарылауы
- анафилаксиялық реакция*
- аса жоғары сезімталдық *
- гипокалиемия*
- қозу
- ментальді бұзылулар
- глаукома*
- көзішілік қысымның жоғарылауы *
- аккомодацияның бұзылуы *
- мидриаз*
- анық көрмеу*,
- көздің ауыруы, мөлдір қабықтың ісінуі *
- конъюнктива гиперемиясы *
- заттар айналасында құбылмалы шеңберлердің болуы*
- аритмия
- жүрекшелер фибрилляциясы
- қарыншаүстілік тахикардия*
- миокард ишемиясы *
- бронх түйілуі
- жұтқыншақтың тітіркенуі
- жұтқыншақтың ісінуі
- ларингоспазм*
- парадоксальді бронх түйілуі *
- жұтқыншақтың құрғауы *
- стоматит
- глоссит
- асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуы
- диарея
- іш қатуы*
- ауыз қуысының ісінуі *
- қыжыл
- есекжем
- қышыну
- ангионевроздық ісіну*
- гипергидроз*
- бөртпе
- петехиялар
- бұлшықет әлсіздігі
- бұлшықет түйілуі
- миалгия
- несептің кідіруі
-диастолалық қан қысымының жоғарылауы
- қан сарысуындағы глюкоза жоғарылауы
- аса жоғары белсенділік
* Бұл жағымсыз реакциялар клиникалық зерттеулер барысында анықталған жоқ. Бағалау пациенттердің жалпы популяциясы бойынша есептелген сенімді аралықтың 95% жоғарғы шекарасы негізінде жүргізілді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Артық дозалану симптомдары әдетте фенотеролдың әсерімен байланысты. ꞵ-адренорецепторлардың шамадан тыс стимуляциялануынан туындаған симптомдардың пайда болуы мүмкін. Тахикардия, жүрек қағуын сезу, тремор, қан қысымының жоғарылауы немесе төмендеуі, систолалық және диастолалық қан қысымы арасындағы айырмашылықтың жоғарылауы, стенокардия, аритмия және "ысынулар" пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ метаболикалық ацидоз және гипокалиемия да байқалды.
Препараттың емдік әсерінің аясы кеңдігін және жергілікті қолдану тәсілін ескере отырып, ипратропий бромидінің (ауыздың құрғауы, көздің аккомодациясының бұзылуы сияқты) артық дозалану симптомдары әдетте әлсіз білінеді және өтпелі сипатта.
Емі
Препаратты қолдануды тоқтату керек.
Қанның қышқыл-сілтілік теңгерімін мониторингтеу деректерін ескеру қажет. Тыныштандыратын препараттар, транквилизаторлар, ауыр жағдайларда - қарқынды ем көрсетіледі.
Арнайы антидот ретінде ꞵ-адреноблокаторларды, дұрысы селективті ꞵ1-адреноблокаторларды қолдануға болады. Алайда, адреноблокаторлардың әсерінен бронх обструкциясының күшеюі ықтималдығы туралы ескеру керек және өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін ауыр бронх түйілуінің даму қаупіне байланысты бронх демікпесі немесе өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) бар пациенттер үшін дозаны мұқият таңдау керек.
Парадоксальді бронх түйілуі
Ингаляцияға арналған басқа препараттар сияқты, Ипратерол препаратын қолдану өмірге қауіп төндіретін парадоксальді бронх түйілуіне әкелуі мүмкін. Парадоксальді бронх түйілуі дамыған кезде Ипратерол препаратын қолдануды дереу тоқтатып, оны баламалы емдеумен ауыстыру керек.
Жүйелік әсерлері
Ипратерол препаратын пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана, әсіресе, келесі патологиялық жағдайларда ұсынылғаннан жоғары дозаларды пайдаланған кезде ғана қолдану керек:
-бақылануы жеткіліксіз қант диабеті;
-жуырда өткерген миокард инфарктісі;
-миокардит;
-жүрек немесе қан тамырларының ауыр органикалық зақымданулары (әсіресе тахикардиясы болғанда);
-гипертиреоз;
-феохромоцитома;
- несеп шығару жүйесінің обструкциясына күдік болуы (мысалы, қуық асты безінің гиперплазиясы немесе қуық мойнының обструкциясы).
- бүйрек жеткіліксіздігі;
- бауыр жеткіліксіздігі.
