Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки сублингвальные
Дозасы
7 мг
Саудалық атауы
Исмижен
Әсер етуші зат
Иммуностимуляторы другие
Мақсаты
Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының жедел және қайталанатын созылмалы инфекцияларының профилактикасы үшін
Өндіруші
Брушеттини С.р.л.
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетка құрамында
белсенді зат - лиофилизацияланған бактериялық лизат 50 мг,
оның 7 мг сәйкес келеді:
Staphylococcus aureus 6 х 109,
Streptococcus pyogenes 6 х 109,
Streptococcus viridans 6 х 109,
Klebsiella pneumoniae 6 х 109,
Klebsiella оzaenae 6 х 109,
Haemophilus influenzaе B 6 х 109,
Neisseria catarrhalis 6 х 109,
Diplococcus pneumoniae - 6 х 109 (соңғы бактерия құрамында 1 х 109 келесі типтер - TY1/EQ11,TY2/EQ22, TY3/EQ14, TY5/EQ15, TY8/EQ23, TY47/EQ24 бар),
лиофилизация үдерісі үшін 43 мг гликокколь.
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты, сусыз коллоидты кремнийдің тотығы, магний стеараты, аммоний глицеризинаты, жалбыз (ментол) ұнтағы эссенциясы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі және бөлуге арналған сызығы бар ашық-крем түсті дөңгелек пішінді таблеткалар, теңбілдерінің болуына жол беріледі, биіктігі (3,5±0,25) мм және диаметрі (9,0±0,25) мм.
Препарат мыналарға арналған:
• жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының жедел және қайталанатын созылмалы инфекцияларының профилактикасы үшін;
• тыныс алу жолдарының жедел инфекцияларын емдеу кезінде басқа дәрілермен кешенді емдеуде.
Иммуностимуляторлар. Басқа иммуностимуляторлар.
ATH коды L03AX
Әсер ету механизмі
Исмиженнің әсер ету механизмі жануарлардың in vivo зерттеулерінің, адамның биологиялық материалындағы in vitro зерттеулердің және клиникалық зерттеулердің ауқымды клиникаға дейінгі және клиникалық деректерімен бағаланды және расталды. Исмижен құрамындағы бактериялардың экстрактілері жасушалық және гуморальдық реакцияларға байланысты инфекцияларға (фагоцитоздың күшеюі) спецификалық емес реакцияға ықпал етеді. Лейкоциттердің әртүрлі түрлерінен туындаған В- және Т-жасушаларын стимуляциялау және цитокиндерді индукциялау арқылы жасушалық жауапқа байланысты және гуморальды иммундық реакциялар микробқа қарсы ІgА және IgG антиденелерінің түзілуімен көріністеледі. Қожайын организмнің дамыған иммундық жүйесінің жағдайы тыныс алу жолдарын инфекциялардан қорғайтын «үрейге дейінгі иммундық статуспен» сипатталады.
Тиімділігі
2019 жылы GOLD нұсқаулық қағидаларының «Қабынуға қарсы препараттар» бөлімінде жарияланған зерттеулерге сілтеме жасай отырып, «2005 жылға дейін жүргізілген екі рандомизацияланған бақыланатын зерттеулер иммундық реттегішті қолдану зерттелген ӨСОА бар пациенттерде өршудің ауырлығы мен жиілігінің төмендеуі туралы хабарланды. Қазіргі уақытта ӨСОА демеуші емін алатын пациенттерде бұл емнің ұзақ мерзімді әсерін бағалау үшін әрі қарайғы зерттеулер қажет».
Бұл клиникалық әсерлер антибиотиктер қабылдауды азайтумен немесе бронходилататорлар сияқты басқа қатарлас емдеу әдістерінің қажеттілігімен қатар жүрді.
ӨСОА емдеу кезінде Исмиженнің терапиялық әсері соңғы мета-талдаулармен толықтырылды.
