Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
100 мкг
Саудалық атауы
Йодомарин® 100
Әсер етуші зат
Калий йодиді
Мақсаты
Йод тапшылығынан болатын аурулар профилактикасы (мысалы, эндемиялық зоб профилактикасы үшін және йод тапшылығы себеп болатын зоб резекциясынан кейін)
Өндіруші
Берлин-Хеми АГ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
әсер етуші зат – 0,131 мг калий йодиді (0,100 мг йодқа баламалы),
қосымша заттар: лактоза моногидраты, негізгі жеңіл магний карбонаты, желатин, натрий крахмалы гликоляты тұзы (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жайпақ параллельді беткейлі ақ немесе крем-ақ түсті таблеткалар, шеттері қиғашталған және бір жағында бөлуге арналған кертігі бар.
• Йод тапшылығынан болатын аурулар профилактикасы (мысалы, эндемиялық зоб профилактикасы үшін және йод тапшылығы себеп болатын зоб резекциясынан кейін)
• Жаңа туған нәрестелерде, емізулі жастағы сәбилерде, балаларда, жасөспірімдерде және жас кезеңдегі ересектерде диффузды эутиреоидты зоб кезіндегі емдеу.
Препаратты қабылдау алдында қажетті ақпараттың тізбесі
ATX коды: H03CA
Әсер ету механизмі
Адам организміне экзогенді йод әсері тәуліктік йод мөлшеріне, йод препаратының түріне, сондай-ақ қалқанша без күйіне (сау ағза, аурудың жасырын және манифестік түрі) байланысты.
Қалқанша без гормондарының – тироксин және трийодтиронин синтезіне қатысатын элемент ретінде йод тағамның маңызды компоненті болып табылады. Йодтың, яғни эндемиялық зоб туындауының алдын алу үшін организмге күнделікті түсуі тиіс йод қажеттілігі тәулігіне шамамен 100-150 мкг құрайды. ДДҰ ұсынған тәуліктік доза 150-ден 300 мкг дейін құрайды.
Электрохимиялық жолмен қалқанша без фолликулдарының эпителий жасушаларында йодтың сіңірілуінен соң (йодинация) косубстрат болып табылатын сутегінің асқын тотығы (Н2О2) йодид-пероксидаза ферментімен катализдейтін йодтың тотығуы жүреді, соның нәтижесінде элементарлы йод бөлінуі жүреді. Бұл орайда гликопротеиннің тирозинді қалдықтарының бөлігі (тиреоглобулин) 3 және ішінара 5 хош иісті сақина қалыптарында (йодизация) йодталады.
Тирозиннің иодталған топтары тотығу конденсациясы арқылы тиронин каркасының түзілуімен қосылады. Негізгі өнімдері тироксин (Т4) және трийодтиронин (Т3) болып табылады. Осылайша түзілген «тиронин-тиреоглобулин» кешені қалқанша без гормонының депо-пішінін иелене отырып, қалқанша без фолликуласының коллоидына бөлінеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Йод физиологиялық мөлшерде (шамамен 300 мкг дейін) оның Федерациялық Республикада басым болатын тапшылығы тұсында орын басу әсеріне ие болады, яғни йод тапшылығынан болатын зоб түзілуінің алдын алады, жаңа туған нәрестелерде, емізулі жастағы балаларда, балалар мен жасөспірімдерде қалқанша без өлшемдерінің қалыпқа түсуіне ықпал етеді, сондай-ақ бұзылған бірқатар биохимиялық параметрлерге (Т3/Т4 арақатынасы, ТТГ деңгейі) әсерін тигізеді.
Йод фармакологиялық белсенді дозаларында (1 мг/тәуліктен көп) мына әсерлерді туындатуы мүмкін:
а) Вольф-Чайков (Wolff-Chaikoff effect) әсері: артық йод оның интратиреоидты органификациясының тежелуіне әкеледі.
Осы артық мөлшері сақталғанда, тежелу йод сіңірілуінің төмендеуіне ауысады.
Егер Вольф-Чайков әсері патологиялық жағдайларда сақталса, бұл гипотиреозге және нәтижесінде – зоб түзілуіне әкеледі.
