Метастаздық колоректальді обыр клиникалық зерттеулерін жүргізгенде алынған иринотеканмен емнің жағымсыз реакциялары туралы мәліметтер төменде келтірілген. Иринотеканның жағымсыз реакциялары басқа көрсетілімдер бойынша қолданылған кезде колоректальді обыр кезіндегі жағымсыз реакцияларға ұқсас болады деп күтіледі.
Иринотеканның доза шектейтін ең жиі (≥1/10) жағымсыз реакцияларына кешеуілдеген диарея (препаратты енгізгеннен кейін кемінде 24 сағаттан соң пайда болатын) және нейтропенияны, анемияны және тромбоцитопенияны қоса алғанда, гематологиялық бұзылулар болып табылады.
Нейтропения уыттылықтың доза шектейтін көрінісі болып табылады. Нейтропения қайтымды және кумуляциялық емес болды; надирдің жету медианасы монотерапияда да, біріктірілген емде де 8 күнді құрады.
Өтпелі жедел холинергиялық синдром өте жиі байқалды, оның ағымы ауыр болды. Негізгі симптомдар ерте диарея, іштің ауыруы, тершеңдік, миоз және сілекейдің көп ағуы болды, олар иринотекан енгізген кезде немесе одан кейін алғашқы 24 сағат ішінде пайда болады. Бұл симптомдар атропин енгізумен басылады («Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).
Монотерапия
Иринотеканмен мүмкін немесе ықтимал байланысты деп саналатын төмендегі жағымсыз реакциялар монотерапия режимінде 350 мг/м² дозада енгізілгенде тіркелді. Әрбір жиілік тобында жағымсыз реакциялар ауырлықтың кему тәртібімен ұсынылған. Кездесу жиілігі келесідей ұсынылған: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - < 1/10), жиі емес (≥ 1/1,000 - < 1/100), сирек (≥ 1/10,000 - < 1/1,000) және өте сирек (<1/10,000).
Өте жиі
• нейтропения, анемия
• тәбеттің төмендеуі
• холинергиялық синдром
• диарея, құсу, жүрек айнуы, іштің ауруы
• алопеция (қайтымды)
• шырышты қабықтардың қабынуы, қызба, астения
Жиі
• инфекциялар
• тромбоцитопения, фебрильді нейтропения
• іш қату
• қан креатининінің жоғарылауы, трансаминазалардың жоғарылауы (АЛТ және АСТ), қан билирубинінің жоғарылауы, қанның сілтілік фосфатазасының жоғарылауы
Монотерапиядағы жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы:
Ауыр диарея диареяны емдеу жөніндегі нұсқауларды орындайтын пациенттердің 20%-ында байқалды. Емнің бағаланатын курстарының ішінде ауыр диарея жағдайлардың 14%-ында байқалды. Алғашқы сұйық нәжіс пайда болғанға дейінгі орташа уақыт иринотеканды енгізгеннен кейін 5 күнді құрады.
Құсуға қарсы дәрілер қабылдаған пациенттердің шамамен 10%-ында жүрек айну және құсу ауыр болды.
Іш қату пациенттердің 10%-дан азында байқалды.
Нейтропения пациенттердің 78.7%-ында байқалды және пациенттердің 22.6%-ында ауыр (нейтрофилдер саны <500 жасуша/мм³) болды. Бағаланантын курстардың 18%-ында нейтрофилдер саны нейтрофилдер деңгейі <500 жасуша/мм³ болатын 7.6% қоса, <1000 жасуша/мм³ құрады.
Қан көрсеткіштерінің толық қалпына келуі әдетте 22-күні қол жеткізілді.
Фебрильді нейтропения курстардың 1.7%-ында пациенттердің 6.2%-ында байқалады.
Инфекция эпизодтары пациенттердің шамамен 10.3%-ында (курстардың 2.5%) байқалды және пациенттердің шамамен 5.3%-ында (курстардың 1.1%) ауыр нейтропениямен байланысты болды және екі жағдайда өлімге әкелді.
Анемия пациенттердің шамамен 58.7%-ында тіркелді (гемоглобині <8 г/дл 8% пациенттер және гемоглобині <6.5 г/ дл 0.9% пациенттер).