Жүрек-тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
Симпатомиметикалық дәрілер, соның ішінде Ипратерол препараты жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етуі мүмкін. Бета-агонистерді қабылдауға байланысты миокард ишемиясы дамуының сирек жағдайларын айғақтайтын деректер бар. Қатар жүретін ауыр жүрек аурулары бар Ипратерол препаратын қабылдайтын пациенттер (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, аритмия немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі) кеудедегі ауырсыну немесе жүрек ауруымен байланысты жағдайдың нашарлауының басқа симптомдары пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы ескертілуі тиіс. Ентігу және кеудедегі ауырсыну сияқты симптомдарды бағалауға назар аудару керек, өйткені олар респираторлық немесе шығу тегі жүрекке байланысты болуы мүмкін.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Ипратерол препаратын, басқа антихолинергиялық препараттар сияқты жабық бұрышты глаукомаға бейімділігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Мидриаз, жоғары көзішілік қысым, жабық бұрышты глаукома, ингаляциялық ипратропий бромиді (немесе ипратропий бромиді бета2-адренорецептор агонистерімен біріктірілімде) көзге тиген кезде ауырсыну сияқты офтальмологиялық асқынулар туралы жеке хабарламалар бар.
Пациенттерге Ипратерол препаратын пайдалану ережелеріне қатысты егжей-тегжейлі нұсқау беру керек. Препараттың көзге түсуіне жол бермей, сақ болу керек.
Жабық бұрышты глаукоманың белгілері мыналар болуы мүмкін:
- көздің ауыруы және жайсыздануы,
- бұлыңғыр көру,
- көру аймағында жарық көзінің айналасында түрлі-түсті дөңгеленулер болуы,
- конъюнктивалық гиперемия және мөлдір қабықтың ісінуі салдарынан көздің қызаруы.
Осы симптомдардың кез-келген біріктірілімі дамыған кезде миотикалық тамшы дәрілермен емдеуді бастау және дереу дәрігермен кеңесу керек.
Ентігу
Жедел, тез күшейетін ентігу пайда болған жағдайда пациенттер дереу дәрігерге қаралу керек.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Ингаляциялық антихолинергетиктерді қабылдайтын муковисцидозы бар пациенттер асқазан-ішек жолдарының моторикасының бұзылуына бейімірек. Бұл құбылыстар препаратпен емдеуді тоқтатқан кезде жойылады.
Гипокалиемия
Бета2-агонистерінің шамадан тыс емі ауыр гипокалиемияға потенциалды түрде әкелуі мүмкін. Калийдің бастапқы төмен деңгейінде қандағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.
Аса жоғары сезімталдық
Ипратерол препаратын қолданғаннан кейін шұғыл түрдегі аса жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін, бұған есекжем, Квинке ісінуі, бөртпелер, бронх түйілуі, ауыз-жұтқыншақтың ісінуі және анафилаксияның сирек кездесетін жағдайлары дәлел бола алады.
Ұзақ мерзімді пайдалану
- бронх демікпесі бар пациенттерге Ипратеролды қажеттілігіне қарай ғана пайдалану керек. ӨСОА жеңіл дәрежесі бар пациенттерге тұрақты түрде қолдануға қарағанда талап бойынша емдеу (симптомдардың болуына байланысты) дұрысырақ.
- жоғарғы тыныс жолдарының қабынуын бақылау және аурудың нашарлауының профилактикасы үшін қабынуға қарсы емді қосу немесе күшейту бронх демікпесі және глюкокортикостероидқа тәуелді ӨСОА науқастарға қатысты орынды.
Бронх обструкциясының симптомдарын бақылау үшін құрамында Ипратерол сияқты құрамында бета2-агонисттері бар препараттардың дозаларын жоғарылатумен тұрақты пайдалану ауру ағымының нашарлауына әкелуі мүмкін. Бронх обструкциясы күшейген жағдайда бета2-агонисттердің, атап айтқанда Ипратерол препаратының дозасын ұзақ уақыт бойы қарапайым арттыру дұрыс еместігіне қоса, әрі қауіпті. Осы жағдайда өмірге қауіп төндіретін ауру ағымының нашарлауын болдырмау үшін пациентті емдеу жоспарын қайта қарау және ингаляциялық кортикостероидтармен қабынуға қарсы талапқа сай емдеу туралы мәселені қарастыру керек.
Басқа симпатомиметикалық бронходилататорлармен қатарлас қабылдау
Басқа симпатомиметикалық бронх кеңейтетін дәрілерді Ипратерол препаратымен бір мезгілде тек медициналық бақылаумен тағайындау керек.
Спортшыларда
Ипратерол препаратын қолдану допинг-сынамалардың оң нәтижелеріне әкелуі мүмкін.
Қосымша заттар
Препарат құрамында динатрий эдетаты дигидрат тұрақтандырғышы бар. Ингаляция кезінде бұл компонент тыныс алу жолдарының аса жоғары белсенділігі бар сезімтал пациенттерде бронх түйілуін тудыруы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
12 жастан асқан балаларда препаратты дозалау режимі ересектерге арналған дозалау режиміне ұқсас.
