Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные
Дозасы
2,5 %
Саудалық атауы
Ирифрин БК
Әсер етуші зат
Фенилэфрин
Мақсаты
Диагностикалық немесе емдік емшараларда көз қарашығын кеңейтуге
Өндіруші
СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат: 25 мг фенилэфрин гидрохлориді,
қосымша заттар: динатрий эдетаты, гидроксипропилметилцеллюлоза Е-15, натрий метабисульфиті, сусыз лимон қышқылы, натрий цитраты дигидраты, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш түсті ерітінді.
Ирифрин БК препараты жергілікті офтальмологиялық мақсатта қолданылатын тікелей әсер ететін симпатомиметикалық дәрі болып табылады:
- диагностикалық немесе емдік емшараларда көз қарашығын кеңейтуге
- ересектерде және балаларда аккомодацияның әдеттегі-шамадан тыс жүктемесін және үдемелі алыстан нашар көруді емдеуге (кешенді ем құрамында).
Әсер ету механизмі
Ол альфа-рецепторларының стимуляциясы арқылы мидриазды тудырады. Циклоплегиялық әсері жоқ дерлік.
Фармакодинамикалық әсерлері
Ең жоғары мидриаздық әсер инстилляциядан соң 60-90 минуттан кейін пайда болады, бұл арада осы әсердің ұзақтығы 5-7 сағаттан кейін тоқтайды.
Фенилэфриннің мидриаздық әсерін тимоксаминмен жоюға болады.
Дозалау режимі
Ересектер, оның ішінде егде жастағы пациенттер
Жергілікті әр көзге 1 тамшыдан қолданылады. Қажет болған жағдайда, бұл дозаны әр 3-4 сағат сайын қайталауға болады.
Балаларға жергілікті әр көзге 1 тамшыдан енгізіледі. Әдетте бұл дозадан асырудың қажеті болмайды.
Мидриазда/циклоплегияда талапқа сай тиімділік алу үшін фенилэфриннің көзге тамызатын дәрісін басқа мидриатиктермен/циклоплегиктермен біріктіруге болады. Қатты пигменттелген нұрлы қабықтар үлкен дозаларды қажет етуі мүмкін, бірақ артық дозалануын болдырмау үшін сақ болу керек.
Балалар
Артериялық қысымның өтпелі жоғарылауын қоса, жүйелі жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупіне байланысты, айқын қажеттілік жағдайлары болмаса және тек аса сақтықпен, шала туғандарда және жаңа туған нәрестелерде қолдану ұсынылмайды.
Егер емдеу қажет болса, препараттың мүмкіндігінше ең аз концентрациясы мен дозасын пайдаланады, көзге 1 тамшыдан асырып қолданудан аулақ болу керек.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін.
Көзді күйдіру болмас үшін фенилэфрин тамызардан бірнеше минут бұрын тамшыдағы анестетикті жергілікті қолдану ұсынылады.
Балалар мен егде пациенттерде көз саңылауының медиальді бұрышындағы көз жасы қапшығын қысу немесе тамызғаннан кейін бірнеше минутқа көзді абайлап жабу арқылы жүйелік сіңуін және жүйелік жағымсыз реакциялар қаупін барынша азайту ұсынылады. Тері арқылы сіңуді өте аз ету үшін көзаймақтық артық сұйықтықты алып тастау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Сізде осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдай болса дәрігеріңізге қаралыңыз.
- фенилэфринге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- жүрек аурулары, гипертониясы, аневризмасы, тиреотоксикоз, инсулинге тәуелді созылмалы қант диабеті және тахикардиясы бар пациенттер;
- моноаминоксидаза тежегіштерін, трициклді антидепрессанттарды және гипертензияға қарсы дәрілерді (бета-блокаторларды қоса алғанда) қабылдайтын пациенттер;
- жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттер (егер бұрын иридэктомия жасалмаса) және мидриатиктерден туындаған глаукомаға бейім, тар бұрышты глаукомасы бар пациенттер;
- жүрек-қан тамырлары және цереброваскулярлық аурулары бар жаңа туған нәрестелер мен сәбилер;
- ауыр артериосклероздық, жүрек-қан тамырлары немесе цереброваскулярлық аурулары бар егде жастағы адамдар.
Белгісіз (қолда бар мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес)
- аллергиялық конъюнктивит, көздің ауырсынуы, көздің тітіркенуі, конъюнктива гиперемиясы, көз жасының көбеюі, көрудің бұлыңғырлануы, көздің қарығуы, жабық бұрышты глаукома, мөлдір қабықтың ісінуі, нүктелі кератит, көздегі жылжымалы бұлыңғырлану (көздің шыны тәрізді денесінде аздаған бөгде зат түзілуі)
- жүрек қағуы, артериялық гипертензия, аритмия (тахикардияны, брадикардия, қарыншалық аритмияны, экстрасистоланы қоса), коронарлық артерия түйілуі, миокард инфаркті.
Фенилэфрин тітіркенуді, нүктелі кератитті және мөлдір қабықтың ісінуін туындатуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде енгізгеннен кейін 40-45 минуттан соң транзиторлы пигментация және жүзіндіден бұлыңғырлану дамуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Фенилэфринге ауыр уытты реакция тез туындап және қысқа ғана болуына байланысты, емі ең алдымен демеуші болып табылады. Фентоламин сияқты тез әсер ететін альфа-адреноблокатор инъекциясын дереу енгізу ұсынылады (дозасы 2-ден 5 мг-ға дейін вена ішіне).
