Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
0.2 мг
Саудалық атауы
Йодомарин® 200
Әсер етуші зат
Калий йодиді
Мақсаты
Йод тапшылығының профилактикасы (мысалы, эндемиялық зоб профилактикасы үшін және йод тапшылығы себеп болатын зоб резекциясынан кейін)
Өндіруші
Берлин-Хеми АГ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
әсер етуші зат - 0,262 мг мг калий йодиді (бұл 0,200 мг йодқа сәйкес келеді),
қосымша заттар: лактоза моногидраты, негізгі жеңіл магний карбонаты, желатин, натрий крахмалы гликоляты (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ беткейлі, бір жағында ойығы мен сызығы бар ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар.
- йод тапшылығының профилактикасы (мысалы, эндемиялық зоб профилактикасы үшін және йод тапшылығы себеп болатын зоб резекциясынан кейін)
- балалар, оның ішінде емізулі жастағылар, жасөспірімдер және жас кезеңдегі ересектерде диффузды эутиреоидты зобты емдеу
Препаратты қабылдау алдындағы қажетті ақпарат тізбесі
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
- Зоб профилактикасы үшін:
Күніне, кем дегенде, 150 мкг-300 мкг құрайтын йодтың талапқа сай тұтынылуына кепілдік берілмейтіндіктен (ДДҰ ұсынатын ересектердің йод тұтыну нормасы), төменде көрсетілген йод мөлшерін қосымша қабылдау керек:
Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және балалар:
Йодомарин® 200 тәулігіне ½ таблеткасына дейін (бұл тәулігіне 100 мкг йодқа сәйкес келеді).
Жасөспірімдер және ересектер – Йодомарин® 200 тәулігіне ½ мөлшерінен 1 таблеткасына дейін (бұл 100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).
Жүктілік және лактация кезінде: Йодомарин® 200 күніне 1 таблеткасынан (бұл 200 мкг йодқа сәйкес келеді).
- Эутиреоидты зоб себебімен жасалған операциядан немесе оны дәрі-дәрмекпен емдеуден кейінгі қайталанулар профилактикасы:
Йодомарин® 200 тәулігіне бір рет ½ мөлшерінен 1 таблеткасына дейін (бұл 100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).
- Эутиреоидты зобты емдеу
Жаңа туған нәрестелер, сәбилер, балалар және жасөспірімдер:
Йодомарин® 200 тәулігіне бір рет ½ мөлшерінен 1 таблеткасына дейін (бұл 100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).
Жас кезеңдегі ересектер:
Йодомарин® 200 тәулігіне 1 ½ мөлшерінен 2 ½ таблеткасына дейін (бұл 300-500 мкг йодқа сәйкес келеді).
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдау үшін. Препаратты жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішіп қабылдайды.
Емдеу ұзақтығы
Йодомарин® 200 профилактикалық қабылдау, әдетте, бірнеше жыл бойы, ара-тұра бүкіл өмір бойы жүргізілуі тиіс.
Жаңа туған нәрестелер мен сәбилерде зобты емдеуге көпшілік жағдайларда 2-4 апта жеткілікті; балалар, жасөспірімдер және ересектерде, әдетте, 6-12 ай немесе одан көп қажет болады.
• белсенді затқа немесе дәрінің қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• манифестік гипертиреоз
• тәулігіне 150 мкг мөлшерден артық йод дозаларын қолдану кезіндегі жасырын гипертиреоз
• автономды аденома, сондай-ақ 300-1000 мкг йод/тәулік дозасында қолдану кезіндегі қалқанша бездің ошақтық және диффуздық автономды бұзылыстары (Пламмеринг мақсатында операция алдындағы емдеуді қоспағанда)
• қалқанша без аденомасы;
• герпес пішінді Дюринг дерматиті (кәрілік кезіндегі);
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Уыттану симптомдары:
Шырышты қабықтардың қоңыр түске боялуы, рефлекторлы құсу (тағамда крахмал болған жағдайда көкке боялуы), іштің ауыруы және диарея (қан аралас болуы мүмкін). Дегидратация және шок дамуы мүмкін. Сирек жағдайларда өңеш стенозы орын алды. Өліммен аяқталу нәтижелері йодтың көп мөлшерін (30-дан 250 мл дейінгі йод тұндырмасы) қабылдаудан кейін ғана байқалды.
Ұзақ уақыт артық дозалану сирек жағдайларда йодизм деп аталатын феноменнің пайда болуына алып келеді: ауыздың металл татуы, шырышты қабықтардың ісінуі және қабынуы (тұмаурату, конъюнктивит, гастроэнтерит, бронхит). Туберкулез сияқты жасырын қабынулар йодидтің әсер етуімен белсендірілуі мүмкін. Ісінулер, эритема, безеу тәрізді және буллезді бөртулер, геморрагиялар, қызбалар, сілекей безі ағынының және жүйке қозғыштығының ұлғаюы мүмкін.
Уыттану кезіндегі емдеу
Асқазанды крахмал, ақуыз ерітіндісімен немесе 5% натрий тиосульфаты ерітіндісімен йодтың бүкіл іздерінің шығарылуына дейін жуып-шаю керек. Су-электролит теңгерімінің бұзылуларында симптоматикалық ем, шокқа қарсы ем.
- Созылмалы уыттану кезінде емдеу:
Йод қабылдауды тоқтату.
- Йод индукциялаған гипотиреоз.
Йод қабылдауды тоқтату, қалқанша без гормондарының көмегімен зат алмасуды қалыпқа лүсіру.
- Йод тудырған гипертиреоз.
