Итраконазол негізінен CYP3A4 цитохромымен метаболизденеді. Осы жолмен метаболизденетін немесе CYP3A4 белсенділігін өзгертетін басқа препараттар итраконазолдың фармакокинетикасына әсер етуі мүмкін. Итраконазол өз кезегінде басқа субстанциялардың фармакокинетикасына да әсер етуі мүмкін. Итраконазол CYP3A4 және P-гликопротеиннің күшті тежегіші. Басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданған кезде метаболизм жолдары және дозаларды түзетудің ықтимал қажеттілігі туралы ақпаратқа қатысты осы дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды да басшылыққа алған жөн.
Қан плазмасындағы итраконазол концентрациясын төмендетуі мүмкін дәрілік заттар
Асқазанның қышқылдығын төмендететін дәрілік заттар (алюминий гидроксиді сияқты қышқылды бейтараптандыратын препараттар немесе H2- рецепторларының антагонистері және протон сорғысының тежегіштері сияқты қышқыл бөлінуінің супрессорлары) итраконазолдың капсуладан сіңуіне әсер етеді. Төменде көрсетілген дәрілік заттар мен итраконазол капсулаларын бір мезгілде қолданғанда абай болу керек:
• итраконазолды және қышқылдықты төмендететін дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда Итракон® капсулаларын диеталық емес кола сияқты жоғары қышқылды сусындармен бірге қолданған жөн;
• қышқылды бейтараптандыратын дәрілік заттарды (мысалы, алюминий гидроксиді) Итракон® капсулаларын қолданудан кемінде 1 сағат бұрын немесе 2 сағаттан кейін қолдану керек;
• зеңге қарсы белсенділік деңгейін бақылау және қажет болған жағдайда итраконазол дозасын арттыру керек.
Итраконазолды СYРЗА4 ферментінің қуатты индукторларымен бір мезгілде қолдану итраконазол мен гидрокси-итраконазолдың биожетімділігінің төмендеуіне әкеледі, соның салдары емдеу тиімділігінің едәуір төмендеуі болып табылады. Бұл дәрілік заттар мыналарды қамтиды:
• бактерияға қарсы: изониазид, рифабутин, рифампицин;
• құрысуға қарсы: карбамазепин фенобарбиталы, фенитоин;
• антидепрессанттар: шайқурай шөбі (Hypericum perforatimi);
• вирусқа қарсы: эфавиренз, невирапин.
СYРЗА4 ферментінің қуатты индукторларын итраконазолмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Жоғарыда аталған дәрілерді, ықтимал пайдасы ықтимал қауіптен едәуір асатын жағдайларды қоспағанда, итраконазолмен емдеуден 2 апта бұрын және одан кейін 2 апта бойы қолдануға болмайды. Зеңге қарсы белсенділік деңгейін мұқият бақылау және қажет болған жағдайда итраконазол дозасын арттыру керек.
Қан плазмасындағы итраконазол концентрациясын арттыратын дәрілер.
CYP3A4 ферментінің қуатты тежегіштері итраконазолдың биожетімділігін арттыруы мүмкін. Мысалы:
• бактерияға қарсы препараттар: ципрофлоксацин, кларитромицин, эритромицин;
• вирусқа қарсы препараттар: ритонавир-күшейтілген дарунавир, ритонавир-күшейтілген фосампренавир, индинавир, ритонавир , телапревир.
Бұл препараттарды итраконазолмен бір мезгілде қолданғанда сақтықпен қолдану керек. Мұндай пациенттерді итраконазолдың фармакологиялық әсерінің ұлғаю немесе ұзару симптомдарының болуына мұқият тексеру және қажет болған жағдайда итраконазолдың дозасын азайту керек. Қан плазмасындағы итраконазол концентрациясын бақылау ұсынылады.
Қан плазмасындағы концентрациясы итраконазолды арттыратын дәрілік заттар.
Итраконазол және оның негізгі метаболиті гидрокси-итраконазол CYP3A4 ферментімен метаболизденетін препараттардың метаболизмін және P-гликопротеинмен дәрілердің тасымалдануын тежеуі мүмкін, бұл осы препараттардың және/немесе олардың метаболиттерінің қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Плазмалық концентрацияның мұндай жоғарылауы терапиялық әсердің күшеюіне немесе ұзартылуына және жағымсыз реакциялардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Итраконазолды және CYP3A4 метаболизденетін және QT аралығын ұзартатын дәрілерді тағайындауға болмайды, өйткені бұл өмірге қауіп төндіретін жағдайларға жататын Torsade de pointes типті қарыншалық тахиаритмиялардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Емдеуді тоқтатқаннан кейін итраконазолдың концентрациясы дозасына және емдеу ұзақтығына байланысты 7-ден 14 күнге дейін қан плазмасында анықталмайтын деңгейге дейін төмендейді. Бауыр циррозы бар пациенттерде немесе CYP3A4 ферментінің тежегіштерін бір мезгілде қолданатын пациенттерде препаратты тоқтату біртіндеп болуы тиіс. Бұл әсіресе метаболизміне итраконазол әсер ететін дәрілік заттарға қатысты.
Қатарлас дәрілік заттар келесі санаттарға топтастырылған:
Қолдануға болмайды: итраконазолмен ешбір жағдайда бір мезгілде немесе емдеу аяқталғаннан кейін 2 аптадан ерте қолдануға болмайды.