Тромбоцитопения (<100 000 жасуша/мм 3) пациенттердің 7.4%-ында тромбоциттер саны ≤ 50 000 жасуша/мм 3 құрайтын курстардың 1.8% -нда пациенттердің 0.9%-ында курстардың 0.2%-ында байқалды.
Қан көрсеткіштерінің қалпына келуі барлық пациенттерде 22-күні қол жеткізілді.
Жедел холинергиялық синдром. Өтпелі жедел холинергиялық синдром препаратты монотерапия түрінде қабылдаған пациенттердің 9%-ында байқалды және ағымы ауыр болды.
Астения препаратты монотерапия түрінде қабылдаған пациенттердің 10%-дан азында ауыр болды. Иринотеканмен себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ.
Препаратты монотерапия түрінде қабылдаған пациенттердің 12%-ында инфекция және қатарлас ауыр нейтропения болмаған кезде қызба байқалды.
Зертханалық деректер. Монотерапия режимінде иринотеканмен емдеу кезінде бауырда үдемелі метастаздары жоқ пациенттерде қан сарысуындағы трансаминазалар, сілтілі фосфатаза немесе билирубин деңгейлерінің тиісінше пациенттердің 9.2%, 8.1% және 1.8%-да жеңілден орташаға дейін қысқа мерзімді жоғарылағаны байқалды.
Пациенттердің 7.3%-ында қан сарысуындағы креатинин деңгейінің ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі өткінші жоғарылауы байқалды.
Біріктірілген ем
Осы бөлімде егжей-тегжейлі сипатталған жағымсыз реакциялар иринотеканға қатысты. Иринотеканның қауіпсіздік бейініне цетуксимаб әсер ететіні немесе керісінше екендігі туралы ешқандай дәлелдер жоқ. Цетуксимабпен біріктірілімде қолданғанда цетуксимабты қолдану кезінде күтілетін қосымша жағымсыз реакциялары туралы хабарланды (мысалы, безеу бөртпесі 88%). Цетуксимабпен біріктірілген иринотеканға жағымсыз реакциялар туралы ақпарат алу үшін және де дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.
Капецитабинмен монотерапияда байқалғандарға немесе капецитабинмен монотерапиямен салыстырғанда жоғары жиілікте байқалғандарға қосымша, иринотеканмен біріктірілімде капецитабин қабылдаған пациенттерде тіркелген жағымсыз дәрілік реакциялар мыналарды қамтиды:
• барлық ауырлық дәрежесіндегі өте жиі кездесетін жағымсыз реакциялар: тромбоз/эмболия;
• барлық ауырлық дәрежесіндегі жиі кездесетін жағымсыз реакциялар: аса жоғары сезімталдық реакциялары, ишемия/миокард инфарктісі;
• 3 және 4 ауырлық дәрежесіндегі жиі жағымсыз реакциялар: фебрильді нейтропения.
Капецитабиннің жағымсыз реакциялары туралы толық ақпарат алу үшін капецитабин дәрілік препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу қажет.
Капецитабинмен монотерапияда байқалғандарға немесе капецитабинмен монотерапиямен салыстырғанда жоғары жиілікте байқалғандарға қосымша, иринотеканмен және бевацизумабпен біріктірілімде капецитабин қабылдаған пациенттерде тіркелген 3 және 4-дәрежелі жағымсыз реакциялар мыналарды қамтиды:
3 және 4-дәрежелі жиі жағымсыз реакциялар: нейтропения, тромбоз/эмболия, артериялық гипертензия және ишемия/миокард инфарктісі. Капецитабин мен бевацизумабтың жағымсыз реакциялары туралы толық ақпарат капецитабин мен бевацизумаб дәрілік препараттарын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта берілген.
3 дәрежелі артериялық гипертензия иринотеканды/5-фторурацилді/фолин қышқылын болюсті енгізуге бевацизумаб қосумен байланысты негізгі маңызды қауіп болды. Сонымен қатар, осы ем сызбасын қолданғанда бевацизумаб қоспай тек иринотеканды/5-фторурацилді/фолин қышқылын болюсті енгізумен емделген пациенттермен салыстырғанда диарея және 3/4 дәрежелі лейкопения жағдайларының жиілігі біршама өсті. Бевацизумабпен біріктірілген ем кезіндегі жағымсыз реакциялар туралы толық ақпарат алу үшін осы дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу қажет.
Иринотекан метастаздық колоректальді обыр емінде 5-фторурацилмен/фолин қышқылымен біріктірілімде зерттелген.