Бұл шын мәнінде артық дозалану емес, өйткені гипертиреоз басқа елдерде физиологиялық шама болып табылатын йод мөлшерінен туындауы да мүмкін.
Емдеу ағым түріне сәйкес жүргізіледі: Жеңіл түрінде емдеу қажет емес, айқын түрлерінде тиреостатикалық ем көрсетілген (алайда, оның әсері кешірек басталады). Ең ауыр жағдайларда (тиреоуытты криз): қарқынды ем, плазмаферез немесе тиреоидэктомия.
Дәрілік препаратты қолдану жөнінде мәселелер туындағанда медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну қажет
Дәрілік препаратты әдеттегі қолдану барысында туындайтын жағымсыз реакциялар сипаттамасы және тиісті қажетті шаралар
Йодидті кез келген жаста профилактикалық қолдану кезінде жаңа туған нәрестелер, балалар және жасөспірімдерде емдік қолдану кезіндегі сияқты бірдей жағымсыз әсерлері күтілмейді. Алайда, қалқанша без автономиясының ауқымды ошақтары болғанда және йод 150 мкг мөлшерінен асып кететін тәуліктік дозаларда тағайындалғанда манифестік гипертиреоз пайда болуын толық жоққа шығару мүмкін емес.
Туындау жиілігі бойынша жағымсыз әсерлері келесі үлгіде жіктеледі:
Өте жиі (≥ 1/10)
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)
Кейде (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін)
Сирек (≥ 1/10 000-нан < 1/1000 дейін)
Өте сирек (< 1/10 000)
Белгісіз қолда бар деректер негізінде жиілігі бағалауға келмейді.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек
- Жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, йод тудырған ринит, буллезді немесе туберозды йододерма, эксфолиативті дерматит, ангионевроздық ісіну, дене температурасының көтерілуі, безеу және сілекей бездерінің ісіп кетуі).
Гормондық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек
Ересектерде зобты емдеу кезінде (тәуліктік доза: 300-ден көп дегенде 1000 мкг дейінгі йод) йод тудырған гипертиреоз дамуы мүмкін. Жағдайлардың басым көпшілігінде оның алғышарты қалқанша бездің диффуздық немесе ошақтық автономиясының бар екені болып табылады. Негізінен, ұзақ уақыт бойына зобтан зардап шегіп жүрген егде жастағы пациенттер қауіпке бейім.
Зерттеулер
Белгісіз
Тиреоидты пероксидазаға антиденелер (антиТПО) аутоиммундық ауруларға бейім пациенттерде өндірілуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге хабарласу немесе, Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген дәрілік өзара әрекеттесулер туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі дерекқордағы ақпаратқа тікелей жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
http://www.ndda.kz
Йодомарин® 200 препаратының құрамында лактоза бар. Галактозаға жақпаушылықтың сирек тұқым қуалайтын түрінен, лактазаның ауыр тапшылығынан немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромынан зардап шегіп жүрген пациенттерге Йодомарин® 200 қабылдауға болмайды.
Оcы дәрілік препарат құрамында бір таблеткасына 1 ммоль мөлшерден аз натрий (23 мг) бар, яғни «құрамында натрий жоқ» дерлік деп санауға болады.
Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде йодқа қажеттілік артады, сондықтан йодтың (тәулігіне 200 мкг) организмге жеткілікті түсуі ерекше маңызды болып табылады. Препарат плацента арқылы өтеді. Йодтың диаплаценталық ауысуына және оның фармакологиялық белсенді дозаларына шарананың сезімталдығына байланысты, йодты дозалардың миллиграм диапазонында тағайындау ұсынылмайды.
Бұл бала емізу кезеңіне де қатысты, өйткені сүттегі йод концентрациясы қан сарысуындағыдан 30 есе жоғары.
Ядролық техника саласындағы апаттардан кейін жүргізілетін жоғары дозаланған йод профилактикасы ерекше жағдай болып табылады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және механизмдерді басқаруға әсер ету ерекшеліктері
Йодомарин® 200 препаратын қабылдау көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе мардымсыз әсерін көрсетеді.
Гипертиреоз кезіндегі тиреостатикалық емге реакцияны йод тапшылығы арттырады, ал йодтың артық мөлшері төмендетеді; осыған байланысты гипертиреозды емдеу алдында немесе ем кезінде, мүмкіндігінше, йодты кез келген қабылдаудан аулақ болуға кеңес беріледі.
Тиреостатикалық дәрілік заттар қалқанша без ішінде йодтың органикалық заттармен байланысқан пішінге ауысуын тежейді, сондықтан да зоб түзілуін туындатуы мүмкін.
Йодид сияқты сол «қармау» механизмі бойынша қалқанша безде сіңірілетін заттар (мысалы, калий тиоцианаты немесе осы тұста қалқанша без ішіндегі йодидтің кері айналымын бәсеңдететін перхлораты) йодтың нақты механизм бойынша қалқанша безде сіңірілуін тежеуі мүмкін. Тежелуі, мысалы, 5 мг/дл мөлшерінен асып кететін концентрациялардағы тиоцианат сияқты өздігінен сіңірілмейтін дәрілік заттар тарапынан да болуы мүмкін. Йодтың қалқанша безге сіңірілуі және онда оның алмасуы эндогенді және экзогенді тиреотропты гормон (ТТГ) арқылы көтермеленеді.
Қалқанша без гормондарының инкрециясын бәсеңдететін йодтың жоғары дозаларымен және литий тұздарымен бір мезгілде емдеу зоб және гипотиреоз туындауына ықпал етуі мүмкін.
Калий жинақтаушы диуретиктермен біріктірілген калий йодидінің жоғары дозалары гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.