Ұсынылмайды: бұл дәрілік заттарды бір мезгілде және итраконазолмен емдеуді тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы қолданудан, емдеудің пайдасы жағымсыз реакциялардың пайда болуының ықтимал қаупінен асатын жағдайларды қоспағанда, аулақ болу керек. Егер бір мезгілде қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, мұндай пациенттерді итраконазолдың фармакологиялық әсерінің ұлғаю немесе ұзару симптомдарының пайда болуына мұқият тексеру және қажет болған жағдайда итраконазолдың дозасын азайту немесе емдеуді тоқтату керек. Қан плазмасындағы итраконазол концентрациясының деңгейін бақылау ұсынылады.
Сақтықпен қолдану керек: итраконазолмен бір мезгілде қолданған жағдайда мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Мұндай пациенттерді итраконазолдың фармакологиялық әсерінің ұлғаю немесе ұзару симптомдарына мұқият тексеру және қажет болған жағдайда итраконазолдың дозасын азайту керек. Қан плазмасындағы итраконазол концентрациясын бақылау ұсынылады.
Итраконазолмен бір мезгілде қолданған кезде концентрациясы жоғарылайтын дәрілердің мысалдары тиісті ұсынымдармен кестеде берілген.
Дәрілік заттардың класы — Қолдануға болмайды — Ұсынылмаған — Сақтықпен қолдану керек
Альфа-блокаторлар — Тамсулозин
Анальгетикалық — Левацетилметадол (левометадил), метадон — Фентанил — Альфентанил, бупренорфин (вена ішіне және тіл астына қолдануға арналған), оксикодон, суфентанил
Аритмияға қарсы — Дизопирамид, дофетилид, дронедарон, хинидин — Дигоксин
Бактерияға қарсы — Телитромицин (бүйрек немесе бауыр функциясы жеткіліксіздігінің ауыр түрі бар пациенттер үшін) — Рифабутина — Телитромицин
Антикоагулянттар және антитромбоциттік — Тикагрелор — Ривароксабан, апиксабан — Кумариндер, цилостазол, дабигатран
Құрысуға қарсы — Карбамазепина
Диабетке қарсы — Репаглинид, саксаглиптин
Гельминтке қарсы және протозойға қарсылар — Алофантрин — Празиквантел
Антигистаминді — Астемизол, мизоластин, терфенадин — Эбастин,биластин
Бас сақинасына қарсы — Қастауыш алкалоидтары, атап айтқанда: дигидроэрготамин, эргометрин (эргоновин), эрготамин, метилэргометрин (метилэргоновин), элетриптан
Антинеопластикалық — Иринотекан — Акситиниб, дабрафениб, дазатениб, ибрутиниб, нилотиниб, сунитиниб, трабектедин — Бортезомиб, бусульфан, доцетаксел, эрлотиниб, гефитиниб, иматиниб, иксабепилон, лапатиниб, понатиниб, триметрексат, қабыршөп алкалоидтары
Антипсихоздық, анксиолитикалық және ұйқтататын-седативті — Луразидон, мидазолам (пероральді қолдану үшін), пимозид, кветиапин, сертиндол, триазолам — Альпразолам, арипипразол, бротизолам, буспирон, галоперидол, мидазолам (вена ішіне енгізуге арналған), пероспирон, рамелтеон, рисперидон
Вирусқа қарсы — Симепревир — Маравирок, индинавирb, ритонавирb, саквинавир
Бета-блокаторлар — Надолол
Кальций өзекшелерінің блокаторлары — Бепридил, фелодипин, лерканидипин, нисолдипин — Верапамилді қоса басқа дигидропиридиндер
Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер — Алискирен, ивабрадин, ранолазин — Силденафил, өкпе гипертензиясын емдеуге арналған — Бозентан, риоцигуат
Диуретиктер — Эплеренон
Асқазан-ішек жолына әсер ететін дәрілер — Цизаприд, домперидон — Апрепитант
Иммуносупрессорлар — Эверолимус — Будесонид, циклесонид, циклоспорин, дексаметазон, флутиказон, метилпреднизолон, рапамицин (сиролимус ретінде белгілі), такролимус, темсиролимус
Липидтер деңгейін реттейтін дәрілер — Ловастатин, симвастатин, аторвастатин
Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілер — Сальметерол
Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер, трициклді және басқа антидепрессанттар — Ребоксетин
Несеп шығару жүйесіне әсер ететін дәрілер — Бүйрек немесе бауыр функциясы жеткіліксіздігінің орташа және ауыр түрі бар пациенттерді емдеуге арналған фезотеродин, Бүйрек немесе бауыр функциясы жеткіліксіздігінің ауыр түрі бар пациенттерді емдеуге арналған солифенацин — Варденафил, дарифенацин — Фезотеродин, имидафенацин, оксибутинин, эректильді дисфункцияны емдеуге арналған силденафил, солифенацин, тадалафил, толтеродин
Басқалары — Бүйрек және бауыр функциялары бұзылған пациенттерде колхицин — Колхицин, кониваптан, толваптан, шайқурай шөбі (Hypericum perforatum) — Алитретиноин (пероральді қолдану үшін), цинакальцет, мозаваптан, толваптан
a сондай-ақ «Қан плазмасындағы итраконазол концентрациясын төмендетуі мүмкін дәрілік заттар» қараңыз.
b сондай-ақ «Қан плазмасындағы концентрациясы итраконазолды арттыратын дәрілік заттар» қараңыз.
Итраконазол концентрациясын төмендететін дәрілік заттар. Итраконазолды қабынуға қарсы стероидты емес препарат мелоксикаммен бір мезгілде қолдану соңғысының концентрациясын төмендетеді. Мелоксикамды итраконазолмен бір мезгілде қолданғанда сақтықпен қолдану және емдік немесе жанама әсерін бақылау керек. Мелоксикамның дозасын түзету ұсынылады.