Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
0.2 мг
Саудалық атауы
Йодомарин® 200
Әсер етуші зат
Калий йодиді
Мақсаты
Йод тапшылығының алдын алу (мысалы, эндемиялық зобтың алдын алу үшін және йод тапшылығынан туындаған зоб резекциясынан кейін)
Өндіруші
Берлин - Хеми АГ (Менарини Групп)
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат- 0,262 мг калий йодиді (0,200 мг йодидке баламалы),
қосымша заттар: лактоза моногидраты, негізгі жеңіл магний карбонаты, желатин, натрий крахмал гликоляты (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жайпақ беткейімен, бір жағында ойығы мен сызығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар.
- йод тапшылығының алдын алу (мысалы, эндемиялық зобтың алдын алу үшін және йод тапшылығынан туындаған зоб резекциясынан кейін)
- балаларда, оның ішінде емшектегі балаларда, жасөспірімдерде және жас кезінде ересектерде диффузды эутиреоидты зобты емдеу
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
- Зобтың профилактикасы үшін:
йодтың күніне кемінде 150-300 мкг жеткілікті мөлшерде тұтынылуына кепілдік берілмегендіктен (ДДҰ ұсынған ересектердің йодты тұтыну нормасы), төменде көрсетілген йод мөлшерін қосымша қабылдау керек:
Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және балалар:
тәулігіне ½ таблеткаға дейін Йодомарин 200 (бұл тәулігіне 100 мкг йодқа сәйкес келеді).
Жасөспірімдер мен ересектер – тәулігіне ½ -ден 1 таблеткаға дейін Йодомарин 200 (бұл 100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).
Жүктілік және лактация кезінде: тәулігіне 1 таблетка Йодомарин 200 (бұл 200 мкг йодқа сәйкес келеді).
- Эутиреоидты зобқа байланысты жасалған операциядан кейін аурудың қайталануының профилактикасы немесе оны медикаментозды емдеу:
½ -ден 1 таблеткаға дейін Йодомарин 200 тәулігіне бір рет (бұл 100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).
- Эутиреоидты зобты емдеу:
Жаңа туған нәрестелер, сәбилер, балалар және жасөспірімдер:
½ -ден 1 таблеткаға дейін Йодомарин 200 тәулігіне бір рет (бұл 100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).
Жас кездегі ересектер
тәулігіне 1 ½ - 2 ½ таблетка Йодомарин 200 (бұл 300-500 мкг йодқа сәйкес келеді)
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін. Препаратты сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп қабылдайды.
Емдеу ұзақтығы
Йодомарин 200 профилактикалық қабылдау әдетте бірнеше жыл бойы, көбінесе өмір бойы жүргізілуі тиіс.
Жаңа туған нәрестелер мен сәбилердегі зобты емдеу үшін көптеген жағдайларда 2-4 апта жеткілікті; балаларда, жасөспірімдерде және ересектерде әдетте 6-12 ай немесе одан көбірек уақыт қажет.
• белсенді затқа немесе дәрінің қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• манифестті гипертиреоз
• тәулігіне 150 мкг артық йод дозасын қолданғанда латентті гипертиреоз
• автономды аденома, сондай-ақ тәулігіне 300-1000 мкг йод мөлшерінде қолданғанда қалқанша безінің фокалды және диффузды автономды бұзылыстары. (Пламмеринг мақсатында операция алдындағы емдеуді қоспағанда)
• қалқаншабез аденомасы
• герпетиформды Дюринг дерматиті (кәрілік)
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер
Йодидті профилактикалық қолданғанда, кез келген жаста, сондай-ақ жаңа туған нәрестелер, сәбилер, балалар және жасөспірімдерді емдеуде қолданғанда жағымсыз әсерлері, әдетте, байқалмайды. Алайда, қалқанша бездің автономды ауқымды ошақтары болғанда және йодты 150 мкг асатын тәуліктік дозада тағайындағанда айқын гипертиреоз пайда болуын толық жоққа шығару мүмкін емес.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек
Аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, йод туындатқан ринит, буллезді немесе туберозды йододерма, эксфолиативті дерматит, ангионевроздық ісіну, қызба, акне және сілекей бездерінің ісінуі).
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек
Ересектерде зобты емдеу кезінде (тәуліктік дозасы 300-ден 1000 мкг йодқа дейін) йод туындатқан гипертиреоз дамуы мүмкін. Көптеген жағдайларда мұның алғышарты қалқанша безде диффузды немесе автономды шектеулі бөліктердің бар екендігі болып табылады. Әдетте егде жастағы адамдар, манифестті зобпен ұзақ уақыт зардап шегетін пациенттерде қауіпті.