Көздің қабыну аурулары кезінде сақтықпен қолдану керек, өйткені гиперемия конъюнктива арқылы жүйелі сіңу жылдамдығын едәуір арттырады.
Егде жастағы адамдарда немесе симпатикалық денервациясы бұзылулары (мысалы, инсулинге тәуелді қан диабеті, ортостаздық гипотензиясы, артериялық гипертензиясы, гипертиреозы бар пациенттерде) бар пациенттерде сақтықпен пайдаланған жөн.
Церебральді атеросклероз немесе көпжылдық бронх демікпесі бар науқастарға сақтықпен қолдану керек.
Жабық бұрышты глаукома ұстамасы даму қаупін азайту үшін пайдаланар алдында көздің алдыңғы камерасының бұрышын бағалау қажет.
Мөлдір қабықтың эпителийі зақымданғанда 10% фенилэфринді тамызған кезде мөлдір қабықтың күңгірттенуі пайда болуы мүмкін.
Көздің ауырсынуын болдырмас үшін фенилэфринді тамызудан бірнеше минут бұрын жергілікті анестетиктің тамшысын қолдану ұсынылады.
Жүйелі сіңіруді тамшыларды тамызу кезінде және одан кейін бір минут бойы көз саңылауының медиальді бұрышы аумағындағы көз жасы қапшығын қысып ұстау арқылы азайтуға болады. Бұл тамшының мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығының ауқымды сіңіргіш аймағына мұрын-көз жасы өзегі арқылы өтуін бөгейді және бұл әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарға ұсынылады.
Балаларда қолдану
Айқын қажеттілік жағдайлары болмаса, шала туған және жаңа туған нәрестелерде қолдану ұсынылмайды. Мұндай жағдайларда препаратты балаларда ерекше сақтықпен қолданады. Қажетті әсерге жету үшін әрдайым ең төменгі дозаны қолдану керек. Дәрілік препаратты балаларда қолданған кезде оның балалардың ауызға алуын немесе бетіне тигізуін болдырмау үшін ата-аналарға ескерту керек, сондай-ақ препаратты қолданғаннан кейін баланың қолдары мен бетін мұқият жуу қажет.
Фенилэфрин тамызғаннан кейін нәрестелердің жай-күйін бақылау керек, балаларда шұғыл көмекті қажет ететін жай-күй туындағанда тез әрекет ету үшін барлық емшаралар қарастырылуы тиіс.
Фенилэфрин тамызғаннан кейін нәрестелердің жай-күйін бақылау керек, балаларда шұғыл көмекті қажет ететін жай-күй туындағанда тез әрекет ету үшін барлық емшаралар қарастырылуы тиіс.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Айқын қажеттілік жағдайлары болмаса, шала туған және жаңа туған нәрестелерде қолдану ұсынылмайды. Мұндай жағдайларда препаратты балаларда ерекше сақтықпен қолданады. Қажетті әсерге жету үшін әрдайым ең төменгі дозаны қолдану керек. Дәрілік препаратты балаларда қолданған кезде оның балалардың ауызға алуын немесе бетіне тигізуін болдырмау үшін ата-аналарға ескерту керек, сондай-ақ препаратты қолданғаннан кейін баланың қолдары мен бетін мұқият жуу қажет.
Фенилэфрин тамызғаннан кейін нәрестелердің жай-күйін бақылау керек, балаларда шұғыл көмекті қажет ететін жай-күй туындағанда тез әрекет ету үшін барлық емшаралар қарастырылуы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көздің қарығуы мен анық көрмеуді тудыруы мүмкін. Пациенттерге препаратты енгізгеннен кейін көзі анық көрмейінше көлік құралдарын жүргізбеуін және қауіпті механизмдерді басқармау керегін ескертіңіз, сондықтан көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға кіріспес бұрын көру қабілеті толық қалпына келгенше күту ұсынылады.
Фенилэфрин гидрохлоридінің қауіпсіздігі жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарда жеткілікті зерттелмегендіктен, препаратты осы санатта, егер дәрігер пайдасы мен болуы мүмкін қаупінің арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін қажет деп санаса ғана қолдану керек.
Гипертензияға қарсы препараттар
Фенилэфринді гипотензиялық препараттармен бірге жергілікті қолдануға болмайды, себебі болуы мүмкін теріс салдарларымен олардың әсерін жоюы мүмкін.
Моноаминоксидаза тежегіштері
Моноаминоксидаза тежегіштерімен бірге қолданғанда немесе енгізгеннен кейін үш апта ішінде жүйелік адренергиялық реакциялардың даму қаупі жоғары болады.
Трициклді антидепресанттар
Бір мезгілде трициклді антидепрессанттарды қабылдайтын пациенттерде немесе оларды тоқтатқаннан кейін бірнеше күн ішінде адренергиялық агенттерге прессорлық жауап және жүрек аритмиясы қаупі күшеюі мүмкін.
Адреноблокаторлар және фенотиазиндер
Фенилэфрин адреноблокаторлар мен фенотиазиндердің әсерін әлсіретуі мүмкін.
Галотан
Қарыншалық фибрилляция қаупінің жоғарылауына байланысты фенилэфринді миокардтың симпатомиметиктерге сезімталдығын арттыратын анестетиктермен жалпы анестезия кезінде сақтықпен қолдану керек.
Жүрек гликозидтері немесе хинидин
Аритмияның жоғары даму қаупі бар.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.