Бронх демікпесі ұстамаларының мақсатты алдын алу үшін 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда препаратты дозалау режимі ересектерге арналған дозалау режиміне ұқсас.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда бронх демікпесі симптомдарын шұғыл тоқтату кезінде дозалау режимі бойынша арнайы нұсқауларды орындаңыз.
Препаратты 6 жасқа дейінгі балаларда қолдану дәрігердің бақылауымен ғана мүмкін болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Құрамында ипратропий бромиді мен фенотерол бар біріктірілген препараттың көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсерін зерделеу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Препаратты қолданған кезде бас айналу, тремор, көздің аккомодациясының бұзылуы, мидриаз және анық көрмеу сияқты жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін болғандықтан, көлік құралдарын және механизмдерді басқару кезінде, сондай-ақ жоғары зейін қою және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін басқа да қауіпті қызмет түрлерімен айналысу кезінде сақ болу керек. Ал көрсетілген жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда қызметтің осы түрлерінен бас тарту керек.
Қосымша заттар
Препарат құрамында динатрий эдетаты дигидрат тұрақтандырғышы бар. Ингаляция кезінде бұл компонент тыныс алу жолдарының аса жоғары белсенділігі бар сезімтал пациенттерде бронх түйілуін тудыруы мүмкін. Препараттың құрамында бір дозаға 1 ммоль натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде құрамында натрий жоқ.
Клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ қазіргі клиникалық тәжірибе фенотерол мен ипратропий бромидінің жүктілікке теріс әсер етпейтінін көрсетті. Дегенмен, жүктілік кезінде дәрілік препараттарды қолдануға байланысты әдеттегі сақтық шараларын орындау қажет.
Ипратерол препаратының жатырдың жиырылу қызметіне тежеуші әсер ету мүмкіндігін ескеру керек.
Бета2-симпатомиметиктерді жүктіліктің соңында немесе жоғары дозаларда қолдану жаңа туған нәрестеде жағымсыз құбылыстарға (тремор, тахикардия, глюкоза деңгейінің ауытқуы, гипокалиемия) әкелуі мүмкін.
Фенотерол гидробромиді емшек сүтіне енуі мүмкін, ипратропий бромидіне қатысты мұндай деректер алынған жоқ. Ипратропийдің емшектегі балаға айтарлықтай әсері болуының, әсіресе препаратты аэрозоль түрінде қолданған жағдайда, ықтималдығы аз. Дегенмен, Ипратерол препаратын бала емізетін әйелдерге сақтықпен тағайындау керек.
Ипратерол дәрілік затын басқа антихолинергиялық дәрілермен жүйелі түрде бірге қолдану зерттелмеген, осыған байланысты оларды бірге қолдану ұсынылмайды.
Бета-агонистер, холинолитиктер және ксантин туындылары (мысалы, теофиллин) Ипратеролдың бронхолитиктік әсерін күшейте алады. Бета-агонистермен, жүйелік холинолитиктермен және ксантин туындыларымен (мысалы, теофиллин) бір мезгілде қабылдау жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін.
Бета-адреноблокаторлармен бірге қабылдаған кезде бронходилатациялық әсердің қатты әлсіреуі мүмкін
Ксантин туындыларымен, глюкокортикостероидтармен, сондай-ақ диуретиктермен қатарлас ем кезінде бета2-агонистер индукциялаған гипокалиемияның күшеюі мүмкін. Мұны, әсіресе тыныс алу жолдарының ауыр обструкциясы бар пациенттерді емдеу кезінде ескеру керек.
Гипокалиемия дигоксин қабылдайтын пациенттерде аритмияға бейімділікті күшейтуі мүмкін. Сонымен қатар, гипоксия гипокалиемияның жүрек ырғағына әсерін күшейтуі мүмкін. Мұндай жағдайларда қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.
Бета2-агонистердің әсері моноаминоксидаза тежегіштерін немесе трициклді антидепрессанттарды қабылдайтын пациенттерде күшеюі мүмкін, сондықтан мұндай жағдайларда сақтық таныту керек.
Галотан, трихлорэтилен және энфлуран сияқты галогенделген көмірсутектер негізінде жалпы анестетиктермен ингаляция бета-агонистердің жүрек-қантамыр жүйесіне жағымсыз әсерінің ықтималдығын арттыруы мүмкін.
Ипратропий бромидінің (жеке де, үйлестіріп, бета2-агонистерімен үйлесімде де) бүркілуінің тікелей көзге түсуінде глаукоманың жедел ұстама қаупі арта түседі.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.