ATХ коды L01CE02
Әсер ету механизмі
Эксперименттік деректер
Иринотекан камптотециннің жартылай синтетикалық туындысы болып табылады. Бұл ДНҚ топоизомераза I спецификалық тежегіші ретінде әсер ететін ісікке қарсы дәрі. Ол SN-38‑ге дейінгі тіндердің көпшілігінде карбоксилэстераза арқылы метаболизденеді және тазартылған топоизомераза I-де иринотеканға қарағанда белсендірек және тышқандар мен адамның ісік жасушаларының бірнеше желісіне қатысты иринотеканға қарағанда анағұрлым цитоуытты болып шықты. ДНҚ топоизомеразасы I иринотеканмен немесе SN-38-мен тежелуі ДНҚ репликациясы желісінің айырымын бөгейтін және цитоуыттылық үшін жауап беретін ДНҚ бір тізбекті зақымдануын индукциялайды. Бұл цитоуыттылық белсенділік уақытқа байланысты болды және S-фазасына ғана тән болды.
In vitro иринотекан және SN-38 айтарлықтай дәрежеде MD-P-гликопротеинмен танылмайды, сондай-ақ доксорубицин мен винбластинге төзімді жасуша желісіне қатысты цитоуыттылық әсерін көрсетеді.
Сонымен қатар, иринотеканның тышқан ісіктерінің модельдеріне (P03 ұйқы безі түтікшесінің аденокарциномасы, MA16/С сүт безінің аденокарциномасы, C38 және C51 тоқ ішек аденокарциномасы) және адамның гетерогенді трансплантаттарына (Co-4 сүт безінің аденокарциномасы, ST -15 және SC-16 асқазан аденокарциномасы) қатысты in vivo ісікке қарсы ауқымды белсенділігі бар. Иринотекан сондай-ақ Р - гликопротеиннің (винкристин-және доксорубицин-төзімді лейкоз P388) КДТ (көптеген дәрілік төзімділік) экспрессиялайтын ісіктерге қарсы тиімді.
Цитостатикалық белсенділігінен басқа, иринотеканның ең маңызды фармакологиялық әсері ацетихолинэстеразаны тежеуі болып табылады.
Клиникалық деректері
Метастаздық колоректальді обырды емдеудің бірінші желісінің біріктірілген емінде: фолий қышқылымен және 5-флюороурацилмен біріктірілген ем
III фазадағы зерттеуге бұрын ем алмаған, метастаздық колоректальді обыры бар, не екі апталық режиммен, не апта сайынғы режиммен емделген 385 пациент қатысты. Екі апталық емдеу сызбасында иринотекан әр 2 апта сайын 1 ші күні 180 мг/м2 дозада, содан кейін сол күні фолиний қышқылының инфузиясы (2 сағат вена ішіне инфузия түрінде 200 мг/м2) және флюороурацил (400 мг/м2 вена ішіне болюсті енгізу түрінде, кейіннен 22 сағат вена ішіне инфузия түрінде 600 мг/ м2 дейін арттырылды) енгізілді. Келесі күні (2ші күн) фолиний қышқылы сол дозасы және сызба бойынша флюороурацил енгізілді. Иринотекан 6 апта бойы фолиний қышқылын (500 мг/м2 вена ішіне 2 сағаттық инфузия түрінде) және флюорорацилді (2300 мг/м2 вена ішіне 24 сағаттық инфузия түрінде) кейіннен инфузиямен аптасына 80 мг/м2 дозада енгізілді. Жоғарыда сипатталғандай, біріктірілген емдеуде екі әртүрлі емдеу сызбасы қолданылды және иринотеканның тиімділігі 198 пациентте бағаланды:
Біріктірілген режимдер (n = 198) — Әр аптаның кестесі (n = 50) — Әр 2 апта сызбасы (n = 148)
Иринотекан + 5-ФУ/ФҚ — 5-ФУ/ФҚ — Иринотекан + 5-ФУ/ФҚ — 5-ФУ/ФҚ — Иринотекан + 5-ФУ/ФҚ — 5-ФУ/ФҚ
Жауаптар пайызы (%) — 40,8 * — 23,1 * — 51,2 * — 28,6 * — 37,5 * — 21,6 *
р мәні — p<0,001 — p=0,045 — p=0,005
Үдегенге дейінгі орташа уақыт (айлар) — 6.7 — 4.4 — 7.2 — 6.5 — 6.5 — 3.7
Жауаптың орташа ұзақтығы (айлар) — 9,3 — 8,8 — 8,9 — 6,7 — 9,3 — 9,5
р мәні — NS — p=0,043 — NS
Жауаптың орташа ұзақтығы және тұрақтануы (айлар) — 8,6 — 6,2 — 8,3 — 6,7 — 8,5 — 5,6
р мәні — p<0,001 — NS — p=0,003
Емнің тиімсіздігіне дейінгі орташа уақыт (айлар) — 5,3 — 3,8 — 5,4 — 5,0 — 5,1 — 3,0
р мәні — p=0,0014 — NS — p<0,001
Өміршеңдіктің орташа уақыты (айлар) — 16,8 — 14,0 — 19,2 — 14,1 — 15,6 — 13,0
р мәні — p=0,028 — NS — p=0,041
5ФУ – 5-фторурацил
ФҚ - фолий қышқылы
NS: елеусіз
*: Хаттамаға сәйкес популяциялық талдау
Апта сайынғы режимді пайдаланғанда тек 5-ФУ/ФҚ алған пациенттердің 25,6% - ымен салыстырғанда иринотекан + 5-ФУ/ФҚ қабылдаған пациенттердің 44,4%-ында асқынған диарея байқалды.