Балалар
Исмижен жоғарғы тыныс жолдарының қайталанатын инфекциясы бар балаларда және емдеу кезінде жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясының даму қаупі бар пациенттерде тыныс алу жолдарының инфекциясының профилактикасы кезінде тиімді екені дәлелденді. Созылмалы респираторлық аурулары бар балаларда инфекциялық өршу жиілігін төмендетудегі Исмиженнің тиімділігі созылмалы риносинусит, қайталанатын тонзиллит және ентігу/демікпе сияқты жағдайларда көрсетілді.
Ересектердегі сияқты, жағымсыз құбылыстармен оқиғалар кезінде Исмиженнің байқалған терапиялық әсері антибиотиктер, жергілікті антисептиктер немесе инфекцияға қарсы дәрілер, анальгетиктер және муколитиктер сияқты қатар жүретін емнің төмендеуімен де байланысты болды.
Жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларын емдеу кезінде Исмиженнің терапиялық пайдасы көптеген мета-талдаулармен толықтырылды.
Дозалау режимі
Исмижен ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен балаларға арналған.
1 таблеткадан тамақтануға дейін күніне 1 рет, 10 күн бойы үздіксіз. 20 күндік үзілістен кейін препаратты қабылдаудың 10 күндік курсын қайталау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблетканы толық ерігенге дейін тіл астында ұстау керек.
Емдеу ұзақтығы
Ең жоғары иммунотерапиялық әсерге қол жеткізілетін толық курс 3 айды құрайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде препаратты қабылдау туралы қосымша сұрақтар туындаса, өз дәрігеріңізге жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
• 12 жасқа дейінгі балалар;
• жүктіліктің бірінші триместрі, лактация кезеңі.
Жағымсыз құбылыстар жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).
Асқазан-ішектік бұзылыстар
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)
- диарея
Жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін)
- құрсақ қуысының ауыруы, жүрек айнуы, құсу
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)
- бас ауыруы
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)
- эритема
Жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін)
- есекжем
- экзантема
Сирек (≥ 1/10000-ден < 1/1000 дейін)
- аллергиялық реакциялар
Енгізу орнындағы жалпы бұзылыстар мен реакциялар
Жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін)
- әлсіздікті сезіну
Сирек (≥ 1/10000-ден < 1/1000 дейін)
- қызба, қалтырау
Тыныс алу ағзалары, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін)
- ентігу, жөтел, демікпе
Егер Сізде осы нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да бір жағымсыз әсерлер пайда болса немесе аталған жағымсыз әсерлердің қандай да бір түрі ерекше қатты білінсе, дәрігерге жүгінуді сұраймыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Тірі вакцинаны ішке қабылдау мен Исмижен қолдану арасындағы 4 апталық үзілісті сақтау ұсынылады.
Исмижен аса жоғары сезімталдық реакцияларын тудыруы мүмкін. Аллергиялық реакциялар немесе жақпаушылықтың белгілері пайда болса, емдеуді дереу тоқтату керек.
Исмижен қайталанатын респираторлық инфекциялары бар пациенттерде тыныс алу жолдарының инфекциясын және ӨСОА/жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі созылмалы бронхит, созылмалы риносинусит және демікпе сияқты созылмалы респираторлық аурулары бар пациенттерде олармен байланысты инфекцияның өршуін азайтады. Исмижен қабылдаған пациенттерде бактериялар мен вирустардан қорғаныс артатыны дәлелденді.
Арнайы ескертулер
Арнайы нұсқаулар жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автомобильді және басқа механизмдерді басқару мүмкіндігіне әсері байқалмады. Арнайы зерттеулер жүргізілмеген.
Исмиженнің жүктілік және лактация кезінде қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. Расталған немесе болжамды жүктіліктің алғашқы үш айы ішінде Исмижен қолданудан аулақ болу ұсынылады.
Лактация кезеңінде қолданған кезде бала емізуді тоқтата тұру керек.
Анықталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
150C-ден 250C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.