б) Йодтың интратиреоидты алмасуының, сондай-ақ коллоид протеолизінің қысқаруы және сол себептен гормондардың босап шығуының төмендеуі. Осы әсер гипертиреоз кезінде айқын білінеді және әсіресе иммундық тиреопатияларда ағзаның қанмен қамтылуының төмендеуімен, оның өлшемдерінің азаюымен және тығыздануымен қатар жүреді.
Дозалау режимі
Дәрілік заттың қажетті дозасын анықтаған кезде йодты тамақпен бірге қабылдаудың аймақтық және жекелеген ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл әсіресе жаңа туған нәрестелер мен 4 жасқа дейінгі балаларға дәрі тағайындау кезінде маңызды.
• Зоб профилактикасы
Егер тәулігіне, кем дегенде, 150 мкг-ден 300 мкг дейін құрайтын йодтың тамақпен жеткілікті түсуі қамтамасыз етілмесе (ДДСҰ ересектерге қажетті йод қабылдау шегі ретінде қарастырады), төменде көрсетілген мөлшерде қосымша йод тағайындау керек:
Жаңа туған нәрестелер, емізулі жастағы сәбилер және балалар:
Йодомарин 100 препаратының тәулігіне ½-1 таблеткасы (50-100 мкг йодқа сәйкес келеді). Таблетканы ұнтақтап, аз мөлшердегі (1 шай қасық) бөлме температурасындағы қайнаған суда еріту және пипеткамен немесе өлшеуіш шприцпен беру ұсынылады.
Жасөспірімдер және ересектер:
Йодомарин 100 препаратының тәулігіне 1-2 таблеткасы (100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).
Жүктілік және лактация кезеңі:
Йодомарин 100 препаратының тәулігіне 2 таблеткасы (200 мкг йодқа сәйкес келеді).
• Эутиреоидты зоб себебімен жасалған операциядан немесе дәрі-дәрмекпен емдеуден кейінгі қайталанулар профилактикасы:
Йодомарин 100 препаратының тәулігіне 1-2 таблеткасы (100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).
• Эутиреоидты зоб кезінде емдеу
Жаңа туған нәрестелер, емізулі жастағы сәбилер, балалар
Йодомарин 100 препаратының тәулігіне 1-2 таблеткасы (100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).
Таблетканы ұнтақтап, аз мөлшердегі (1 шай қасық) бөлме температурасындағы қайнаған суда еріту және пипеткамен немесе өлшеуіш шприцпен беру ұсынылады.
Жасөспірімдер:
Йодомарин 100 препаратының тәулігіне 2 таблеткасы (200 мкг йодқа сәйкес келеді).
Жас кезеңдегі ересектер:
Йодомарин 100 препаратының тәулігіне 3-5 таблеткасы (300-500 мкг йодқа сәйкес келеді).
Қолдану әдісі мен тәсілі
Препаратты тамақтанудан кейін жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп қабылдайды.
Таблетканы дозалары бірдей бөліктерге бөлуге болады.
Препаратты жаңа туған нәрестелер мен 4 жасқа дейінгі балаларға тағайындаған кезде таблетканы ұнтақтап, аз мөлшердегі (1 шай қасық) бөлме температурасындағы қайнаған суда еріту және пипеткамен немесе өлшеуіш шприцпен беру ұсынылады.
Қолдану ұзақтығы
Йодомарин® 100 профилактика мақсатында, әдетте, бірнеше жыл бойы, ал ара-тұра бүкіл өмір бойы да қабылданады.
Жаңа туған нәрестелерде зоб кезіндегі емдеу кезеңі, әдетте, 2-ден 4 аптаға дейін; балалар, жасөспірімдер және ересектерде зоб кезіндегі емдеу кезеңі 6 айдан 12 айға дейін созылады.
- Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;
- Манифестік гипертиреоз;
- Жасырын гипертиреоз – тәулігіне 150 мкг асып кететін йод дозаларда;
- Автономды аденома, сондай-ақ қалқанша безінің ошақтық және диффуздық автономиясы – тәулігіне 300-1000 мкг йод дозасында пайдаланғанда (Пламмер әдісі бойынша қалқанша безінің операция алдындағы блокадасын қоспағанда).
- Қалқанша безі аденомасы
- Герпес пішінді Дюринг дерматиті (кәрілік кезіндегі)
- Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар.
Пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
Йодомарин® 100 препараты құрамында лактоза бар. Галактоза жақпаушылығынан тұратын сирек тұқым қуалайтын патологиядан, лактазаның ауыр тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромынан зардап шегіп жүрген пациенттерге Йодомарин® 100 қабылдауға болмайды.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Уыттану симптомдары
Шырышты қабықтардың қоңыр түске боялуы, рефлекторлы құсу (тағам құрамында крахмал болғанда құсу массасы көк түске боялады), іштің ауыруы және диарея (қан аралас болуы мүмкін). Бұл дегидратацияға және шокқа әкелуі мүмкін. Сирек жағдайларда өңеш стенозы дамиды. Өліммен аяқталған жағдайлары йодтың көп мөлшерін (30-250 мл йод тұндырмасы) қабылдаудан кейін ғана байқалды.
Сирек жағдайларда ұзақ уақыт артық дозалану йодизм деп аталатын күйдің дамуына әкеледі: ауыздың темір татуы, шырышты қабықтардың ісінуі және қабынуы (тұмаурату, конъюнктивит, гастроэнтерит, бронхит). Йодид туберкулез сияқты жасырын қабыну үдерістерін белсендіруі мүмкін. Ісінулер, эритема, безеу тәрізді және буллезді бөртулер, қан құйылулар, дене температурасының көтерілуі және ашушаңдық дамуы мүмкін.
Уыттану кезіндегі емдеу
- Жедел уыттану кезіндегі емдеу
Асқазанды крахмал, ақуыз ерітіндісімен немесе 5% натрий тиосульфаты ерітіндісімен йодтың бүкіл іздерін шығаруға дейін жуып-шаю керек. Су-электролит теңгерімінің бұзылуы кезінде симптоматикалық емдеу, шокқа қарсы ем.
- Созылмалы уыттану кезіндегі емдеу
Йод қабылдауды тоқтату.
- Йод индукциялаған гипотиреоз
Йод қабылдауды тоқтату, қалқанша без гормондарының көмегімен зат алмасуды қалыпқа келтіру.
- Йод тудырған гипертиреоз
Бұл шын мәнінде артық дозалану емес, өйткені гипертиреоз басқа елдерде физиологиялық шама болып табылатын йод мөлшерінен туындауы мүмкін.
Емдеу ағым түріне сәйкес жүргізіледі: Жеңіл түрінде емдеу қажет емес, айқын түрлерінде тиреостатикалық ем көрсетілген (алайда, оның әсері кешірек басталады). Ең ауыр жағдайларда (тиреоуытты криз): қарқынды ем, плазмаферез немесе тиреоидэктомия.
Дәрілік препаратты әдеттегі қолдану барысында туындайтын жағымсыз әсерлердің сипаттамасы және тиісті қажетті шаралар
Йодидті кез келген жаста профилактикалық қолдану кезінде жаңа туған нәрестелер, балалар және жасөспірімдерде емдік қолдану кезіндегі сияқты жағымсыз әсерлері күтілмейді. Алайда, қалқанша без автономиясының ауқымды ошақтары болғанда және йод 150 мкг мөлшерінен асып кететін тәуліктік дозаларда тағайындалғанда манифестік гипертиреоз пайда болуын толық жоққа шығару мүмкін емес.
Туындау жиілігі бойынша жағымсыз әсерлер былай жіктеледі:
Өте жиі(≥ 1/10)
Жиі(≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)
Кейде(≥ 1/1000-нан <1/100 дейін)
Сирек(≥1/10 000-нан < 1/1000 дейін)
Өте сирек(<1/10 000)
Белгісізқолда бар деректер негізінде жиілікті бағалау мүмкін емес
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек
- Жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, йодтан туындаған ринит, буллезді немесе туберозды йододерма, эксфолиативті дерматит, ангионевроздық ісіну, дене температурасының жоғарылауы, безеу және сілекей бездерінің ісінуі).
Гормондық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек
Ересектерде зобты емдеу кезінде (тәуліктік доза: 300-ден көп дегенде 1000 мкг йодқа дейін) йод тудырған гипертиреоз дамуы мүмкін. Жағдайлардың басым көпшілігінде оның алғышарты қалқанша бездің диффуздық немесе ошақтық автономиясының бар екені болып табылады. Негізінен, ұзақ уақыт бойына зобтан зардап шегіп жүрген егде жастағы пациенттер қауіпке бейім.