Зерттеу
Белгісіз
Пероксидазаға анти-тиреоидты антиденелер (АТ-ТПО) аутоиммунды ауруларға бейім пациенттерде пайда болуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялар туралы хабарлама
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Уыттану симптомдары:
Шырышты қабықтардың қоңыр түске боялуы, рефлекторлы құсу (тағамда крахмал болу жағдайында көк түске боялады), іш тұсының ауыруы және диарея (қан аралас болуы мүмкін). Сусыздану және шок дамуы мүмкін. Сирек жағдайларда өңештің тарылуы орын алады. Йодтың көп мөлшерін (30-ден 250 мл йод тұндырмасына дейін) қабылдағаннан кейін ғана өлім жағдайлары байқалған.
Ұзақ артық дозалану сирек жағдайларда йодизм деп аталатын феноменге әкеледі: ауызда металл тату, шырышты қабаттың ісінуі мен қабынуы (тұмау, конъюнктивит, гастроэнтерит, бронхит). Туберкулез секілді жасырын қабынулар йодид әсерімен белсенділенуі мүмкін. Ісінулер, эритема, безеу және буллезді бөртпелер, геморрагиялар, қызба, сілекей безі өзегінің кеңеюі және жүйке қозуының дамуы орын алған.
- Уыттану кезіндегі емдеу:
Асқазанды крахмал, ақуыз ерітінділерімен немесе йодтың барлық іздерін шығарғанға дейін 5 % натрий тиосульфат ерітіндісімен шаю керек. Сулы және электролиттік бұзылуларды белгісіне қарай емдеу, шокқа қарсы ем.
- Йодты қабылдауды тоқтату.
- Йодпен индукцияланған гипотиреоидизм
Йодты тоқтату, қалқанша без гормондарының көмегімен зат алмасуды қалпына келтіру.
- Йодпен индукцияланған гипертиреоидизм
Бұл артық дозалану емес, өйткені гипертиреоз кейбір елдерде физиологиялық болып табылатын йод мөлшерімен туындауы мүмкін.
Ағымының түріне сәйкес емдеу: жұмсақ түрлері белгілі жағдайларда емді қажет етпейді, айқын түрінде тиреостатикалық ем жүргізуді қажет етеді (олардың тиімділігі әрқашан кешеуілдеп білінеді). Ауыр жағдайларда (тиреоуытты криз) қарқынды емдеу, плазмаферез немесе тиреоидэктомия қажет.
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгіну қажет.
Йодомарин® 200 препаратында лактоза бар. Галактозаға төзбеушіліктің сирек тұқым қуалайтын түрінен, лактазаның ауыр тапшылығынан немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромынан зардап шегетін пациенттерге Йодомарин® 200 қабылдауға болмайды.
Арнайы ескертулер
Қатысы жоқ.
Жүктілік және бала емізу кезеңінде йодқа қажеттілік артады, сондықтан йодтың организмге мол (тәулігіне 200 мкг) түсуі аса маңызды болып табылады. Препарат плацентарлы бөгет арқылы өтеді. Йодтың диаплацентарлық өтуіне және шарананың оның фармакологиялық белсенді дозасына сезімталдығына байланысты, йодты дозаның миллиграмды диапазонында тағайындау ұсынылмайды. Бұл емшек сүтімен емдеуге де қатысты, өйткені сүттегі йодтың концентрациясы қан сарысуына қарағанда 30 есе жоғары.
Ядролық техника саласындағы авариялардан кейін жүргізілетін жоғары дозаланған йод профилактикасы ерекше жағдай болып табылады.
Дәрілік заттың көлік құралдары мен механизмдерді басқаруға әсер ету ерекшеліктері
Йодомарин 200 көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді.
Гипертиреозды тиреостатикалық дәрілермен емдеуге реакцияны йод тапшылығы жоғарылатады, ал йодтың артық болуы төмендетеді; осыған байланысты гипертиреозды емдер алдында немесе емдеу кезінде, мүмкіндігінше, йодты кез келген түрде қабылдаудан тартыну ұсынылады.
Тиреостатикалық дәрілік заттар қалқанша бездің ішінде йодтың органикалық затттармен байланысты формаға айналуын тежейді және сондықтан зобтың түзілуін туындатуы мүмкін.
Қалқанша безге сол «қармау» ұстанымы бойынша сіңетін заттар, йод та, йодтың қалқанша безге сіңуін бәсекелестік механизмімен тежеуі мүмкін (мысалы, калий тиоцианаты немесе перхлорат, ол сондай-ақ қалқанша без ішінде йодтың рециркуляциясын бәсеңдетеді). Тежеу, мысалы, 5 мг/дл асатын концентрациядағы тиоцианат сияқты, өзі сіңбейтін дәрілік заттар тарапынан да болуы мүмкін.
Йодтың қалқанша безге сіңуі және оның алмасуы эндогенді және экзогенді тиреотропты гормондармен (ТТГ) көтермеленеді.
Қалқанша без гормондарының ішке шығарылуын бәсеңдететін йодтың жоғары дозаларымен және литий тұздарымен бір мезгілде емдеу зобтың және гипотиреоздың пайда болуына ықпал етуі ықтимал.
Калий йодидінің өте жоғары дозаларын калий жинаушы диуретиктермен біріктіру гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.