Ауыр нейтропения жиілігі (<50,5х109/л) иринотекан + 5-ФУ/ФҚ үшін 5,8% және тек 5-ФУ/ФҚ үшін 2,4% құрады. Иринотекан тобында қайтымсыз нашарлауға дейінгі орташа уақыт 5-ФУ/ФҚ (p = 0,046) тобымен салыстырғанда едәуір жоғары болды.
III фазадағы зерттеуде өмір сапасы EORTC-QLQ30 сауалнамасы арқылы бағаланды. Иринотекан тобында қайтымсыз нашарлауға дейінгі уақыт көбірек болды. Иринотекан тобында денсаулық/өмір сапасының жалпы бағасы біршама жақсырақ болды, бұл иринотеканның біріктірілген режимде өмір сапасына теріс әсер етпейтінін растады.
Бевацизумабпен біріктірілімде
Рандомизацияланған, жасырын салыстырмалы, белсенді бақыланатын III фазадағы клиникалық зерттеуде иринотекан / 5-флюороурацил / фолий қышқылымен біріктірілген бевацизумаб тоқ ішектің немесе тік ішектің метастаздық карциномасын емдеудің бірінші желісі ретінде бағаланды (AVF2107g зерттеуі). Иринотекан/5-флюороурацил/фолий қышқылы біріктіріліміне бевацизумабты қосу жалпы өміршеңдіктің статистикалық елеулі артуына әкелді. Жалпы өміршеңдік бойынша өлшенетін клиникалық пайда жасы, жынысы, жұмысқа қабілеттілік статусы, бастапқы ісіктің орналасуы, зақымданған ағзалардың саны және метастаздық аурудың ұзақтығымен анықталғандарды қоса, пациенттердің барлық қосалқы топтарында бақыланды. AVF2107g тиімділігінің зерттеу нәтижелері төмендегі кестеде келтірілген.
AVF2107g
1-топ иринотекан/ 5-флюороурацил/ фолий қышқылы + плацебо — 2-топ иринотекан/ 5-флюороурацил/ фолий қышқылы + Авастина
Пациенттер саны — 411 — 402
Өміршеңдіктің жалпы уақыты
Орташа уақыт (айлар) — 15,6 — 20,3
95% сенімді аралық — 14,29 – 16,99 — 18,46 – 24,18
Қауіп деңгейіb — 0,660
р мәні — 0,00004
Ауру үдегенге дейінгі өміршеңдік
Орташа уақыт (айлар) — 6,2 — 10,6
Қауіп деңгейі — 0,54
р мәні — <0.0001
Емге жауаптың жалпы жиілігі
Жиілігі (%) — 34,8 — 44,8
95% сенімді аралық — 30,2 – 39,6 — 39,9 – 49,8
р мәні — 0,0036
Емге жауап ұзақтығы
Орташа уақыт (айлар) — 7,1 — 10,4
25-75 процентиль (айлар) — 4,7 – 11,8 — 6,7 – 15,0
а 5 мг/кг әр 2 апта сайын.
b бақылау тобына жататын.
Цетуксимабпен біріктірілген емде:
EMR 62202-013: метастаздық зақымдану емін бұрын алмаған метастаздық колоректальді обыры бар пациенттердің қатысуымен осы рандомизацияланған зерттеуде цетуксимаб пен иринотеканның біріктірілімі флюороурацил/фолиний қышқылы инфузиясымен (599 пациент) сол химиялық емге (599 пациент) салыстырылды. KRAS статусына бағаланатын пациенттер популяциясынан жабайы типті KRAS мутациялы ісіктері бар пациенттердің үлесі 64% - ды құрады. Осы зерттеуде алынған тиімділік туралы деректер төмендегі кестеде жинақталған:
Тұрғындардың жалпы саны — Жабайы типті KRAS популяциясы
Цетуксимаб плюс ФОЛЬФИРИ (n = 599) — ФОЛЬФИРИ (n=599) — Цетуксимаб плюс ФОЛЬФИРИ (n=172) — ФОЛЬФИРИ (n=176)
ОЖЖ
% (95% СА) — 46,9 (42,9, 51,0) — 38,7 (34,8, 42,8) — 59,3 (51,6, 66,7) — 43,2 (35,8, 50,9)
p-мәні - — 0,0038 — 0,0025
ҮӨУ
Қауіп деңгейі (95% СА) — 0,85 (0,726, 0,998) — 0,68 (0,501, 0,934)
p-мәні — 0,0479 — 0,0167
СА = сенімді аралық
ФОЛЬФИРИ = иринотекан плюс 5-флюороурацилмен/фолий қышқылымен инфузия
ЖЖЖ = жалпы жауап жиілігі (толық немесе ішінара жауабы бар пациенттер)
ҮӨУ = үдеусіз өміршеңдік уақыты.
Капецитабинмен біріктірілімде
III фазадағы рандомизацияланған бақыланатын зерттеудің (CAIRO) деректері капецитабинді әрбір 3 апта сайын иринотеканмен біріктіріп, метастаздық колоректальді обыры бар пациенттерді емдеудің бірінші желісі ретінде бастапқы 1000 мг/м2 дозасында 2 апта бойы қолданылуын растайды. Сегіз жүз жиырма (820) пациент бірізді емдеуді (n=410) немесе біріктірілген емдеуді (n=410) алу үшін рандомизацияланды. Бірізді емдеу капецитабинмен емдеудің бірінші желісі (14 күн ішінде күніне екі рет 1250 мг/ м2), иринотеканмен екінші желісі ретінде (1-ші күні 350 мг/м2) және капецитабиннің үшінші желісі ретіндегі біріктірілімінен (14 күн ішінде күніне екі рет 1000 мг/м2) оксалиплатинмен (1-ші күні 130 мг/м2) тұрды. Біріктірілген емдеу иринотеканмен (1-ші күні 250 мг/м2) (XELIRI) және капецитабинмен бірінші желі ретінде (14 күн ішінде күніне екі рет 1000 мг/м2) және оксалиплатинмен (1-ші күні 130 мг/м2) бірге капецитабинмен емдеудің екінші желісінен (14 күн ішінде күніне екі рет 1000 мг/м2) тұрды. Барлық емдеу циклдері 3 апта аралығымен жүргізілді. Емдеудің бірінші желісінде intent-to-treat (ITT) тобында үдеусіз өміршеңдік медианасы капецитабинмен монотерапия кезінде 5,8 айды (95% СА 5,1-6,2 айды) және XELIRI (р=0,0002) үшін 7,8 айды (95% СА 7,0‑8,3 айды) құрады.
II фазадағы көпорталықты рандомизацияланған бақыланатын клиникалық зерттеудің (AIO KRK 0604) ағымдағы талдау деректері иринотеканмен және бевацизумабпен бірге әрбір 3 апта сайын 2 апта бойы 800 мг/м2 капецитабинді метастаздық колоректальді обыры бар пациенттерді емдеудің бірінші желісі ретінде тағайындауды растайды. Капецитабинді иринотекан (XELIRI) және бевацизумабпен біріктіріп қабылдау үшін 115 пациент рандомизацияланды: капецитабин (800 мг/м2 2 апта бойы күніне екі рет кейінгі 7-күндік демалыс кезеңімен), иринотекан (200 мг/м2 30-минуттық инфузия түрінде әр 3 аптада 1 ші күн) және бевацизумаб (7,5 мг/кг - 30-90- минуттық инфузия түрінде әр 3 аптада 1 ші күн); және 118 пациент капецитабинді оксалиплатинмен және бевацизумабпен біріктірілімде қабылдау үшін рандомизацияланған: капецитабин (1000 мг/м2 2 апта бойы күніне екі рет кейінгі 7-күндік демалыс кезеңімен), оксалиплатин (130 мг/м2 2-сағаттық инфузия түрінде әр 3 аптада 1 ші күн) және бевацизумаб (7,5 мг/кг 30-90- минуттық инфузия түрінде әр 3 аптада 1 ші күн). ITT тобында 6 ай бойы үдеусіз өміршеңдік 74% (XELOX бевацизумабпен) салыстырғанда 80% құрады (XELIRI бевацизумабпен). Жалпы жауап (толық және ішінара) 47% (XELIRI бевацизумабпен) салыстырғанда 45% (XELOX бевацизумабпен) құрады.
Метастаздық колоректальді обырды емдеудің екінші желісінде монотерапия құрамында
II/III фазадағы клиникалық сынақтарға алдыңғы сәтсіз флюороурацил емімен үш апталық дозалау режимін алған метастаздық колоректальді обыры бар 980-нен астам пациент енгізілді. Иринотеканның тиімділігі зерттеуге енгізілген кезде флюороурацилде құжатталған үдеуі бар 765 пациентте бағаланды.
III фаза
Демеуші емге қарсы иринотекан — Флюороурацилге қарсы иринотекан
Иринотекан n=183 — Демеуші ем n = 90 — Р-мәні — Иринотекан n=127 — флюороурацил n=129 — Р-мәні
үдеусіз 6-айлық өміршеңдік (%) — NA — NA — 33,5* — 26,7 — p=0,03
Өміршеңдік 12 ай (%) — 36,2* — 13,8 — p=0,0001 — 44,8* — 32,4 — p=0,0351
Өміршеңдіктің орташа уақыты (айлар) — 9,2* — 6,5 — p=0,0001 — 10,8* — 8,5 — p=0,0351
NA: қолданылмайды
*: Статистикалық елеулі айырмашылық
II фазадағы клиникалық сынақтарға үш апталық дозалау режимін алған 455 пациент енгізілді. Үдеусіз 6 айлық өміршеңдік 30%, ал орташа өміршеңдік - 9 айды құрады. Аурудың үдеуіне дейінгі орташа уақыт 18 аптаны құрады.
Бұдан басқа, II фазадағы салыстырмалы емес зерттеулер жүргізілді, онда 304 пациент 4 апта бойы кейіннен 2 апталық үзіліспен аптасына бір рет 90 минуттық инфузия түрінде 125 мг/м2 дозада ем алды. Бұл зерттеулерде үдеуге дейінгі орташа уақыт 17 аптаны, ал орташа өміршеңдік 10 айды құрады. 3 апталық режимге ұқсас қауіпсіздік бейіні 125 мг/м2 дозада апта сайынғы режимді алған 193 пациентте байқалды. Алғашқы диареяға дейінгі орташа уақыт 11 күнді құрады.
Иринотеканды қамтитын алдыңғы цитоуыттылық емнің тиімділігі болмағаннан кейін цетуксимабпен біріктірілген ем кезінде
Цетуксимабты иринотеканмен біріктіріп қабылдаудың әсері екі клиникалық зерттеулерде бағаланды. Жалпы алғанда, метастаздық EGFR экспрессиялайтын колоректальді обыры бар 356 пациент жақында иринотеканды қоса, цитоуыттылық емінен өтті, оның ішінде иринотекан және Карновский шкаласы бойынша 60 - ең төмен статусы бар, бірақ олардың көпшілігі ≥ 80, біріктірілген ем алды.
EMR 62 202-007: осы рандомизацияланған клиникалық зерттеуде цетуксимабпен монотерапиямен (111 пациентте) цетуксимаб пен иринотеканды (218 пациентке) біріктірілген енгізу салыстырылды.
IMCL CP02-9923: бұл ашық бір рангалық клиникалық зерттеуде 138 пациентте біріктірілген ем қолданылды.
Зерттеулерде алынған тиімділік туралы деректер келесі кестеде жинақталған:
Клиникалық зерттеу — n — ОЖЖ — DCR — ҮӨ (ай) — ОС (ай)
n (%) — 95% СА — n (%) — 95% СА — Орташа мәні — 95% СА — Орташа мәні — 95% СА
Цетуксимаб+иринотекан
EMR 62 202-007 — 218 — 50 (22,9) — 17,5, 29,1 — 121 (55,5) — 48,6, 62,2 — 4,1 — 2,8, 4,3 — 8,6 — 7,6, 9,6
IMCLCP02-9923 — 138 — 21 (15,2) — 9,7, 22,3 — 84 (60,9) — 52,2, 69,1 — 2,9 — 2,6, 4,1 — 8,4 — 7,2, 10,3
Цетуксимаб
EMR 62 202-007 — 111 — 12 (10,8) — 5,7, 18,1 — 36 (32,4) — 23,9, 42,0 — 1,5 — 1,4, 2,0 — 6,9 — 5,6, 9,1
СА = сенімді аралық
DCR = ауруды бақылау жиілігі (толық жауап, ішінара жауап немесе тұрақты ауруы бар пациенттер кем дегенде 6 апта ішінде)
ЖЖЖ = жалпы жауап жиілігі (толық немесе ішінара жауабы бар пациенттер)
ОС = өміршеңдіктің жалпы уақыты
ҮӨ = үдеусіз өміршеңдік
Цетуксимабпен және иринотеканмен біріктірілген емнің тиімділігі жалпы жауап жиілігі (ЖЖЖ), ауруды бақылау жиілігі (DCR) және үдеусіз өміршеңдік (ҮӨ) тұрғысынан цетуксимабпен монотерапиямен салыстырғанда жоғары болды. Рандомизацияланған клиникалық сынақтарда жалпы өміршеңдікке әсері байқалмады (қауіптің арақатынасы 0,91; p = 0,48).