Зерттеулер
Белгісіз
Тиреоидты пероксидазаға антиденелер (антиТПО) аутоиммундық ауруларға бейім пациенттерде өндірілуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге хабарласу немесе, Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген дәрілік өзара әрекеттесулер туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі дерекқордағы ақпаратқа тікелей жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
http://www.ndda.kz
Көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықтимал әсер ету туралы ақпарат
Йодомарин® 100 препаратын қабылдау көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Жүктілік және лактация кезеңінде йодқа қажеттілік артады, ал бұл осы кезеңде йодтың (тәулігіне 200 мкг) организмге жеткілікті түсуі ерекше маңызды болып табылады.
Йодтың плацента арқылы өтуіне және оның фармакологиялық белсенді дозаларында йодқа шарананың сезімталдығына байланысты, йодты жүктілік кезеңінде миллиграм диапазонындағы дозаларда тағайындауға болмайды.
Бұл лактация кезеңіне де қатысты, өйткені сүттегі йодид концентрациясы сарысуға қарағанда 30 есе жоғары. Ядролық объектілердегі апаттардан кейін жүргізілетін жоғары дозалардағы йод профилактикасы, әрине, ерекше жағдай болып табылады.
Йод тапшылығы кезінде гипертиреоз кезіндегі тиреостатикалық емге реакция күшейеді, ал йод артық болған кезде бұл реакция әлсірейді; сондықтан гипертиреоз кезінде емді бастар алдында немесе ем уақытында, мүмкіндігінше, йод қабылдаудан бас тарту керек. Тиреостатикалық дәрілік заттар, өз тарапынан, қалқанша безінің ішінде йодтың органикалық заттармен байланысқан пішінге ауысуын тежейді, сондықтан да зоб түзілуін туындатуы мүмкін.
Йод сияқты дәл сол «қармау» механизмінің көмегімен қалқанша без тініне түсетін зат (мысалы, калий тиоцианаты немесе без ішіндегі йодидтің кері айналымын тежейтін перхлораты) йодтың қалқанша безде сіңірілуін бәсекелес тежеу әсерін көрсетеді. Сонымен қатар, 5 мг/дл мөлшерінен жоғары концентрациядағы тиоцианат сияқты, өздігінен сіңірілмейтін заттар ықпалын тигізеді.
Йодтың қалқанша безіне сіңірілуі және онда оның алмасуы эндогенді және экзогенді ТТГ арқылы стимуляцияланады.
Қалқанша без гормондарының инкрециясын бәсеңдететін жоғары дозалардағы йодпен және литий тұздарымен бір мезгілде емдеу зоб және гипотиреоз дамуына ықпал етуі мүмкін.
Калий жинақтаушы диуретиктермен біріктірілген жоғары дозалардағы калий йодиді гиперкалиемия тудыруға қабілетті.
Айрықша нұсқаулар
Емді бастамас бұрын пациентте гипертиреоздың немесе түйінді уытты зобтың болуын, сондай-ақ осы аурулардың анамнезде болуын жоққа шығару қажет.
Емді бастамас бұрын нақты диагностикалық әдістерді қолдану арқылы қалқанша безінің диффузды немесе шектеулі автономды бұзылыстарының бар болуын жоққа шығару қажет, өйткені мұндай емдеу кезінде йодтың тәуліктік дозаларын 150 микрограмм немесе одан жоғары қолдану гипертиреозға әкелуі мүмкін.
Қалқанша безінің йодпен қанығуы емдік немесе диагностикалық мақсаттарда пайдаланылатын радиоактивті йодтың жинақталуына кедергі келтіруі мүмкін. Осыған байланысты радиоактивті йодты қолданар алдында препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Препаратпен емдеу аясында бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда гиперкалиемияның дамуы мүмкін екенін ескеру керек.
Йодомарин 100 препараты құрамында лактоза бар. Галактозаға жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын түрінен, лактазаның ауыр тапшылығымен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромынан зардап шегіп жүрген пациенттерге Йодомарин 100 қабылдауға болмайды.
Бұл дәрілік препарат құрамында бір таблеткаға 1 ммоль мөлшерінен аз натрий (23 мг) бар, яғни «құрамында натрий жоқ» дерлік деп санауға болады.
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Босату шарттары
Рецептісіз
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.