Клиникалық зерттеулерден алынған жағымсыз реакцияларға қатысты қауіпсіздігі туралы деректер MedDRA жүйелік-ағзалық жіктемеге сәйкес қан мен лимфа жүйесі, асқазан-ішек жолы, тері және тері астындағы тіндер тарапынан NCI жіктемесі бойынша иринотеканмен байланысты немесе ықтимал байланысты 3 немесе 4 дәрежелі байқалатын жағымсыз реакцияларды көрсетеді.
Иринотеканмен мүмкін немесе ықтимал байланысты деп саналатын келесі жағымсыз реакциялар 5-фторурацилмен/фолин қышқылымен бііріктірілімде иринотеканды әр 2 апта сайын ұсынылатын 180 мг/м² дозада қабылдаған пациенттерде тіркелді.
Өте жиі
• тромбоцитопения, нейтропения, анемия
• тәбеттің төмендеуі
• холинергиялық синдром
• диарея, құсу, жүрек айнуы
• алопеция (қайтымды)
• шырышты қабықтардың қабынуы, астения
• трансаминазалардың жоғарылауы (АЛТ және АСТ), қан билирубинінің жоғарылауы, қанның сілтілік фосфатазасының жоғарылауы
Жиі
• инфекциялар
• фебрильді нейтропения
• іштің ауыруы, іш қату
• қызба
Біріктірілген ем кезінде жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы:
Ауыр диарея диареяны емдеу жөніндегі нұсқауларды орындайтын пациенттердің 13.1%-ында байқалды. Бағаланатын курстардың ішінде ауыр диарея жағдайлардың 3.9%-ында байқалды.
Жүрек айну мен құсу дамуының төмен жиілігі байқалды (сәйкесінше пациенттердің 2.1% және 2.8%).
Пациенттердің 3.4%-ында иринотекан және/немесе лоперамид қолдануға байланысты іш қату жағдайлары байқалды.
Нейтропения пациенттердің 82.5%-ында байқалды және пациенттердің 9.8%-ында ауыр (нейтрофилдер саны <500 жасуша/мм³) болды. Емнің бағаланатын курстарының ішінде 67.3% жағдайда нейтрофилдер саны <1000 жасуша/мм³ құрады, оның ішінде 2.7% нейтрофилдер саны <500 жасуша/мм³. Нейтрофилдер санының толық қалпына келуіне әдетте 7-8 күн ішінде қол жеткізілді.
Фебрильді нейтропения пациенттердің 3.4%-ында курстардың 0.9%-ында байқалды.
Инфекция эпизодтары пациенттердің шамамен 2%-ында (курстардың 0.5%) байқалды және пациенттердің шамамен 2.1%-ында (курстардың 0.5%) ауыр нейтропениямен байланысты болды және бір жағдайда өлімге әкелді.
Анемия пациенттердің шамамен 97.2%-ында тіркелді (гемоглобині <8 г/дл 2.1% пациенттерде).
Тромбоцитопения (<100 000 жасуша/мм³) пациенттердің 32.6%-ында курстардың 21.8%-ында байқалды. Ауыр тромбоцитопения (<50 000 жасуша/мм³) байқалған жоқ.
Жедел холинергиялық синдром. Препаратты біріктірілген ем түрінде қабылдаған пациенттердің 1.4%-ында ауыр өтпелі жедел холинергиялық синдром байқалды.
Астения біріктірілген ем алатын пациенттердің 6.2%-дан азында ауыр болды. Иринотеканмен себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ.
Препаратты біріктірілген ем түрінде қабылдаған пациенттердің 6.2%-ында инфекция және қатарлас ауыр нейтропения болмаған кезде қызба байқалды.
Зертханалық деректер. Біріктірілген ем кезінде қан сарысуындағы АЛТ, АСТ, сілтілі фосфатаза немесе билирубин деңгейінің өтпелі 1 немесе 2 дәрежелі жоғарылауы тиісінше бауырда үдемелі метастаздары жоқ пациенттердің 15%, 11%, 11% және 10% -нда байқалды. 3-дәрежедегі өткінші жоғарылауы тиісінше пациенттердің 0 %, 0 %, 0% және 1%-да байқалды. Сарысуда АЛТ, АСТ, сілтілі фосфатаза немесе билирубин деңгейінің өтпелі 4-дәрежелі жоғарылау жағдайлары байқалған жоқ.
Амилаза және/немесе липаза деңгейінің жоғарылауы өте сирек хабарланды.
Негізінен диареямен және құсумен байланысты гипокалиемия мен гипонатриемияның сирек жағдайлары туралы хабарланды.
Иринотеканды енгізудің апталық режимінде клиникалық зерттеулер деректері бойынша тіркелген басқа жағымсыз реакциялар
Иринотекан бойынша клиникалық зерттеулерде осы дәрілік препаратпен байланысты басқа жағымсыз реакциялар туралы хабарланды: ауырсыну, сепсис, тік ішек пен анус аймағының бұзылуы, асқазан-ішек жолының кандидозды инфекциясы, гипомагниемия, бөртпе, тері көріністері, жүрістің бұзылуы, сананың шатасуы, бас ауыруы, естен тану, ысыну, брадикардия, несеп шығару жолдарының инфекциялары, кеуденің ауыруы, гамма-глутамилтрансферазаның жоғарылауы, экстравазация, ісік лизисі синдромы, жүрек-қантамырлық асқынулар (стенокардия, жүректің тоқтауы, миокард инфарктісі, миокард ишемиясы, шеткері тамырлардың бұзылуы, қан тамырларының бұзылуы), тромбоэмболиялық асқынулар (артериялық тромбоз, инсульт, цереброваскулярлық бұзылулар, терең веналар тромбозы, шеткері эмболия, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, тромбофлебит, тромбоз және кенеттен болған өлім) («Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).
Постмаркетингтік бақылауларға сәйкес
Постмаркетингтік кезеңдегі жағымсыз реакциялардың жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес).
• жалғанжарғақшалы колит, олардың біреуі бактериологиялық түрде расталды (Clostridium difficile), сепсис, зеңдік инфекциялары1, вирустық инфекциялар2
• антитромбоциттік антиденелермен байқалатын тромбоцитопения
• аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакциялар
• сусыздану (диарея мен құсу салдарынан), гиповолемия
• сөйлеудің бұзылуы, әдетте өтпелі сипатта, кейбір жағдайларда иринотекан инфузиясы кезінде немесе одан кейін көп ұзамай байқалатын холинергиялық синдроммен байланысты болды; парестезия, бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы
• гипертензия (инфузия кезінде немесе одан кейін), жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі3
• гипотензия3
• иринотеканмен емдеу кезінде өкпенің инфильтрациясымен көрінетін өкпенің интерстициальді аурулары жиі емес кездеседі; ентігу сияқты ерте көріністер туралы хабарланды, диспноэ, ықылық
• ішек бітелісі, сондай-ақ алдыңғы колитсіз ішек бітелісі туралы хабарланды, мегаколон, асқазан-ішектен қан кетулер, колит (кейбір жағдайларда колит ойықжаралардың пайда болуымен, қан кетумен, ішек бітелісімен немесе инфекциямен асқынды), тифлит, ишемиялық колит, ойықжаралы колит, ұйқыбез ферменттерінің симптоматикалық немесе симптомсыз жоғарылауы, ішек тесілуі
• стеатогепатит, бауыр стеатозы
• тері реакциясы
• құрысулар
• бүйрек функциясының бұзылуы және бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, әдетте, инфекцияланған пациенттерде және/немесе асқазан-ішектің ауыр уыттылығына байланысты жүдеп кеткен пациенттерде3, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
• инфузия орнындағы реакциялар
• амилазаның жоғарылауы, липазаның жоғарылауы, гипокалиемия, гипонатриемия, негізінен диарея мен құсумен байланысты, трансаминазалардың жоғарылауы (мысалы, АСТ және АЛТ) бауырда үдемелі метастаздар болмаған кезде өте сирек дамиды.
1 - Мысалы, Pneumocystis jirovecii пневмониясы, бронх-өкпе аспергиллезі, жүйелік кандидоз.
2 - Мысалы, белдемелі герпес, тұмау, В гепатитінің реактивациясы, цитомегаловирустық колит.
3 - Диареямен және/немесе құсумен немесе сепсиспен байланысты сусыздану эпизодтары орын алған пациенттерде бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің, артериялық гипотензияның немесе жүрек-қантамырлық жеткіліксіздіктің жиі емес жағдайлары байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz